Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

33. Педагогикалық зерттеу әдістеріне логикалық-құрылымдық сызба құрастырыңыз.

Педагогикалық зерттеулер типологиясы

Бюджеттік

қаржыландырусыз

Келісімшарттық

Мақсаты бойынша 3-ке бөлінеді: а)іргелі ә) қолданбалы б)өңдемелі

Мерзімі бойынша 2-ке бөлінеді: а) ұзақ мерзімді ә) қысқа мезімді

Зерттеу түрлері және әдістері б/ша 3-ке бөлінеді: а) эксперименттік ә) әдістемелік б) аралас (өздерің кесте етіп жазыңдар)

34. Мөж және моөж-ның жүргізілу формаларын талдаңыз.

МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ. Магистранттың өзіндік жұмысы мыналарға бағытталған:–қиындығы жоғары дәрежедегі тақырыптарды талқылау;–тақырыпқа қатысты арналған әдістемелік әдебиетті оқу; мамандық бойынша магистерлік жұмысты жазу;– кафедра педагогтарының сабақтарына қатысу;–жетекші-профессордың сыныбындағы студенттермен жұмыс істеу.

Магистранттың ұстаз жетекшілігімен өзіндік жұмысы МОӨЖ –магистранттың жүйелі түрдегі, оқытушының басқаруымен өзіндік қызметі –ЖОО-ғы оқу процессінің маңызды бір бөлігі. Бұл жұмыстың формасы білім беру процессінде магистранттың өзіндік шығармашылық қызметін дамытуда, білім алуда және бекітуде жігерлендіретін ең бір тиімді бағыт болып табылады. Орындаушының алдында тұрған мақсаттары мен мәселелеріне байланысты, МОӨЖ барлық формалары магистранттың жеке ерекшеліктерін есепке алулары қажет. МОӨЖ 2 функцияны орындайды: консультативтік және бақылаушылық.МОӨЖ мынадай түрлерге бөлінеді: магистранттың педагогпен өзіндік жұмысы; пайда болған орындаушылық проблемалармен жұмыс істеу әдісін таңдауда оқытушының көмегі;– магистранттың педагогпен кеңесуі,олармен шығармашылық қатынасы;–әдістемелік кеңестер,нұсқаулар,шығармамен өз бетінше жұмыс істеуде магистрантқа көмектесу

35. «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына сызба құрастырыңыз.

Ұстаз шеберлігі – әр жүректі білім шұғыласымен

нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолы.

Шебер ұстаз дегенді шығармашыл ұстаз деп те атар едім. Шығармашыл ұстаз күнделікті әрбір сабағын түрлендіріп өткізуге тырысады. Оқушының білімін көтерудің ең басты шарты-оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Пәнге қызыққан оқушының білім сапасының жоғары болатыны белгілі. Шебер мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана ұстаз мақсатына жетеді.

Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймын. Қазіргі заманғы оқытудың технологияларын жете меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу керек. Ол үшін үздіксіз біліктілік көтеріп отыру; арнайы әдебиеттерді оқу; өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру және озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау, үйрену, зерделеу қажет.

Жеке тұлға мәдениеті Педагогикалық техника, озат тәжірибе

шығармашыл

шәкірттің қызығушылығын

арттыру, талап ету пәнге қызығушылығы

өз біліктілігін арттыру

оқыту технологиясын тиімді пайд-у сабақты тартымды, қызықты өткізу

Гуманистік бағыт

Кәсіби білім

Педагогикалық қабілет

Педагогикалық техника

Қызығушылық

Құндылық

идеал

Арнайы білімі;

Педагогикалық

Психологиялық білім;

Оқыту әдістері туралы білім;

Әлеуметтік мәдени білім

Қарым қатынас қабілеті;

Перцевтивті қабілет;

Эмоцианалдық тұрақтылық, оптимистік бағдарлау, креативтік

Өзін өзі басқаруы, педагогикалық міндетті шешу процесінде қарым қатынас (дидактикалық, ұйымдастырушылық)