- •1.Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің нысаны, мақсаты мен міндеті
- •2.Тілдің қоғамдық қызметі және оның даму заңдылықтарын аңықтаныз.
- •3.Жалпы тіл мен жеке тілге тән белгілерді сипаттаңыз.
- •4. Тілтанымда тілдің шығуына байланысты қалыптасқан теориялар туралы түсініктеме беріңіз.
- •5.Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы. Үнді-еуропа тілдері семьясы.
- •8. Қазіргі қазақ тіліне кіріспе пәнінің тарихи арнасы мен дереккөздері.
- •9. Тілдердің типологиялық классификациясы.
- •11. Түбір тілдер мен полисинтетикалық тілдер туралы мәлімет беріңіз.
- •12. Көне және Орта түркі ескерткіштері туралы ақпарат беріңіз.
- •13. М.Қашқаридың «Диуани лұғат ит-түрк» сөздігі.
- •14. Қазақ тілі тарихындағы ауызша және жазба тілдің даму тарихы.
- •15. Ұлттық жазба әдеби тілдің қайнар бұлағы. Абай, Ыбырай, Шоқан дәстүрі.
- •16. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсыновтың әліпби, емле, сөз жүйесі қағидаттары
- •17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі
- •18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары
- •19. Түркі тілдерінің классификациясы
- •20. Фонология, Интонология, Сегментология туралы түсініктеме
- •1. Тіл білімі және салалары
- •29. Құдайберген Жұбановтың қазақ фонетикасы мен халықаралық терминдер туралы көзқарасы
- •31.Қ.Жұбановтың қошқар,айғыр сөздеріне жасаған этимологиялық талдау жасаңыз.
- •32.Қ.Жұбановтың теңдес қосар,сөздес қосар,матаулы қосар,тіркеулі қосар,қосақты қосар түрлеріне мысал
- •33.Қазақ терминологиясын қалыптастырудағы а.Байтұрсыновтың есім,етіс,көмекші сөз,зат есім,сын есім,сан есім,бастауыш,баяндуыш рефермосына талдау жасаңыз.
- •35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
- •37.Мемлекеттік тілдің электрондық құралдар мен ғаламтор жүйесіндегі қолдану қызметіне түсініктеме беріңіз.
- •38.Сөз тіркесі мен сөйлем түрлері
- •39.Құрмалас сөйлемдердің семантикалық қатынасы туралы мәлімет беріңіз.
- •40.Жай және құрмалас сөйлем түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Практикалық сұрақтарға жауаптар
- •1. Өлең мәтініндегі метафоралық сөз қолданыстардың мағыналық қолданысын түсіндіріңіз
- •6. 1959 Жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының этникалық құрамының өзгеруіне қандай себептер болғаны туралы қорытынды пікір жазыңыз
- •10. Жоо, дсұ, стн, әжк, ктк сияқты қысқарған сөздердің толық нұсқасын жазыңыз
35.Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметі, жарнама тілі
Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің дамуы да қоғамдық құбылыстармен тығыз байланысты. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, қоғамда алатын орны да ерекше. Бүгінгі таңда еліміз егемендігін алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Әйтсе де, ана тіліміздің мәселесі әлі күнге өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр. Қазақ тілін дамытуды кейбіреулер жоғарыдан, билік басындағылардан бастау керек десе, енді біреулер қазақ тілінде оқытатын және қазақы тәрбие беретін балабақшалар мен мектептерден бастау керек дегенді алға тартады. Қайткен күнде де қазір қолға алмасақ, ертең санымызды соғып қалатын жайымыз бар. Сондықтан ұсақ-түйек деп санайтын жайлардан бастасақ: қоғамдық көліктерде тек қазақша хабарланып, темір жол мен автобекеттерде қазақ музыкасы немесе күйлері ойнап тұрса нұр үстіне, нұр болар еді.
