- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
Жай сөйлемнің түрлері Жай сөйлем құрамы мен кұрылысына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Сөйлемде түрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінеді. Тұрлаусыз мүшелері жоқ, тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалан, сөйлем дейді де, тұрлаулы мүшелермен қатар тұрлаусыз мүшелер де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді. Мысалы: Олжабек сасыңқырап қалды. Олжабек үндемеді. Бұлар баяғы жалқау жігіттің иегінің астында келеді (Мұст.) деген үш сөйлемнің алдыңғы екеуі тек бастауыш пен баяндауыштан құралған: Кім сасыңқырап қалды?— Олжабек — бастауыш, Олжабек не істеді? (қайтті?) сасыңқырап қалды — күрделі баяндауыш; кім үндемеді?— Олжабек — бастауыш. Олжабек не істеді?— үндемеді — баяндауыш. Бұлар — жалаң сөйлемдер. Үшінші сөйлем бастауыш пен баяндауыштан басқа тұрлаусыз мүшелерден де құралган: Кім келеді?— бұлар — бастауыш, бұлар не істеді?— келеді — баяндауыш; қайда келеді?— иегінің астында — мекен пысықтауыш, кімнің иегінің астында?— жігіттің — анықтауыш, қандай жігіттің?— жалқау — анықтауыш, қай жігіттің? баяғы — анықтауыш. Сөйтіп, бұл сөйлемде бастауыш (бұлар) пен баяндауыштан (келеді) басқа пысықтауыш (иегінің астында), анықтауыштар (жігіттің, жалқау, баяғы) да бар, сондықтан ол жайылма сөйлем болып табылады. Сөйлемде бастауыштың болу, болмауына қарай жақты және жақсыз сөйлем болып бөлінеді. Бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, бастауышын баяндауышы арқылы табуға болатын жай сөйлем түрін жақты сөйлем дейді де, бастауышы мүлде жоқ және баяндауышы арқылы бастауышын табуға болмайтын, баяндауыштың езі ғана сол сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлем түрін жақсыз сөйлем дейді. Мысалы: Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл — ерте әзірлеген жауабы еді. (М. Әуезов). Кім айыпты екеніне әлі көзім жете қойған жоқ. (Ғ. Мүсірепов). Бірінші сөйлемнің баяндауышы — сөйлеп қапты (не істеді?), бастауышы жок, бірақ оны табуға болады: кім сөйлеп қапты?— ол, яғни бала, ол екінші сөйлемнен көрініп тұр. Екінші сөйлемнің баяндауышы — жауабы еді (бұл — не?), бастауышы — бұл (не жауабы еді?). Сондықтан бұлар — бастауышы бар я жоқ болса да, баяндауышы арқылы табуға болатын жақты сөйлемдер. Ал үшінші сөйлемнің баяндауышы (қайтті?)— көзім жете қойған жоқ, бұл — фразалық (идиомдық) тіркес, сондықтан сөйлемде бір ғана мүше қызметін атқарады: көзім деген сөзді бір бөлек, жете қойған жоқ дегенді бір бөлек талдауға болмайды. Бұл сөйлемнің бастауышы жоқ, оны табуға да болмайды. Сондықтан бұл — жақсыз сөйлем. Жақсыз сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғада келеді. 1) -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты қалау рай етістікке бол көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтқысы келді, барғым келмейді т. б. 2) түйық етістікке керек, жөн, мүмкін, тиіс сияқты сөздер тіркесіп келеді: баруы керек, сөйлеуім мүмкін, айтуы тиіс т. б. 3) -ып, -іп, -п жұрнақты көсемшеге бол (көбіне болма тәрізді болымсыз түрінде) көмекші етістігі тіркесіп келеді: айтып болмайды, ұғып болмайды т. б. 4) Баяндауыш кұрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар, бірақ сөйлем мүшелеріне жіктеуге келмейтін тұрақты тіркестерден болады: шек-сілесі қатты, шарасы қалмады, тас-талқаны шықты, мойнына су құйылды т. б. Сөйлемде ойға катысты айтылуға тиісті мүшелері түгел жай сөйлемнің түрін толымды сөйлем дейді де, айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнін түрін толымсыз сөйлем дейді. Мысалы, Кәлен бір ытқып сыртқа шықты. Купі сыртынан қайыс белбеуін буып алды (Ә. Нұрпейісов). Көзінен жасы ыршып кетті. (С. Сейфуллин) деген үш сөйлемнің алдыңғысы — толымды сөйлем, өйткені оны сөйлем етіп тұрған баяндауышы (не істеді?— шықты) да, бастауышы (кім шықты?— Кәлен) да бар және сөйлем білдіретін ойға қатысты пысықтауыш (қайда шықты?— сыртқа және қалай шықты — бір ытқып) та жұмсалған. Сондықтан бұл — толымды сөйлем. Екінші сөйлемде баяндауыштың (не істеді?— буып алды)иесі бастауыш жоқ, сөйлемде түсіп қалган, бірақ оны табуга болады: кім буып алды?— ол (Кәлен). Үшінші сөйлемде көзінен сөзінің анықтауышы (кімнің көзінен?) түсіп калған. Сондықтан екінші, үшінші, сөйлемдер толымсыз сөйлемдер деп танылады. Ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың, құбылыстың, мезгілдің мерекенің, мекеннің аты аталып көрсетілгендей жай сөйлемнің ерекше түрін атаулы сөйлем дейді. Атаулы сөйлем жеке дара қолданылатындықтан; шартты түрде сөйлем деп танылады. Оның мәні тек өзінен кейін қолданылған сөйлемдер арқылы түсініледі. Атаулы сөйлем өз ішінде сөйлем мүшелеріне жіктелмейді. Мысалы: Кеш. Ымырт жабылған кез… Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сұлы Көл-шүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар — айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты (С. Сейфуллин) дегенде, алғашқы 4 сөйлем мезгілді (1—2— сөйлемдер: кеш және ымырт жабылған кез) және мекенді (3—4— сөйлемдер: Көкшетау маңы және Айнадай Көлшүмектің қасы) атап қана тұр. Сөйтіп, келесі сөйлемге мезгілдік, мекендік жағынан кіріспе ретінде жұмсалып тұр. Осы мысалдан көрінетіндей атаулы сөйлем бір сөзден де, бірнеше сөзден де кұрала береді.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем. Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері: 1) кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; 2) жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; 3) негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді. 4) Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.
