- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
Бұл аймақ батысында Орал тауларымен, шығысында Орта Сібір таулы үстіртінің кертпештерімен, оңтүстігінде Каспий теңізінің солтүстігімен, Торғай қолатымен жәнеАлтай тауларымен шектесіп жатыр. Аймақтың айтарлықтай бӛлігін Батыс Сібір жазығы, ал оңтүстік-шығыс бӛлігін Алтай таулы облысы алып жатыр. Климаттық жағдайлары мен географиялық ландшафттары солтүстігінде тундрадан оңтүстігінде далалы аудандардың таралуы бойынша анықталады. Жазықты аумақ шегіндегі жауын-шашын мӛлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 400-500 мм-ден 250-300 мм-ге дейін азаяды. Алтайда беткейлердің ылғал тасымалдаушы ауа массаларына қарай орналасуына байланысты жауын-шашын мӛлшері 400-600 мм-ден 1500-2000 мм дейін артады.Сонымен қатар, Батыс Сібірдің жазықты бӛлігі, әсіресе, орман зонасы тегіс суайрықтардың кездесуіне, жауын-шашын мӛлшерінің мол түсуіне және гидрографиялық желінің әлсіз дамуына байланысты жоғары батпақтануымен ерекшеленеді. Батыс Сібір гидрографиялық жағынан түгелдей дерлік Обь алабы жүйесіне жатады. Солтүстік-шығысында Обь сияқты Кар теңізі алабына жататын Пур және Таз ӛзендерінің алаптары орналасқан. Таулы Алтайдың ӛзенжелісі 0,70 км/км2 жететін жиілігімен ерекшеленеді. Мұнда Обь ӛзенін түзетін Бия және Катунь ӛзендері, сондай-ақ Ертіс ӛзенінің бірқатар салалары бастау алады. Су жинау алабының ұзындығы және ауданы бойынша Обь ӛзені Ресейдегі ірі ӛзен болып табылады. Ішкі ағынсыз аудандарды қоса алғандағы ӛзен алабының ауданы 2990 мың км2. Бия және Катунь ӛзендерінің қосылған жерінен бастап есептегендегі ӛзен ұзындығы 3650 км тең. Егер Обь ӛзенінің бастауы ретінде Катунь ӛзенінің бастауын алатын болсақ, онда оның ұзындығы 4338 км құрайды, егер Ертістің бастауы болса –5400 км аса. Ең ірі саласы Ертіспен бірге Обь Батыс Сібірдің негізгі су артериясын құрайды. Ӛзен Кар теңізінің Обь кірмесіне құяды. Орташа жылдық су ӛтімінің мәндері Барнаул қаласы маңында 1460 м3/с, Новосибирск қаласы маңында 1600 м3/с, Салехард қаласы маңында 12200 м3/с, сағалық бӛлігінде 12700 м3/с тең. Салехард қаласы маңындағы ең жоғарғы су ӛтімі 42800 м3/с жетеді. Ӛзен Обь кірмесіне құяр жерінде ауданы 4 мың км2 астам атырау түзеді. Кірменің ӛзі аңғардың су басқан бӛлігіндегі эстуарий арқылы кӛрініс береді. Ӛзен қар суымен қоректеніп, жаз бойы және күзге дейін су басу үдерісі байқалады. Кӛктемгі су басу кезінде ӛзен жайылмаларының ені 40-50 км жетіп, Ертіс ӛзені құйғаннан кейін, ӛзеннің орташа ені 3-4 км құрайды. Ӛзеннің георграфиялық орнына байланысты, ол 150-210 күн бойы мұз құрсанып жатады. Ӛзеннің оң жағынан – Томь, Чулым, Кеть, Вах, Аган, Надым, сол жағынан – Ертіс ӛзені құяды. Катунь – Обьтың сол құраушысы – Белуха тауы мұздығынан (4506 м) бастау алады. Ӛзен ұзындығы 688 км, су жинау алабының ауданы 60,9 мың км2, сағалық бӛлігіндегі орташа жылдық су ӛтімі 630 м3/с, ағынды модулі 10,3 л/(с км2). Су басудың сәуір мен қыркүйек айлары аралығына дейін созылуы су режимінің басты