- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгерлері Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және Шоқан Уәлиханов еді.
Абай Құнанбаев. Абайдың шығармашылық жолына түсуіне себепкер орыс әдебиетінің классик жазушылары – Пушкин, Лермонтов, Крылов , т.б. еді. Тұрмыс қайғысын езілген еліне түсіндіру, олардың көзін ашып, көңілін оятуды басты мақсат тұтты. Абай «соқтықпалы соқпақсыз» жерде өсті, отаршылдар билеген ауыз заманда өмір сүрді. Ел дертіне ем болар, түскен еңсесңне дем болар қуат – оқу, өнер деп, оның жаңа түрін, жетілудің тың жолын ұсынды. Ақын өзінің жастық шағы мен ер жеткен кезін, кездескен қиындықтарын аша түсіп:
Жасымда албырт өстім ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етек басты көп көрдім елден бірақ, - деп түйді.
Абай өлең өнерінің игі мақсаттарын айқын түсініп:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін, - дейді.
Абай қазақ болыстарын, қазақ билерін былайша сынайды:
Қайнайды қаның.
Ашиды жаның,
Мінездерің көргенде, - деп ашына наразылық білдіреді.
Абай ел мұңын, халық тілегін болыс-билеушідерге білдіргісі келіп:
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым!...
Өзімдікі дей алмай өз малымды,
Күндіз күлкің бұзылды, түнде ұйқың, - дейді.
Абай күздің қураған сұрғылт күз суретіне астастыра кедей тұрмысын, оның жұпыны өмірін, жетім-жесірді бейнелейді:
...Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі
Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,
О да қылған кедейге үлкен сыйы.
Абай өлеңдеріндегі негізгі елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі – қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі.
Ғашықтың тілі – тілсіз тіл,
Көзбен көр де, ішпен біл
Сүйісер жастар қате етпес,
Мейлің илан, мейлің күл,-дейді.
Абай дүниенің қызығы, өмірдегі жан тыным табар жұбаныш достық өмірде деп білген:
Жүрегі жұмсақ білген құл,
Шын дос таппай тыншымас.
Пайда мақтан – бәрі тұл
Доссыз ауыз тұщымас.
Абай дәулеттің ең маңыздысы, асылы – білім деп біледі:
Ғылым таппай мақтанба,
Балалықты қойсаңыз.
Болмаса да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда? – деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз!
Абай еңбексіз адамның азғын екенін айтады:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Абайдың табиғат лирикаларының ішіндегі ең таңдаулыларының бірі – «Желсіз түнде жарық ай».
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп
Ауылдың маңы терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп, - дейді.
Абай өлең туралы пікірін былайша қорытады:
Туғанда дүние есігің ашады өлең,
Өлеңмен жер бетіне кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең.
Ұлы Абайдың келер ұрпаққа мол мұра қалдырғаны сөзсіз. Оның алуан тақырыптардағы өлеңдерінен басқа, философиялық-дидактикалық тұрғыдан көрініс беретін ғақлиялары, поэмалары, нақыл сөздері мен афоризмдері жетерлік.Абай шығармаларының шалқар көзі дәуірінің қасіреті мол шырайсыз шындығында жатыр. Ақын өмір теңізін кешіп жүріп, оның терең тұңғиығынан көрініс табады.
Ыбырай Алтынсарин.Заманның ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалар үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Ыбырай көрнекті ақын, жазушы. Өз өлеңдерінде оқудың пайдасын, өнер-білімнің маңызын аса қатты түсінді. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даярлауды бірінш мақсат етті: Өнер-білім , бәрі де, Оқуменен табылар... Кел , балалар оқылық!, Оқысаңыз , балалар, Шамнан шырақ жағылар! , - дейді. Дүниедегі адам көзі бақ пен дәулетке тоймайлы. Сондықтан адамға қайыр, рақым керек. Онсыз ол адам атағынан айырылады дейді Ыбырай: Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға, Қартаймақ, қиын сауда тағыңызда. Іске аспай бақ, дәулеттің қалуы оңай, Басыңнан бағың тайған шағыңызда. Ыбырай-жаңашыл жазушы. Ол ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идея мен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарынан оқу, білім, тәрбие, мәдениет мәселелерін жыр еткен ешкім болған жоқ-ты. Ыбырайдың «Өзенінде» керемет табиғат бейнесі суреттеледі: Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айналай сәуле беріп жарқыраған . Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпты, Аралап тау мен тасты арқыраған. Ақын өлеңдерінің көпшілігі – тәлім – тәрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сонымен қатар, Ыбырай керемет прозашы. Ыбырай әңгімелері өз ішінен 3 топқа бөлінеіді: новелла, ертегі-аңыз үлгісіндегі әңгіме, шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер. Оның «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады», «Байлық», «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй», т.б. «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде баланы ұшқан құс, түрлі жәндіктердің тіршіліктерімен таныстырады, олардың әрекеттерін мысал етіп, баланы еңбекті сүюге тәрбиелейді. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де босқа жүруге тиіс емессің, жұмыс істеуге дағдылану керек деп, балаға түсінікті , әсерлі мысалдармен еңбек туралы ой салады. «Байлық» деген әңгімесінде: ерте кездегі бір дана адам өлер алдында баласына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар. Соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың»,-дейді. Әлгі бала әкесі өлгеннен соң, ертелі кеш үйінің маңын қаза беріпті. Бірақ көмілегн жерден ешнәрсе таба алмапты. Ақыры көпті көрген бір қарт адамға келіп, әкесінің өсиеті туралы айтады. Сонда қария тұрып, «Балам , сен, әкеннің өсиетің түсінбеген екенсің. Оның мәнісі былай. Әкеі саған мирасқа жер қалдырыпты. Сол жерді күшің жеткеңінше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып еңбек етсең , уақытыңда өнімін шашпай жинап алсаң, көп байлыққа душар боласың. Аш та, жаланаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте дегені осы» , - деген екен. Ыбырайдың «Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесі кәсіп мәселесі мен отырықшылық тұрмысқа айналу қажеттігін сөз қылады. Бір жерді түпкілікті мекен еткен, көшіп-қонуды қойған ел үшін киіз үйден ағаш үй әлдеқайда артық. Ал киіз үй тек жаз салтанаты үшін ғанакерек. Сөйтсе де, мал баққан шаруаға ол әлі де қажет. Сондықтан, киіз үйіңді де сақта,керек жеріне пайдалан. Өз еліңнің бойындағы жарамды салты мен керекті бұйымдарын жоймай, басқа елдердің жетістіктерімен ұштастыра қолдана біл және оған сені ерінбей еңбек еткен,кәсіп қана жеткізеді деп білдіреді. Ыбырайдың мейірімділік пен жоғары адамгершілікке баулитын әңгімелерінің бірі – «Аурудан аяған күштірек». Әңгімеде баласының анасына деген сүйіспеншілігі, мейірімділігі сөз болады. Жазушы өзгеге мысал болар бір өмір көрінісін алып, шағын әңгімемен терең ой түйеді. Жазушының кейбір әңгімелері озбырлыққа , өсек-өтірікке, көпірме бос сөзге, қулық-сұмдыққа, қанағатсыздыққа қарсы жазылған. Жазушы сараңдыққа, салақтыққа, тәкаппарлыққа, еріншектікке, арсыздыққа қарсы «Тәкаппарлық», «Сараңдық пен жинақтылық», «Өтіріктің залалы», «Сақып» тағы басқа көптеген әңгімелер жазды. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсағаны көрінген азамат Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ! Шоқан Уәлиханов – заманның жан-жақты білгір ғалымы, батыл саяхатшысы, қазақтың этнографиясын және әдебиетін тұңғыш зерттеуші. Шоқан – қазақтың демократтық сынын бастаушы, кезіндегі ілгерішіл дәстүр мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші , публицист жазушы. Қазақтың әдебиеті мен мәдениетін орыс халқына танытушы. Шоқанның көпке мәлім еңбектерінің ішіндегі мәдениетімізге қатысты еңбектері: «Абылай», «Шаман дінінің қазақ халқы арасындағы қалдығы», «Елдегі мұсылманшылдық туралы», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың ертедегі қару-жарақтары», «Жоңғария очерктері», «Қазақ шежірелері», «Жамиғ-ат-тауарихтан», «Алтиы шаһардың хал-жайы», «Сібір тарихынан хаттар», «Көкенай ханның өлімі», «Құлжа күнделітері» және басқалар. Бұл еңбектердің қазақ тарихы , ғылымы үшін маңызы зор. Ал әдебиетке байланысты: «Қырғыз-қайсақтардың үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері», «Бұқардың Абылайды жоқтауы», «Қазақ халық поэзиясының түрлері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» секілді еңбектерінен көрініс табады. Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала, очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін 3 топқа бөліп қарастыруға болады: а)Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар , олардың шығармалары туралы; б)Қырғыз бен қазақ халықьтарының ауыз әдебиеті туралы зерттеулер; в) Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық зерттеулер. Шоқанның ең маңызды сіңірген еңбегі – ауыз әдебиетін жинаушылық. Ол –халық жырларын, аңыз-әңгімелері мен ертегілерін жиып, пікір айтқан талантты фольклорист. «Өлі мен тірі», «Абылай мен оның батырлары», «Феодалдық кезеңнің кейбір батырлары туралы», «Ұлы жүз қазақтарының ертедегі аңыздары», т.б. Шоқан қазақтың суырып салма ақындарының ішінде Шөже, Жанақ ақындардың дарындылығын олардың шыққан тегін байланыстыра шебер ашады. Жанақтың «Қозы Көрпеш – Баян Сұлуды» жырлап өткен өз кезінің ірі суырыпсалма ақыны болған. «Түркі тілдерінің ішіндегі ең тамашасы қазақ өлеңдерінің нақышы деуге болады. Онда араб тіліндегідей жасанды, бояма сөздер жоқ, бұл таза тіл» , - деп ой түйеді. «Тарихи жағынан , - деді ол, - қазақтың поэтикалық рухы өте тамаша: 1)ақындардың есте сақтағыштығы ғажап болғандықтан, батырлардың жорығын сипаттайтын көне заманның жырлары тіл жағынан заман үшін біраз ескергенімен, Алтын Орда кезіндегі тарихи шындықтың айқын бейнесін көрсетеді. 2) Әр заманда өмір сүрген ақындар өз кезінің оқиғаларын халық ұғымына тамаша дастандармен сіңіреді. 3) Әдет-ғұрыптар мен салт – заңдарын өз бойына түгел сыйғызған мақал-мәтелдер мен поэмалар мұрасы болып табылады.
