- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
Қазақтар 30%, орыстар 42,7%, украиндар 8,2%, немістер 7,1%, татарлар 2,1%, өзбектер 1,5%, белорустар 1,1%, корейлер 0,8%, ұйғырлар 0,6%
1959 жылы Бірінші соғыстан кейнгі халық санағы өткізіледі. Осы санақтың материалдары негізінде сталинизм идеологиясының ұзақ уақыт ықпал етуіне әсер етті. Соғыста негізінен ер адамдар өліп, өсім беретін әйелдер мен балалар аман қалса, ашаршылықта, керісінше, жеткіншек жасөспірімдер көп қырылған. Соғыстан кейін бүлінген, титықтаған қала мен ауылды, халық шаруашылығын қалпына келтіру, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін арттыру шараларын жүргізу кезеңіндегі этнодемографиялық процестерді қамтиды. Бұл кезеңде Қазақстан халқының экономикалық, әлеуметтік, этно-демографиялық дамуында социолистік, тоталитарлық қатынастар кең етек жайды. 1959 жылы Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне осы жылдарда өнеркәсіп орындарын салу, тың жерлерді игеру себеп болды. Қазақтардың үлесінің өзі 1939 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендетіп, 29,8% - ға түсірді. Сол арқылы, ХХ ғасыр бойы жүргізілген қазақ халқы үлесінің кему үрдісі шегіне жеткізілді. Қазақтар саны кемігенімен, жалпы республика тұрғындарының саны тың жерлерді игеруге келгендердің, сондай-ақ 1955-1956 жылдары Қытайдан келген «кеңес азаматтарының» есебінен 310 мыңға өскен. 1939-1959 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон белсенділігін туғызған әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуындағы факторлар: тұтастай халықтарды күштеп жер аударулар, репрессиялар, Ұлы Отан соғысы кезіндегі мобилизация, эвакуация, соғыстан кейінгі демобилизация, шаруашылықты қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру мен елдің индустриалдық дамуын жеделдету және т.б. шаралары Қазақстан аумағын түгел қамтыды және халық құрамын терең өзгерістерге ұшыратты.
7. Өнімдік баға, сұраныс бағасы, нарықтық баға, әлемдік баға, тұтынушы бағасы, сырғымалы инфляция, тұқыртылған инфляция, жылжымалы инфляция, әлемдік инфляция, жергілікті инфляция, баяу
инфляция сияқты экономикалық терминдердің тілдік қолданыста тұрақты сипатқа ие болу деңгейі бірдей емес екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
Қазақстан Республикасы дамыған елу мемлекеттердің қатарына қосылуы үшін шет елдерімен қаржы, экономика саласындағы қарым-қатынасын қарқынды дамытуда. Соған байланысты шет елдік банкілер мен мемлекетіміздің ішіндегі ақша айналымымен, яғни, банкілерімен жұмыс істей келе, олардың тек банкілік жүйесін ғана емес, сонымен қатар қаржы терминологиясын да түсініп, одан дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Ұлт тілінде экономикалық терминологиялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына ерекше көңіл бөліне басталды. Мемлекеттердің жаңа экономикалық, қаржы саласындағы тығыз қарым-қатынастары нәтижесінде пайда болған терминдер мен неологизмдерді аударудың ерекшеліктерін қарастырып, экономикалық лексиканы бір жүйеге келтіру қарастырылы, біраз терминдеріміз қазақшаланды. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдағы экономикалық терминдер тілдік қолданыста тұрақты сипатқа ие бола қоймады. Оның себебінің бірі – экономикамыз әлі де орыс тілінің ықпалынан шыға алмауы және еліміздің экономика саласының азаматтарының орыс тілділігі. Көп қолданылмайтын бұл терминдердің жалпы халықтық қолданысқа ие бола алмауы.
