- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
Генеалогия термині грек тілінен аударғанда шығу тегі деген мағынаны береді. Генеалогиялық топтастырулың басты мақсаты – дүниежүзі тілдерінің шығу тегіне , туыстығына, ортақ базалық лексиканың болуына негізделеді. Тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға , топтарға бөліп топтастырылады.
Үндіевропа тілдер семьясы. Үндіевропа тілдерінің құрамына туыстас тілдердің төмендегі топтары мен жеке тілдер енеді. Үндіевропа тілдері үлкен 10 топқа бөлінеді: индия тобы, иран тобы, славян тобы, балтық тобы, герман тобы, роман тобы, кельт тобы, грек тобы, албан тобы, армян тобы.
1)Индия тобы. Бұл топта мына тілдер енеді: бенгали тілі (Индия мен Пакистанда), маратхи тілі (Индияда), пенджаби тілі (Индия мен Пакистанда), лахнда тілі (Пакистанда), синдхи тілі(Индия мен Пакистанда), раджастхани тілі (Индияда), гуджарати тілі (Индия мен Пакистанда), сингаль тілі (Цейлонда), непали тілі (Непал мен Индияда), бихари тілі(Непал мен Индияда), т.б.Индия тобына санскрит, пали, пракрит деп аталатын өлі тілдер де енеді. 2)Иран тобы. Бұл топқа мына тілдер енеді: фарсы тілі(Иранның мемлекет тілі), пушту (пашто) тілі (Ауғанстанның мемлекет тілі), балучи (белуджи) тілі (Пакистан, Ауғанстан, Индия мен Иранда және Түркменияның кейбір аудандарында), тәжік тілі(Тәжікстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда), курд тілі (Түркияда,Иран, Ирак, Сирия, Армения, Әзірбайжан , Грузия), Памир тілдері (шугнан, рушан,бартанг, сарыколь, язгулем, ишкам, вохан тілдері) Бұл тілдерді саны жағына өте шағын этникалық топтар сөйлейді. Иран тобына қолданылудан қалған, тек жазба ескерткіштер арқылы танылатын өлі тілдер: ежелгі фарсы тілі, авести тілі, миди,скиф, алан, пехлевн, парфян , согди, хорезм, бактри тілдері жатады. 3)Славян тобы. Тілдердің славян тобы өз ішінде кіші үш топқа бөлінеді: а) шығыс славян тобына енетін тілдер:орыс тілі (Ресейде, бұрынғы КСРО-ның басқа республикаларында, Америка елдері) –Кеңес Одағының ұлтаралық тілі, халықаралық тілдердің бірі , украин тілі (Украинада, КСРО-ның басқа республикаларында, Польша, Чехословакия, Румыния, Венгрия, Югословакия, АҚШ , Канада), белорус тілі (Белоруссия және КСРО); ә) оңтүстік славян тобына енетін тілдер: болгар тілі (Болгарияда, Югославия және КСРО), македон тілі(Югославия), сербохарбат тілі( Югославияда,сербтердің жазуы орыс алфавитіне, хорваттардың жазуы латын алфавитіне негізделген); б) батыс славян тобына енетін тілдер: чех тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Чехословакияда, АҚШ-та),поляк тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Чехословакияда, Франция, Канада). 4)Балтық тобы. Литва тілі (Литвада, АҚШ), латыш тілі (Латвияда), прус тілі(өлі тіл). 5)Герман тобы. 3-ке бөлінеді: а) солтүстік герман(скандинав) тобына енетін тілдер: дат тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Данияда, АҚШ-та), швед тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген; Швеция, Финляндия, және АҚШ), ә) батыс герман тобына енетін тілдер: ағылшын тілі (жазуы латны алфавитіне негізделген; Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Оңтүстік Африка Одағы) – халықаралық тіл, голланд тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген , Голландия, Канада, АҚШ, Бразилия және КСРО); б) шығыс герман тобына енетін өлі тілдер: вестгот тілі, остгот тілі. 6)Роман тобы. Бұл топқа енетін тілдер: француз тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Франция, Алжир,АҚШ), провансаль тобы (оңт-шығ Франциядағы Прованс аз ұлттардың тілі), итальян тобы (жазуы латын алфавитіне негізделген, Испания, Франция, Швейцария, АҚШ, Арменипя, Аргентина), испан, каталан, португаль, румын, молдаван, аромун , рето-роман тілі, латын(өлі тіл) тілдері жатады. 7)Кельт тобы. Өз ішінде 3 топқа бөлінеді: а) гаэль тобына енетін тілдер: ирланд тілі (жазуы латын, Ирландия, АҚШ, Ұлыбритания, Канада), шотланд тілі ,ә) бритт тобымен енетін тілдер: бретон тілі(Францияда), уэльс тілі(Ұлыбританияда); б) галль тобына енетін галль деп аталатын өлі тіл енеді. 8) Грек тобына жаңа грек тілі (XII ғасырдан басталады, Греция, Кипр, Түркия, КСРО, АҚШ), көне грек тілі (өлі тіл) мен византи тілі (өлі тіл) енеді. 9) Албан тобына албан тілі (жазуы латын алфавитіне негізделген, Албания, Югославияда). 10)Армян тобына армян тілі (Арменияда, Сирия мен Иранда) енеді.