ерекшелігі болып табылады. Осы уақыт аралығында жылдық ағындының 80-90% ағып ӛтеді. Мұздықтар мен биік таулы аудандардағы қар суларының ӛзен қоректенуіндегі үлесі айтарлықтай. Бия – Обьтың оң құраушысы – Телецк кӛлінен ағып шығады. Ӛзен ұзындығы 301 км, сужинау алабының ауданы 37 мың км2, Бийск қаласы маңындағы сағалық бӛлікте ӛзеннің орташа жылдық су ӛтімі 470 м3/с құрайды. Қоректенуінде қар және жаңбыр суларының үлесі басым. Су басу сәуірден қыркүйекке дейін жалғасады. Чулым ӛзені Кузнецк Алатауының солтүстік-шығыс беткейлерінен бастау алатын Ақ Июса мен Қара Июса ӛзендерінің қосылуынан түзіледі. Ӛзен ұзындығы 1799 км, су жинау алабының ауданы 134 тыс. км2. Аймақтағы басқа ӛзендер сияқты ӛзеннің сипаты қарастырылып отырған учаскенің географиялық орнына сәйкес келіп, не таулы, не жазықты ӛзендер қатарына жатады. Ӛзеннің сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 785 м3/с тең. Томь ӛзені Абакан жотасының батыс беткейінен бастау алады. Ӛзеннің ұзындығы 827 км, су жинау алабының ауданы 62 мың км2, сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1080 м3/с тең. Су режимінде кӛктемгі-жазғы су басу және жаз мезгіліндегі су тасқыны байқалады. Кеть ӛзені Обь-Енисей суайрықтарынан бастау алып, жазықты аймақтағы кең жайылмалы ӛңделген аңғар бойымен ағып ӛтеді.Ӛзен ұзындығы 1621 км, су жинау алабының ауданы 94,2 мың км2, сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 560 м3/с. Ӛзеннің су режимі кӛктемгі-жазғы су басумен және қысқы уақытта сабаға түсуімен сипатталады. Обьтың ең ірі саласына Қытайдағы Леонголь Алтайының батыс беткейлерінен бастау алатын Ертіс ӛзені жатады. Ӛзеннің жоғарғы бӛлігі Шығыс Қазақстан аумағын кесіп ӛтеді. Ӛзеннің ұзындығы 4248 км, су жинау алабының ауданы 1643 мың км2, Тобольск қаласы маңындағы су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 2140 м3/с тең. Пур және Таз Кар теңізінің Таз кірмесіне құяды. Таз ӛзені Обь және Енисей ӛзендері алаптарының суайрықтарында орналасқан кӛлдерден бастау алады. Ӛзен ұзындығы 1400 км, сужинау алабының ауданы 150 мың км2, су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1450 м3/с тең. Пур ӛзені Пякупур және Айваседапур ӛзендерінің қосылуынан түзіледі, Пякупур ӛзенінің ұзындығы 1024 км, ӛзен алабының ауданы 112 мың км2, су сағалықбӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1040 м3/с. Таз және Пур ӛзендері орманды, жазықты аумақтар бойынша ағып ӛтеді, олардың тӛменгі ағысы тундра шегінде орналасқан. Ӛзендер, негізінен, қар суымен қоректенеді. Батыс Сібірде кӛлдер кӛп, олар баяланған ағындыға ие жазықты бедерде – Батыс Сібір жазығы және таулы бедерде түзіледі. Аймақтың ең ірі кӛлі – Телецк кӛлі. Шығу тегі тектоникалық кӛл Алтайдың 436 м биітіктегі солтүстік-шығыс бӛлігінде орналасқан. Су айдынының ауданы 223 км2, су кӛлемі 40 км3. Кӛл оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр, оның орташа ені 3 км жуық, ұзындығы 78 км. Ең терең жері 325 м құрайды. Кӛлге 70 жуық ӛзен құяды, ал Бия ӛзені ағып шығады.
