- •«Хирургиялық жағдайдағы жедел және шұғыл дәрігерлік көмек» циклі бойынша жмф-нің 5 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
- •Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы.
- •Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
- •Асқазан мен ішекте қан кетудің клиникасы және консервативті терапияның қазіргі заманғы әдістері.
- •Ойық жара ауруының диагностикасы мен хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі заманғы әдістері.
- •Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ойық жараның қанау себептері, классификациясы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Хирургиядағы жедел ішек. Жедел аппендицит.
- •Жедел аппендицит клиникасы.
- •Жедел аппендицит диагностикасы.
- •Аппендэктомия операциясының көрсеткіштері мен қайшылықтары.
- •Жедел аппендициттің асқынуы. Клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Жедел аппендициттің атипті клиникасы.
- •Жедел аппендицит кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ішек өтімсіздігін консервативті емдеу принциптері және оперативті емдеу көрсеткіштері.
- •Инвагинация, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің странгуляционды өтімсіздігі, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің динамикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің механикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Іштің жабысқақ ауруы, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Сыртқы іш жарықтары.
- •Іштің жабық жарақаты.
Ойық жара ауруының диагностикасы мен хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі заманғы әдістері.
Жара ауруының симптомдары. мезгілге байланысты(күз,көктем) күшейеді.Эпигастрий аймағында “қанжар сұққан тәрізді” ауырсыну болады.
Асқорыту немесе аш кезінде қатты ауырсыну болады.Ауырсыну ас қабылдаған соң 15-40мин кейін болса,ерте ауырсыну деп аталады.1.5-3сағаттан соң болса,кеш ауырсыну дейді.Ас қабылдағанға байланысты,құсудан соң жеңілдік болады.
Құсу-құсық тамақ,өт,қан,нәжіс аралас бола-ды.Құсық тамақ аралас болса-асқазан қоры-
Қыжылдау-эпигастрий аймағында немесе төс артында жағымсыз әсер болады. Ас, антоцид қабылдаған соң басылады
Клиникасы.Жас,орта жастағы адамдар,көбіне ер адамдар ауырады.Ауырсыну эпигастрий аймағында,ас қабылдағанға байланысты.
Ауырсыну ритмі: аштық-ауырсыну-ас қа-былдау-жеңілдік-аштық-ауырсыну.Құсу жеңілдік әкеледі.Ренгенологиялық зерттеуде “рельефнишаны” көруге болады.
Дифференциальды диагноз:12 елі ішек жара ауруының клиникасында ауырсыну оң жақ қабырға астында ұстама болса,өт-тас ауруымен,холециститпен салыстырады.Жара ауруы кезінде ауру мезгілге байланысты асқынады,құсудан соң ауырсыну басылады, пальпация жасағанда оң түзу бұлшықет аумағы ауырса,өт-тас ауруында оң жақ қабырға асты ауырсынады Созылмалы панкреатитпен салыстырмалы диагноз жасау керек,ауырсыну іштің жоғарғы бөлігінде,ас қабылдаудан соң болады,құсудан соң жеңілдік жоқ,ауырсыну иррадиация береді.
Хирургиялық емі:
Жаралы қан кетулерде шұғыл, жедел және жоспарланған операция түрлерін ажыратады.
Шұғыл операция қан тоқтату және жарадағы тромбыларға (тұрақсыз гемостаз) бірінші-екінші тәулікте,сонымен қатар қан кету қайталанғанда стационарда жасалады.
Жоспарлы оперция тұрақты гемостазда, үлкен емес жараларда, тромбтар мен қан жоғалтудың жеңіл дәрежесінде қолданылады.
Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
Асқазан-ішектен қан кету белгілері бар науқастарды жедел госпитализациялау қажет. Міндетті түрде зембілмен тасымалдау керек. Тасымалдау кезінде науқас жатуы керек. Іштің жоғарғы бөлігіне суық басу, қажет жағдайда трансфузионды терапия жүргізу қажет. Жүрек препараттары мен қан тамырларды тарылтқыш препараттар қарсы көрсетілген, себебі ол тоқтаған қанды көбейтуі немесе қайталандыруы мүмкін.
Дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің алгоритмі
Қатаң зембілдік режим.;
Су мен тамақ қабылдауға мүлдем шектеу қою;
Ішіне суық басу;
10 мл 10%-тік кальций хлориді ерітіндісін көктамырға енгізу, 4 мл 3%-тік викасол ерітіндісі;
Плазма алмастырушы ерітінділерді шұғыл көктамырға инфузия жасау;
Плазма алмастырушы ерітінді мен оттегі терапиясын жалғастыру.
Жедел реанимациялық шаралар және интенсивті терапиядан соң науқасты стационарға шұғыл эвакуация.
Критикалық гиповолемия болған жағдайда вазоконстрикторлар қолданылады (АҚҚ 50 мм сын.бағ. Және төмен) немесе 2 мл 0,2% норадреналин ерітіндісін, немесе 1 мл 1 % мезатон ерітіндісін 500 мл 5 % глюкоза ерітіндісімен көктамырға енгізу.
Қабылдау бөлімінде:
Зембілмен науқасты шокқа қарсы палатаға жатқызады;
Плазмаалмастырушы ерітінділерді құюды жалғастырып, магистральды венаны катетеризациялайды немесе пункция жасайды;
Резус сәйкестілігін анықтауға және биохимиялық анализге қан алады;
Қан тобын және резус-факторын анықтайды;
Коагулограмманы зерттейді және қан жоғалту дәрежесін анықтайды;
Гемотрансфузия жасайды.
