- •9. Қр Президентінің халыққа жолдауындағы жоғары мектеп мәселесі жайлы тұжырымдарды сипаттаңыз.
- •2. Конструктивті қызмет
- •3. Диагностикалық қызмет
- •14. Жмп басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •15.Жоғары кәсіби білімнің Мемлекеттік білім стандарты және оның қызметтеріне сипаттама беріңіз
- •16. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарын ашыңыз
- •19. Дидактика ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •25. Инновациялық оқыту түрлері мен әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •33. Педагогикалық зерттеу әдістеріне логикалық-құрылымдық сызба құрастырыңыз.
- •34. Мөж және моөж-ның жүргізілу формаларын талдаңыз.
- •35. «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына сызба құрастырыңыз.
- •35 Сұрақ : «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36 Сұрақ: Педагогиканың қазіргі өзекті мәселелерін айқындап, өзіндік шешу жолдарын көрсетіңіз
- •37 Сұрақ: «жоо тәрбие» жүйесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •38 Сұрақ: ххі ғасыр студентінің моделін құрастырыңыз
- •39 Сұрақ: «Педагогтың қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбына сызба құрастырыңыз
- •40 Сұрақ: Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістемесін ұсыныңыз
- •42 Сұрақ: Жас оқытушының дәріске даярлығының алгоритімін құрыңыз
- •43 Сұрақ: Педагогиканың дамуына қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі туралы хронологиялық кесте түзіңіз.(31 сұрақпен бірдей)
- •44 Сұрақ: Зерттеу тақырыбының ғылыми аппаратының құрылысын талдаңыз.
- •45 Сұрақ: Дәріс сапасын анықтайтын өлшемдерді құрастырыңыз
- •46 Сұрақ: Студенттің тәрбиелік деңгейін диагностикалау картасын құрастырыңыз
- •47 Сұрақ: Пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымын талдаңыз
- •48 Сұрақ: Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігіне қойылатын талаптарына кесте құрастырыңыз
- •49 Сұрақ: Семинар сабақтың жоспарын құрыңыз
- •50 Сұрақ Жоғарғы мектеп оқытушысының моделін құрастырыңыз
- •51 Сұрақ Студенттердің типологиясына сай, салыстырмалы талдау жасаңыз
- •52 Сұрақ Оқытудың белсенді әдістері тақырыбына семинар сабағының жоспарын құрастырыңыз (49 сұрақпен бірдей)
- •53 Сұрақ Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінде туындайтын педагогикалық жағдаят құрастырыңыз
- •54 Сұрақ Дәріске қойылатын талаптарға сай технологиялық карта құрастырыңыз
- •55. Өткен сабақтарыңыздың мазмұнына байланысты іскерлік ойын сабағын өткізу жоспарын құрыңыз. Іскерлік ойыны
- •56. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін (реферат, эссе, курстық жұмыс, бітіру жұмысы, баяндама және т.Б.) талдаңыз.
- •58. Оқытудағы дәстүрлі және жаңа технологиялардың ұстанымдарына кесте сызыңыз.
- •59. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымына сызба құрастырыңыз.
35 Сұрақ : «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына эссе жазыңыз.
«Ұстаздың шеберлігі» - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес.Өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.
қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыкка жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай білім ордаларында білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан –жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
36 Сұрақ: Педагогиканың қазіргі өзекті мәселелерін айқындап, өзіндік шешу жолдарын көрсетіңіз
ХХІ ғасырда қоғамның әлеуметтік мәдени дамуымен, нарықтық экономика, жаһандану жағдайында елдің демократизациялануымен байланысты білім беру мен педагогика ғылымы күрделі өзгерістерге ие болып отыр. Сондықтан да білім беру саласындағы туындаған мәселелер кең ғылыми орталарда талқылауларды талап етеді.
Қазіргі кезеңдігі оқытудың негізгі мақсаты – болашақ мамандығына байланысты әрбір балаға тереңірек білім беру, білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру - оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
