- •2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •4.Батыс Еуропа (Германия, Австрия, Швейцария) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •5.Батыс Еуропа (Ұлыбритания мен Ирландия, Нидерланды және Бельгия, Франция) өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •6.Солтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •7.Оңтүстік Еуропа өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •10.Кавказ өзендерінің гидрологиялық режимі
- •11.Ресейдің өзендерінің гидрологиялық режимі
- •12.Ресейдің Еуропалық аумағының өзендерінің гидрологиялық режимі
- •13.Батыс Сібір өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •16.Шығыс және Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі (Монғолия).
- •17.Орталық Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •18.Оңтүстік Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •19.Оңтүстік-Шығыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі
- •22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).
- •24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).
- •25.Оңтүстік қазақстан өзендері
- •26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.
- •27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.
- •29. Ресейдің Солтүстік өлкесінің өзендерінің гидрографиялық сұлбасы мен гидрологиялық сипаттамалары.
- •30. Ресейдің Қиыр Шығысы
- •31.Дүниежүзіні ірі өзендері
- •32Дүниежүзінің ірі көлдері
3.Африка өзендерінің гидрологиялық режимі.
Африка Африка ӛзендері ежелгі арналардың жазық кескіндері және шатқалдар мен каньондар арқылы қысылған жаңа арналардың тік кескіндері бар кең аңғарлардың кезектесуімен сипатталады. Сондықтан Африканың кӛптеген ӛзендерінің бойлық кескінінде шоңғалдар мен сарқырамалар басым. Жалпы жылдық ағынды кӛлемі - 5390 км3 бойынша Африка Азия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында. Континент аумағы бойынша ӛзен желісінің орналасуы біркелкі емес. Жеткілікті беттік ағындысы мен ірі кӛлдері бар аудандардың қатарындағы үлкен алаңдардың тұрақты ағын сулары мен суқоймалары жоқ. Континенттік суайрық Шығыс-Африка қыраттары, Эфиопия таулы қыраттары мен Қызыл теңізді жиектей орналасқан таулары арқылы ӛтеді. Осыған байлаысты Африканың ауданының жартысынан ӛзен ағындысы Атлант мұхиты мен Жерорта теңізіне бағытталған. Континенттің 18 % ауданының ӛзендері суын Үнді мұхитына құяды. Кӛптеген ӛзендер ағынсыз кӛлдер мен материк ішіндегі ойпаңдарда аяқталады. Негізінен ӛзендері жауынмен қоректенеді. Шӛл және шӛлейт аудандарда ӛзендер негізінен жер асты суларымен, Шығыс Африка мен Атлас тауларында ӛзен бастаулары мұздықтар мен қардың еріген суларымен қоректенеді.Қоректену кӛздеріне және ағындының маусымдық үлестірілуіне байланысты алаптары белгілі бір климаттық белдеуде орналасқан ӛзендердің келесі типтері ажыратылады. Экваторлық типтегі ӛзендер жауын-шашынмен қоректенеді, суы мол және сулылығының маусымдық тербелісі байқалмайды. Бұл типке экваторлық белдеудегі – Огове ӛзені және т.б. ӛзендер жатады. Судандық типтегі ӛзендер - Сенегал, Гамбия, Замбези және т.б. да жауын-шашынмен қоректенеді. Жаңбыр маусымы – жаз немесе күз кезінде берілген типтегі ӛзендердің кӛбіне суы мол болады. Қуаңшылық пен ыстық, қыс пен кӛктем айлары кезінде бұл ӛзендердің сулылығы құрғақ маусымның ұзақтылығына байланысты азаяды. Сахаралық типтегі ӛзендердің ағындысы кӛпжылдық үзілістер арқылы сипатталатын уақытша ағындыға ие. Бұл тек Сахарада ғана емес Калахари шӛлейтінің батыс бӛлігінде және Намиб шӛлінде де кездесетін уэдалар деп аталады. Жерорта теңіздік типтегі ӛзендердің жаңбырмен қоректенуі басым. Бұл типтің негізгі ағындысы қыстың ылғалды айларында болады. Жаз айларының құрғақ кезеңінде кӛптеген ӛзендер құрғап қалады. Бұл Атлас тауларынан және Африканың оңтүстік-батыс шеттерінен ағатын - Шелиф, Меджерда және т.