14.Шығыс Сібір
Шығыс Сібір аумағында дүние жүзі мен Ресейдің Енисей, Ангара, Лена, сондай-ақ Индигирка және Колыма сияқты ірі ӛзендерінің алаптары орналасқан.Шығыс Сібір негізінен таулы елдер санатына жатады. Мұнда орташа биіктіктегітаулар басым, ал ойпаттар кішігірім кеңістіктерде таралған. Климаты шұғыл континенталдылығымен сипатталады. Қыстағы тұрақты, әрі қуатты антициклон әсерінен ауа құрғақ, әрі температура мәні тӛмен болады. Аумақтың айтарлықтай бӛлігіне жылына 200-400 мм жететін жауын-шашын түседі. Саян таулары мен басқа да қыраттарда жауын-шашын мӛлшері 700-2000 мм дейін артады. Аймақтың батпақтану дәрежесі мардымсыз, ӛзен алаптарының кӛптеген бӛліктері үшін жалпы ауданының 1 % құрайды. Енисейдің солжақ жағалауындағы кіші ӛзендер ғана батпақтанған болып келеді. Енисей – Ресейдің ең суы мол ӛзені және сулылығы бойынша дүние жүзінде жетінші орынға ие. Сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 18700 м3тең. Игарка қаласының маңында байқалған ең жоғары су ӛтімі 154000 м3 құраған. Ӛзен Қызыл қаласы маңында Үлкен Енисей (Бий-Хем) және Кіші Енисей (Каа –Хем) ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Кар теңізінің Енисей шығанағына құяды. Оның құраушыларының қосылған жерінен ӛзеннің сағасына дейінгі ұзындығы 3487 км, Үлкен Енисей басталса – 4092 км. Су жинау алабының ауданы 2580 мың км2, оның 328 мың км2 Монғолия шегінде орналасқан. Енисей салалары – Ангара, Подкаменная Тунгуска, Тӛменгі Тунгуска және т.б. ӛз алдына ірі ӛзендер болып саналады. Ӛзеннің жоғарғы бӛлігі таулы сипатқа ие. Батыс Саян шегінде ӛзен аңғары тар, кей жерлері ені 100-150 м жететін жартасты коридор – каньон іспеттес. Таудан шығаберісіндегі Минусин ойпатында ӛзен аңғары кеңейеді. Орта ағысында аңғардың ені 10-11км, ал тӛменгі 10-20 км, кейде 40 км дейін жетеді, ал бұл жердегі ӛзен ені 2-5 км тең.Игарка қаласы маңындағы ӛзеннің тереңдігі 20-40 м жетеді.
