- •2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз
- •4. Мемлекеттің түрлері.
- •6. Мемлекеттің саяси режимі және нысаны
- •10. Мемлекеттің функцияларының түрлері.
- •11. Құқықтық мемлекет
- •12. Азаматтық қоғам белгілері
- •15. Құқықтың қағидаларын айтып беріңіз.
- •16. Құқықтың функциялары
- •20. Құқық шығармашылық және оны жүзеге асыру
- •21. Құқық бұзушылық түсінігі
- •23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
- •25. Құқық ұғымының мәні
- •29. Мемлекет пен құқық теориясының қалыптасуы мен дамуының тарихын айтып беріңіз.
- •30. Қазақстандағы мемлекет пен құқық теориясының негізгі бағыттары туралы айтып беріңіз
23. Заңды жауаптылық дегеніміз не?
Занды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері
Занды жауапкершілік — жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі — құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе, онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Занды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құкық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтык, нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Заңды жауапкершілік құқықтық жүйенің құрам бөлігі бола отырып, оған қатысты маңызды міндет атқарады. Кең мағынада жауапкершіліктің түсінігі — тұлғаның қоғам мен мемлекетке қатысты өз міндетін мойындап, оны орындауы болып табылады. Tap мағынада — мемлекеттің жасалған құқық бұзушылыққа қарсы жауабы болып саналады.
Заңды жауапкершілік — тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытта жаза өзінің сыртқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және оның өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.
Занды жауапкершіліктің қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік қашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Шарттың міндетін бұзған азамат немесе көсіпорын өз еркімен заңда көрсетілген айыппұлды төлеп, шығынды қалпына келтіре алады. Ерікті орындау жүзеге асырылмаған кезде ғана жауапкершілік сот арқылы белгіленеді. Қылмыстық және әкімшілік құқықта мемлекеттік күштеу анағұрлым анық көрінеді және мемлекеттің арнайы органдарының әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.
Занды жауапкершілік — тек ғана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процедуралық — іс жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
2. Кінәліні белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.
Занды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, қылмысты болдырмау шарасы ретінде қамауда ұстауды не кетіп қалмауға қолхат алуды заңсыз қолдану, тұтқындау немесе түзеу жұмыстары түріндегі әкімшілік шараларды заңсыз қолдану әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтеледі. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауапкершілік олардың ата-аналарына, асырап алушыларға, қамқоршыларына, қорғаншыларына жүктеледі. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зияны үшін жалпы негізде жауапқа тартылады. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін жауаптылық қорғаншыға немесе оны қадағалауға міндетті ұйымға жүктеледі. Маскүнемдікке салыну немесе есірткіқұмарлық салдарынан әрекетке қабілеті шектелген азамат келтірген зиянды оның өзі өтейді. Әрекет етуге қабілетті азамат немесе 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе оны басқара алмаған жағдайда келтірген зияны үшін жалпы ереже бойынша жауап бермейді. Егер жәбірленушінің өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілсе, сот жәбірленуші мен зиян келтірушінің мүліктік жағдайын, басқа да мән-жайларды ескере отырып, зиянды толық не ішінара өтеуді зиян келтірушіге міндеттейді. Ал өз әрекетінің мәнін түсіне алмаған жағдайға маскүнемдікпен, есірткі заттарын қолданумен, басқа да тәсілдермен өзін-өзі жоғарыдағыдай жағдайға келтірген зиянкес жауаптылықтан босатылмайды. Қызметі қоршаған ортаға жоғары қауіп төндіретін заңды тұлғалар мен азаматтар келтірілген зиянды (бұл зиянның еңсерілмейтін күш немесе жәбірленушінің қаскүнемдігі салдарынан болғанын дәлелдей алмаса) өтеуге міндетті. Бірлесіп зиян келтірушілер жәбірленуші алдында бірге жауап береді
