Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kaz_prava_shporgalka.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.51 Кб
Скачать

1.Мемлекет пен құқықтың пайда болуы. Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер б.з.б. 4 – 5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді. Мемлкеттің пайда болу үрдісінің негізінде адамдардың қажеттіліктерді қанағаттандырудан туындайтын іс – әрекеттерінің сан түрге бөліну және көбею заңы жатыр. Қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің, бай және кедей сияқты таптардың қалыптасуы, көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды. Ғылымға «мемлекет» терминін алғаш рет итальяндық ойшыл Николло Макиавелли енгізген. Мемлекеттің қалыптасуының 3жолы анықталған: Шығыстық жол: күрделі істерді жүзеге асыру үшін арнаулы басқару аппараты қажет болды. Ол аппарат жетіле келе мемлекетке айналды. Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептері: Ірі ирригациялық жүйелерді салу Оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, ұйымдастыру. Атқарылатын жұмыстарды бір орталықтан басқару Батыстық жол: Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің, мүліктік теңсіздіктің және таптардың қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Аралас жол: Мемлекеттің пайда болуының рулық, тайпалық құрылыстан ерте феодалдық мемлекетке бірден өткен елдерге тән.

2.Мемлекет пен құқықтың пайда болу теориялары айтып беріңіз

Теологиялық теория — мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп тұсіндіреді.

Табиғи теория — бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.

Тарихи теория — осытеорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.

Патриархалдық теория — мемлекет адамдардың отбасы тәжрибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы тұрде өздерінің мұдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы — әке, мемлекеттің басшысы — монарх.

Психологиялық теория — адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.

Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар: Теологиялық теория: Биліктің барлығы құдайдан тарайды, құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы./Тертулиан, Августин, Аквинский/ Патриархалдық теория: Отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді./Аристотель, Конфуций, Фильмер Шарттар теориясы: мемлекет халық пен оны басқарушылар арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды./Гоббс,Локк, Руссо, Дидро/ Маркстік теория: Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір – біріне қарама – қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды.

Зорлық, күштеу теориясы: мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп нәтижесінде мемлекет қалыптасады./Дюринг, Каутский, Гумплович/

Психологиялық теория: Мемлекет психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған./Петражицский/

3.Мемлекеттің түсінігі және белгілері Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік – тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Мемлекет – адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым. Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым – қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым. Мемлекеттің белгілері: Аумағының болуы: Аталған аумақта сол мемлекеттің тұрғындары, халқы шоғырландырылады және осы аумақтың көлемінде мемлекеттің билігі таралып әске асырылады. Мемлекеттік /бұқаралық/ биліктің болуы: Бұқаралық билікке мемлекеттік билік пен басқару органдары, мәжбүр ету аппараттары жатады. Халқының болуы: мемлекеттік билік өзінің аумағында тұратын адамдардың арасындағы қоғамдық қатынастарды құқық, заң арқылы реттеу үшін, сол халыққа арналған құқықтық – нормативтік актілерді қабылдайды. Мемлекеттің егемендігі: мемлекеттің ішкі және сыртқы істерді атқарудағы толық тәуелсіздігі. Мемлекеттің егемендігін 3 жақта қарастыруға болады; 1биліктің үстемдігі 2биліктің тұтастығы 3биліктің тәуелсіздігі Құқықтың, заңдардың болуы: Мемлекет өзінің саясатын, билігін белгілі бір құқықтық нормативті актілерді қабылдау арқылы іске асырады. Қоғамдағы тұрақтылық пен тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

Салық пен салық жүйесінің болуы: Салықтар, алымдар, төлемақылар – мемлекеттік аппаратты, қызметкерлерді ұстауға, қоғамның басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалатын, мемлекет қазынасына түсетін, қайтарылмайтын халық табысының бір бөлігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]