Енисейдің ағынды кӛлемі жылына 590 км3 құрайды. Ӛзен, негізінен, еріген қар суларымен қоректеніп, ӛзенде жоғары, әрі ұзаққа созылған күзгі-жаздық су басу орын алады. Жаз және күз мезгіліндегі жаңбыр сулары су тасқындарының туындауына себепші болады, ал күз бен қыста ӛзендер сабасына түседі. Жоғары су басулар кезінде ӛзеннің жоғары жағындағы су деңгейі 5- 11 м, орта ағысында 10-15 м, тӛменгі ағысында 15-23 м жетеді. Ӛзенде ірі су қоймалар – Саяно-Шушенск және Красноярск СЭС салынған. Енисейдің ең ірі оң саласы – Ангара (Жоғары Тунгуска), Байкал кӛлінен ағып шығады. Ӛзеннің ұзындығы 1779 км, Байкал алабымен қоса алғандағы су жинау алабының ауданы 1039 мың км2. Ӛзен су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1730 м3/с, сағалық бӛлігінде 5100 м3/с.Ӛзеннің су режимі Иркутск, Братск және Усть-Илимс СЭС арқылы реттелген. Ангара ӛзенінің ең ірі салаларына Шығыс Саяннан бастау алатын Иркут, Китой,Белая, Иеймен бірге Ока, Уда және Бирюса және Лена-Ангара үстіртінен бастау алатын Илим ӛзені жатады.Подкаменная (Орта) Тунгуска – кӛлемі бойынша Енисейдің үшінші саласы, Лена, Илим және Тӛменгі Тунгуска бастауларының маңындағы Ангара бұйратының оңтүстік батыс беткейінен бастау алады. Ӛзен ұзындығы 1865 км, су жинау алабының ауданы 240мың км2, сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1800 м3/с құрайды. Негізгі салалары: сол – Камо және Вельмо; оң – Тэтэрэ және Чуня.Ӛзеннің қоректенуіндегі қар суының үлесі басым (60%), жаңбыр және жер асты суларының үлесі, сәйкесінше 16 және 24%.Ӛзен қазан айының соңынан мамыр айының соңына дейін мұз құрсанып жатады, оның ұзақтығы 200-210 күнге созылады. Енисейдің кӛлемі жағынан екінші ӛзені Тӛменгі Тунгуска Ангара бұйратының шығысындағы Орта Сібір таулы үстіртінің оңтүстік бӛлігінен бастау алады. Ауданы 4732 мың км2 құрайтын ӛзен алабы Орта Сібір таулы үстіртінің шегінде орналасқан. Ӛзеннің ұзындығы 2989 км, сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 3680 м3/с, ең жоғарғы мӛлшері шамамен 74000 м3/с.Байкал кӛліне 300 асаӛзен құяды, олардың ең ірілеріне Селенга, Жоғарғы Ангара,Баргузин, Турка ӛзендері жатады. Байкал кӛлінің басты саласы Селенга, Монғолиядағы Улан-Тайга жотасының шығыс беткейінен және Хингай таулы қыратының солтүстік беткейінен ағып келетін Идэр және Мурэн ӛзендерінің қосылуына түзіледі. Ӛзен ауданы 546 км2 құрайтын атырау түзе отырып, Байкал кӛлінің оңтүстік бӛлігіне келіп құяды. Ӛзеннің ұзындығы 1024 км Идэр өзенімен қоса алғанда – 1433 км, су жинау алабының ауданы 447 мың км2, Ресей шегінде148 мың км2. Су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 93,5 м3/с тең. Ӛзен қарашаайыныңортасынан бастап қата бастайды да, сәуір айының аяғында мұздан толықтай айығады. Мұзқұрсау ұзақтығы 150-170 күнге созылады.Лена сулылығы жӛнінен Ресейдегі Енисейден кейінгі екінші ӛзен. Су ӛтімініңорташа жылдық мӛлшері 16600 м3/с тең. Ӛзеннің бастауы Байкал жотасының батысбеткейіндегі 930 м биіктікте орналасқан, Лена Лаптевтер теңізіне құяды.Ӛзенніңұзындығы 4400 км, су жинау алабының ауданы 2490 мың км2. Жоғары ағысында ӛзенжағалары биік ені 1-10 км жететін салыстырмалы тар аңғар бойымен, ал тӛменгі ағысындакең (25-30 км), батпақтанған жазық бойынша ағады, тек Хараулах тауларында ӛзен аңғары тарылады, мұндағы ӛзен арнасының ені 2,0-2,5 км құрайды. Ӛзен теңізге құяр жеріндеауданы 27,7 мың км2жететін атырау түзеді.