- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
Құқықтық шығармашылық — пісіп жетілген қоғамдық даму қажеттіліктеріне сәйкес, нормативтік құқықтық актілерді жасау мен қабылдау бойынша мемлекеттік органдар мен екілеттелген қоғамдық, ұйымдардың ғылыми негізделген шығармашылық қызметі.Құқық шығармашылық – бұл мемлекет органдардың заңи нормалары қабылдау, өзгерту және жоюмен байланысты қызметі. Құқық шығармашылық субъектісі ретінде тиісті өкілеттігі бар мемлекеттік органдар мемлекеттік емес құрылымдар, сондай-ақ референдумда заң қабылдаған кезде азаматтар бола алады. Құқық шығармашылық қызмет конституция, заңдар және регламентпен белгіленген көлемде жүзеге асады. Құқық шығармашылық жаңа құқық нормасын қабылдаумен өзгерістер мен түзетулер енгізу арқылы ескі заңдарды жетілдірумен сипатталады. Құқық шығармашылықтың белгілері: - ол белсенді, шығармашылық мемлекеттің қызметі; - оның негізгі өнімі – құқық нормалары; - бұл қоғамды басқарудың маңызды құралы; - құқық шығармашылықтың деңгейі және мәдениеті, қабылданған нормативтік актілердің саласы – бұл қоғамның өркениетінің және демократиялығының бір белгісі. Құқық шығармашылықтың қағидаттары – бұл құқықтық нормаларды қабылдау, жою немесе ауыстырумен байланысты қызметтің негізге алушы идея, бастаулар, ережелер, құқықты шығаратын органдар үшін бағыт. Құқық шығармашылыққа келесі қағидаттар тән: 1) ғылымилық; 2) кәсібилік; 3) заңдылық; 4) демократиялық; 5) ашықтық; 6) жеделділік. Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: 1) референдум жүргізу барысында халықтың тікелей құқық шығармашылығы; 2) мемлекет органдардың құқық шығармашылығы; 3) жекелеген лауазымды тұлғалардың құқық шығармашылығы; 4) жергілікті өзін - өзі басқару органдарының құқық шығармашылығы; 5) локальді құқық шығармашылық; 6) қоғамдық бірлестіктердің құқық шығармашылығы. Құқық шығармашылық мәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: - заң шығармашылық (жоғарғы өкілдік органның құқық шығармашылығы); - құқық шығармашылықты тапсыру (Парламенттің тапсырысы бойынша атқарушы органның норма шығармашылық қызметі); - заңға тәуелді құқық шығармашылық - бұнда норманы Президент, Үкімет, министрлік, жергілікті органдардың ұйым жетекшілерінің қабылдауы. Құқық шығармашылық қызметі екі негізгі бөліктен тұрады: бірінші, әрекеттік заңи мәнінен тәуелсіз құқық шығармашылықтың ұйымдастырушылық мәселелерінен тұрады (заң жобасын дайындау, оны талқылау). Бұнда заңның жобасын дайындауда мемлекет еркін алдын ала қалыптастыруды көздейді. Екінші, құқықтық бастауларға негіз болады, заң жобасын дайындау туралы шешімді қабылдаумен байланысты. Заңда мемлекеттің еркі ресми бекітіледі де, заң жобасы жалпыға міндетті құқықтық актіге айналады.
21. Құқық бұзушылық түсінігі
Құқық бұзушылық - Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.),әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау және т.б.) теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Құқық бұзушылықтар үшін заңмең тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған
қоғам ішінде қарым – қатынастың алуан түрлі процесттер жүреді. Соның ішінде құқық бұзушылық.
Құқық бұзышылықты түсіну үшін, екі жақтан қарауға болады, бұл: 1.Социальдық 2.Құқықтық жақтан.
Социальдық көзқарасынан құқық бұзушылыққа қарасақ – ол субьективті және обьективті әрекеттерге байланысты. Қоғамға обьективтік әсерге социальдық, экономикалық , психологиялық процесстер жатады.[1] Бұларға мысал ретінде, Қазақстанды 1991-98 жылдарындағы кезенді еске алған жөн. Осы кезде халықтың өте төмен деңгейде өмір сүруі, инфляцияның жоғарлығы, жұмыссыздық, мемлекеттің үлкен кризистік жағдайда болуы, бұның барлығы, құқық бұзушылықтың жоғары деңгейіне әкеліп соқты. Сонымен бірге, Кеңес Одағы құлдырап, ТМД елдері нарықтық қатынасқа бет бұрай бастады. Сол кездерде әлеуметтік теңсіздік пайда болып, адамдар қайта класстарға бөліне бастайды. Және де, адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. «Советтік мектептен» өткендер, жаңа заманның, «батыстық – нарықтық» принциптерін дұрыс түсіне алмай «психологиялық шокқа» түседі.
Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа тұседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жұзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми тұрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мұдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
22. Құқық бұзушылық үшін жауаптылық Құқықтық жауапкершілік – құқыққа қарсы жасаған әрекеті үшін құқық бұзушыға қолданылатын, белгілі бір мүліктік және жеке сипаттағы зиян шектіретін мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Құқықтық жауапкершіліктің түрлері: қылмыстық құқықтық жауапкершілік, әкімшілік құқықтық, тәртіптік, материалды, азаматтық құқықтық, іс жүргізушілік құқықтық. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты: субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау. Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары – осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері. Құқықтық жауапкершіліктің қағидаттары:
Әділеттілік
Заңдылық
Дәлелділік
Жазадан құтылмайтындық
Мақсатқа лайықтылық
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды. Мемлекеттің құқық бұзушыны жауапқа тартуға қақысы бар, ал құқық бұзушы мемлекеттің мәжбүрлеу шарасын мойындауы тиіс. Жауаптылық қағидасы:
— Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
— Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
— Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы;
Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудырып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушы мен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмүны оның қатысушыларының субъективтік құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекетті қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқық нормасының санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса, жасалған әрекеті үшін құзыретті органның тағайындаған жазасын орындайды және ол жазаның тиісті құқық нормасының шегінен шығып кетпеуін талап етуге құқылы.
Мемлекет қоғамдық өмірде тәртіпті қамтамасыз ету барысында, заңның шегінде және заңның негізінде әрекет етеді. Завдылык, режимі құқық тәртібін қалыптастырады, олай болса, құқықтық жауапкершілік адамдардың өрекетін құқықтық реттеудің нәтижесі болып табылады.
Сонымен занды жауапкершіліктің функциялары:
1. Жазалау — құқық бұзушыға, қоғамның басқа да мүшелеріне, келешекте құқық бұзушылыққа жол бермеуін ескертеді.
2.Бұзылған құқықты қалпына келтіру — азаматтық құқық пен реттелетін қоғамдық қатынастарға сәйкес, бұзылған құкықты қалпына келтіреді.
З.Тәрбиелік азаматтық занды сақтап, өзгелердің құқықтары мен занды мүдделерін құрметтеуге баулаиды.
Заңды жауакершіліктің жасалу сипатына байланысты тәртіптік, әкімшілік, материалдық, азаматтық және қылмыстық деп бөледі. Жауапкершіліктің әрқайсысына өзіндік жазалау шарасы мен ерекше қолдану тәртібі тән болады.
1). Тәртіптік жауапкершілік. Тәртіптік жауапкершілікті бұзу салдарынан жауапкершілік пайда болады. Оның үш түрі кездеседі:
— ішкі еңбек тәртібі ережелеріне сәйкес;
— бағыну тәртібіне байланысты салалардағы ережелерге байланысты қорғаныс;
— темір жол, су, әуе транспортының ережелеріне сәйкес.
2). Қылмыстық және өкімшілік құқықтық жауапкершілік заң нормаларында көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін қолданылады. Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартушы субъект болып табылады. Қылмыстық жауапкершілік әр кез жекелік сипатқа ие болады. Яғни, қылмыстық жауапкершілікке қылмыс жасаған адам ғана тартылады. Әкімшілік жауапкершіліктің түрлері: ескерту, айыппұл, қатаң сөгіс.
3). Азаматтық құқықтық жауапкершілік құқық бұзушының өзге тұлғаның мүддесіне байланысты келтірілген шығынды өтеу үшін занда немесе шартта көрсетілген төлемді төлеу немесе зиянның орнын толтыруға байланысты орындалады. Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің мақсаты — тиісті субъект бұзылған мүліктік құқықты қалпына келтіру болып табылады. Бұл жауапкершілікке келтірілген шығынды толығымен өтеу қағидасы тән.
Жауапкершіліктің қай түрі болмасын құқық тәртібін қорғау, азаматтарды құқық нормаларын өз еріктері мен орындауға тәрбиелеу, олардың құқыққа сай тәртіптің қажеттігін түсінуге баулуға негізделген. Мемлекетте заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің бірден-бір әдісі — азаматтарды шынайы түрде мемлекеттің алдындағы, құқықтары мен міндеттерінің қамтамасыз етілгендігі жөнінде сендіре білу болып табылады.
Занды жауапкершіліктің түрлерін оның жүзеге асырылу тәртібі, нысанымен шатастырмау керек. Заңды жауапкершілік тұрлі нысанда жүзеге асуы мүмкін. Мәселен, азаматтық құқықтық жауапкершілік — соттық, әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Ал жауапкершіліктің кейбір түрлері, мәселен, қылмыстық — тек соттық тәртіпте іске асады.
Сонымен, құқық бұзушылықты — құқық нормаларын, оның қағидаларын, ол жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау және оған жол берген адам міндетті түрде занды жауапкершілікке тартылады. Тура жауаптан босататын мән — жайлардың да орын алатынын ескерген жөн.
