Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК ТИЛИНЕ КИРИСПЕ ЕМТИХАН 100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.09 Кб
Скачать

1. Тіл білімі және салалары

Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де, ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра, олардың зерттелу тарихын сөз етейік.

Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон енесей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.

Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.

Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.

Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:

Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:

Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.

Латыннан крилл жазуына кешу.

Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады.

Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып, қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин, Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен, В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т. б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок. Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.

Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И. Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді. Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің «Наука» баспасынан жарық көрген «Сравнительно-историческая фонетика тюркских языков» атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан «Сравнительная фонетика тюркских языков», Черкасскийдің, «Тюркский вокализм и сингармонизм», Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.

Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді.

Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде алдық.

Отандық түркологиядағы сияқты фонетикалық зертлер қазақ тілі білімінде де аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар барлық. Қазан революциясына дейінгі дәуірдегілерден И.Ильминский, П. Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырымыздың бас кезінен бастап, 1927 жылға дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, Кеңес дәуіріндегілерден Е. Омаров, Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А-Қошқаров, т. б. атауға болады.

Ғылыми фонетикамыздың дамуына аз да болса үлестерін қосқан басқа да ғалымдар жоқ емес, біз солардың ішінен фонетика мәселелерімен кебірек айналысқан, арнайы зерттеген және өздерін осы саланың маманымыз дейтін ғалымдар еңбектеріне ғана тоқталдық.

Қазақ лексикологиясының зерттелуі.Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын әлем лингвистикасында орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды басшылыққа алғандары шындық.

Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын айқындау істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді.

Казіргі заман лингвистикасы лексикографияның негізгі объектісі болып есептелетін сөздіктерді, алды энциклопедиялық сөздік, лингвистикалық сөздік, екі кесек топқа бөледі.

Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен, нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен, оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.

Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен, әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. «Адам қоғамына» мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді: ”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі болып есептелсе де, әлеуметтік типологияда тілдердің сараланатын өз өлшемдері, өз “құндылықтары” барын назарға алсақ, С.Аманжоловтың “...тілдердің біріне-бірі ұқсап та, ұқсамауы да әлеуметтік [социалды] жағдайға байланысты” деген тұжырымының маңыздылығына, сөзсіз, көз жеткіземіз. Бұл жағдайда сол тілде сөйлеуші адамдардың, халықтардың саны, қолданушы мемлекеттердің есептік көрсеткіші ескеріледі әрі тілдің қоғамдық функциялары мен әлеуметтік салаларды қамту өзгешелігі нысанағы алынады. Мұндай ерекшеліктерді С.Аманжолов “қоғамдық қарым-қатынас күштілігі”,- деп сипаттай отырып, тілдің “қоғамдық құбылыс, қоғамдық коллективтіктің тапқан, жасаған нәрсесі, қоғаммен бірге өсіп-өнетін нәрсе” екенін дәйектейді. Демек, тілдің әлеуметтік деңгейін анықтау, оның қоғамдық танымын саралау және қоғамдық сананы қалыптастырудағы атқарар қызметін талдап көрсету, бір жағынан, қарым-қатынас күштілігі деп түсіндірілсе, екіншіден, қоғамдық коллективтің тапқан, жасаған нәрсесі деп ұғынылады, яғни әлеуметтік таным тілдік құралдардың жасалу, қалыптасу, даму заңдылықтарымен тығыз байланысты болады

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат неқұбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

Сөзжасамның тәсілдері:[өңдеу]

1. Семантика-фонетика – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі;

2. Семантикалық сөзжасамдық – сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөздің жасалуы;

3. Семантика-синтетикалық сөзжасамдық – негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағынаның туындауы;

4. Семантика-аналитикалық – негіздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.

