
- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
Мемлекеттің саяси режимі – мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері:
Демократиялық
Антидемократиялық
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
Авторитарлық
Тоталитарлық
Фашистік режимдер болып жіктеледі
Демократиялық саяси режимнің нышандары:
Әр түрлі партиялар, бірлестіктер, қозғалыстар Конституция шеңберінде еркін әрекет етеді
Қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден – бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады
Мемлекет өз органдарын сайлау жолымен құрады.
Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады
Антидемократиялық саяси режимнің нышандары:
Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады
Идеологиялық пікір алуандығы болмайды
Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды
Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі
Жаппай қуғын – сүргін және заңсыздықтар орын алады
Тоталитаризм белгілері: бір ғана бұқаралық партия, бір идеологияның үстемдігі, экономиканы басқару мен бақылаудың орталықтанған жүйесі. Авторитаризм көп жағдайда тоталитаризмнен демократияға өтпелі кезең ретінде қарастырылады. Авторитаризм тұсында көппартиялылық, меншіктің көптүрлілігі, біртұтас идеологияның болмауы байқалады. 7. Мемлекеттің құрылым нысаны – мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді. Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері:
Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы.
Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы
Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы
Федеративті мемлекет – орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым – қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады. Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. 8. Мемлекеттің механизмі
Мемлекет пайда болғаннан кейін саяси билік жүргізу қажеттігі туыңдайды. Осыған байланысты қоғамда басқару, билік жүргізу арнайы мамандандырылған адамдардың топтарын қалыптастырады, олардың атқаратын қызметтері айқындалып, салаларға бөлінеді, кәсіби дәрежеге көтеріледі. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, халықты басқару үлкен өнер. Осыған байланысты қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Тетіктердің көлемі, құрылымы, таптық сипаттары, атқаратын қызметтері мемлекеттің тарихи типтеріне байланысты болып ұйымдастырылады. Мемлекеттің механизмі (аппараты) дегеніміз билік жургізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жузіне асыру ушін кәсіби дайындық негізінде қурылган органдардың жүйесі. Мемлекеттің құрамдас бөлігін мемлекеттік органдар құрайды. Мемлекеттік органдар дегеніміз мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі ретінде құқықтық негізде басқару, билік жүргізу мақсатында құрылган жүйе. Билік жалпы түрде субъектінің (инвидтердің, ұйымдардың, ұжымдардың) басқа субъектінің тәртібін (жеке адамның, ұжымның, ұйымның), еркін жеке пайдасына не басқаның назарына бағындыру қабілеттілігі. Билік құбылыс ретінде мынандай белгілермен сипатталады: Билік әлеуметтік құбылыс, яғни қоғамдық; Билік қоғамның барлық даму кезеңдеріндегі белгісі болып табылады (бөлінбейтін компоненттері ретінде). (Сондықтан сөз тіркестері «әлеуметтік билік», өзінің мазмұнына сай келмейді, себебі билік әр уақытта әлеуметтік). Билік қоғамның тұрақты қосағы, себебі қоғамның өзі күрделі ұйымдасқан жүйе (әлеуметтік организм), ол әруақытта басқаруды қажет етеді, яғни жүйені жөнді қызметке қаблетті жағдайда болуын қолдау процессін тәртіпке салу – қызмет істеу жағдайлары.
9. Мемлекеттің функциялары Мемлекет функциясы
Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі.
Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:
әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;
құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.
° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".
Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.