Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗАК ТИЛИНЕ КИРИСПЕ ЕМТИХАН 100.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160.09 Кб
Скачать

17. Фольклор тілі, жыраулар поэзиясының ерекшелігі

Фольклор (халық ауыз әдебиеті) мен жыраулар поэзиясы тілінің мынадай басты ерекшеліктері бар:

1) Халық ауыз әдебиеті авторсыз дүние екені мәлім, ал жыраулар шығармасы авторы бар мұралар және ең маңыздысы, әр автордың шығармалары өзінің композиция, мазмұн, идея, көркемдік тәсілдері тұрғысынан бір-бірімен ажыратылып тұрады, демек, жыраулар поэзиясының даралық шығармашылық сипаты бар.

2) Халық ауыз әдебиеті тіліне, әсіресе оның эпос сияқты кесек шығармаларында көптеген дәстүрлі образдар, бір шығармадан екіншілеріне көшіп отыратын дайын қалыптар, жеке сөздер мен фразеологизмдер ортақ болып келеді, олар біріне бірі ауысып та жүреді. Ал жыраулар тілінде мұндай ортақ элементтер фольклорға қарағанда кемдеу кездеседі, бірақ олар мұнда да бар. Бар болу себебі мынада: біріншіден, жыраулар тілінің негізгі көзі – ауыз әдебиеті тілі, соның қазынасы. Екіншілен, авторлы әдебиеттің ауызша таралып, ауызша сақталуының нәтижесінде әр түрлі ұоспалардың болуы әбден мүмкін.Бірақ қайткен күнде де жыраулардың әрқайсысына тән өзіндік сөз қолданыстары бар екені хақ.

3) Жыраулар поэзиясында уақыт пен мекенге қарай нақтылық, адамның ішкі дүниесін суреттеуші сарын халық ауыз әдебиеті тілінен қарағанда күшейе түседі.

1) Фольклор мен жыраулар поэзиясының ең басты ұқсастығы - екеуі де ауызша лтаралып, ауызша сақталады. Осының салдарынан уақыт өткен сайын олардың текстері біртіндеп өзгеріп, біртіндеп жаңғырып отырады.

2) Қазақ халқының өткен дәуірлердегі негізгі шаруашылық күн көрісі малға, мал өсіретін кеңістік пен табиғатқа қатысты болғандықтан, фольклор мен жыраулар поэзиясындағы образдардың да басымы осы саладан алынады. Оған дәлел ретінде метафора, теңеулердің дені мал, оның ішінде жүйрік ат, нар, бота, қозы атауларымен берілетінін келтіруге болады. Мысалы: «Алпамыс» жырында «жалғыз ұлы бар еді, жалғыз да болса нар еді»-деп бейнелейді. «Жылқы ішінде алады, қылшық жүнді қарады» деген жолдар кездеседі. Жау боп тиген батырды «Отарда жатқан жылқымның отарын бұзған кім едің? Жусап жатқан жылқымның жусауын бұзған кім едің?» деген образдармен бейнелейді.

3) Фольклор мен жыраулар тіліндегі ерекшеліктің бірі – стереотипті формулаларды қолдану. Бұлар жырдан жырға көшіп отыратын әбден тұрақталған композициялар. Мысалы: буырқанды, мұздай темір құрсанды, қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды, т.б. сияқты жыр сайын кездеседі деуге болады.

18. Функционалды грамматиканың базалық ұғымдары

Функционалды грамматика (лат. Functio − орындау орыс. функциональная грамматика) – грамматикалық құрылыстағы тіл бірліктерінің функцияларын (қызметін) және олардың заңдылықтарын объект етіп зерттейтін грамматика түрі. Функционалды грамматика әр тілдің әртүрлі деңгейлеріне қатысты, лексикамен, контекспен өзара байланысты, бірақ бәрі де семантикалық қызметінің ортақтығы нәтижесінде біріктіріліп, тіл құралдарының біртұтас жүйесінде қарастырылады [24, 389]. Функционалды грамматиканың негізгі мақсаты − болмысты пайымдау барасында адам санасында қалыптасқан ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау. Тілдің барлық деңгейлері бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болады. Функционалды грамматиканың бастауларын әріден іздеген дұрыс. Мәселен, орыс тіл білімінде тілді функционалдық жағынан қарастырған зерттеулерді Ф.И.Буслаев, К.С.Аксаков, Н.П.Некрасов, А.А.Потебня, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматов және А.М.Пешковскийлердің еңбектерінен кездестіруге болады. Орыс сөздерінің грамматикалық тұлғасын функционалдық тұрғыда қарастыруда В.В.Виноградовтың еңбегі ерекше. Ал жалпы алғанда функционалды грамматиканың теориялық тірегі Л.В.Щерба, И.И.Мещанинов, С.Д.Кацнельсон еңбектерінің негізінде қаланды деуге болады

А.Байтұрсынұлы өзінің зерттеулерінде имплицитті түрде (ара-тұралап болса да) функционалдық грамматиканың мәселелерін де қозғайды: кейбір грамматикалық категорияларды семантикадан формаға қарайғы бағытта қарастырады. Мысалы етіс категориясы жайлы құрылымдық грамматикада әдетте оның өзгелік етіс, ортақ етіс, өздік етіс, деңгейлік, ырықсыз етіс деген төрт түрі сөз болса, “Тіл − құралда” бұл сан едәуір көп. “Етістікте он түрлі етіс бар: 1) сабақты етіс, 2) салт етіс, 3) ортақ етіс, 4) өздік етіс, 5) өзгелік етіс, 6) беделді етіс, 7) ырықсыз етіс, 8) шығыс етіс, 9) дүркінді етіс, 10) өсіңкі етіс” [1, 42].

Функционалды грамматиканың жүйесін тануда әрі зерттеуде семантикалық категориялар мен оның тілдегі көрінісі мұрындық болады. Бұл грамматиканың концептуалды негізін мына үштіктен көреміз: “семантикалық категория, функционалды-семантикалық өріс (ФСӨ), категориялды жағдаят (КЖ)”. ФСӨ пен КЖ шеңберіндегі түрлі грамматикалық тіл бірліктері мен категориялар, лексика-грамматикалық әрі лексикалық тілдік құралдар жүйесі аты аталған грамматиканың функционалдылық табиғатын кеңейте түседі.