Бір-екі буынды сөздермен салыстырғанда, аналитикалық жолмен жасалған туынды атауларда (тұрақты тіркестерде) ұлттық танымның сипаты айқын көрінеді. Жалпы мағынаның жіктелуінен жеке мағына туындағанда, жалпының негізгі белгілік мәні жекеге көшеді де, атаудың номинативтік мағынасында сақталады. Атау заттың қасиет-белгісінің бар мәнін ашпайды, ерекше белгісін айқындайды. Жеке мағыналы атаулар өздерінің негізгі, өзек мағыналары арқылы жүйеленіп, бір семантикалық өрісті құрайды. Сөзжасамның жүйелілігі оның кешенді бірліктерінің болуымен байланысты. Сөзжасамның кешенді бірліктері мыналар: Сөзжасамдық тұлға, Сөзжасамдық ұя, Сөзжасамдық мағына, Сөзжасамдық үлгі, Сөзжасамдық қалып, Сөзжасамдық тізбек, Сөзжасамдық жұп, Сөзжасамдық саты, Сөзжасамдық тарам, Сөзжасамдық байланыс.Сөзжасамдық тұлғалардың бір-бірімен түрлі тәсілдер негізінде бірігуі, қосарлануы, жалғануының өзіндік ішкі заңдылығы болады, ол сөздердің синтагматикалық байланысу жүйесі негізінде іске асады. Әрбір Сөзжасамдық тұлға кез келген Сөзжасамдық тұлғамен жалғанып не қосарланып кете алмайды. Сөзжасамдық тұлғалардың жаңа мағына жасауы – күрделі процесс.

Туынды сөздің екінші мағынасы құрамындағы негіз сөздердің мағынасы арқылы жасалғанымен, оның мағынасы толық қамтылмайды, тек өзі таңбалайтын денотат несигнификаттың белгісі мен қасиетіне қатысты семаны алып, метафоралану немесе ауыспалылық яки фразеология мән алу арқылы өзінің ерекше семасын қалыптастырады. Туынды сөздің екіншілік мағынасы негіз сөздердің тура мағынасы не ауыспалы мағынасы арқылы метафоралануы мүмкін. Мысалы, ақ алмас, ақ бата, ақ пейіл, ақберен, аққұлақ, аққұман, ақорда, ақөлең, ақсауыт, ақ сүтін кешті, ақтабан шұбырынды, ақтұйғын, ақ тілек, т.б. туынды сөздердің мағыналары ақ сөзінің өзек семасы арқылы негізделіп, ауыспалы мәнге ие болған. Туынды сөздердің құрамындағы мағыналық реңді айқындау үшін оларды денотаттық(заттық),сигнификаттық (ұғымдық), коннатациялық (бейнелік) ұғымды білдіретін атаулар деп бөледі. Фразеологизмдердің қалыптасуында ұлттық негіз басым, сөз тіркесініңжасалуында семантикалық негіз бар.

• Сөзжасамдық база орыс. словообразовательная база — белглі бір тілдің сөзжасам жүйесінің негізіне жатқан құрылымдық-морфологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.

• Сөзжасамдық қосымша (жұрнақтар) орыс. словообразовательный аффикс — Қосымшалар.

• Сөзжасамдық мағына орыс. словообразовательное значение — сөз тудырушы негіз бен сөз тудырушы жұрнақтың мағыналарының негізінде туған жаңа мағына. Мысалы: төрт түлік малдың бір түрін білдіретін қой сөзіне мамандықты, кәсіпті білдіретін -шы жұрнағы қосылып, жаңа мағынадағы қойшы сөзін тудырып тұр. Бұл арада негіз сөздің тірек болуымен туған сөзжасамдық мағынаның дәл сипатын анықтаушы қосымшалық мағына болып табылады.

• Сөзжасамдық мотивация орыс. словообразовательная мотивация, орыс. motivation - ниеттену, іздену, дәлелдеу

• Сөзжасамдық негіз орыс. словообразовательная основа — туынды сөздердің жасалуына негіз болатын сөз. Бір сөзжасамдық ұяға кіретін түбірлес сөздердің өз ішінде бірнеше сөзжасам негізі болуы мүмкін. Мысалы: өкін сөзінен жасалған өкіну, өкініш, өкінішті, өкінішсіз, өкінген, өкінісу т. б. — бір ұядағы сөздер, бірақ олардың бәрі бірдей тікелей өкін сөзінен туып түрған жок. Мысалы: өкінішті, өкінішсіз сөздерінің тікелей тудырушы негізі өкінемес, өкініш сөзі.