Қазіргі қазақ жарнамалары таралу жолдарына, қамтитын тақырыптарына, түрлеріне қарай әр түрге бөлінеді: - сыртқы жарнама (маңдайшалар, жарнамалық қалқандар, панно, плакаттар) - теле және радио жарнама (жарнама роликтері, жарнамалық телерепортаждар, теледидардағы жарнамалық қатарлар, радио хабарландырулар, радио роликтер) - парақша жарнама (каталогтар, буклеттер, жапсырмалар, шағын жарнама парақтар, шақыру билеттері, баға көрсеткіштер) - газет жарнамасы (газет-журналдарда жарияланған жарнама мәтіндері) (5.15) Тіл заңының жүзеге асу-аспауы, нақты айтқанда, оның қоғамдық қызметінің өсу деңгейімен анықталады. Бірақ қазақ тілі жарнама саласында қоғамдық қызметін ұлғайта алмай отыр. Қазіргі таңда жарнамалардың басым көпшілігі орыс тілінде дайындалады да, қазақ тіліне аударылады. Оның басты себептері мынадай: Біріншіден, жарнама тілі жөнінде басшылыққа алатын, заң құжатының болмауы; Екіншіден, жарнама ісімен шұғылданатын маман, кадрлардың жетіспеуі; Үшіншіден, қазақ тілінде берілген жарнамаға сұраныстың жоқ болуы; Төртіншіден, Тіл заңының орындалуын дұрыс басшылыққа алмау; Бесіншіден, қазақ тілінің жарнама саласындағы стилінің дұрыс қалыптаспауы. Айта берсек, қазақ тілінің жарнама саласында жұмсалуы жөнінде шешімін таба алмай, қиындық туғызып отырған даулы мәселелер аз емес. Қазақша аударылған кейбір жарнамаларда грамматикалық, стилистикалық қателер жиі кездеседі.
«Жарнама туралы» заңының 3-бабының бірінші тармағында: «Жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; Сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді-мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама» - деген 2 ұғым берілген.
Ақпараттық ғасырдың басты жаңалығы жарнама дүние жүзін жаулады. Біздің елде де билік кәсіпкерлікке қатты көңіл бөлгендіктен, жарнаманы ойдан тыс қалдырмады. Шүкіршілік, «Жарнама туралы» заңымыз бар. Дегенмен, мәселе заңда емес, оның талаптарының қалай орындалуында болып тұр. Мәселен, «Жарнама туралы» заңның 1-бабында: «Осы заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады», – делінген. Бірақ, іс жүзінде олай болмай тұр. Мән-мағынасыз, грамматикалық қателіктерге толы жөнсіз жарнамалар елімізде қаптап кетті. Аталмыш заңымыздың3-бабының екінші тармағында: «Жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу, жалған және жасырын жарнама» - деген нақты анықтама беріліпті. Алайда, сол жөнсіз жарнаманың мазмұны айтылғанымен оның тілі, грамматикалық, пунктуациялық қателіктері туралы мүлде айтылмапты. Көшеде қателіктерге толы жарнамалардың көп болу себебі осында жатыр. Заңның 6-бабының екінші тармағында: «Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады» - деп жазылыпты. Сонда еліміздегі кез келген кәсіпкер көрінген тілде жарнама жасауына мүмкіндік бар екен. Еліміз 130 ұлттан тұратынын ескерсек, 130 тілде жарнама таратуымызға болады. Бірақ, 130 тілде деп шектеу қойылмаған. Егер, бизнеске пайдасы тиіп жатса мың тілде де жарнама жасауымызға әбден болады. Баптың бұл тармағы осындай еркіндік беріп отыр. Алматы көшелерінде қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек ағылшын, түрік, өзбек, ұйғыр, француз тілдеріндегі жазуы бар атаулардың, жарнамалардың көбейгені сондықтан. Осы бапта: «Жарнама берушi жүзеге асыратын қызмет лицензиялануға тиiс болса, онда тиiстi тауарды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау кезiнде, сондай-ақ, жарнама берушiнiң өзiн жарнамалау кезiнде, радиодағы жарнаманы қоспағанда, лицензияның нөмiрiн және лицензия берген органның атауын көрсету қажет» екендігі туралы да айтылған. Өкінішке қарай, жарнама беру барысында бұл тармақтың ешбірі орындалмай жатқанын күнделікті жарнамалардан көріп жүрміз. Яғни, тауар немесе тағы басқа қызмет жарнамасының не алдында, не артында лицензия туралы бірде бір мәлімет жоқ. «Мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама бұқаралық ақпарат құралын есепке алу туралы куәлікте бекітілген тілде таратылады» - деп 6-баптың 2.1 тармағында айтылған. Алайда, бұл тармақты не үшін жазғаны түсініксіз. Бізде үштұғырлы тіл саясаты жүзеге асып жатыр. Сол себепті, бір емес, үш тілде қатар шығатын газеттер, журналдар көбеюде. Осы заңды ескерген әлгі басылымдар сонда қай тілде жарнама таратады? Әрине, заңның бұл тараптары есепке алынбаған болса керек.
