Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

19. Дидактика ұстанымдарының мәнін ашыңыз.

Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.

Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.

Оқытудың негізгі принциптері, қағидалары:

оқытудың мақсаттылық принципі;

оқытудың ғылымилық принципі;

саналылық пен белсенділік принципі;

жүйелілік пен бірізділік принципі;

оқытудың өмірмен байланыстылық принципі;

түсініктілік және шамасына сәйкестілік принципі;

білімнің берік болу принципі;

көрнекілік принципі;

оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі.

ынталандыру принципі;

ізгілендіру принципі;

проблемалық принцип

Көрнекілік принцип- оқушылардың қабылдауын әлем объектілері мен барыстарын немесе олардың кескіндері негізінде жүзеге асады. Көрнекілік оқушыларға заттардың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп, байқауға мүмкіндік береді. Оқытуда нақты білім алу көрнекілікке, сезінуге, бақылау әрекетіне негіздейді, образдық ойлауға болады.

Оқушылардың жеке ерекшелігін ескеру принципі- оқу материалының көлемі мен мазмұны балалардың ақыл-ой күштерінің даму дәрежесіне сай болуын олардың жас ерекшеліктерінің үнемі ескеріліп отыруын талап етеді.

Ынталандыру принципі- оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына деген, сондай-ақ оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына оқушыларда ынта-ықылас болса, олардың оқу-таным әрекеті сенімді, ерікті болады. Мұғалім сабақтарын қызықты, тартымды, әсерлі өткізуге міндетті.

Ізгілендіру принципі- оқушыға деген ерекше сүйіспеншілікті, құрметті талап етеді. Балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеріп, оқу-таным әрекетінің жемісті болуына қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау керек. Мұғалім сабақта балалармен жылы қарым-қатынаста болуы қажет.

20. Жоғары мектептегі оқу процесінің құрылымы мен негізгі компоненттері ерекшелігін сипаттаңыз

Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет. Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:

Мақсат.

Педагог

Оқушы,

білім алушы.

Оқыту әдістері.

Оқытуды ұйымдастыру түрі

Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру.

Педагогикалық диагностика.

Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.

Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан:

Білім Іс-әрекеттің әдістері.

Шығармашылық тәжірибе

Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, оқыту процесі - бұл білім алушы тұлғаны дамыту үшін мақсат көздеген, педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған, әлеуметтік жағынан қамтылған процесс. Оқыту процесін екі негізгі репродуктивті (шығаратын) және продуктивті (шығармашылық) вариантта жүргізген жағдайда білім мен іскерлік әдістерін меңгеруге болады. (В.И.Загвязинский). Кез-келген танымдық міндеттерді шешу өз табиғатында қарама-қайшылықты болып келеді. Осы қарама-қайшылықты шешу қызығушылық тудырады, белгілі бір іс-әрекетке жетелейді, белсенділік туғызады, міне, осылар оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады.

21. Білім мазмұнының құрылымдық компоненттерін атаңыз. Білім мазмұнының 5 құрылымдық компоненттері бар:

1.Оқытудың мақсаты

2. Оқытудың мазмұны

3.Оқыту әдісі

4.Оқытушы

5.Оқушы

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы,танымы дамиды, іскерлігі, дағдысы қалыптасады. Білім –адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен қоғамның даму заңдарын танып біледі. Оқыту екі жақты процесс. Ол мұғалім мен оқушылардың ынтамақтастығы арқылы іске асады. Оқыту процесі ол- мұғалім сабақ береді, оқушының қызметі –білім алу. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамыту.

Оқытудың білім беру функциясы- оқушыны біліммен қамтамасыз ету, өз бетімен ізденуге баулу, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Оқытудың тәрбиелік функциясы- оқу-тәрбиенің басты құралы болып табылады. Жеке тұлғаға тәрбие мен оқуды жан-жақты қалыптастыру.Тәрбиелеу арқылы оқушының байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамыту, еңбек әрекетіне дайындау.

Оқытудың дамыту функциясы- шәкірттің таным әрекетін дамыту, ой-өрісін, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға, еркін игеруге үйрету.

Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы – оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудағы шешуші құралы.

Оқыту –оқу- тәрбие барысының нақты түрі. Мұның нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамытумен тығыз байланысты қоғам талабынан туындайтын білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Оқыту процесін дұрыс ұйымдастырып басқару үшін негізге алатын жалпы ережелер мен талаптар қажет.

Принцип- негізгі, жетекші идея, негізгі ережі, іс-әрекетке қойылатын талап деген мағынаны білдіреді. Оқыту принципі, яғни оқыту талаптары оқу барысының тиімді және сапалы жүруін қамтамасыз ететін негізгі іргелі ой жүйесі. Оқыту принциптеріне оқудың мақсаттары, мазмұны,әдістері мен ұйымдастыру түрлері, оның нәтижесін талдау, оқыту талаптарының біртұтастығы, логикалық тізбегі, оқу барысын жоспарлау және басшылыққа алу.

