- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
Біріншіден, "тілді дамыту шаралары" дегенде нені меңзеп тұрғанын нақты түсіне алмай отырмын. Егер сайт арқылы қазақ тілін үйрету курстары, мәнерлі жазу т.с.с. жобаларын меңзесе, онда мұндай жобалар коммерцияланбаса нәтижесі аздау болады деп санаймын. Интернеттегі қазақ тіліндегі жобалар қазір не үкіметтің, не белгілі бір саяси топтың және энтузиастардың жігерімен жұмыс істеп тұр. Алдыңғы екі топтың мақсаты ақша мен саяси процестерге байланысты. Үшінші топқа гранттар есебінен немесе инвестиция құю арқылы интернет нарықты жандандыруға көмектессе, қазақ тіліндегі жобалардың қай-қайсысы болса да тілдің дамуына (жаңа терминдердің қалыптасуы, қазақша онлайн сауданың артуы, қазақша жарнама нарқы, қазақша хат-хабар алмасу т.с.с.) түрткі болады. Екіншіден, Интернетке қазақша бір әріп түскеннің өзі техникалық тұрғыдан алғанда ғаламторда қазақ тілінің дамуына әсер етпек. Қазақша интернет өнімнің барлығы да қазақ тілін түсінетін қауымға бағытталып жұмыс істейтіндіктен олар тілдің дамуына әсер етеді. Үшіншіден, вебсайтты алсақ та немесе қазіргі кез-келген диджитал құрылғыны (iPod, Tablet, Notebook, iPhone) алып қарасақ та мұның бәрі құрал. Тіл де қарым-қатынас құралы екенін белгілі. Осы екі құралдың басын қосып, ұлт игілігіне жұмыс істекізсек ұтатынымыз сөзсіз. Бұл үшін айғай мен жалған ұран емес, білім және білімге ақша құятын намыс керек болып тұр. Академик Н.Сауранбаев сабақтас құрмалас жөніндегі баяндауларын сабақтас құрамындағы жай сөйлемдердің арасында болатын қарым-қатынас жолдарынан ашудан бастайды. Одан әрі бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдермен байланысу жолдарын көрсетеді де, өз еңбегін сабақтастардың жіктелуі, яғни, олардың түрлері туралы мәселелерді талдаудан аяқтайды. Ғалым өз еңбектерінде сабақтас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компонентін басыңқының бір мүшесі ретінде қарастырады. Бірақ бұл екеуі – семантикасы жағынан да, құрылыстары жағынан да екі түрлі категория. Мағынасы жағынан тұрлаусыз мүшелер жеке бір ғана ұғымды білдірсе, бағыныңқы сөйлем тиянақсыз болғанымен бүтін ойды білдіреді. Ал құрылысы жағынан бағыныңқы сөйлемдер предикативтік қатынасқа ие, ал тұрлаусыз мүшелерде ондай сөйлемдік қасиет жоқ
38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
Сөз тіркесі Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады. Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған — бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт — басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер — жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер — күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады. Осыған сәйкес сөз тіркесі есімді сөз тіркестері және етістік сөз тіркестері болып екіге бөлінеді. есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Қабыса байланысқан есім сөз тіркестерінің құрамы былай болады. 1. Зат есімді тіркестер: алтын қасық, темір балға. 2. Сын есім мен зат есім тіркесі: ақ құба жігіт, боз інген, сұлу қыз. 3. Сан есім мен зат есім тіркесі: бес ешкі, алты комбинат. 