- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
Кавказ (Грузия, Армения, Әзербайжан, Ресей) Кавказ, әдетте, келесі облыстарға – Үлкен Кавказ, Солтүстік Кавказ, Закавказья жазықтары мен Кіші Кавказға бӛлінеді. Үлкен Кавказ – Таман түбегінен Апшерон түбегіне дейін созылып жатқан жоталардан құралған, ұзындығы 1500 км жуық ірі тау жүйесі. Тау жүйесінің орталығында екі шыңды – Эльбрус (5642) және Казбек (5033 м) – Суайрық немесе Бас Кавказ жотасы орналасқан. Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейі тік – Закавказье, солтүстігі жайпақтау – Предкавказье. Кіші Кавказ – Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінің шығысындағы жекелеген жоталардан құралған ауқымды таулы қырат. Аймақтың ӛзендері сәйкесінше Солтүстік Кавказ және Закавказья ӛзендері болып бӛлінеді. Солтүстік Кавказ және Закавказья ӛзендері бойлық еңістіктері үлкен және тауда орналасқан таулы ӛзендер мен жазық даланың ӛзендері болып бӛлінеді. Олардың ең ірілері Кубань, Терек, Кума және Калаус Азов и Каспий теңіздері алаптарына жатады.
Закавказьеде ӛзендердің тӛртнегізгі тобы ажыратылады: 1. Үлкен Кавказдың оңтүстік беткейінің ӛзендері; 2. Кіші Кавказ ӛзендері; 3. Кура-Аракс ойпатының ӛзендері; 4. Ленкорань ойпатының ӛзендері. Оңтүстік беткейдің негізгі ӛзендеріне Қара теңіз алабына тиесілі Бзыбь, Кодори, Ингури, Риони және Чорох ӛзендері жатады. Кіші Кавказ таулы қыраты мен Кура-Аракс ойпатында жауын-шашын мӛлшері мардымсыз болғандықтан, бұл аудандардағы ӛзен желісінің жиілігі де аса қалың емес. Кавказдың шығыс бӛлігі ортаазиялық шӛлді аудандардың құрғақ ауа массаларының ықпалында, таулардың тек Каспий теңізіне жанасатын жерлерінде, мысалы Ленкорань ауданында жауын-шашын мӛлшері артады. Солтүстік Кавказдың ең ірі ӛзені Кубань, Эльбрус пен Суайрық жотасынан бастау алатын Учкулан және Уллу-Кам ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Азов теңізінің Темрюк шығанағына құяды. Ӛзеннің ұзындығы 870 км, ӛзен алабының ауданы 57,9 мың км2, Краснодар қаласының маңындағы орташа жылдық су ӛтімі 425 м3/с. Ӛзеннің жоғарғы ағысы таулық типке, орта ағысы жазықтық типке жатады. Ӛзеннің қоректену типі аралас, оның құрамында жаздық жоғары, әрі ұзаққа созылатын су тасқынын қалыптастыратын мұздықтық су үлесі басым. Тұрақты мұз құрсау ӛте сирек байқалады. Мұздық құбылыстар қысқы айларда байқалады. Сол жақ жағалаудан келіп құятын негізгі салаларға Кіші және Үлкен Зеленчук, Уруп, Лаба, Белая, Пшиш ӛзендері жатады. Сулылығы жӛнінен Солтүстік Кавказдың екінші ӛзені – Терек ӛзені. Ӛзеннің ұзындығы 623 км, су жинау алабының ауданы 43,2 мың км2, Казбек ауылының жоғарғы жағындағы орташа жылдық су ӛтімі 23,8 м3/с, Степной ауылы маңындағы тӛменгі ағысында 306 м3/с. Ӛзен Суайрық жотасының Зильгахох мұздығы маңындағы 2713 м биіктіктегі беткейінен бастау алып, Каспий теңізінің Аграхан шығанағына, тек суы мол жылдары құяды. Негізгі салаларына Урух, Малка, Аргунь саласы бар Сунжа ӛзендері жатады. Ӛзеннің су режимі Кубань ӛзеніне ұқсас. Ӛзеннің қоректенуінде биік таулы зонадағы мұздықтар мен кӛп жылдық қарлардың еруі нәтижесінде түзілетін сулар маңызды роль атқарады. Ӛзеннің жекелеген учаскелері 30-35 күн бойы мұз құрсанып жатады, ал қыс қатты болған жылдары ӛзеннің тӛменгі ағысында ол 100 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Кума ӛзені Кавказ тау алды бӛктерінен бастау алып, Каспий теңізіне жетпей бірнеше тармақтарға бӛлініп, Каспий маңы ойпатына шығады. Тек жекелеген суы мол жылдары ғана ӛзен суы теңізге жетеді. Ӛзен ұзындығы 802 км, су жинау алабының ауданы 25,5 мың км2, тӛменгі ағысындағы жылдық орташа су ӛтімі 10,7 м3/с. Дағыстанның Сулак және Самур ӛзендері де Үлкен Кавказдың солтүстігінен бастау алып, Каспий теңізіне құяды.