Лена ӛзені, негізінен, еріген қар сулары есебінен қоректенеді. Су деңгейінің ауытқутербелісі жоғарғы ағысында 8,4 м, тӛменгі ағысында – 28,3 м жетеді. Ең ірі салаларына Витим, Олѐкма, Алдан, Вилют ӛзендері жатады. Лена ӛзенінің оң жақ жағалауындағы ең ірі ӛзені – Алдан. Ӛзеннің ұзындығы 2273км, су жинау алабының ауданы 729 мың км2, Сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 5200 м3/с. Ӛзен Становой жотасының солтүстік беткейінен бастау алады. Ӛзеннің қоректену типі аралас, дегенмен, қар суымен қоректену басымырақ.Лена ӛзенінің сол жақ жағалауындағы ең ірі ӛзендердің бірі – Вилют ӛзені, су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1520 м3/с құрайды. Ӛзен Орта Сібір таулы үстіртінің орталық бӛлігінен басталып, Якутск қаласынан 300 км тӛменірек жерде Лена ӛзеніне 24 құяды. Ӛзеннің ұзындығы 2650 км, су жинау алабының ауданы 454 мың км2. Ӛзенде Вилюй СЭС салынған.Шығыс Сібірдің солтүстік-батысында Енисей және Лена алаптарының аралықтарында Пясино кӛлінен бастау алатын Пясник ӛзенінің алабы орналасқан. Ӛзен Кар теңізінің Пясино шығанағына келіп құяды, ӛзеннің ұзындығы 818 км, су жинау алабының ауданы 182 мың км2. Ӛзен алабы тундра және орманды тундра табиғи зоналарышегінде орналасқан. Сағалық бӛлігіндегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 2600 м3/с.Лена сағасынан шығысқа қарай Лаптевтер теңізіне Верхоянск жотасының солтүстікбеткейінен бастау алатын Дулгалах және Сартанг ӛзендерінің қосылуы нәтижесіндетүзілетін Яна ӛзені құяды. Ӛзеннің ұзындығы 872 км, су жинау алабының ауданы 238 мыңкм2, су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері шамамен 1000 м3/с. Ӛзен, негізінен, жаңбырсуымен қоректенеді және мардымсыз су басумен және жоғарғы жаздық-күздік жаңбырлысу тасқындарымен сипатталады. Ағындының айтарлықтай бӛлігі жылдың дылы мезгілінде– маусым мен қыркүйек аралығында ағып ӛтьеді. Қыста ӛзеннің таяз учаскелері түбінедейін қатып жатады. Шығыс Сібір теңізі алабына Индигирка және Колыма ӛзендері жатады. Индигирка Хастах және Тарын-Юрях ӛзендерінің қосылуынан түзіледі, оның ұзындығы 1977 км, су жинау алабының ауданы 360 мың км2 , су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 1850 м3/с. Ӛзеннің су режимі жазғы жауындар нәтижесіндегі жылдың жылы мезгіліндегі су басумен сипатталады. Қыста ӛзеннің бірқатар учаскелері түбіне дейін қатып қалады.Колыма – Ресейдің солтүстік-шығысындағы ірі ӛзен, ол Кулу және Аян-Юрях таулы ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Шығыс Сібір теңізінің Колыма шығанағына құяды. Түзуші ӛзендердің қосылған жерінен бастағандағы ұзындығы 2199
15.Ресейдің Қиыр Шығысының өзендерінің гидрологиялық режимі.
Ресейдің Қиыр Шығысы Ресейдің Қиыр Шығысы, Шығыс Сібір тәрізді, жер бедері қатты тілімденген таулы аумаққа жатады. Аймақтың климаты муссондық сипатқа ие. Құрлықтан мұхитқа бағытталған қысқы муссон Шығыс Сібірден ауа райы суық, құрғақ және бұлсыз суық континентальды ауаны алып келеді. Жазғы муссон ауа райы жаңбырлы және салқын үлкен ылғалды ауаны және нӛсерлі жауын-шашынды алып келеді. Ең кӛп жауын-шашын аймақтың оңтүстік аудандарына жылына 600-800 мм түседі. Жағалаудан алыстаған сайын жауын-шашын мӛлшері азаяды. Ресейдің Қиыр шығысының ӛзендері Тынық мұхитының - Беринг, Охот және Жапон теңіздерінің алаптарына тиеселі.
