
- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
Германия Шығыс Германия (Бұрынғы ГДР аумағы). Шығыс Германияның негізгі бӛлігі Чехияда басталатын және Батыс Германия шегіндегі Солтүстік теңізге құятын Эльба ӛзені алабында жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік теңіздің алабына Везер мен Майн ӛзендері де кіреді. Балтық теңізі алабына Польшамен шекаралас жатқан Одер (Одра) ӛзені және Мекленбург үстіртінен ағатын кішігірім ӛзендер кіреді. Эльбаның ең ірі салалары - Заале, Хафель, Шпрее(оның үстінде Берлин орналасқан) ӛзендері.Батыс Германия. Елдің барлың ірі ӛзендері оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан солтүстікке қарай ағады. Мемлекеттің оңтүстік-шығысындағы шығыс Шварцвальдтан бастауын алатын және мемлекетті Қара теңізбен байланыстырып, шығысқа қарай ағатын Дунай ӛзенін қоспағанда. Тек ірі екі Эмс пен Везер ӛзендері бастауынан сағасына дейін батыс Гермения жерлері арқылы ӛтеді. Мемлекеттің ең ірі ӛзені – Рейн бастауын Швейцария Альпілерінен алады, ал оның сағасы Нидерландта. Рейн ӛзені үлкен жер аумағы бойынша Швейцария мен Франция шекаралары арқылы ағады. Ірі ӛзендердің кӛбі жыл бойы біркелкі жаңбыр суымен қоректенеді және суы мол.ӛзендер 1 – 1,5 ай уақытқа қатады. Дунай мен Рейн кӛктем және жаз мезгілдерінде тау мұздықтары мен қар еріген кезде суы ерекше мол болады. Рейннің ең ірі оң жақ салалары - Майн мен Неккар, ал сол жағынан - Мозель. Австрия, Швейцария Австрияның барлық аумағы Дунай ӛзені алабында орналасқан. Дунай ӛзені Германиядан Словакияға Австрияның солтүстік аймақтары арқылы батыстан шығысқа қарай ӛтеді, Братислав қаласы маңында Словакия мен Венгрияның шекаралық ӛзеніне айналады. Австрия уамағындағы Дунай ӛзенінің су режимі Альпі ӛзендерінің режимі бойынша анықталады. Жаз мезгілінде әдетте жазықтық ӛзендер таязданған кезде оның суы мол болады. Бұл жерде қалыптасқан Дунай ӛзенінің негізгі салалары - Инн, Зальцах, Энс, Драва. Мемлекеттің астанасы Вена қаласы алдымен тек оң жақ жағалауында, ал қазіргі кезде екі жағалауында да. Швейцарияның ӛзендері үш теңіздің – Солтүстік, Жерорта және Қара теңіздің алабында орналасқан. Швейцария Альпілерінде Рейн мен Рона тәрізді ірі европалық ӛзендер басталады. Рона ӛзені таулардан бастау алып, Женева кӛліне құяды және бұдан әрі Францияға бағытталады. Альпілерде бастауын Дунайдың саласы – Инн ӛзені, По ӛзенінің саласы – Тичино ӛзені алады. Швейцарияның барлық орталық бӛлігіарқылы жағалауында Берн орналасқан Рейннің саласы Аре ӛзені ӛтедеді. Швейцарияда кӛптеген кӛлдер орналасқан. Олардың ең ірі және кӛрнектілері – Женева кӛлі (F = 558 км2), Боден кӛлі (F = 538 км2). Ең терең кӛлдері – Лаго-Мажоре – 372 м және Женева кӛлі 310 м. Боден кӛлі Германия мен Австрияның шекаралық кӛлі
5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
Франция Мемлекеттің кӛптеген ӛзендері Атлант мұхиты алабына тиеселі. Францияның ең ұзын ӛзені – Бискай шығанағына құятын Луара ӛзені (1020 км). Ол шығанаққа ортақэстуарий құратын Гаронна (575 км) мен Дордонь ӛзендері де құяды. Мемлекеттің солтүстік бӛлігіндегі ең ірі ӛзен – Сена ӛзені (780 км), негізгі салалары Марной мен Уазойды қосқанда. Солтүстік-шығысында – Рейн, Шельда, Маас (Мѐз) және Мозель ӛзендері ағады. Жерорта теңізіне Рона ӛзені (812 км) құяды. ӛзеннің ең ірі салалары – Сона, Изер және Дюранс. Солтүстік және солтүстік-шығыс Францияның Сена және басқада ӛзендері жаңбыр суымен қоректенеді, тұрақты су деңгейімен, бірқалыпты және мол сулы ағысымен ерекшеленеді. Орталық және оңтүстік аудандардағы ӛзендердің су режимі тұрақсыз. Мысалы, Луара ӛзені кӛктем мезгілінде орталық массивінде қардың еруінен, күз мезгілінде нӛсерлі жауын-шашыннан тасиды, жаз мезгілінде судың деңгейі күрт тӛмендейді. Мемлекеттің ең су мол ӛзені Швейцария Альпілерінен бастау алатын – Рона ӛзені, сондықтан жаз мезгілінде мұздықтық ағынды әсерінен суы жеткілікті мол. Мемлекетте ірі кӛлдер жоқ. Швейцариямен шекаралықкӛл – Женева кӛлі. Нидерланды және Бельгия Нидерландының ӛзен желісі ӛте жиі. Мемлекеттің үлкен бӛлігін Рейннің тармақталған атырауы алып жатыр. Рейн ӛзені Маас пен Шельда ӛзендерімен бірігіп, кӛптеген тармақтары мен аралдары бар күрделі эстуарий құрады. Францияның солтүстігінде қалыптасқан Шельда мен Маас ӛзендері Белгия аумағы арқылы ӛтеді және Нидерландыдағы Солтүстік теңізге құяды.Ұлыбритания мен Ирландия Ұлыбритания арқылы суы мол ӛзендердің жиі желісі ағып ӛтеді. Олардың ең ірілері – Северн ӛзені, ұзындығы 354 км және Темза, ұзындығы 338 км. Бұл ӛзендердің алаптары Атлант мұхиты және Солтүстік теңізбен шектесіп, солардың аралықтарындағы суайрықтар болып табылады. Ұлыбританияның ең ірі кӛлдеріне Солтүстік Ирландиядағы ауданы 400 км2 құрайтын Лох-Ней, Шотландиядағы Лох-Ломонд және Лох-Несс кӛлдері жатады. Ирландияның ең ірі ӛзені – Шеннон, орталық жазықтан бастау алып, Атлант мұхитына құяды. Ӛзеннің ұзындығы 370 км, ал оның су режимі кӛлдер арқылы реттеледі.