- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
12. Азаматтық қоғам белгілері
Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардың ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нәтижесіз тез тарқап кетер еді. Адам қоғамның бірінші — клеткасы. Қоғам адамдардың күрделі әлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қарым-қатынастарды реттеп, басқару керек болды. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздері әлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқықпайда болды. «Адамдар өз тарихын өздері жасайды, — деп жазды Маркс, — бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мәжбүр болады»
Азаматтық қоғамның тарихи объективтік қалыптасқан негізгі белгілері:
— саналы адамдардың ерікті түрде бірлесіп одақ құруы;
— қоғамдық түпкілікті, нақты, объективтік мүдде мақсаттың
— адамдардың өзара ынтымақтастығының, бірлігінің қалыптасуы;
— қоғамдық мүдде — мақсат, тілек арқылы қарым — қатынастарды реттеп — басқару;
— қоғамды басқаратын, қоғамдық тәртіпті қорғайтын аппараттың, мемлекеттік биліктің өмірге келуі.
Қоғам — саналы адамдардың бір мүддені, бір мақсатты орындау үшін саналы түрде өзара бірігуі. Мұнда міндетті түрде екі шартты элемент бар: мүдде-мақсаттың қалыптасуы және саналы адамдардың саналы түрде бірігуі.
14. Құқықтың түсінігі, мәні Құқық – қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі. Құқықтың таптық мәні – құқықты қоғамдағы экономикалық жағынан басым, үстем болып отырған таптың еркі деп түсіну. Құқықтың жалпыәлеуметтік мәні – құқықтық қоғамды ұйымдастырып, татулықта, бірлікте ұстап отырған және адамдардың барлық топтарының еркі деп түсіндіру. Құқық – ресми түрде танылған, жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі, құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Құқық – адам мен қоғамның жаратылысымен байлансты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтың белгілері жалпы және ерекше болып 2 топқа бөлінеді. 1Құқықтың жалпы белгісі: әлеуметтік – тарихи табиғаты, құқық бір тарихи кезеңнің, нақты бір қоғамдық қатынастардың жиынтығы. 2Құқықтың ерекше белгілері:
Нормативтілігі: рұқсат берудің, тыйым салудың және міндеттеудің шегін анықтайтын құқық нормасында мінез – құлықтың жалпы көлемін бекіту.
Жалпы міндеттілік сипаты: Нормаларының талаптарын қоғамның барлық мүшелері еріктерімен сақтап, орындауға тиістілігі.
Формальды айқындылығы: құқықтың нормалары мемлекеттің нормативтік құқықтық актілерінде бекітіледі.
Рәсімділігі: құқықтық нормативтік актілердің, заңдардың қабылдану, іске асырылу және орындалу тәртібінің белгіленген рет – жосықтылықпен реттелуі.
Бір тұлғаға ғана бағытталмағандығы: құқық бір ғана тұлға емес, халықтың ортақ мүдделерін іске асыруға, құқықтарын қорғауға бағытталуы.
Бір әрекетті еместігі: құқықтың нормалары бір сәттік емес, керісінше өзінің күшін жойғанша үнемі күшінде болатындығы.
Мемлекетпен байланыстылығы: құқықты мемлекет белгілеп, айқындайды.