Ресейдің Қиыр шығысы ӛзендерге бай. ӛзен желісінің жиілігі мұнда км/км2 жетеді. Ауданның негізгі ӛзендері Амур және оның салалары – Зея, Бурея және Уссури. Солтүстік-шығысында Анадырь ӛзені ағады. Амур ӛзені Аргунь мен Шилка ӛзендерінің бірігуінен пайда болып, эстуарий құра Татар бұғазының Амур лиманнына құяды. Аргунь мен Шилка ӛзендерінің бірігуінен бастап ӛзеннің ұзындығы сағасына дейін 2824 км, Аргунь ӛзеннен есептегенде ұзындығы 4440 км құрайды. Алабының ауданы 1855 мың км2. Ӛзен Қытай Халық Республикасымен шекаралық болып табылады. Сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 10900 м3/с тең. Амур ӛзені тасқындық режимге ие. Ӛзеннің негізгі қоректенуі жаз мезгіліндегі жаңбырмен байланысты. Қармен қоректенуінің үлесі жылдық ағындының жоғарғы ағысындаа – 10-12 %-н, ал тӛменгі ағысында - 2- 6 %-н құрайды. Амур ӛзенінің негізгі салалары - Шилка, Зея, Бурея, Уссури, Аргунь ӛзендері. Зея ӛзені – Амур ӛзенінің ең суы мол сол жақ саласы, Становой жотасының оңтүстік беткейінен басталады. Сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 1900 м3/с тең. Ӛзеннің негізгі қоректену кӛздері, сонымен қатар, жазғы жауын-шашын болып табылады. Су тасуы сәуір айының аяғында басталады және жазғы жауын-шашындық су тасуы кезінде максималды су ӛтімдерімен қазан айына дейін жалғасады. Амурдың ӛлшемі жағынан екінші орындағы саласы Оң және Сол Бурея ӛзендерінің бірігуінен пайда болған Бурея ӛзені. Оң Бурея ӛзенінен есептегендегі ӛзеннің ұзындығы 739 км-ге тең, су жинау алабының ауданы 70,7 мың км2, сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 940 м3/с құрайды. Амурдың ірі оң жақ саласы оған Хабаровск қаласынан жоғары 40 км жерде құятын Уссури ӛзені. Ӛзеннің үлкен бӛлігі Қытаймен шекаралық болып жатыр. Ӛзеннің ұзындығы 897 км, су жинау алабының ауданы 193 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 1150 м3/с құрайды. Анадырь ӛзені Анадырь қыратындағы 680 м биіктіктегі таулық кӛлден басталады және Беринг теңізінің Анадырь шығанағына құяды. Ӛзеннің ұзындығы 1150 км, су жинау алабының ауданы 191 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 1680 м3/с тең. Ӛзенде қардың еруі салдарынан жоғары кӛктемгі су тасуы байқалады, жазғы-күзгі кезеңінде су тасуының максималды су ӛтімінен аспайтын жаңбыр тасқындары байқалады. Камчатка түбегінің ең үлкен ӛзені Срединный жотасының шығыс беткейінен басталатын және Тынық мұхитының Камчатка шығынағына құятын Камчатка ӛзені. Ӛзеннің ұзындығы 758 км, су жинау алабының ауданы 55,9 мың км2. Жылдық орташа су ӛтімі 980 м3/с тең. Ӛзеннің негізгі қоректену кӛзі жер асты сулары мен еріген сулар. Қиыр Шығыстың ең кӛлі – Ханка кӛлі, Приморский шетінің оңтүстік бӛлігінде Қытай шекарасында орналасқан. Су айдынының ауданы 4190 км2, ұзындығы 95 км, ені 70 км. Кӛл суы тайыз, тереңдіктерінің кӛпшілігі 1-3 м, максималды тереңдігі 10 м-ге жетеді. Кӛл Приханский ойпатындағы тектоникалық ойпаңында орналасқан.
