
- •1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
- •XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
- •3. Статистиканың жалпы теориясының пәні, әдістері, міндеттері.
- •5. Статистиканың жалпы теориясының түсініктері, категориялары.
- •5 . Белгінің вариациясы –
- •10. Заңдылық негізінен қайталамашылық, реттілік, әр түрлі құбылыстардағы өзгеру тәртібі.
- •6. Статистикалық бақылау туралы түсінік, мәні, бақылау кезіндегі жіберілетін қателер және оны тексеру тәсілдері.
- •8.Статистикалық бақылаудың түрлері.
- •9. Статистикалық топтаудың маңызы, мақсаты, түрлері.
- •10. Топтау белгілері және топқа бөлу қағидалары (ережелері).
- •12. Статистикалық графиктер: түрлері, құрастыру ережелері
- •13. Абсолюттік шамалардың ұғымы, турлері және олардың мәні қандай
- •14 . Қатысты шамалардың ұғымы және олардың өлшем тәсілдері, түрлері қандай
- •15. Дәрежелік орташа шамалар
- •16. Арифметикалық және гармониялық орташа шамалар
- •17. Хронологиялық және геометриялық орташа шамалар.
- •19. Динамика қатарлары туралы түсінік және олардың түрлері
- •20. Динамика қатарларын дұрыс құрастырудың ережесі
- •21. Динамика қатарларының статистикалық көрсеткіштері
- •22. Динамика қатарларын өңдеудің негізгі тәсілдері.
- •3 .2.Аралықты динамика қатарлары-құбылыстың белгілі бір уақыт аралығындағы (ай,тоқсан,жыл) дамуының қорытындысын сипаттайтын статистикалық шамалар қатарлары.(жай) (өлшенген)
- •23. Жыл ішіндегі динамика қатарларының маусымдық ауытқуы.
- •24. Дисперсия: ұғым, түрлері, есептеу формулалары
- •25. Орташа сызықтық ауытқуы, вариаци,ялық коэффицентi: ұғым, мәнi, есептеу формулалары
- •27.Дисперсиялардың қосу ережесі; детерминация коэффициенті
- •28. Альтернативтi белгiнiң дисперсиясы.
- •30.Орташа және шекті ішінара қателерінің есептелу формулалары
- •1. Статистиканың қысқаша даму тарихы.
- •2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
1.Статистиканың қысқаша даму тарихы
"Статистика"-латынның «Status» деген сөзінен шыққан —ол мемлекеттің саяси жағдайы, ал казіргі заманда кенейтіп айтқанда мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
Статистика - қоғамдық құбылыстардын құрамы мен өзгеру процесстерін ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым.
Қысқаша тарихи шолу, статистиканың негізгі даму сатылары.
1.Статистика жаңа эраға дейін (3000, 2000,…, жж б.э.д. ) пайда болуы - халық саны туралы, оның ер адам саңы, олардың ішінде әскерге жарамды саңы, және оның мүлігі, оның ішінде табиғи ресурстар туралы мәліметтерді жинау қажеттілігінен туындайды. Мыс,Грек философы Аристотельдің жазған қалалардың, мемлекеттердің сипаттамалары туындайды.
2. Ортағасыр: Англиядағы халықтың және оның мүлігінің санағы.
3. Рустағы жазбалар (IX-XI ғғ) - шежіре, жазу кітабы, іс жүргізу жұмысы, көшірме кітаптар - мәліметтерінің қайнар көздері ашылған.
4. Ресейдің (ХҮ-ХҮІІІ ғғ) әлеуметтік-экономикалық жағдайының – жазбалар, буйрықты, іс жүргізу - мәліметтерінің қайнар көздері. XVIIIғ. Ресейдегі тіркеумен халықтың табиғи қозғалысының есебін ұйымдастырылды.
XVII ғасырдың екінші жартысында статистиканың теориялық ғылым ретінде үш бағыт бойынша өрлеуі:
А. Мемлекеттанудың сипаттау мектебi.
Алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль екі неміс универистетінде: Марбург және Геттинген 1746ж. «Статистика» деген оқу пәнін енгізді. Латын сөзінен «Status» - мемлекетің саяси жағдайы. Сол кезде бұл ұғым мемлекеттану дегенді білдірген.Ахенваль мемлекет жағдайларын сипаттаумен айналысты.
В.Саяси арифметика мектебінің – негізін салғандар ағылшын ғалымдары Джон Граундт, Уильям Петти. Олар сандар тілі арқылы қоғамның жағдайы мен дамуын, жалпы қоғамдық жағдайлардың заңдылықтарын сипаттады.