4. Есімше мен зат есім тіркесі: жаңарған дала, дамыған ел. 5. Есімдіктер мен зат есім тіркесі: сол сәт, бұл фабрика. Матаса байланысқан есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары ілік септігіндегі зат есім немесе заттанған сөздер, басыңқы сыңары тәуелдік жалғауындағы зат есім немесе заттанған сөздер болады. Алматы — Отанымыздың жүрегі. Осы сөйлемдегі Отанымыз-дың ілік септігіндегі зат есім жүрегі деген тәуелдік жалғаулы зат есіммен матаса байланысып тұр. Ал жақсының ісі, аттың жүйрігі, білгеннің сөзі, баланың жақсысы т. б. дегенде бірде ілік септіктегі сөз, тәуелдік жалғаулы сөз заттанып тұр. Кейбір сын есімдер септік жалғаулары арқылы зат есімді меңгеріп тұрады. Малға бай, сөзге жүйрік. Етістікті тіркестердің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле байланысады. Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркесі жанаса байланысады: биыл бітіреді, кеше келді т. б. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері төмендегідей түрге бөлінеді: 1. Үстеу мен етістік тіркестері: төмен түсті, тез жүгірді. 2. Еліктеуіш сөзді етістік тіркестері: жылт-жылт көрінді, сырт-сырт соғады. 3. Көсемшелік етістік тіркестері: сөйлей кірді, жүре сөйледі. 4. Сын есімді етістік тіркестері: жақсы сөйледі, әдемі жазды. 5. Сан есімді етістік тіркестері: екі келіп, екі кетті. 6. Сан есім мен зат есімнен тіркескен тізбектер орын тәртібі арқылы етістікпен қабыса байланысады: екі рет айтты, бес метр өлшеді. Меңгере байланысқан етістікті тіркестердің басыңқы сыңары салт және сабақты етістіктер болады да, бағыныңқы сыңары шылау тіркескен сөздерден немесе барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерден құралады: шығысқа қарай ауысты, темірден жасалды, хатыңды оқыды. Сөз тіркесі кем дегенде екі толық мағыналы сөзден құралатындықтан және олар бір-бірімен сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысатындықтан, онда сөз байланысының матасу, меңгеру, қабысу түрлері болады да, қиысу болмайды. Өйткені қиысу — бастауыш пен баяндауыштың арасындағы байланыс түрі, сөз тіркесі емес, сөйлем құрайды, негізгі ойды білдіреді. Сөз тіркесі сөйлем ішіңде болады да, ойды білдіре алмайды.
Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Предикативтілік сөйлемнің барлығына тән, ал модальдылық әр сөйлемде түрліше көрініс табады, айтушының қатынасын білдіреді. Модальдылық лексикалық және грамматикалық тәсілдер арқылы жүзеге асады, объективті және субъективті болып бөлінеді. Ал интонация сөйлем мүшелеріне қатысты көрініс тауып, ішкі элементтерге сай құбылып отырады. Сөйлемнің мағыналық, құрылымдық ерекшелігін білдіреді. Интонацияның құбылуына сөздердің орын тәртібі, демеуліктер, модаль сөздер, одағайлар, қыстырмалар, қаратпалар, т.б. себеп болады. Жақ категориясы да сөйллемнің негізгі арқауы саналады. Сөйлемнің құрамы, құрылысы, мағынасы әр түрлі келеді.
Синтаксистің нысаны ретінде сөйлем мен сөз тіркесі өзіндік белгілерімен ерекшеленсе де, кей жағдайда бастауыш пен баяндауыштың сандық, жақтық жағынан қиыса байланысуы оларға тән ортақ белгілерді танытады.
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; құрылысына қарай жай және құрмалас;
Баяндаудың шындыққа қатысы жағынан болымды және болымсыз;
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің қатысына қарай жалаң және жайылма;
Баяндауыштарының қай сөз табына қатысты келуіне орай есімді және етістікті;
Бастауыштарының қатысына қарай жақты және жақсыз;
Субъект мәнінің ерекшелігі жағынан белгісіз жақты, жалпылама жақты;
Сондай-ақ сөйлем мүшелеріне жіктелмейтіндігі тұрғысынан атаулы болып бөлінеді. Бұл сияқты сөйлемдердің түрлері көп тілге ортақ болғанымен, олардың өздеріне тән синтаксистік ерекшеліктері бар.