6.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы.Алтай тілдері семьясы. Генеалогия термині грек тілінен аударғанда шығу тегі деген мағынаны береді. Генеалогиялық топтастырулың басты мақсаты – дүниежүзі тілдерінің шығу тегіне , туыстығына, ортақ базалық лексиканың болуына негізделеді. Тілдердің генеалогиялық классификациясы салыстырмалы-тарихи тіл білімінің деректері мен жетістіктеріне сүйене отырып, дүние жүзіндегі тілдерді олардың шығу тегінің бірлігіне, материалдық туыстығына қарай әр түрлі тілдік семьяға , топтарға бөліп топтастырылады. Алтай тілдер семьясы үлкен 3топқа бөлінеді: түркі тілдер тобы, тұңғыш-маньчжур тобы, моңғол тілдер тобы. Түркі тілдері. Тюркологияда түркі тілдерінің әр түрлі классификациясы бар. Н.А.Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хун бұтағы және шығыс хун бұтағы деп бөледі де, әрбір бұтақты бірнеше топқа бөліп, былайша топтастырады: А.Түркі тілдерінің батыс хун бұтағы. Бұған енетін тілдер топтары: 1)Булгар тобына чуваш тілі (Чувашия, Башқұртстан, Татарстан, Ресей) енеді; 2)Оғуз тобына енетін тілдер: түрікмен тілі (Түрікменияда, Өзбекстанда, КСРО, Иран, Ауғанстан), гагауз тіл (Украина мен Болгарияда), балқан түркілерінің тілі, әзірбайжан тілі (Әзірбайжан, Грузия, Армения, Дағыстан, Иран), түрік тілі (Түркия, Кипр, Греция, Ирак, Сирия, Болгария); 3)Қыпшақ тобына енетін тілдер: қараим тілі (Литва мен Украинада), құмық тілі (Дағыстанда, аз бөлігі Шешен республикасы мен Ингушетияда және Солтүстік Осетияда), карачай-балқар, татар тілі (Татар, Башқұрт, Чуваш, Саратов, Астрахань), қарақалпақ тілі, башқұрт тілі, қазақ тілі (Қазақстанда, Орта Азия республикалары мен Ресейдің кейбір аудандарында, Қытай мен Моңғолияда), ноғай тілі , қарақалпақ тілі (Өзбекстанның Хорезм, Ферғана облыстарында, Түрікменстанның Ташауз облысында), 4)Қарлұқ тобына енетін тілдер: өзбек тілі(Өзбекстанда, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қарақалпақстанда; Қытай мен солтүстік Ауғанстанда), ұйғыр (жаңа ұйғыр) тілі (Қытайда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанда). Б.Түркі тілдерінің шығыс хун бұтағы. Бұған енетін тілдер: 1)Ұйғыр-оғуз тобы: тува тілі (Тувада, Моңғолияда), тофа тілі (600 шамасында адамы бар этникалық топтың тілі, Краснояр өлкесінде), якут тілі (Якутияда, Краснояр өлкесінде, Магадан, Сахалин, Амур облыстарында), шор тілі, хакас тілі (Хакас автономиялы облысында), чулым тілдері жатады. 2) Қырғыз-қыпшақ тобы; бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі(Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Моңғолия, Ауғанстанда), алтай тілі (Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында). Түркі тілдерінің жазулары орыс алфавитіне негізделген Түркі тілдеріне жазба ескерткіштерде сақталған мынадай өлі тілдер енеді: орхон, қыпшақ, шағатай, көне ұйғыр,т.б. Түркологияда түркі тілдерінің бұдан басқаша түрде жасалған классификациялары да бар. Бұл ретте: Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, Н.А.Аристов, Н.Ф.Катанов, Ф.Е.Корш, А.Н.Самойлович, В.А.Богородийкий, С.Е.Малов, т.б.