У.Петти бірінші рет ұлттық байлықтың, елдің ұлттық табысының мөлшерін баланстық кесте көмегімен есептеді. Ол экономикалық статистиканың негізін салған. Мектептің бұл бағыты қазіргі заманға жақын.
С. XIX ғ. 1 жартысынан қазіргі уақытқа дейін статистика ғылымының үшінші бағдары пайда болды: статистико-математикалық. Бұл бағыттың статистиктері статистиканың негізі ретінде ықтималдықтар теориясын түсінді.
Бельгия статистигі А. Кетле – орташа шамалар туралы ілімнің негізін қалаушы
XX ғасырдың басында ( 1993 жылға дейін) әлемде статистиканың екі әдістемесін болуы:
1. Кеңес, Социалистік әдістеме (1918-1991) статистика – Халық Шаруашылық Балансы . ХШБ әдістемесінің мақсаты – баланстық кестелер (ресурстар және ресурстарды пайдалану) жолымен КСРО-нің Жалпы Қоғамдық Өңімнің мөлшерін аңықтау.
2. Көптеген рыноктық экономика мемлекеттерінің қолданған халықаралық статистика жүйесі - Ұлттық Шоттар Жұйесі жүргізу. ҰШЖ – баланстың кестеде салынған макроэкономикалық процесстің өзара байланысқан сандық сипатамасы: Жалпы Ішкі Өңім, Жалпы Ұлттық Табыс және олардын қүрамдас бөлімдер мөлшерін анықтау.
ҰШЖ – нің тарихы модельдері: 1953, 1968, 1993, 2008 жж.
2.Статистика ғылымының құрамдас бөлімдері, рөлі, мәні, қажеті.
Статистика - қоғамдық ғылым, ол сапа жағынан анық болатын бұқаралық әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің санды жағын танып біледі. Статистика нақты орыны бар және нақты уақыт жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің құрылымын және бөлінуін, кеңістікте орналасуын, мезгілдегі қозғалысын анықтайды; оның негізгі мақсатына іс жүзіндегі санды тәуелділіктер, тенденциялар және заңдылықтарды зерттеу жатады. Статистика пәні - көптеген әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен үрдістердің мөлшерлері және санды ара қатынастары, олардың байланысы мен дамуының заңдылықтары.Статистиканың экономикадағы мақсаты: Белгісіздік жағдайларында дұрыс шешім қабылдау, болашаққа болжам жасау және әлеуметтік-экономикалық процестерді алдын-ала түсіне білу арқылы, экономиканың дамуына ықпал ету.
Қазіргі уақытта «статистика» ұғымы келесі үш мағынада қолданылады. 1. Статистика - бұл іс жүзіндегі қызмет саласы, оның мақсаты болып түрлі құбылыстар туралы бұқара деректер жинау, өңдеу, талдау және жариялау болып табылады. Синоним ретінде осы жағдайда«статистика» сөзіне «статистикалық есеп» сөз тіркесі қолданылады. 2. Статистика - қоғамдық құбылыстардың белгілі бір жағын немесе белгілі бір көрсеткіштің аумақтық бөлінуін сипаттау үшін қолданылатын сандық деректер. 3. Статистика - бұл білім саласы, ерекше ғылыми пән және сәйкес орта және жоғары оқу мекемелерінде оқытылатын оқу пәні. Статистикалық ғылым мен іс-тәжірибесінде келесі негізгі ұғымдар орын алады.
Бөлімдері:
1.статистиканың жалпы теориясы – бұл статистиканың методологиялық негізі – ақпараттарды, мәліметтерді жинаудың, өңдеудің, талдаудың қағидаларын, категорияларын, статискалық әдістерін қарастырады.
2. Әлеуметтік статистика – адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.
3. Салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.
Рөлі:
1.экономист, қаржыгер, бухгалтерлерге есепке алу, бақылау, тексеру жүргізу ұшін маңызды рөл атқарады.
2.менеджерлік басқару, маркетингтік зерттеу, себебі, ақпаратсыз, мәліметсіз басқару болмайды, соның салдарынан нарықтағы бәсекелестер мен бәсекелестік деңгейін біле алмаймыз.
3.мемлекет, сала, фирманың ағымдағы жағдайы ақпаратсыз жоспарлауды, уақыттың келесі кезеңіне дамудың бизнес жоспарын құруға, болжауға, алдын ала бағдарлауға болмайды. Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығынын есептеу үшін.