Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_prava_shporgalka.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.51 Кб
Скачать

30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз

Ғылымның немесе оқу құралының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні болады. Мемлекет және құқық пәні – қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағыт-бағдарын орнықтырады, ал мемлекет құқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды.

Заң ғылымы – қоғам ғылымдарының бір саласы. Заң ғылымы шын және толық мәнінде заң дұниесін, заң құрамын жете танитын ғылым болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Бұл ғылым мемлекет пен құқықтың өмірге келуін, мазмұнын, атқаратын жұмыстарын, диалектикалық даму процесін т. б. мәселелерін зерттеумен шұғылданады. Заң ғылымдары үш топқа бөлінеді:

Мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, құқық пен саясаттың тарихи дамуы;

Салалық заң ғылымдары (азаматтық, қылмыстық, еңбек т.б.

Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, соттық медицина, халықаралық құқық т.б.

Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәніне мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен қызмет етуінің негізгі даму заңдылықтарын әлеуметтік құрылым ретінде, олардың негізін және құрылымын, негізгі элементтерін, принциптерін, институттарын, олардың қоғам өміріндегі орны мен рөлін зерттеу бірінші орында. Мемлекет және құқық теориясының пәніне, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың маңызды функционалды (негізгі) ерекшеліктері кіреді. Оған жататындарға: мемлекет пен құқықтың түсінігі және олардың жіктелуі, белгілері, негізгі принциптері және мемлекет пен құқықтың функциясы, мемле-кеттің механизмі (тетігі) мен құқықтық реттеу ерекшеліктері, заңды факторлар, құқықтық қатынастар, құқық жүйесі, заңдар мен мемлекеттік органдар жүйесі, сонымен бірге басқа да көптеген, юриспруденцияның неден қалыптасатыны туралы алғашқы элементтерінің бәрі жатады. мемлекет пен құқық теориясы – бұл мемлекет пен құқық туралы негізгі заңдылықтардағы белгілердің жалпы жүйесі, оған оның пайда болуы, негізі, қызмет етуі, мемлекеттік-құқықтық құбылыстың дамуының салалық және қосымша заң ғылымдарының әдістемелік негізі болатын жағдайлар кіреді. Мемлекет пен құқық теориясын игеру кезінде үлкен маңыздылыққа ие болатын категория – түсіндіруші аппарат екендігі байқалады, себебі жалпы ғылыми жүйелер (филосо-фиялық, социологиялық, психологиялық, саясаттанулық, мәдениеттанулық) және жекелеген ғылыми (арнайы заңды-лықтағы) категориялар және түсініктер, мемлекет пен құқық теориясының ең маңызды танымдық инструментариясының қайнар көзінің бөлігі болып табылады. 1. Мемлекет пен құқық теориясы, бай эмпирикалық материалдарды салалық заң ғылымдарынан алады және маңызды деңгейде сол ғылымдардың жалпылама методологиялық проблемаларын кеңейтеді, функционалды негізгі пән ретінде болады, жекелеген пәндердің білімдерін қорыта келіп, негізгі түсініктер мен категорияларды шығарады, сол білімдерді жүйелейді. Оның категориялары мен түсініктері, салалық құқықтық ғылымдардың тәжірибесін біріктіріп, сайып келгенде, заңгердің қызметін тиімді қамтамасыз етуге бағытталады. 2. Мемлекет пен құқық теориясының функциялары Білім жүйесінде қоғамдық даму заңдылықтарында негіздемеде мемлекет пен құқық теориясының өзінің қатаң түрде белгіленген орны бар және ол заң ғылымдары үшін жол сілтемесі болып табылады, себебі ол оның магистралды бағытын және іске асыру жолын қалыптастырады. Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі Мемлекет пен құқық теориясының әдістемесі – қоршаған ортаның шындығын зерттейтін әдістер мен жолдардың жиынтығы. Ондай әдістерді, жалпыға бірдей (әмбебап, жалпылама ғылыми, философиялық) және арнайы әдістемелерге бөліп көрсетеді. Жалпыға бірдей әдістеме барлық ғылымдардың білім саласына және оқулық пәндерге тән, себебі олардың негізінде табиғаттың, қоғамның және ойлаудың дамуындағы заңдылықтар бар. Ал жекелеген әдістемелерді, бір ғана ғылым не болмаса, ғылымдардың жиынтығы және арнайы ғылымдар қолданады. Жалпылама ғылыми әдістемеге мынадай таным әдістемесін жатқызуға болады: идеалистік (метафизика) және материалистік (дуалистика); Мемлекет пен құқық метафизика шеңберінде өзіндік мәні бар құбылыс ретінде қаралады, адам еркінен тәуелсіз өмір сүреді, тұрақты өзгермейтін құбылыс; олардың пайда болуы объективті танымдылықпен не адам сезімімен байланысты. Диалектика – табиғаттың, қоғамның және ойлаудың жалпы дамуы туралы ғылым; тұрмыс пен таным туралы жалпы заңдылықтар. Осындай сөзсіз басымдылықтағы отандық ғылыми зерттеуде, мемлекеттік құқықтық құбылыс өмірді қоршаған ортада, өз дамуында динамикада басқадай қоғамдық тұрмыстық факторлармен экономикамен, саясатпен, мәдениетпен тығыз байланыста зерттеледі. Метафизика мен динамикадан басқа, маңызды әдістеме-лердің біріне – синергетика – өзін-өзі ұйымдастыратын, күрделі әлеуметтік процестер туралы ғылым жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]