Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Педагогика п__ннен емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.56 Кб
Скачать

42 Сұрақ: Жас оқытушының дәріске даярлығының алгоритімін құрыңыз

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір оқытушының басты міндеті. Оқытушылар сабақтың жаңа түрін пайдаланса,кейбіреулері жаңашыл оқытушылардың тәжірибесін қолданады.Қай әдісті пайдаланса да, мақсат-бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру. Жаңа материалды шеберлікпен түсіндіре білу. Қазіргі жаһандану заманында білім саласының жаңа жүйеге көшуі әрбір оқытушыдан жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді.

Жас маман дәрістің тақырыбына сай дәрістің мақсаты мен міндетін анықтап алуы керек. Дәрістің мазмұнына өзі алдын ала талдау жасайды.

Жас маман дәріс оқып жатқанда аудиторияны өзіне бағындыра білуі керек. Дауыс интонациясы анық, ғылымилық тұрғыда нақты тұжырымдар келіріліп оқуы тиіс.

43 Сұрақ: Педагогиканың дамуына қазақстандық ғалым педагогтардың қосқан үлесі туралы хронологиялық кесте түзіңіз.(31 сұрақпен бірдей)

Педагогиканың дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдардан Мынбаева Айгерим Казыевна, Исаева Зауреш Абдразаковна, Ахметова Гульназ Кенжетаевнаны жатқызуымызға болады.

Мынбаева Айгерим Казыевна - «Основы педагогики высшей школы» атты оқу құралын шығарды. Бұл оқу құралында жоғарғы мектеп педагогикасының негізгі категорияларын, педагогика ғылымы, білім саласындағы әлемдік кризисі жайлы, жоғарғы мектептегі білім беру жүйесіндегі реформалар, ЖОО -ғы тәрбие мәселесі, ЖОО-нын басқарылуы деген сияқты мәселелерге тоқталып анықтама берген. Бұл аталған оқу құралы ЖОО-ның магистран студенттері мен оқытушылар қауымына арналған еңбек болып табылады.

Ғалым З.А.Исаева ҚР- ң жоғары білім беру жүйесінің қайта құру процестерін төрт дейгейге бөліп қарастырады:

  • 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);

  • 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);

  • 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);

  • 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең) 

44 Сұрақ: Зерттеу тақырыбының ғылыми аппаратының құрылысын талдаңыз.

Зерттеу тақырыбының ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және теориялық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері беріліп, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәнділігі және қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, талқылануы және жүзеге асыру мүмкіндіктері баяндалды.Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы баяндалды.Бірінші тарауда ғылыми және арнайы әдебиеттерге, нормативті материалдарға, мамандарды кәсіби тұрғыдан жетілдіруге арналған педагогикалық-психологиялық зерттеулерге талдау жасау арқылы, маманға білім беру процесінің мәні нақтыланды және болашақ кәсіби ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдіру моделі негізделіп ұсынылды.Екінші тарауда болашақ заңгердің ақпараттық-технологиялық даярлығын жетілдірудің педагогикалық жүйесінің мазмұны ұсынылып, зерттеу тақырыбына байланысты жүргізілген эксперимент жұмыстарының нәтижесі баяндалды.Қорытындыда теориялық және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар келтіріліп, оларға негізгі теориялық қорытындылар мен диссертация зерттеуінің нәтижесі бойынша практикалық ұсынымдар беріле отырып, бұл бағытта әрі қарай жоспарда бар ғылыми ізденістер өз жалғасын табады.Қосымшада зерттеу жұмыстарында қолданылған ақпараттық-дидактикалық технологиялар бойынша санаткерлік меншік куәліктері, зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында ендіру анықтамасы келтірілген.