Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

55. Өткен сабақтарыңыздың мазмұнына байланысты іскерлік ойын сабағын өткізу жоспарын құрыңыз. Іскерлік ойыны

Жаңа материалды меңгеру, қорытындылау кешенді мәселелерін шешу, шығармашылық қабілеттерін дамыту ,жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.

Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады: еліктеу, әрекеттік жылдамдық, рөлдік ойындар; іскер театр, психологиялық және әлеуметтік драма.

Іскерлік ойынның әдіс- тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.

Дайындық кезеңі.Дайындық кезеңі ойынды жоспарлаудан басталады:

сценарий дайындау; іскерлік ойынның жоспары; ойынды жүйелеп баяндау; нұсқау мазмұны; мәліметтермен қамтамасыз етуді дайындау.

Ойынға кіру: мақсат, міндеттерін қою; жағдайы, нұсқауы, уақыт тәртібі, ережесі; рөлдерді бөлу; топтарды қалыптастыру; кеңес беру.

Өткізу кезеңі: топтардың тапсырмамен жұмысы: дерекнамамен жұмыс, ренинг, миға шабуыл; ойын құрал-жабдықтарымен жұмыс.

Топтар арасындағы пікірталас: топтардың көрсетулері, нәтижелерді қорғау; пікірталас ережесі, сарапшылар жұмысы.

Талдау және қорыту кезеңі: ойыннан шығу; талдау; баға беру және талдап қорыту; нұсқаулар.

Сабақтың мақсаты: «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» арқылы кәсіпкер мамандығын саналы түрде таңдауға дайындау.

Білімділігі: экономикалық сауаттылық арқылы оқушылардың дүниетанымдылық көзқарасын кеңейту. Кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жоспарын жасау, түйіндеме жазу, жарнамалау жолдарын үйрету;

Дамытушылығы: маңызды шешімдерді қабылдай алатын,жетістікке жететін,белсенді азамат болуға танымдылық қызығушылығын дамыту;

Тәрбиелігі: жеке бас құндылықтары, мінез-құлықтың дамуы және іскерлік әдеп, ұйымдастырушылық, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын сабағы.

Кәсіби бағдар беру: кәсіпкерлікке баулу

Сабақтың әдісі:әңгімелесу.топтық жарнамалау,жобалау технологиясы,

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, бизнес жоспарының үлгісі.

Құрал жабдықтар: интерактивті тақта, компьютер.

Пәнаралық байланыс:сурет,математика,қазақ тілі,өзін-өзі тану, қаржылық сауаттылық.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар және студенттер! Бүгінгі педагогика пәні бойынша «Менің болашаққа жоспарым» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі іскерлік ойынымыздың мақсаты «Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020»арқылы кәсіпкер мамандығын таңдауға, бизнес жоспарын жасау жолдарын үйрену.

Ендеше, іскерлік ойынымызға қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.

1«Ақ ниет» тобы.

2. «Үржар - алма» тобы.

3.Көрермендер тобы.

Сонымен қатар «Тәуелсіз сарапшылармен»таныс болыңыздар. 1.......  2........ 3........

Сіздер бүгінгі іскерлік ойынға қатысушылардың болашаққа жоспарына баға бересіздер.

Сонымен іскерлік ойынымыз «Менің бизнес жоспарым» ІІ бөлімнен тұрады.

І бөлім: «Болашақ табыстарды алдын ала жоспарлау керек»

1.Таныстыру

2.Болашақ жұмысына жалпы сипаты

3.Жарнама

ІІ бөлім: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

1.Ұйымдастыру жоспары

2.Маркетингілік жоспар

3.Өндірістік жоспар.

4.Қаржылық жоспар.

5.Жоспарды заң жүзінде пысықтау

Қорытынды. Сонымен бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер? Қандай әсер алдыңдар?