Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі

Ресейдің Еуропалық аумағының солтүстігі (Солтүстік ӛлке) Солтүстіктен оңтүстікке қарай тундра, орманды-тундра және тайга зоналарын алып жатқан, қарастырылып отырған аумаққа жазықтық сипат тән. Мұнда Онега, Солтүстік Двина, Мезень және Пегора ӛзендерінің алаптары орналасқан. Солтүстік Двина – Сухона және Юга ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Ақ теңіздің Двина кірмесіне құятын Солтүстік ӛлкедегі ірі ӛзен. Ӛзен ұзындығы 744 км, Сухонамен қоса алғанда1314 км, су жинау алабының ауданы 357 мың км2. Ӛзен атырауының ауданы 9000 км2, ол бес негізгі тармақтан және кӛптеген тармақшалардан тұрады. Сағалық бӛлігінің орташа жылдық су ӛтімі 3490 м3/с (110 км3 жылына) тең. Ӛзендер негізінен еріген қар суларымен қоректенеді (жылдық ағынның 60%). Солтүстік Двинаның басты оң салаларына Вычегда және Пинега, сол саласына Вага ӛзені жатады.Ӛзен қараша айының бірінші жартысынан сәуір айының соңына – мамыр айының басына дейін қатып жатады. Печора Солтүстік Орал тауларының батыс беткейлерінен бастау алып, Баренц теңізінің Печора кірмесіне құяды. Ӛзен ұзындығы 1809 км, ӛзен алабының ауданы 322 мың км2. Печора аймақтағы ең суы мол ӛзен болып табылады, оның орташа жылдық су ӛтімі 4000 м3/с (126 км3 жылына). Оң жақ жағалаудан келіп құятын негізгі салаларға – Илыч, Щугор, Уса, сол жалаудан келіп құятын салаларға – Кожва, Ижма, Пижма, Цильма, Сула ӛзендері жатады. Ӛзендер еріген қар сулары есебінен қоректенеді – жылдық ағынның 60%, сондай-ақ ӛзен қоректенуінде жаздық-күздік жаңбырлардың да маңызы зор. Аймақтағы басқа ӛзендермен салыстырғанда, ӛзен суларының лайлығы жоғары. Онега ӛзені Лача кӛлінен бастау алып, Ақ теңіздің Онега кірмесіне құяды. Ресейдің Еуропалық бӛлігінің орталық және оңтүстік аудандары. Бұл аудандар аумақтарында Қара, Азов және Каспий теңіздеріне құятын Волга, Днепр ӛзенінің жоғарғы бӛлігі, Дон, Орал сияқты ірі ӛзендердің алаптары орналасқан. Аумақтың айтарлықтай бӛлігін Орыс жазығы алып жатыр, оның оңтүстік-шығыс аудандары Орал тауларымен және Қазақстанның далалық аудандарымен, ал солтүстігі Балтық, Ақ және Баранц теңіздерінің ӛзен алаптарымен шектеседі. Бұл аймақ орманды, орманды-дала және дала зоналарын қамтиды. Оның оңтүстік-шығыс бӛлігі – Каспий маңы ойпаты шӛлейт зонасында орналасқан. Днепр ӛзені Смоленск облысындағы Валдай қыратының оңтүстік бӛктеріндегі 253 м биіктікте орналасқан мүкті батпақтан бастау алады. Ары қарай Белорусь пен Украина аумақтарын кесе отырып Қара теңіздің Днепрлік лиманына құяды. Орта Орыс қыратының солтүстік бӛлігіндегі 179 м биіктікте Азов теңізінің Таганрог шығанағына құятын Дон ӛзені бастау алады. Ӛзеннің ұзындығы 1870 км, су жинау алабының ауданы 422 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 93,5 м3/с (30 км3 жылына) тең. Ағынды жыл бойына әркелкі үлестірілген. Кӛктемде еріген қар су есебінен жылдық ағындының 70-80%, жаздық-күздік маусымда 15-20%, қыс мезгілінде 6 -10% ағып ӛтеді. Кӛктемгі су басу алаптағы қардың бір уақытта еруі нәтижесінде қарқынды жүреді. Дон ӛзенінің басты оң салаларына Сұлу Меча, Сосна, Солтүстік Донец, солтүстік салаларына Воронеж, Икорец, Битюг, Хонер, Медведица, Иловля, Сал, Маныч ӛзендері жатады.

Волга Еуропадағы ең үлкен, әрі суы мол ӛзен. Оның ұзындығы 3530 км, ӛзен алабының ауданы 1360 мың км2, Волгоград қаласы маңындағы орташа жылдық су ӛтімі 8060 м3/с (254 км3 жылына) құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]