22. Оқытудың дәстүрлі және белсенді әдістеріне талдау жасаңыз. Дәстүрлі педагогикалық әдістерге бақылау, әңгіме, тәжірибе, т.б. жатады. Бақылау таным әдісі ретінде эмпириялық деңгейде табиғи жағдай немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайда өткізіледі. Бұл зерттеуші қайшылық процесінде нақты деректер алатын кей педагогикалық құбылысты мақсатты түрге бағытталғанын қабылдау. Бақылау алдын ала Әңгіме — қажетті ақпарат алу немесе анық болмағанды түсіндіру мақсатында қолданылатын зерттеудің өздік немесе қосымша әдісі. Әңгіме түсінікті қажет ететін мәселелері жекеленген, алдын ала белгіленген жосспармен жүргізіледі. Педагогикалық тәжірибені оқу білікті мұғалімдер тәжірибесі мен қатардағы мұғалімдер тәжірибесінен шығатын озық тәжірибені оқуға көзделген. Олардың қиыншылықтары педагогикалық үрдістің нақты қарама-қайшылықтарын жетілген немесе тақалған мәселелерді бейнелейді. Сауалнама — сауал арқылы бұқаралық материал жинақтау әдісі. Сауал, кімге арналған болса, сол жазбаша сұрақтарға жауап береді. Тест жүргізу — қалыптасқан сұрақтар мен тапсырмаларда тұратын белгілі маңыздылық көрсеткііші бар психологиялық-диагностикалық әдіс. Жеке ерекшеліктерді анықтау үшін қолданылады. Педагогикада оқытудың ұзақтылығын көбейтумен және оқу бағдарламасын күрделендірумен байланысты қолданылатын диагностикалық әдіс. Рейтинг — білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау өдісі. Өзгеше айтқанда, рейтинг — қосалқы бақылау әдісі. Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адамының кейбір ңасиеттерін бағалау үшін «сотқа» жүгінуі. Көрсеткіштік - сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі. Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын (қабілеттілігі, ұжымдағы қатынасы, кәсіби ерешнеліктері, т.б.) анықтауда, оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады.

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.

23. Педагогикалық коммуникативті біліктілік: мәні және ерекшеліктерін айқындаңыз. Коммуникативтік біліктілік – Қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі, олармен ойымен ауысуға әртүрлі жағдайларда басқа қатысушылармен әрекеттестік барысында және қатынас мінез – құлықын таңдай отыра, қатынастың аутентикалық жағдайына барабар.

Қарым-қатынас (коммуникативтік) біліктілігі–бұл мұғалімнің педагогикалық процестің барысында адамдармен қарым-қатынас жасауға үйренуі. Қарым-қатынас тәсілдері ол алдымен, сөз сөйлеу техникасы,

қимыл, бет құбылысын игере білуден басталады. Коммуникативтік іскерлікті тәрбиелеу үшін адам ең алдымен, басқа адамды түсіне білуді, тани білу және өзін де таныта, түсіндіре білуге үйренуі қажет. Екіншіден, өзінің ой-пікірін, көңіл-күйін, көзқарасын, мақсатын, сөйлескен, пікірлескен адамға, ұжымға түсіндіре білуге және түсіне білуге үйренуі қажет. Үшіншіден, адамдармен қарым-қатынас барысында қажет болған жағдайда, бет-бұрыс жасау сияқты мүмкіндіктерді басқара білу, оң шешімін таба білу. Осылардың нәтижесінде мұғалімге қарым-қатынас бейімділігі және ептілігі бар адамдармен оңай тіл табыса алатын, тез араласа алатын жеке бастың қасиеті қалыптасады.

24. Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, лабораториялық, практикалық жұмыстардың ролін айқындап, мәнін ашыңыз. ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» - оқу дегенді білдіреді.

Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады.

ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады:

Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға шығарылады.

Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, - білімбердің неғұрлым жоғары деңгейңнде жүйелендірілуі.

Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға.

Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді. Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі.

Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда болады.

Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша ақпарат болып табылады. Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен стилі.

Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын модельдейді.

Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді.

2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып, лекцияны бастайды.

«Семинар» сөзі латынның «seminarium» - екпе жер дегенді білдіредң.

Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі (А.М. Матюшкин бойынша):

  • кәсіби ойлаудың дамуы;

  • танымдық мотивация;

  • оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану;

  • білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас.

Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас.

Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға, дискуссияларға бағдарлау керек.

Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады.

Лабораториялық сабақ - оқу-зерттеу қызметі кезіндегі студенттердің теориялық-әдістемелік білімдері мен тәжірибелік ептіліктерін қосрлайтын оқытуды ұйымдастырудың формасы. Лабораториялық жұмыстардың нәтижелілігі студенттердің бірікке жұмысында жатыр. Ал оның нақты бағдары оқытушының әрекетіне байланысты болады. Лабораториялық жұмыста тапсырмалардың дұрыс құрылып анықталуы өте маңызды, себебі ол берілген өзбетті жұмысқа әкеліп, студенттердің ойлау әрекеттерін белсендендіреді және тәжірибелік жұмыс әдістерімен қаруландырады.

Өздік жұмыс – студенттердің жоспарланған жұмысы, ол оқытушының әдістемелік басшылығымен, алайда оның тікелей қатысуынсыз жүреді. Өздік жұмыс аудиториялықпен қатар оқу үрдісінің формаларының бірі болып, оның маңызды бөлігі болып табылады. Оның табысты және нәтижелі орындалуы үшін оқытушы жағынан жоспарлау және басқару қажет.

Жоғары мектеп оқытушысы студенттерді танымдық әрекеттерін тек қана ұйымдастырады. Студенттер танымды өздері жүзеге асырады. Онымен болмай, өздік жұмыс тәрбиелік маңызға ие, оның формалары түрліше: лекцияларға, семнарларға, лабораториялық жұмыстарға, зачеттерге, емтихандарға даярлық, рефераттарды, курстық жұмыстарды, дипломдық жобаларды орындау.