Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

56. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін (реферат, эссе, курстық жұмыс, бітіру жұмысы, баяндама және т.Б.) талдаңыз.

Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындарыжалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшіндиссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.

Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді. Азғантай тәжірбиеммен бөліссем деп едім….

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру

Курстық жұмыс үлгі ретінде ең алдымен берілген тақырыпты толықтай аша білуі керек. Курстық жұмыс - студенттің ғылыми еңбегі. Курстық жұмысты жазудағы мақсат студенттің берілген материалды қандай деңгейде түсінгенін бақылау және бағалау. Курстық жұмыс жоспарға сай жазылады. Курстық жұмысты жазбастан бұрын ең алдымен берілген тақырыптың теориялық жағын көбірек зерттеу керек.

Курстық жұмысты орындаудағы негізгі талаптар

Курстық жұмыс үлгісі деген кезде ең алдымен курстық жұмыстарға ортақ қасиеттерді айтып кеткеніміз жөн. Сондықтанда курстық жұмысты жазар кезде барлығына бірдей мына талаптар сақталуы керек. Мәтінді A4 форматындағы беттің бір жағынан бастап теру керек. Шрифттің түсі бұл жағдайда тек қара түс болуы керек. Шрифт 14-өлшемдегі  Times New Roman болуы керек. Жол аралық интервал 1,5 мм болуы керек. Сол жақтан - 3,5 мм, оң жақтан - 1 мм, жоғары мен төменнен 2,25 мм қалдыру керек. Мәтіндегі белгілердің биіктігі 1,8 мм-ден кем болмауы керек, ал олардың жол бойындағы саны (бос орынды есептегенде) - 64 болуы керек. Дегенмен бір бетте 30 қатарды орналастыру керек. Мәтіннің сапасы мен кестелерді безендіру стандарттарға сай болуы керек. Жұмысты дайындау кезінде табылған безендіруге байланысты қателер түзетуге жіберілуі әбден мүмкін.

Курстық жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар

Курстық жұмыс мазмұнында төмендегі тараулар міндетті түрде болуы керек:

- кіріспе;

- негізгі бөлім (тараулар); 

- қорытынды.

Дипломдық жұмыс - бұл кез келген студенттің ғылыми-тәжіребиелік жұмысы, оны оқуды бітіру кезінде жасайсыз.

57. Куратор-эдвайзердің қызметін ұйымдастырылуына жоспар құрастырыңыз. Куратор-эдвайзерлердің басты мақсатыжастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндетіоқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.

Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:Топ белсенділерін (активін) қалыптастыруғажәне студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерінанықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарынқалыптастырады. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдармен ұдайы байланыстаболады. Топ студенттерінеоқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпарат береді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады.Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференциялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердіңмүдделері, талаптары, ұсыныстарытуралы ақпар береді. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуінұйымдастырады. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шаралардыанықтайды. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.   Құқық бұзушылықтыңжәне студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруғаықпал етеді. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді. Бос уақытты тиімді өткізуформалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуынұйымдастырады. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шараларұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер және т.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстардыжүргізеді. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.