- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
4. Мемлекеттің түрлері.
Мемлекет түрлері
Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]
Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Ассоциацияланған мемлекет
Ассоциацияланған мемлекет - мемлекет ішілік жиі мемлекет аралық қатынастардың ерекше түрін білдіруге қолданылатын ұғым. Негізінен ассоциацияланған мемлекет ретінде ерікті жолмен басқа мемлекетке өзінің егемендігінің бір бөлігін (жиі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыртқы саяси байланыстарды жүзеге асыру, ақша айналымын ұйымдастыру бойынша өкілеттіліктерді) берген мемлекет түсініледі.[1]
Буферлік мемлекет
Буферлік мемлекет - екі немесе бірнеше үлкен мемлекет территориясы арасында орналасқан мемлекет. Буферлік мемлекет әскери басып кіру шегінде орналасқан, оның территориясы арқылы маңызды транспорттық байланыс өтеді. Мұндай мемлекет геосаяси тұрғыда тиімді аймақты бақылауға мүмкіндік береді.[1]
Көпұлттық мемлекет
Көпұлттық мемлекет - территориясында әртүрлі этностар - ұлттар, халықтар мен басқа этникалық топтар тұратын мемлекет.[1]
Ұлттық мемлекет
Ұлттық мемлекет - белгілі бір ұлттың тарихи-этникалық территориясында пайда болған, оның егемендігін көрсететін мемлекет.[1]
Құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет - бұқаралық-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуі және оның құқық субъектілері ретіндегі индивидтермен өзара қатынасының құқықтық формасы.[1]
Әлеуметтік мемлекет
Әлеуметтік мемлекет - әлеуметтік қамтамасыз етудің дамыған жүйесімен сипатталатын, жалдамалы жұмысшыларға минималды өмір деңгейін және әлеуметтік тәуекелдің төмендеуін кепілдейтін мемлекеттің түрі.[1]
Унитарлы мемлекет
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі.
Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән:
елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция;
заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі;
биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.
5.Мемлекеттің нысандары. Мемлекеттің нысаны – мемлекеттік биліктің қалыптасу, бөліну және іске асырылу тәсілдерінің жиынтығы, мемлекеттік билікті ұйымдастыру және оның құрылымы. Мемлекет нысаны, бұл – мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру мен ұйымдастырудың белгіленген тәртібі, мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен, мемлекет нысаны негізгі 3 элементтен түзіледі:
Мемлекетті басқару нысанынан
Мемлекеттің құрылым нысанынан
Мемлекеттік, саяси тәртіп нысанынан
Мемлекет нысандары - саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.
Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.
