
- •«Хирургиялық жағдайдағы жедел және шұғыл дәрігерлік көмек» циклі бойынша жмф-нің 5 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
- •Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы.
- •Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
- •Асқазан мен ішекте қан кетудің клиникасы және консервативті терапияның қазіргі заманғы әдістері.
- •Ойық жара ауруының диагностикасы мен хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі заманғы әдістері.
- •Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ойық жараның қанау себептері, классификациясы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Хирургиядағы жедел ішек. Жедел аппендицит.
- •Жедел аппендицит клиникасы.
- •Жедел аппендицит диагностикасы.
- •Аппендэктомия операциясының көрсеткіштері мен қайшылықтары.
- •Жедел аппендициттің асқынуы. Клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Жедел аппендициттің атипті клиникасы.
- •Жедел аппендицит кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ішек өтімсіздігін консервативті емдеу принциптері және оперативті емдеу көрсеткіштері.
- •Инвагинация, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің странгуляционды өтімсіздігі, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің динамикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің механикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Іштің жабысқақ ауруы, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Сыртқы іш жарықтары.
- •Іштің жабық жарақаты.
Іштің жабысқақ ауруы, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
Жабысқақ ауруы абдоминалды хирургияның әлі күнге дейін шешілмеген мәселелерінің бірі болып табылады. Жиілігі, рецидивтері, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе толық жоғалтуы, функционалдық бұзылыстарға және қайталамалы операциялардан кейінгі жоғары өлімділік көрсеткішіне байланысы жабысқақ ауруы өте ауыр сырқаттарға жатады.
Жабысқақ деп біз әр түрлі ағзалар мен тіндерді бір-бірімен жабыстырып дәнекерлейтін (грек сөзінен “synecheia” аударғанда - байланыс, үзілместік) синехиялар немесе жабыспалар. Жабысқатар қалыпты жағдайда болмайтын дәнекер тінен тұрады.
Жабысқақ ауруы – құрсақ қуысы ағзаларының қабынбалы аурулуры кезінде жасалған операциядан кейін іш қуысында, ағзалар арысында жабысқақтардың пайда болып, клиникасында жиі жабысқақты ішек өтімсіздігімен көрінетін дерт болып табылады
Перитонеалды жабысқақтардың пайда болу себептері негізгі төрт топқа бөлінеді:
Құрсақ қуысы ағзаларының әр түрлі қабынбалы аурулуры, операциялармен қосарласқан.
Құрсақтың соққылары мен жарақаттары.
Құрсақ қуысы ағзаларының даму ақаулары.
Ағзаның ішкі және сыртқы ортасының басқа да факторлары.
Іштің төменгі бөлігінде жабысқақтардың жиі түзілуінің себебінің бірі бұл аймақта ішастардың қабаттарының редуцирленуімен және перфорацияланған базалды мембранасымен байланысты (анатомо-физиологиялық ерекшелігі Брауде А.И. 1946ж).
Басқа жиі себебі - ішастарды механикалық , термиялық, химиялық зақымдау.(ыстық физ.ерітінді, электрокоагуляция қолдану).
Сонымен қатар дамуында келесі факторлар орын алады:
Бөгде заттар
Тігістер мен лигатуралар
Микробтармен былғануы
Құрсақ қуысына қан кету
Ауаның ішастарға әсері
Ішек ілмектерінің кебуі
Клиникасы
Жабысқақтардың көрініс беруі олардың қай жерде орналасқанына, формасына және де қаншалықты көп болуына байланысты. Бұдан бір-бірімен жабысқан ағзалар қызметінің бұзылу дәрежесі анықталады.
Жабысқақ түзілуден болатын ең көлемді өзгерістер құрсақ қуысында болады, сол себепті бұл көріністерді құрсақ қуысының жабысқақ ауруы деп атайды.
Клиниклық ағымы бойынша:
Жедел
Интермиттирлеуші
Созылмалы
Диагностикасы
Шағымдар:
Іштегі ауырсыну
Жүрек айну
Құсу
Кебу
Шұрылдау
Толық немесе бөлшекті нәжіс қатуы.
Жел шықпауы
Еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі
Осы шағымдар жабысқақ ауруында әр түрлі қатынаста және үнемі бола бермейді.
Анамнезі: құрсақ қуысына бұрында жасалған операциялар.
Объективті қарау мәліметтері:
Мәжбүрлік қалып: әр түрлі болады; бүйіріне жатады, екі аяғына отырады, жүреді, жатады, т.б.
Ішті қарау:
Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған болады:
Ішті қарағанда формасына , операциядан кейінгі тыртықтардың болуына, тыныс алуға қатысуын, кебудің біркелкілігіне, көрінетін перистальтикаға көңіл бөлу.
Пальпациялағанда: қатпар симптомы, Чухриенко симптомы, (7-сурет) оң болады.
Ішастардың тітіркену белглері 3% жағдайда анықталады.
Перкуссиялау кезінде Валь симптомы, Скляр симптомы анықталады.
ЖҚА: ЭТЖ жоғарлауы.
ҚБХА: сиал қышқылдарының және фибриноген жоғарлауы. СРБ- оң.
Рентгенологиялық зерттеу: құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы (Клойбер табақшалары, жіңішке ішектің кеңейген аркалары), асқазан, ұлтабар контрастты рентгенографиясы (жіңішке ішектегі жанама белгілері В.Г.Басова: ішек ілмектерінің деформациясы, ілмектерді жақындауы, қозғалысының шектелуі(фиксация), ішек ілмектерінің ажырауының шектелуі және сирек белгілері: шырышты қабатының қатпарларының қалыңдауы, тегістелуі немесе бұрмалануы, түзелуі, тісті болып көрінуі, контурларының екі еселенуі, ішек ілмектерінің кеңеюі, ілмектердің конгломераты, газ бен сұйықтықтың болуы, “галактика” симптомы, кейде таспа тәрізді түссіздену симптомы да кездеседі, құс тұмсығы тәрізді деформация, пневмоперитонеум кезінде рентгенография ),
Ирригоскопия кезінде сигма тәрізді ішек тұсында “қосауыз” анықталуы мүмкін.
Энтерография (зонд арқылы контраст енгізіп) .
Рапароскопия жабысқақтарды визуалды көрсетеді.
Емі
Консервативті: электорфорез протеолитикалық ферменттермен, балшықпен емдеу, ауырсынуды басу үшін спазмолитиктер қолданады, блокадалар, тазарту клизмалары, зонд арқылы декомпрессия.
Таза оперативті. Тактика операция стінде жағдайға байланысты анықталады. Жиі Нобель операциясы қолданылады.
Оперативті еммен бірге операциядан кейінгі кезеңде рецидивке қарсы ем қолданады. Бір рет микроирригатор арқылы 10000-20000 Бк фибринолизин +20-30мг трипсин гемодез ерітіндісімен бірге енгізеді.
Алдын алу
Операция кезінде сақтану: ішастар дефекттерін перитонизациялау, әр түрлі ерітінділер енгізу, операциядан кейінгі кезеңде перистальтиканы жақсарту.