- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
Ресей Қола түбегі, Карелия, Ресейдің Еуропалық бӛлігінің солтүстік-батыс аумақтары. Қарастырылып отырған аумақ ылғалдылығы мол зонаға жатады. Жылдық жауын-шашын мӛлшері 550-800 мм құрайды. Таулы аудандарда жылына 1000 мм дейін жауын-шашын түседі. Аймақтың бедері мұздықтық әрекеттің айқын кӛрінісін береді. Мол ылғалдылық, аз булану және бай орман жамылғысы кӛптеген кӛлдер мен батпақтардың пайда болуына ықпал етеді. Мысалға, тек Қола түбегінде су айдынының жалпы кӛлемі 8000 км2 асатын 100 000 кӛл бар. Ӛзен алаптары үлкен кӛлдер мен батпақтардың кӛптеп кездесетіндігімен ерекшеленеді. Ӛзендерді, негізінен кӛлдер арасын қосып отырған каналдар деп атауға болады, алапттардың кӛлділік коэффициенті 1 – 10% -дан 20-25 % шамасында ӛзгереді. Қола түбегінің аса ірі ӛзендері – Тулома, Кола, Иоканга, Поной, Нива. Тулома ӛзені Нотозерадан ағып шығып Баренц теңізінің Қола шығанағына келіп құяды. Ӛзен ұзындығы 64 км, алап ауданы 21500 км2, орташа жылдық су ӛтімі 255 м3/с (8,0 км3 жылына). Ӛзен қоректенуінде қар суымен қоректену басымырақ. Мұз басу қазан айынан мамыр айына дейін жалғасады. Қола ӛзені бастауын Колозерадан алып, Қола шығанағына құяды. Ӛзен ұзындығы 834 км, алап ауданы 3850 км2, орташа жылдық су ӛтімі шамамен 40 м3/с. Иокаганга ӛзенінің ұзындығы 203 км, алап ауданы 6020 км2 және орташа жылдық су ӛтімі 74,5 м3/с. Ӛзен Кейва қыратының солтүстік беткейінде орналасқан Алозерадан ағып шығып, Баренц теңізіндегі Святоносск шығанағының Иокаганск кірмесіне келіп құяды.
Поной ӛзені Кейва қыратының батыс бӛлігінен бастау алып, Ақ теңіздің Понойск шығанағына құяды. Ӛзен ұзындығы 426 км, алап ауданы 15,5 тыс км2, орташа жылдық су ӛтімі 175 м3/с, ал ең жоғарғы су ӛтімі 3500 м3/с. Қоректенудің негізгі кӛзі қар болыптабылады, су басу мамыр, маусым айларында байқалады. Мұз басу қазан айының аяғынан мамыр айының ортасына дейін жалғасады. Нива ӛзені Қола түбегінің аса ірі кӛлі Имакурадан ағып шығып, Ақ теңіздің Кандалакшск кірмесіне келіп құяды. Ӛзен ұзындығы 36 км ғана құрайды, алап ауданы 12,8 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 164 м3/с. Ӛзенде, осы аймақтың басқа да кӛптеген ӛзендеріндегідей үлкен құламаға ие бурқанды табалдырықты учаскелер кездеседі. Карелии ӛзендерінің ішінен Вуокса, Кемь, Ковда және Сунна ӛзендерін айрықша атауға болады. Вуокса ӛзені осы аймақтың ең суы мол ӛзен болып табылады. Ӛзен сағасында орташа жылдық су ӛтімі 670 м3/с құрайды. Ӛзен ұзындығы 156 км, алап ауданы 68,7 мың км2. Вуокса ӛзені Финляндия аумағындағы Сайма кӛлінен бастау алып; Ладога кӛліне келіп құяды. Ӛзен алабында 3584 кӛл бар, оның кӛлділігі 24% құрайды. Кемь ӛзені Тӛменгі Куйто кӛлінен бастау алып, Ақ теңіздің Кемь шығанағына құяды. Ӛзен ұзындығы 191 км, алап ауданы 27,7 мың км2. Ӛзен арнасы айтарлықтай ұзындығымен ерекшеленеді. Орташа жылдық су ӛтімі 275 м3/с тең. Ковда ӛзені Топозерадан бастау алады және Ақ теңіздің Кандалакшск кірмесіне құяды. Ӛзен кӛлдерді жалғап жатқан тармақ ретінде кӛрініс береді. Аталған кӛлдер жүйесі - ӛзеннің ұзындығы 233 км құрайды, оның 145 км тармақты кӛлдерге тиесілі. Ӛзен алабының ауданы 26,1 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 270 м3/с тең. Ӛзенде Княжегубск, Кумск және Иовск СЭС салынған. Суна ӛзені Батыс Кареля қыратындағы Киви – Ярви кӛлінен бастау алады. Бұл ӛзен бірқатар кӛлдерден ағып ӛтіп, кӛптеген табалдырықтар мен сарқырамалар түзе отырып, Онега кӛліне құяды. Ӛзеннің жалпы құламасы 325 м құрайды. Ӛзеннің ұзындығы 280 км, ӛзен алабының ауданы 7670 км2. Ӛзен сағасынан 30 км жердегі орташа жылдық су ӛтімі 66 м3/с құрайды. Карелия ӛзендерінің қоректену типі аралас, оның ішінде қар сумен қоректенуі басымырақ. Карелия мен Қола түбегінің ӛзендерінің жыл бойына суы мол келеді. Орташа жылдық ағынды модулі 9-10 л/(с . км2) құрайды, ал таулы аудандарда (Хибины, Мончегор қыраты) ағынды модулі 25-30 л/(с . км2) жетеді.
