
- •«Хирургиялық жағдайдағы жедел және шұғыл дәрігерлік көмек» циклі бойынша жмф-нің 5 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
- •Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы.
- •Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
- •Асқазан мен ішекте қан кетудің клиникасы және консервативті терапияның қазіргі заманғы әдістері.
- •Ойық жара ауруының диагностикасы мен хирургиялық жолмен емдеудің қазіргі заманғы әдістері.
- •Асқазан мен ішекте қан кету кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ойық жараның қанау себептері, классификациясы, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Хирургиядағы жедел ішек. Жедел аппендицит.
- •Жедел аппендицит клиникасы.
- •Жедел аппендицит диагностикасы.
- •Аппендэктомия операциясының көрсеткіштері мен қайшылықтары.
- •Жедел аппендициттің асқынуы. Клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Жедел аппендициттің атипті клиникасы.
- •Жедел аппендицит кезінде жедел көмек көрсету принциптері.
- •Ішек өтімсіздігін консервативті емдеу принциптері және оперативті емдеу көрсеткіштері.
- •Инвагинация, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің странгуляционды өтімсіздігі, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің динамикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері.
- •Ішектің механикалық өтімсіздігі, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Іштің жабысқақ ауруы, себептері, клиникасы, диагностикасы мен емдеу әдістері, алдын алу.
- •Сыртқы іш жарықтары.
- •Іштің жабық жарақаты.
«Хирургиялық жағдайдағы жедел және шұғыл дәрігерлік көмек» циклі бойынша жмф-нің 5 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары
Асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы.
Асқазан мен 12 елі ішекте ойық жараның пайда болу патогенезіне қазіргі заманғы көзқарас.
Жара ауруының этиологиясында Helicobacter pilori бактериясының орны өте маңызды. НР-70-79%-созылмалы гастрит ауруында 70%-асқазан жарасы 90%-дуоденальді жара ауруларында кездеседі.НР тек асқазан эпителиінде ғана өмір сүре алады.Олар асқазанның антральді бөлігінде орналасып,созылмалы қабыну туғызады. 12-елі ішек жара ауруы бар науқастардың бәрінде асқазан эпителиінде ошақтар болады,олар клетка метоплазиясынан,яғни асқазан сөлінің көп бөлінуінен пайда болады.Бұл жерлерде микроорганизмдер көбейіп,шырышты қабат қабынуын тудырады.НР қышқыл ортада тіршілік ету ерекшелігі уреаза-ферментін бөлуі, ол мочевинаны ыдырата алады. НР айналасына көмірқышқылы мен аммияктан тұратын қабат түзеді,ол асқазан тұз қышқылын нейтролиздейді.
Патогенез: қышқыл-пептикалық фактор,моторика мен қышқыл түзудің бұзылуы,шырышты қабат регенерациясы мен морфологиялық қайта құрылу жатады.Жара ауруында стресс факторы маңызды орын алады Гастродуоденальді зонаға стрессор әсері 2 жолмен өтеді:
1.Нервті жол: бас ми қыртысы- аралық ми-кезбе нерв орталығы-кезбе нерв-гастродуо-денальді зона.
2.Гормональді жол: ми қыртысы-гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без қыртысы-глюко-кортикоидтар-гастродуаденальді зона.
Жара дефектісі асқазан мен 12 елі ішекте агрессия және шырыш қабат қорғанысының ди-намикалық тепе-теңдігі бұзылғанда дамиды.
Негізгі агрессия факторы тұз қышқылы мен пепсин.Тұз қышқылы тіндерге зақымдаушы әсер етеді,пепсин некрозға ұшыраған тіндерді қорытады. Шырышты қабаттың резисттентілігін қамтамасыз етуде муциннің маңызы зор,ол жапқыш эпителий клеткаларын шығарады.Буферлік жүйеге байланысты муцин қышқылдар мен негіздерді нейтрализдейдіз
Асқазан мен ішекте қан кетудің клиникасы және консервативті терапияның қазіргі заманғы әдістері.
КЛИНИКАСЫ:Егер де қан кету көзі өңеште, не болмаса асқазан сөлінің қышқылдығы төмен науқастарда немесе қан жоғалту көлемі шамалы ғана болса, құсық массалары өзгермеген ал қызыл түсті қанмен сипатталады. Жиі асқазаннан қан кеткенде құсық массалары асқазанда қан-тұз қышқылының әсерінен түзілетін тұз-қышқылды гематиннен тұратын қоңырқай ұйынды «кофе қоюы» түрінде болады.Аталған белгілер асқазан-ішектен қан кеткенде жетекші клиникалық көріністер болуын ескеру маңызы, ал тікелей көріністері (қан құсу және мелена) бірнеше сағаттан кейін дамуы мүмкін.
Емі: Комплексті гемостатикалық терапия жүргізіледі.
(,
Қатаң төсек режимі, эпигастрий аймағына суық қою, асқазанды суық сумен жуу тағайындалады. Асқазанға зондпен 0,1% 4 мл адреналин ерітініндісімен 100-150 мл 5% аминокапрон қышқылын енгізеді немесе бұл ерітіндіні бір шай қасықпен әр 15 мин сайын ішкізеді.
Гемостатикалық терапия келесі көлемде жүргізіледі: аминокапрон қышқылы 5% 200мл, децинон 250 мг, кальций хлориді 10% 10 мл, фибриноген 1-2 гр 250 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне, викасол 1% 3мл бұлшық етке.
Волемиялық бұзылыстарды жою мен ЦҚК толтыруды қан және оның компоненттерін құюмен жүргізеді, нативті, құрғақ және мұздатылған плазма 200-800 мл дейін, сонымен қатар декстранондар, альбуминдер, протеиндер, кристаллоидтар.
Жаралық қан кетуде консервативті терапия мақсатына гемодинамиканы тұрақтандыру үшін жүректік, тамырлық және тыныс алу дәрілерін қолдану, метаболикалық ацидозды жою үшін натрий гидрокарбонаты 4% 200 мл және микроциркуляцияны қалыптастыру үшін реополиглюкин 400 мл және трентал 10-15 мл 250 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісіне құяды.
Консервативті ем : қышқыл өндіруді тежеуші, антацит,седативті,шырышты қабаттың қорғаныс қызметін жақсартатын заттар.Консервативті ем әсері болмаса оперативті ем қолданылады. Ваготомия және дистальді асқазан резекциясы жасалады.Асқазан резекциясы кезінде гастрин өндіретін антральді бөлімді алып тастайды, Билирот І әдісін қолданады. Бағаналық Ваготомия,селективті асқазан Ваготомиясы, проксимальді селективті Ваготомия, Джадду бойынша пилоропластика,Жабулэ бойынша гатродуоденостомия, Финей бойынша пилоропластика,гастроеюностомия