- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
Практикалық сұрақтарға жауаптар
1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
Біздің таулар!..
Сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар,
Желкен бұлттар – желкілдеген сақалдар,
Өркеш-өркеш маң-маң басқан атандар,
Біздің таулар – аяқталмас сапарлар.
Көшін тартып, көше-көше сабылып,
Көш бастаушы бағытынан жаңылып,
Біздің таулар – тоқтап қалған керуен,
Сахараның сағымына аңырып
Сөз мағынасының ауысуы, келтірінді мағынаға ие болу әртүрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Соның бірі – метафоралық тәсіл. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора тәсілі бойынша атаудың ауысуы белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Берілген өлең мәтініндегі Біздің таулар! Сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар деген жолдарындағы сеңсең бөрік, сәлде шалған атамдар деген сөздер бас киім атауын көрсетіп тұрған жоқ, таулардың көрінісінің бас киімге ұқсастығы, ұзақ жылдар бойы орнынан мызғымай тұратын белгісіне қарап, сәлде шалған атамдар деп ата, яғни қарт кісі мағынасында жұмсалып тұр. Желкен бұлттар – желкілдеген сақалдар деген жолдарда сақалдың бұлттар сияқты аппақ болып желкілдеп тұратын белгісіне қарай туынды мағынаға ие болып тұр. Өркеш-өркеш маң-маң басқан атандар таулардың түйе өркешінің формасына ұқсас болып келуі белгісіне қарай келтірінді мағынаға ие болып тұрса, таулар – аяқталмас сапарлар деген таулардың ұшы-қиыры жоқ жол болып бір-біріне жалғасып жатқандығын көрсетеді. Таулар – тоқтап қалған керуен метафоралық қолданысы таулардың орнынан қозғалмай, тас болып қатып тұратын белгісне қарай қолданылған.
Осыдан келіп, біз метафоралық тәсілдің көркем сөз стилінде бейнелеуші, мәнерлеуші тәсіл ретінде айрықша қызмет атқаратынын көреміз.
2. Көзінің еті өсу – дандайсу – мастану – асқақтау; екі аяғын бір етікке тығу – тықсыру – қуыру; қолды-аяққа тұрмау –тыпыршу – шыдамсыздану – фразалық тіркестерінің мағынасына талдау жасаңыз қай сөз табына жатқызуға болады?
Көзінің еті өсу – дандайсу – мастану – асқақтау көкірегін керу, менсінбеу; екі аяғын бір етікке тығу – тықсыру – қуыру қысымға алу, жанын шығару; қолды-аяққа тұрмау –тыпыршу – шыдамсыздану ұшқалақтау, сабырсыздану, мазасыздану деген мағыналарды білдіріп тұр. Берілген сөздер өзара синонимдік қатар құрап, бір-бірінің мағынасын ашып тұр. Тұрақты тіркестердің белгілі бір сөз табына қатыстылығын әрбір тіркестегі сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдерді сөз табына қатыстылығы жағынан негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады: 1. Етістік мағыналы; 2. Сындық мағыналы; 3. Заттық мағыналы; 4. Үстеу мағыналы фразеологизмдер. Көзінің еті өсу, екі аяғын бір етікке тығу, қолды-аяққа тұрмау фразеологизмдері зат есімге жақын келгенімен дандайсу, тықсыру, сабырсыздану (не істеу?) деген мағынаны білдіріп, етістікке қатысы болып тұр. Сондықтан да бұл фразалық тіркестердің барлығы да етістік мағыналы фразеологизмдерге жатады.
3. Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған жыраулар поэзиясына тән сөз қолданыс үлгісіне талдау жасаңыз
Берілген жолдардағы тайдай, қойдай сөздерінің қолданыс үлгісі – теңеу.
Жыраулар поэзиясы – сан ғасыр соқпағында сынбаған қазақ тарихының айнасы, Сыпыра жыраудан басталып, 18 ғасырдың көмейінен жыр өрген айтулы жырауларына дейін жалғасатын ұлы көш мұрасы. Жыраулар – кейде астарлы, кейде тура мағынасында мәнерлі сөз, терең ойлы толымды толғаныс туындыларын тізбектей білген жүйелі де жүйрік логиканың шеберлері. Әдебиетіміздің дамуы жыраулар поэзиясының түрлі тілдік ерекшеліктерін, олардың қолданылу деңгейін зерттеуге мүмкіндіктер туғызды. Жыраулар поэзиясында қолданылатын тілдік ерекшеліктерге метафора, метанимия, эпитет, аллитерация, т.б.-лар жатады. Солардың бірі – теңеу. теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңы қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Теңеу
-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы жасалады. Сезім мүшелерімен қарым-қатынасына қарай қазақ теңеулері бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Бұл топтар теңеулердің нақты мағынасынан, олардың сыртқы дүниемен қарым-қатынасынан келіп туады. Міне осы тұрғыдан келіп, біз қазақ теңеулерін төмендегідей топтарға жіктеп қарастырдық: 1) Көру теңеулері, 2) Есту теңеулері, 3) Дәм сезімі теңеулері, 4) Тері сезімі теңеулері, 5) Иіс сезімі теңеулері, 6) Сезім-күй теңеулері. Тайдай теңеуін тулаған сөзімен тіркесіп тұруына баланысты көру теңеуіне , ал қойдай теңеуін шулаған сөзімен тіркесіп тұруына байланысты есту теңеуіне жатқызамыз.
4. Жабағалы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер мәтініндегі сөздердің тіркесімділік сипатына талдау жасаңыз
Tіpкeciм, валенттілік - тілдік бірліктің (фонема, морфема, лексема) ең кіші фон - текст құрайтын конструктивтік қасиеті. Тілдік ең кіші фон - текст кем дегенде екі элементтен тұрады және тілдің әр қабатында әр түрлі болады: фонологламма қабат үшін - морфема (фонемалардың қосылысы), морфология қабат үшін - лексема (морфемалардың қосылысы), синтаксистік қабат үшін - синтаксема (лексемалардың қосылысы).
Бұл берілген үзіндідегі сөздер тіркесімділігі сын есім мен зат есім, зат есім мен етістік, сан есім мен зат есім тіркестері.
5. Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ақала ордам қонған жұрт,
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарағайдай Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт мәтініндегі тірек сөздер мен қайталауларға талдау жасаңыз
Эпифора - өлең тармақтарының соңында бір сөздің тіркесінің бірнеше қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Мұнда «жұрт» сөзінің қайталануы.
