- •9. Қр Президентінің халыққа жолдауындағы жоғары мектеп мәселесі жайлы тұжырымдарды сипаттаңыз.
- •2. Конструктивті қызмет
- •3. Диагностикалық қызмет
- •14. Жмп басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз
- •15.Жоғары кәсіби білімнің Мемлекеттік білім стандарты және оның қызметтеріне сипаттама беріңіз
- •16. Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптарын ашыңыз
- •19. Дидактика ұстанымдарының мәнін ашыңыз.
- •25. Инновациялық оқыту түрлері мен әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •33. Педагогикалық зерттеу әдістеріне логикалық-құрылымдық сызба құрастырыңыз.
- •34. Мөж және моөж-ның жүргізілу формаларын талдаңыз.
- •35. «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына сызба құрастырыңыз.
- •35 Сұрақ : «Ұстаздың шеберлігі» тақырыбына эссе жазыңыз.
- •36 Сұрақ: Педагогиканың қазіргі өзекті мәселелерін айқындап, өзіндік шешу жолдарын көрсетіңіз
- •37 Сұрақ: «жоо тәрбие» жүйесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •38 Сұрақ: ххі ғасыр студентінің моделін құрастырыңыз
- •39 Сұрақ: «Педагогтың қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбына сызба құрастырыңыз
- •40 Сұрақ: Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістемесін ұсыныңыз
- •42 Сұрақ: Жас оқытушының дәріске даярлығының алгоритімін құрыңыз
- •43 Сұрақ: Педагогиканың дамуына қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі туралы хронологиялық кесте түзіңіз.(31 сұрақпен бірдей)
- •44 Сұрақ: Зерттеу тақырыбының ғылыми аппаратының құрылысын талдаңыз.
- •45 Сұрақ: Дәріс сапасын анықтайтын өлшемдерді құрастырыңыз
- •46 Сұрақ: Студенттің тәрбиелік деңгейін диагностикалау картасын құрастырыңыз
- •47 Сұрақ: Пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымын талдаңыз
- •48 Сұрақ: Жоғары мектеп оқытушысының коммуникативтік біліктілігіне қойылатын талаптарына кесте құрастырыңыз
- •49 Сұрақ: Семинар сабақтың жоспарын құрыңыз
- •50 Сұрақ Жоғарғы мектеп оқытушысының моделін құрастырыңыз
- •51 Сұрақ Студенттердің типологиясына сай, салыстырмалы талдау жасаңыз
- •52 Сұрақ Оқытудың белсенді әдістері тақырыбына семинар сабағының жоспарын құрастырыңыз (49 сұрақпен бірдей)
- •53 Сұрақ Жоғары мектептің педагогикалық үдерісінде туындайтын педагогикалық жағдаят құрастырыңыз
- •54 Сұрақ Дәріске қойылатын талаптарға сай технологиялық карта құрастырыңыз
- •55. Өткен сабақтарыңыздың мазмұнына байланысты іскерлік ойын сабағын өткізу жоспарын құрыңыз. Іскерлік ойыны
- •56. Ғылыми зерттеу жұмысының түрлерін (реферат, эссе, курстық жұмыс, бітіру жұмысы, баяндама және т.Б.) талдаңыз.
- •58. Оқытудағы дәстүрлі және жаңа технологиялардың ұстанымдарына кесте сызыңыз.
- •59. Қазіргі педагогика ғылымының құрылымына сызба құрастырыңыз.
50 Сұрақ Жоғарғы мектеп оқытушысының моделін құрастырыңыз
Жоғарғы мектеп оқытушысы (сызба арқылы көрсетеміз)
Білімді, тәрбие мен білімді қатар алып жүретін,білікті, жан-жақты, адемгершіліктік қасиеті мол, теориялық білім мен практикалық білімді ұштастыра білетін, жан-жақты, тілді жетік меңгерген, ғылымилылығы, ізденімпаздығы мол, жауапкершілігі зор.
51 Сұрақ Студенттердің типологиясына сай, салыстырмалы талдау жасаңыз
«Студент» термині латын сөзінен шыққан. Аударғанда «іждағатты жұмыс жасайтын», әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.
Лисовский жіктеген студенттердің типологиясы:
«Үйлесімді» Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Өте жақсы оқиды. Ғылыми жұмыстармен айналысады. Қоғамдық өмірде белсенді. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы өте жоғары. Дамыған, мәдениетті, тез тіл табысқыш, спортпен шұғылданады. Адал, кемшіліктерді ұнатпайды, байсалды. Мейірімді әрі сенімді дос бола алады. Ұжымдағы беделі өте жоғары.