8. «Palmolive» иіс сабынының жарнамасында «сіз енді өзіңмен-өзің болудан қорықпайсың» дейді. Орыс тілінен аударылған жарнамадағы қателікті түсіндіріңіз
Жарнамада ең біріншіден грамматика заңдылықтары мен нормалары игерілуі керек. Орыс тілінен аударылған бұл жарнамада дәл осы грамматикалық норманың бұзылуы көрініп тұр. «Сіз қорықпайсың» деген тіркес ережеге бағынбайды. Сен қорықпайсың немесе Сіз қорықпайсыз болуы керек. Бұл жарнаманың өзі толықтай дұрыс аударылмаған. Бұлай аударылған нұсқасынан гөрі «Сіз енді өзіңізбен-өзіңіз болудан қорықпайсыз» немесе «Сен өзіңмен-өзің болудан қорықпайсың» грамматикалық нормаға бағынған нұсқасы дұрыс болар еді.
9. «Крыша» газетінен алынған бұл жарнаманың қазақша нұсқасын құрастырып, мемлекеттік тілде жарнама тіліне тән стандарттық үлгіні қалыптастыру қажеттілігі туралы өз пікіріңізді білдіріңіз. г.Алматы, Бостандыкский р-н, мкр Орбита-4, Аль-Фараби-Мустафина кирпичный дом, 1982 г.п., этаж 5 из 5, площадь 30(18) 6 м2, среднее состояние, санузел совмещенный, телефон отдельный, интернет ADSL
Аудармасы: «Алматы қ., Бостандық ауд., Орбита-4 ықшам ауданы, Әл-Фараби-Мұстафин көшелерінің қиылысындағы кірпіш үй, 1982 ж. салынған, 5 қабатты үйдің 5 қабаты, ауданы 30(18) 6 м2 , жағдайы орташа, кәріз жүйелері іште орналасқан, телефон жеке, ADSL ғаламтор жүйесіне қосылған».
Жарнама дегеніміз – белгілі бір зат пен құбылысты, іс-әрекет пен қызметті елге таныту, насихаттау, оларға деген сұранысты күшейту мақсатымен жарияланған хабарлама жиынтығы. Жарнама (жар+нама; «жар» - жария етті, мәлімдеді, хабар таратты, жарияланды; «нама» - араб, парсы «жазылған хат, шығарылған бәйіт, дастан» - қазақ мәдениетінде кең қолданылған ұғым, дефинициясы айқын термин.
Жарнама – тілдік құралдар арқылы да, вербалды емес құралдар арқылы да ұлттық мәдениеттің белгілерін көрсетуі қажет. Ал ұлттық мәдентиеттің танылуы тілдің ұлттық белгілері: сөз қолдану, граматикалық заңдылығы, нормалары игерілгенде көрінеді. Жарнама мәтіні ұлт тілімен, ұлттық мәдениетпен байланысты қалыптасатын жағдайда ғана, өзінің негізгі мақсатын атқара алады. Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Сол тілдің ыңғайына жығылу, сол тілде қалай жазылса, үтір нүктесіне дейін қалдырмай, қазақ тілінде де солай жазу басым. Оған лайық балама немесе қазақ тілінің тілдік нормаларын сақтау ұмыт қалғандай. Сөзбе-сөздіктің қазақ тілінің граматикалық құрылысына, қиыстыру жүйесіне қиянат жасаған жерлері баршыдық. Қиыны, міне осында. Небір жарнама аудармаларын оқып отырғанда, қарап отырғанда, не оқып, не түсінгенініді білмей қайран қаласың. Бірен-сраны болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.
Тауарлар мен өнімдердің, қызмет түрлерінің жарнамаланып отыруын реттейтін жарнама агенттіктері қажет және олармен мемлекеттік тілді жетік меңгерген, қазақ халқының этномәдениетінен толық хабардар, сондай-ақ басқа тілдерді де жақсы білетін тілші мамандармен, аудармашылармен жасақталуы тиіс.
Жарнама түрлерімен айналысатын агенттіктер мен кәсіпорындарға тіл нормаларын сақтауды талап ету, оларға жауапкешілікң жіктеу, заңды бұзғандарға айыппұл салғызу керек.