ұсынған классификацияларды атауға болады. Моңғол тілдері. Бұлардың құрамына мына тілдер енеді: халха-монғол тілі(жазуы бұрын моңғол алфавитіне , ал 1945 жылдан орыс алфавитіне негізделген; Моңғол Халық Республикасында), бурят тілі (Бурят автономиялы республикасында, Иркут облысы мен Чита облысыда, Моңғолия мен Қытайда), қалмақ тілі (жазуы орыс алфавитіне негізделген, Қалмақ автономиялы республикасында, Астрахань, Ростов, Волгоград облыстары мен Ставрополь өлкесінде, Қытайда). Тунгус-маньчжур тілдері. Бұл тілдер екі топқа бөлінеді: 1)Тунгус тобы және оған енетін тілдер: эвенк тілі (Краснояр өлкесінің Эвент ұлттық округі, Бурят, Якут, республикаларында, Иркут, Чита, Томск облыстарында), эвен тілі (Камчат, Магадан облыстарында), 2) Маньчжур тобы және оған енетін тілдер: нанай тілі (Хабаровск өлкесінің Ульч ауданындағы этникалық топтың тілі), орок тілі (саны 400адам, Сахалин аралында)
7. Қазақ тілінің генеалогиялық классификациядағы жүйесі мен орнын айқындаңыз. Түркі тілдерінің тілдік құрамын анықтау Махмұд Қашқариден басталады. А.Н.Самойлович қазақ тілін территориялық жағынан Солтүстік-батысқа , этникалық негізі бойынша қыпшақ тобына жататын , фонетикалық белгісі бойынша сөз ортасы мен соңында ғ,г дыбыстарының орнына у жартылай дауыстысын, морфологиялық белгісі бойынша өткен шақ есімшені –ған, яғни ғ дыбысын түсірмей қолданатын тілдердің бірі болып табылады. Қыпшақ тобының ішінде қыпшақ-ноғай деп қаралатын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері этногенездік бірлігі олардың құрамына енген рулар арқылы дәлелденеді. Тілдік жағынан қазақ тілі оқшау тұрады да, қарақалпақ, ноғай тілдері бірыңғай болып келеді. Бұл екі топ арасындағы фузияға байланысты: қазақ тілінде фузияда л/д/т варианттары бар (бала-лар, стол-дар, ат-тар), қарақалпақ, ноғай тілдерінде жоқ, қазақ тілінде келер шақ –ады формасы арқылы жасалса, қарақалпақ, ноғай тілдерінде –аджақ(ажақ) тұлғасы арқылы беріледі. Дегенмен, қалыптасуы бойынша қазақ және қарақалпақ тілдері бірге де,этнологиялық географиясы жағынан куман қыпшақтары, яғни «Кодекс Куманикус» , «Игорь полкі туралы сөз» поэмасындағы түркі сөздерінің иесі – половец қыпшақтарымен жақындығы барын ұмытуға болмайды. С.Е.Малов қазақ тілін былайша топтастырды: 1) сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ,г дауыссыздарының дауыстыға жартылай дауыстыға, созылыңқы дауыстыларға ауысуы не ауыспай қалуы; 2)түпкі созылыңқылардың болуы, болмауы; 3)жаңа тілдерде ұяң дауыссыздардың сан жағынан көп болуы, көне тілдерде қатаң дауыссыздардың көп болуы; 4)екі буынды түбірлер құрамында рт, лт, нт тәрізді көне дыбыс тіркестерінің сақталуы. Осы белгілер бойынша С.Е.Малов түркі тілдерін ең көне, ескі, жаңа, ең жаңа топтарға жіктейді. Өйткені «жаңалықтың» белгілері: сөз соңындағы, сөз ортасындағы ғ,г дауыссыздарының жартылай дауыстыға айналуы, түпкі созылыңқылардың болмауы тәрізді белгілер қазақ тіліне тән. Алайда, бұл келтірілген классификацияларда негізгі мәселе ескерілмеген. Ол – халықтардың тарихы, тілдердің қалыптасу, даму тарихы. Н.А.Баскаков классификациясы қазақ тілінің барлық заңдылықтарын жинақтай келе, олардың даму қалыптасу заңдылықтары бойынша былай дейді: «Қазақ тілі түркі тілдерінің Батыс Хун тармағының қыпшақ тілдік тайпалық бірлестігінің құрамында қалыптаса бастаған. Қыпшақ бірлестігінің негізінде қалыптасқан қазақ тілі XIV-XV ғасырларда сонау Алтын Орда, Ноғай ордасында, Ақ Орда , Өзбек хандығында, қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі мен солтүстік-щығысында болған Моғолстанда, Ақсақ Темір құрған мемлекеттен де бастау алса керек».