«Көңілі қалған» Қабілетті, алайда өзі таңдаған мамандыққа деген қызығушылығы төмен. Бірақ оқуды бітіру керектігін біледі. Жақсы оқуға тырысады, алайда оқуға қанағаттанбайды. Өзінің хоббиімен айналысуға, өнерге, спортқа ден қоюға тырысады. «Жалқау» Оқуға көп күш жұмсамайды. Оқуы нашар. Алайда өзіне толықтай көңілі толады. Өзінің кәсібилігіне ат үсті қарайды. Ғылыми-зерттеу, қоғамдық жұмыстарға қатыспайды. Өз тобында оған барлығы «балласт» ретінде қарайды. Кейде шпаргалка қолдану секілді қулыққа да барады. Былайша айтқанда, уақытты қызықты демалып өткізуді қалайды. «Шығармашылық» Ол кез келген іске, оқуға, қоғамдық жұмысқа, демалысқа шығармашылық тұрғысынан қарайды. Тиянақтылықты қажет ететін қатаң тәртіп ол үшін қызықты емес. Сол себептен, «мынау маған қызық», «мынау маған қызық емес» деп таңдап оқиды. Ғылыми-жұмыспен айналысуда беделді адамдармен санаспай, өзіндік айрықша шешім шығаруға ұмтылады.
«Айрықша» Беделді факультеттерде оқиды. Баршаға ортақ мамандықтарда оқитын студенттерге жоғарыдан қарайды. Өзі секілді адамдардан жиналған топта көшбасшылыққа ұмтылады. Бірақ өзге студенттерді менсінбейді. Барлық нәрседен «аздап хабары бар». Бірді білсе, бірді білмейді. Ал өнер саласында, «сән» әлемінен хабардар. Әрдайым ешкімге ұқсамайтын, «өзіндік пікірі» бар. Кафелер мен дискоклубтардың тұрақты қонағы.
«Кәсіпқой» Өз мамандығын саналы түрде таңдаған. Жақсы оқиды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына сирек қатысады. Көбіне практикалық жұмыстарға қызығады. Қоғамдық жұмыстарда белсенді. Мүмкіндігінше спортпен шұғылданады, әдебиет пен мәдениетке қызығады. Ол үшін ең басты нәрсе – жақсы оқу. Ортада беделді.
«Академик» Мамандығын өзі қалап таңдаған. Оқуы өте жақсы. Білімін одан әрі жалғастыруды мақсат еткен. Сол себепті көп уақытын ғылыми-зерттеу жұмыстарына бөледі. Тіпті, кейде өзге сабақтарға зиянын тигізеді.
«Қоғамдық» Қоғамдық жұмыстарда аса белсенді. Ол өзге қызығушылығы мен сабағынан да асып түседі. Алайда, өз мамандығымды дұрыс таңдадым деп сенеді. Әдебиет пен мәдениетке қызығады. Демалу, көңіл-көтеруде жақсы ұйымдастырушы. «Өнердің жанкүйері» Сабағын жақсы оқиды. Бірақ ғылыми жұмыстармен сирек айналысады. Оның қызығушылығы әдебиет пен өнер саласына бағытталған. Эстетикалық талғамы жоғары. Танымы кең, шығармашылық эрудициясы терең.
«Талпынғыш» Мамандығын өз еркімен, қалап таңдамаған. Бірақ оқуға бар күш-жігерін жұмылдырады. Білімі, қабілеті өте жақсы болмағанымен, үлгерімі орташа. Ұжымда араласуы нашар. Әдебиет пен мәдениетке қызығушылығы төмен. Уақытының көбі сабақ оқуға кетеді. Киноға, концертке, дискотекаға барғанды ұнатады. Спортпен тек дене шынықтыру сабағында ғана айналысады.
«Орташа» Сабақты бар күшін салып оқымайды. Тіпті, мұнымен ол мақтанады. «Диплом аламын, ешкімнен кем жұмыс істемеймін» қағидасын ұстанады. Мамандық таңдауда аса мән бере қоймаған. Алайда, оқуға түскеннен соң, бітіру керек деп ойлайды. Жақсы оқуға тырысады. Бірақ оқудан ешқандай ләззат алмайды.
