- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
Жеке тіл білімі – бір немесе туыстас тілдердің құрылымдық-жүйелік сипатын, даму заңдылықтарын зерттейді. Тіл білімінің міндеті – тілдік фактілер мен тілге тән құбылыстарды зерттегенде, олардың синхрондық және диахрондық жақтарына көңіл бөлу.
Жалпы тіл білімі – тіл білімінің теориялық-методологиялық негізі. Лингвистика теориясы ретінде жалпы тіл білімі тіл туралы ғылымның ең өзекті деген мәселелеріне назар аударады:
- тілдің мәні, табиғаты, тілдің қоғамда атқаратын қызметі;
- тілдердің туыстық мәселесі, салыстырмалы-тарихи әдіс, салыстырмалы-тарихи тіл білімі, дүние жүзі тілдерінің генеологиялық классификациясы;
- тілдердің құрылымдық-жүйелік, таңбалық сипаты, структуралды тіл білімі;
- жазу мәселесі, жазудың шығу тарихы, графика, әліпби;
- тіл мен сана, тіл мен ойлау, тіл мен болмыс, яғни тіл философиясы мәселесі;
- тіл мен мәдениет, тіл және этнос, тіл және социум мәселесі, антропоөзектік әдіс, антрополингвистиканың қалыптасуы.
Жалпы ғылым атаулы үлкен ірі екі топқа бөлінеді: қоғамдық және жаратылыстану. Тіл ғылымы қоғамдық ғылымдар қатарынан саналады. Тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді, өйткені ол қоғамға қызмет етеді.
Тіл қоғамдық ғылым саласы ретінде өз мәселелерін психология, физиология, логика, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдармен байланыса отырып шешеді. Мәселен, психология адамның сөйлеу процесін, қабылдау, түсіну заңдылықтарын, сөз мағыналарын ауыстырып қолдану, сөйлеу мақсатына қарай сөйлем түрлерінің мәнін қарастыруда тіл психологияның көмегіне жүгінеді. Осылайша, тіл білімінде психолингвистика қалыптасты.
4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
Адам баласы тілінің пайда болуы туралы мәселе ерте заманнан бері қарастырылып келеді. Солардың бірі дыбысқа еліктеу теориясы (аномапоэтикалық теория). Бұл теория XVIII-XIXғасырларда кең өріс алды. Дыбысқа еліктеу теориясын латын жазушысы Г. Лейбниц(1646-1716) жақтады. Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардың , мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын, құстың сайрауын ,т.б естіп соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстар шығарады. Бұл теория бойынша, табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауларына айналған. Түрлі тілдерде қарқ-қарқ, тарс-тарс, саңқ-саңқ, қор-қор, сықыр-сықыр, мияу-мияу, гу-гу, тәрізді сөздерден және олардан жасалған қорқылдау, тарсылдау, саңқылдау, қорылдау, сықырлау, мияулау, гуілдеу тәрізді сөздер бар екені рас. Бірақ, бұл теория қате. Өйткені, табиғаттағы басқа дыбыс шығармайтын заттар өте көп және олар атаусыз қала алмайды.
XVIII-XX ғасырларда кең таралған теориялардың бірі – тілдің шығуының эмоционалды теориясы. Бұл теорияны Ж.Ж.Руссо(1712-1778) жақтап, тілдердің шығуы туралы трактатында «құштарлық дауыстың алғашқы дыбыстарын шығарды», «алғашқы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды» деп жазды. Бұл да қате пікір. Ж.Ж.Руссоның «эмоционалды теориясы» XX ғасырларды одағай теориясына келіп алмасты. Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар – одағайлармен білдірген. Эмоцияны білдіретін еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған деседі. Одағай теориясын жақтаушылардың бірі - орыс лингвисі Д.Н.Кудрявский (1887-1920) одағайлар адамның «ең алғашқы сөздері» болды; одағайларда дыбыс, леп, мағына алғашында бір-біріне кірігіп, кейін де одағайлардың сөзге айналу барысында дыбыс пен мағына бір-бірінен ажырасты деп тұжырымдайды. Бұл терияның қате екендігі мынада: одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді де, оның негізгі қызметі – коммуникативтік қызметін ескермейді. Тілдің қоғамдық қызметіне мән бермейді. Тілдегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды. Өйткені тіл эмоцияны ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, ең бастысы - қатынас құралы, пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқарады.
Тілдің шығуы туралы теорияларың бірі – қоғамдық шарттасу теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы сөздерді өздері өзара келісіп таңдап алған да, осыдан келіп тіл жасалған. Бұл теория ешбір дәлелсіз. Бұл теорияны жақтаушылар тілдің шығуында адамдардың саналы қызметі айрықша қызмет атқарады деп ойлап саналықтың өзі тілмен бірге туып, тілмен бірге дамитындығын ескермейді.
XIX ғасырда тұрпайы материалистер тілдің шығуы туралы еңбек айқайы деп аталатын теорияны(теория трудовых выкриков) ұсынды. Бұл теорияны филофоф Людвиг Нуаре жасады, оны Кард Бюхер жақтады. Бұл теория бойынша тіл алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болған. Тілдің шығуы туралы «еңбек» теориясының авторлары адамдардың еңбек актілерімен қатар шығарған айқайынан, ең алдымен, етістік сөздер жасалған деп пайымдайды. Бұл теорияның қателігі авторлар тіл-қатынас құралы екенін ескермейді, тілді тек көмекші құрал ретінде қарастырады.