• Сөзжасамдық талдау орыс. словообразовательный анализ — осы кунгі сөзжасам тұрғысынан сөз құрылымын, яғни сөз құрамындағы морфемалардың өзара байланысын, қарым-қатынасын аңықтау. Мысалы: көр- түбірінен шыққан көріктендіруі иілер сөзінің құрамында бірнеше сөз тудырушы негіз бар: көрік, көріктен, көріктендір, көріктендіру, көріктендіруші (-лер көптік жалғауы). Осылардың әрқайсысы өзінен кейінгі туындыларға негіз болып тұр. Мэселен, көр- түбірінен көріктен сөзі тууы үшін, алдымен көрік сөзі жасалуы керек, көріктен дегендегі -тен жұрнағы бірден көр- түбіріне қосыла алмайды, басқалары да осылай. Сол сияқты уйытқы сөзінің тікелей тудырушы негізі уйы- түбірі емес, уйыт- туындысы, ал оның тудырушы негізі — уйы- түбірі.

• Сөзжасамдық тип орыс. словообразовательный тип — белгілі бір сөз ғабына жататын сөздердің құрылымдық желісі. Әр тип өзінің жасалуына арқау болған сөздердің сөз табы жағынан бірынғай болуымен, негіз сөз бен туынды сөздің мағына жағынан бір-біріне қатыстылығымен және ұқсас форманттарының материалдық, сементикалық бірлігімен сипатталады. Сөзжасамдық тип тілдің сөзжасам жүйесіндегі негізгі буын болып табылады. Мысалы: қуаныш, өкініш, суйініш сөздері бір тип жасайды, тудырушы ненгіздері бірынғай етістіктер, туынды заттық мағыналары нақты қимыл-әрекетті білдіретін мағыналарға негізделген, тудырушьі қосымшалары бірыңғай дерексіз зат есім тудыратын -ыш, -іш жұрнақтары.

• Созжасамдық тізбек орыс. словообразовательная цепочка — бір-бірімен жүйелі дәйектілік қарым-қатынаста болатын, бірінен-бірі туындап отыратын түбірлес сөздердің тізбегі. Бір түбірдің туа отырып, өз ішінде көп тармақты болып келеді. Мысалы: сез — сезік, сезікті, сезіктілік; сез — сезім, сезімді, сезімділік; сезім — сезімтал, сезімталдық; сезім — сезімшіл, сезімшілдік т. б.

• Сөзжасамдық уәждеме орыс. словообразовательная мотивация — түбірлес сөздердің өзара қарым-қатынаста болуы. Сол арқылы олардың біреуінің жасалуына екіншісі арқау болады, біреуінің мағынасы екіншісі арқылы анықталады (көл — көлшік): Түбірлес сөздер лексикалық мағынасы бар негіз сөзден сөз тудырушықосымшалар арқылы туады. Туынды түбірлердің мағыналары қашанда оларға негіз болған сөздердің мағынасы негізінде өрбиді. Сол себепті тудырушы негіз уәждендіруші сөз, ал туынды сөз уәжденген сөз деп аталады. Сөйтіп, Сөзжасамдық уәждеме уәждендіруші сөз бен уәжденген сөздің өзара қарым-қатынас бірлігінен тұрады.

26. Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамның психологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.

Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.

27. Лингвомәдениеттану саласы әлемдік тіл білімінде ХХ ғасырдың басында қалыптасып, бірқатар тілші-ғалымдардың қызығушылығының арқасында жеке ғылым саласы ретінде өз мәртебесін алды.

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua -тіл, Gultura - мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің торысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда атаулы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалаушы ғалым В.Н.Телия: "Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолигвистиканын бір бөлшегі". - деп көрсетеді. Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл білімінде теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Вороьбев оны "металингвистика" ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: "Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)"

Ресейлік ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: "Лигвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке"

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы біршама зерттеліп, оған берілетін анықтамалардың легі де жинақталды. Мәселен, А. Сейілхан мынадай анықтама береді: Лингвомәдениеттану- ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.