Телеарна және радиодағы жарнамалар туралы 8-баптың 7-тармағында: «Ұлттық аза тұту күндерiнде электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамаға тыйым салынады» - деп ашық жазылыпты. Алайда, желтоқсан құрбандарын еске алу кезінде, репрессия құрбандарын, ашаршылық құрбандарын еске алатын кездерде жарнама берілмей қалған телеарналарды мүлде байқамаппын. Бүгінгі телеарна басында отырғандар ақша үшін ұлттық құндылықтарды да сатып жіберуге бар. Сол себепті, бұл тармақты оқуы мүмкін, бірақ бұл заңдар оларды қызықтырмайды. Одан бөлек, еліміздегі телеарналар мен радиолардың 70%-ын орыстар мен шалақазақтар басқарады. Ал оларға қазақтың бұл қасіреттері көк тиынға тұрмайды. Сондықтан, бұл заң да мүлде сақталмайды. Ал үшінші тармақта: «Ақылы анықтамалық компьютерлiк және өзге де қызмет көрсету кезiнде жарнама клиенттiң келiсуiмен ғана таратылады. Мұндай жарнаманың құны сұратылған ақпараттың құнына кiрмеуге тиiс» -депті. Бірақ, белгілі бір жұмыстармен интернет орталықтарына бара қалсаңыз, небір шетелдік компьютер ойындарын экранда жарнамалап қояды. Ал, ол ойындардың барлығы ақша. Бұдан жастарымыз интернеттегі жұмыстарын қоя салып, шетелдік ойындарға беріліп кеткенін талай көріп жүрміз. Оқушылардан бастап студенттерге дейін небір компьютер жындыларын есітіп жатырмыз. Олар күнінің жартысынан көбін ойын ойнаумен өткізеді. Ал компьютер алдында көп отыру денсаулыққа, психикаға зиян екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі жастарымыздың ашуланшақ болу себебі де осында жатыр. Жарнама тілінде мемлекеттік тілді былай қойғанда, басқа мыңнан астам тілде жарнама беруші жарнама беруіне болатынын айттық. Мұның салдарынан кей көшелеріміз шетелдің қалаларына ұқсап барады. Қысқасы, шетел атаулары мен өзге тілдегі жазулардан аяқ алып жүре алмайсыз. Шетелден келген қонақтар, сірә, біздің елді Қазақстанға ұқсатпайтын да шығар?! Мәселен, Украина жарнама туралы заңдарын өзгертіп, тек украин тілінде жарнама тарату керектігі туралы заң қабылдады. Олар, көрнекі ақпараттың тілін жарнама берушінің еркіне беріп қоймады. Украинада өзге бір елмен бірлескен кәсіпорын, не нысанның атауы болса ғана, онда да мемлекеттік мүддені, ұлттық мүддені алға қоя отырып мәселелерін шешеді. Ал, бізде ше? Шетелдік кәсіпорындарды былай қойғанда, өз еліміздің ұлттық кәсіпорындары білгенін істеуде. Себебі, заң жүзінде білгенін істеуге рұқсат берілген
36 .Қостілділік,көптілділік ұғымдарына түсініктеме беріңіз.
Билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік) – қазіргі таңда ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні қостілділік өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі факторына айналып отыр. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, билингвизм – жеке адамның екі тілде ұдайы қарым-қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі дегенді білдіреді
Социолингвистикалық тұрғыдан қазақтың үлкен ғалымы Б.Хасанұлы қостілділік мәселесіне көп назар аударып жүр. Б.Хасанұлы мына мәселеге ерекше көзқарас білдірді: «Ана тілінің дамуы жанұядан бастау алады. Алайда кейбір қазақ жанұясында ана тілінің қолданылуы көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қамқорлыққа алынған орыс тілінің арқасында көптеген өз тілін білмейтін қала қазағы бақуатты, ана тілін білмегендіктен, ұлттық мәдениеттен мақрұм, сондықтан да ондайлар ұлттық патриотизмнен ада болады. Оның жанұясында балалары мен немерелері басы біріккенде ана тілінде сөйлесе алмаса, оларда отансүйгіштік те болмауы, керек десеңіз, көзқамандық орын алуы мүмкін. Сондықтан да Қазақстанның облыстары мен қала, аудандарында «Мемлекеттік тілдің тұрмыста, үй жағдайында қолданылуы» айрықша зерттец жобасы нысанына айналуы керек. Нәтижесінде бесік жыры, ауыз әдебиеті, қазақ халқының бай мәдениетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен мағлұмат беретін эпикалық туындылар жалғасын тауып, қазақ төрінен орын алары хақ».
Көптілділік ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңінде қалыптасады. Себебі бала отбасында бір тілде сөйлесе, балабақшада немесе аулада бірнеше тілдерді игеруі мүмкін. Мәселен, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға өз балаларын беру жағдайы көп кездеседі. Көп балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілі сабақтары жүргізіледі. Сонда бала мектепке дейінгі жасында-ақ бірнеше тілді қатар үйрене бастайды.
Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.
Қазақстан – көпэтносты ел, сондықтан да бұл елде үштілділік кең тараған құбылыс. «Үш тіл» мен «үштілділік»-екі басқа, - деп Б.Хасанұлы айтқандай:
үш тіл деген:
1) Әр түрлі этностың үш түрлі төл туындысы;
2) Үш этносқа тән әлеуметтік тіршілік иесінің қатынас құралдары;
3) Сөйлермендері әлемді үш түрлі тілдік тұрғыдан бейнелейтін тілдер;
4) Мәдениетаралық тілдік қатынаста бір-бірін төзбейтін тілдер.
Ал «Үштілділік» жайлы Қазақстанның тұңғыш социолингвист-ғалым Б.Хасанұлы мынадай анықтама берген: «Үштілділік» – үш тілдің тұтастығын құрайтын біріңғай тілдік үдеріс. Бұл – әртүрлі тұлға, әлеуметтік топ не ұжым сөйлейтін үш тіл қолданысы емес, бір тұлға не бір әлеуметтік топ немесе бір ұжым, нақты бір қоғам сөйлейтін үшем сөйленім
Көптілділік, мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік. Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділікгі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеум., экон., мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек Онда жеке адамның ғана көптілділігі ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда). Көптілділік – АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән құбылыс. Көптілділік: жаппай көптілділік, ішінара көптілділік болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы, көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай көптілділігі қалыптасқан. Сондықтан да көптілділік көп ұлтты географиялық кеңістікте кең тараған. Мәселен, жаппай көптілділік Кавказдағы армян, аджар, осетин, күрд, грек, т.б. халықтар арасында, сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі. Қазіргі Қазақстан Республикасындағы қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас.
«Қазақстан халқы дүние жүзінде үш тілді бірдей пайдаланатын ел ретінде көрінуі тиіс. Бұлар – қазақ тілі, яғни мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономиканың сәтті қолданысындағы тілі» делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында
