Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия (Автосохраненный).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать
  1. Инвагинация, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.

  • Ішек инвагина́циясы деп— ішектің бір бөлігінің екінші бөлімнің ішіне кіріп кетуінің нәтижесінде пайда болатын ішек өтімсіздігін айтады. Бұл ішек өтімсіздігінің түрі жиі 4 айдан 9 ай аралығындағы омыраудағы балаларда (85-90%) кездеседі.1 жастан асқан балаларда инвагинация сирек кездеседі,көбінесе органикалық табиғатпен байланысты (мықын ішек дивертикулы,  лимфоидты тіндердің гиперплазиясы , полип, қатерлі түзілістер және т.б) болады.

  • Инвагинацияға бейімдейтін факторлар:

  • 1. Туа пайда болған факторлар:

  • Анатомиялық ерекшеліктер (Ішек бөліктерінің ұзаруы (мегаколон, долихосигма)).

  • Туа пайда болған аномалиялар (аяқталмаған ішек айналымы, аганглиоз (Гиршпрунг ауруы)).

  • 2. Жүре пайда болған факторлар:

  • * Іш қуысындағы жабысқақ аурулар;

  • * Іш қуысында және ішектегі жаңа түзілістер, ішектегі бөгде заттар;

  • * Гельминтоздар;

  • * Өт- тас ауруы;

  • * Іш қабырғасының жарықтары;

  • * Дұрыс емес ретсіз қоректену.

  • Инвагинация омырау балаларындағы дәнекер тінінің ерекшелігіне байланысты ішек перистальтикасының бұзылысынан (илеоцекального клапанның жетіспеушілігі,тоқ ішектің жоғары қозғалғыштығы) немесе ішек қабырғаларындағы ісік,бөгде зат ретінде органикалық тосқауылдардың болуынан дамиды.

  • Бұлшықетті қабаттың дұрыс жиырылмауына режим бойынша дұрыс тамақтанбау,прикормның енгізілуі әсер етуі мүмкін.

Клиника.

  • Іштегі ауырсыну : Ауырсынулар ұстамалы сипатта болады,ұстама арасындағы уақыт 3-10 минут.Ауырсыну қалай кенеттен басталды солай кенеттен аяқталады,яғни ол ішектің перистальтикасына байланысты.

  • Құсу: Ұстамадан кейін 1-2 реттік құсу болады.Құсу бас кезінде рефлекторлы түрде ,содан кейін кезеңдеп өтеді.

  • Іштің сыртқы көрінісі. Іш асимметриялы,инвагинат орналасқан жер томпайған,пальпацияда ауырсынады.

  • Газ бен нәжісітң бөлінуі – бастапқы 1-2 сағата нәжіс қалыпты,ал 6-10 сағаттан кейін қан аралас(«малиновое желе»).

  • Ұстамалардан кейінгі пальлацияда іш жұмсақ,үрделмеген,ал ұстама кезінде пальпацияда бала рефлекторлытурде іш бұлшықеттерін қатайтады.

Диагностикасы

Міндетті түрде cito бойынша:

Жалпы қан анализі, қандағы глюкоза, қан тобы, резусты анықтау, per rectum қарау, ЭКГ, іш қуысының вертикальді жағдайда рентгенографиясы.

  • Көрсеткіштер бойынша: жалпы белок, билирубин, мочевина, креатинин, иондар.

УЗИ ішекте барий пассажымен іш қуысының рентгенографиясы, ректороманоскопия, ирригография, колоноскопия, терапевт қарауы.

Анамнез жинау.

Б. Объективті қарау :

1. Жалпы қарау : Нервті-психикалық статус. Ps және АД (брадикардия – жиі странгуляция). Тері және щырыштарды қарау т.б.

2. Ішті объективті қарау:

а) іштің ассиметриясы, тыныс алу актісіне қатысуы;

б) жарық сақиналарын қарау;

в) Ішті беткей пальпациялау: Іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қорғаныс және жергілікті кернеулігі;

г) Перкуссия: тимпанит пен тұйықтықты анықтау;

д) Іштің біріншілік аускультациясы: металлды рең немесе кеш стадиясында –құлап бара жатқан тамшы шуы, әлсіз перистальтика, жүрек тондарының естілуі.;

е) Терең пальпация: Іш қуысындағы патологиялық түзілістер, іш мүшелерін пальпациялау, жергілікті ауырсынуларды анықтау;

ж) Қайталанбалы аускультация: Ішек шуларының әлсізденуі немесе күшеюі;

Инструментальді зерттеулер :

  • Рентгенологиялық зерттеулер.

  • УЗИ.

  • Колоноскопия(диагностикалықжәне емдік).

  • Ирригоскопия.

  • Лапароскопия(диагностикалықжәне емдік ).

  • Компьютерлі диагностика (КТ, МРТ, программлар).

Г. Лабораторлы зерттеулер.

Еми

Инвагинация себебіне байланысты ем консервативті немесе операциялық жағдайда жүргізілуі мүмкін.Инвагинаттын бастапқы сатысында бала ауруханаға жедел жеткізілсе 60%-да тоқ ішекке ауа жіберу арқылы дезинвагинация жасауға болады.Омыраудағы балаларға көбінесе консервативті ем қолданады(монометриялық груша арқылы тоқ ішекке ауа жіберу).

Операцияға жіберілетін көрсеткіштер:

  • Консервативті емнің көмегі болмаса;

  • Асқынулармен түссе(некроз);

  • 1 жастан асқандарға

Емдік –диагностикалық шаралар мен операцияалды дайындық шаралар комплексіне кіреді:

• Вегетативті нерв жүйесіне әсер ету –екі жақты паранефральді новокаинді блокада.

• Назогастральді зонд арқылы аспирациялау нәтижесінде және сифонды клизма арқылы асқазан –ішек жолдарының декомпрессиясы.

• Су –электролитті бұзылыстарды қалпына келтіру, дезинтоксикациялық, спазмолитикалық ем жүргізу.

  • Дезинвагинация жасалмай,инвагинат некрозға ұшыраса ішек резекциясы жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]