Этнолингвистика – этностың болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан рухани-мәдени мұра ретінде атадан балаға, әулеттен нәсілге ауысып келе жатқан дәстүрлі мирасты жаңғыртып, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі де құнарлы саласы. Этнолингвистика – жалпы ғылымға тән дифференция процесінің тіл біліміндегі бір көрінісі іспетті іштей жіктелудің нәтижесінде пайда болған. Тіл білімінің экстролингвистика, психолингвистика, паралингвистика, т.б. салаларымен қатар тұрады. Этнолингвистикалық көзқарас алғаш 19 ғ-дың 2-жартысында В.Гумбольдт, А.А. Потебня зерттеулерінде пайда болды. Сондықтан Э-лық зерттеулердің бірде сөздік қордың қойнауында сақталып көне дәуірден келе жатқан байырғы лексиканың мазмұнын ашуға бағытталғанын білсек, бірде этнос болмысынан, дүниетанымынан туындаған тілдік фактілердің сырын ашып, пайда болуын айқындауды мақсат еткенін көреміз. Бұл сала көп жағдайда этностың шығу тегіне, салт-дәстүріне, сондай-ақ өмір-тіршілігіне қажетті де ерекше орын алатын заттық мәдениеттің қыр-сырына ерекше мән беріп келеді. Этнолингвистиканы тілдегі этнографизмдердің немесе тіл мен этнография фактілерінің қосындысы деуге болмайды. Этнолингвистиканың қалыптасу процесін, мазмұны мен мақсатын, зерттеу нысанын сол салада істелген жұмыстың ауқымын бағыт-бағдары мен сипатынан пайымдауға болады. Этнолингвистика тарихындағы күрделі еңбектердің біріне мажарларға қатысты 5 томдық этностық лексиконды жатқызуға болады. Осы орайда қазақ Этнолингвистикасы бойынша Ә.Қайдардың “Қазақтар ана тілі әлемінде” атты 4 томдық Э-лық сөздігін атауға болады. Қазақ тіл білімінде Этнолингвистика мәселелері проф. І.Жұбановтың, сонымен қатар жеке ғылым саласы ретінде М.Копыленко,Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, т.б. ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылып жүр. Этнолингвистиканың бір міндеті – сан алуан қайнарлардан (ауызекі жанды тілден, ауыз әдебиет үлгілерінен, лексикограф. еңбектерден, т.б.) этнос болмысына қатысты фактілерді жинау болса, екіншіден оларды саралап жүйеге салу, мазмұнын айқындау, түсіндіру, яғни оларды этностың өзі туралы сөйлете білу. Этнолингвистикаға тән ерекшелік – оның тілдік объектілер мен фактілердегі жаппай емес, зерттеудің нақтылы мақсаты мен тақырыптарына қарай сұрыптап алып саралай қарастыру. Сонымен қатар атау сипаттағы жай тіркестер мен көркемдік, астарлы ауыс мәнге ие тұрақты тіркестерді (фразеологизм, теңеу-салыстыру, мақал-мәтел), тіпті мағлұмат беретін көркем жанрлық мәтіндерді де нысана етіп қарастырады.

28. Концепт ұғымға синоним ретінде қолданылады. 2. Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық) және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы. 3.Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология, адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын «әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді.

Өз жұмысымызда когнитивтіктен гөрі мәдени концептілік мәселесін жеке автор тілінен іздейміз. Мәдени концепті когнитивті концепті сөзінің беретін мәнінен өзгеше. Мәдени концепт – лингвомәдени таным бірлігі, онда ұлттық мәдениет көріністерінің жиынтығы бейнеленеді. Біздің мақсатымыз — М.Дулатұлын қазақ ұлтының бөлшегі ретінде қарап, оның тіл ерекшелігіндегі мәдени концептілердің жүйелік өзгешелігін ашу. Себебі адам — өз ұлттық мәдениетін бойына жинақтаушы субьект. Мәдени концептке ұлттық мәдениетке жататын барлық ерекшеліктер тән: 1) ұлттық ойлау; 2) ұлттық қабылдау; 3) ұлттық этикет; 4) ұлттық сөйлеу; 5) ұлттық ой қорыту; 6) ұлттық діл; 7) ұлт ұстанатын дін ерекшеліктері. М.Дулатұлының ағартушылық еңбектеріндегі «ұлтсүйгіштік, ұлтқа жаны ашушылық» концептілер ерекше түрде келеді. Бұл концептілердің мәнін айқындауды көкейкесті, қызықты, игілікті, борышты іс деп ұғыну қажет. Сонымен концепт туралы ойларды қорыта айтқанда, концепт жайлы А.Вежбицкаяның анықтамасын келтірген дұрыс деп есептедік: «Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі»