Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

2. Конструктивті қызмет

3. Диагностикалық қызмет

4.Коммуникативті қызмет.

  • Педагогика әдіснамасы. Педагогиканың негізгі категорияларына сипаттама беріңіз

Әдіснама (гр.сөзі Methodos – зерттеу жолы немесе таным теория, оку және логос – ілім)

  • теориялық және практикалық іс - әрекетті құру және принциптер жүйесі мен ұйымдастыру тәсілі.

  • ғылыми таным әдісі туралы ілім.

  • қандайда бір ғылымда қолданылаты әдістер жиынтығы.

әдіснама- зерттеу жұмысының сапасын бағалауға оның бағдарламасын құруға, ғылыми білімдер жүйесін түзуге бағытталған іс-әрекет, сонымен қатар зерттеу объектісі мен пәнінің ерекшеліктеріне байланысты зерттеуді ұйымдастыру және принциптерін таңдау, мәселеге әр тұрғыдан келу.

Пед.ғылымының әдіснамасы – бұл таным процесі, формасы, ілім және пед.құбылыстарды бейнелейтін білімдерді іздестіру мен оған әр тұрғыда қарау жүйесі. Әдіснама- ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құру ұстанымдары, формалары мен амалары туралы ғылым

Ғылыми әдіснаманың 3 деңгейі бар.

  • философиялық

  • жалпы ғылыми

  • нақтығылыми

қандай ғылым саласы болмасын ең алдымен философиялық ілімге сүйенеді.Әдіснамалық тұжырымдамалар психологиялық – педагогикалық теориялар негізінд құрылады.

Ғалым Э.Г.Юдин ғылымға әдіснамалық бөлімнің 4 деңгейін бөліп қарастырды.

А) Философиялық әдіснама ғылымның категориялық құрылымын және танымның жалпы қағидаларын құрайды. Бүкіл философиялық білім жүйесі әдіснамалық қызметті атқарады

б) жалпы ғылыми әдіснама барлық немесе көптеген ғылыми пәндерде қолданылытын теориялық тұжырымдамалар болып табылады

в) нақты ғылыми әдіснама белгілі бір арнаулы ғылыми пәнде қолданылатын зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы

г) технологиялық зерттеу әдіснамасы мен техникасы, демек, дұрыс практикалық материалды алуды қамтамасыз ететін тәсілдердің жиынтығы болып табылады. Әдіснаманың барлық деңгейі күрделі жүйені құрайды.

Әдіснаманы не үшін білу керек екені бірден-ақ көрініп тұр-әдіснамалық білімдерсіз педагогикалық және басқа керек зерттеуді жүргізу мүмкін емес.

14. Жмп басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз

Жоғары мектеп педагогикасы- философия, психология, жалпы педагогика, логика, тарих, математика, этнопедагогика, этнопсихология, медицина, экология, экономика, социология, адам физиологиясы т.б. ғылымдармен тығыз байланыста жүзеге асады

Педагогикаға бәрінен жақыны психология. Екеуінің арасында бірнеше байланыс жіптері бар. Ең бастысы – осы ғылымдардың пәндері. Психология заңдардың дамуын, адамның психикасын оқытса, педагогика тұлғаны дамытудағы басқару заңдылықтарымен жұмыс жасайды. Тәрбие, ересектер мен балаларға білім беру мақсатты бағытталған (ойлау, іс-әрекет) психикалардың өзгеруі ретінде болмақ. Ол психологиялық білімдерді меңгермеген мамандарсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Екінші байланыс жібі екі ғылым – оқытудың критерилері мен көрсеткіштері және тұлғаны тәрбиелеумен айналысады. Оқушылар білімінің жылдамдық деңгейі жадыларының өзгеруімен, білім қорларымен, практикалық мақсатта білімдерін оңтайлы қолдана білу арқылы тіркелінеді.

Философия табиғаттың, қоғамның, таным теориясының (гносиология) жалпы даму заңдары туралы білімді бере отырып, педагогиканың әдіснамалық іргесін құрады. Әлеуметтану педагогикаға әлеуметтік ортадағы тұлғаның қалыптасуы, қоғамдық топтар, әлеуметтік қатынастар туралы ілім береді.

Физиология педагогика мен психологияның жаратылысты ғылыми қоры. Тұлғаны қалыптастыру үшін адамның ағзасын, өмірлік қамтитын жүйелерін, жоғары нервтік әрекеттерін білу қажет. Этнопедагогика- халықтық педагогиканы зерттейтін ғылыми пән. Педагогика тарихы- педагогикалық ойлардың қалыптасып, дамуын қарастырады. Педагогика ғылымының ішкі жүйесі, қоғам мен ғылымдардың дамуын зерттейтін жаңа бөлімдерінің дамуы қазіргі күнде осындай сипатта. Сонымен қатар арнайы - дефектологиялық педагогика белгілі бір кемістігі бар адамдар тәрбиесімен айналысатын саласы бар. Зағиптардың- көздері көрмейтін адамдармен-тифлопедагогика, есту кемістігі бар адамдармен-сурдопедагогика, ойлау қабілеті төмен адамдармен- олигофренопедагогика және тіл кемістігі бар адамдармен-логопедия айналысады. Салыстырмалы педагогика әртүрлі елдердегі білім беруді талдаумен айналысады. Пенитенциарлық педагогика бас бостандықтары шектеулі адамдардың тәрбиесі сұрақтарына жауап береді.