б. ӛзендер. Африканың ірі ӛзендері әр алуан климаттық жағдайдағы аудандар арқылы ӛтеді және тым күрделі су режиміне ие. Африканың ең суы мол ӛзені - Конго (Заир), бастауын Заирдың оңтүстік бӛлігіндегі қыраттардан алады және Луалаба ӛзені деген атауға ие. Кисангани қаласынан бастап ӛзен Конго деп аталады. Ӛзеннің Киншаса қаласындағы орташа жылдық ағындысы - 39150 м3/с, Миссисипидің ағындысынан екі есе асып түседі және Ніл ӛзенінің ағындысынан 15 еседен артық. Су жинау алабының ауданы 2620 мың. км2, ӛзеннің ұзындығы 4370 км. Ӛзен кӛптеген сарқырамалары арқылы қыраттардан шығып кең ойпаңнан ӛте Экватор сызығын екі рет кесіп, Атлант мұхиты жағалауы бойына созылып жатқан Хрусталь таулары арқылы ӛтеді. Бұл жерде ӛзен Ливингстон сарқырамалары каскадын құрайды және жағалаудағы ойпатта оның сағасы алып эстуариге айналады. Ӛзен ағындысының негізгі ерекшелігі су ӛтімінің маусым бойынша біткелкілігі болып табылады. Судың жоғары және тӛменгі деңгейіндегі Киншаса қаласындағы су ӛтімінің қатынасы 1:1,75 (тамыз айында 31 мың. м3/с, желтоқсан айында 54 мың. м3/с) тең. Мысалы, судың жоғары және тӛменгі деңгейлері кезінде Амзонканың су ӛтімінің қатынасы 1: 3, Ніл ӛзенінің су ӛтімінің қатынасы 1:16 тең. Конгоның суы молдығының себебі оның екі жартышарда да орналасқандығы. Осының арқасында ӛзендердің су ӛтімдері маусым бойынша теңеседі, солтүстік жарты шардың суының сабасына түсуі кезінде оңтүстік жарты шардың ӛзендерінің су тасуы байқалады немесе керісінше. Ніл ӛзені – ұзындығы - 6670 км бойыша дүние жүзінің ең ұзын ӛзені. Ніл ӛзені бастауын оңтүстік жарты шарда орналасқан Шығыс-Африка қыраттарынан алады. Оның басты саласы – Кагера, Виктория кӛліне құяды. Бұдан әрі Кьога, Эдуард және Альберт кӛлдері арқылы ӛзен Суданда қыраттан жазыққа қарай тӛмен түседі, бұл жерде ол тармақтарға бӛлініп, батпақты ландшафт құрайды. Бахр-Эль-Газаль мен Собат салалары құйылғаннан кейін ӛзен Ақ Ніл деген атауға ие болады. Хартум қаласында Ақ Ніл Эфиопия таулы қыраттарындағы Тана кӛлінен ағып шығатын Кӛк Ніл таулы ӛзенімен қосылады. Ақ және Кӛк Нілдің біріккен жерінен ӛзен Ніл деп аталып, Сахара аумағы арқылы ағады. Жерорта теңізіне құйылатын жерінде Ніл ӛзені ауданы бойынша Қырым түбегіне (24 мың. км2) тең келетін атырау құрайды. Ӛзеннің алабының ауданы 2870 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 2750 м3/с. Оған Ніл-Атбардың соңғы саласы Судан жазықтарында сағасынан 2700 км қашықтықта құйылады, сондықтан Сахара арқылы ӛзен ағындысының бір бӛлігі булану мен сіңуге жұмсалады. Ӛзеннің сулылығы салалары:Собат, Кӛк Ніл және Атбара ӛзендерінің ағындысына (жалпы ағындының 84%) тәуелді. Собат, Кӛк Ніл және Атбараның ағындысы Эфиопия таулы қыраттарында нӛсерлі жаңбыр түскен кезде жаз мезгілінде кӛбееді. Бұл кезеңде Хортумнан тӛмен жерде Ніл ӛзенінің су деңгейінің кӛтерілуі байқалады.Батыс Африканың ең ірі ӛзені – Нигер, ұзындығы 4200 км, ауданы 2092 мың км2, орташа жылдық су ӛтімі 7000 м3/с. Нигер бастауын Солтүстік-Гвинея қыратының Фута-Джаллон үстіртінен алады, Батыс Африканың ішкі аудандары арқылы ӛтеді және Гвинея шығанағына құяды. Ӛзен бастауында Джолиба деп аталады. Нигера-Гамбия және Сенегал ірі ӛзендерінен басқа Фута-Джаллон үстіртінің беткейлерінде ӛз бастауын кӛптеген ӛзендер алады. Жоғарыда айтылғандай, орталық Африкада алабында оң жақ ірі саласы - Убанга және сол жақ саласы – Касаиды қосқанда мыңдаған үлкен және кіші ӛзендері бар дүние жүзінің ең ірі ӛзендерінің бірі Конго (Заир) орналасқан. Убанганың жылдық ағынды кӛлемі Ніл ӛзенінің жылдық ағынды кӛлемінен екі есе үлкен. Шығыс Африканың ӛзендері, Ніл ӛзені бастауларының алаптарынан басқа, Үнді мұхиты алабына кіреді, олардың ішінде – Замбези де бар. Бұл жерде Танганика қыраты арқылы үш ӛзеннің - Конго, Ніл және Замбези алаптарының суайрықтары ӛтеді. Танганьика кӛлінің суы - Конго ӛзенін, Виктория кӛлінің суы – Ніл ӛзенін, Ньяса кӛлінің суы – Замбези ӛзенін қоректендіреді. Оңтүстік Африка ӛзендері Үнді мұхитына құятын Замбези, Сави және Лимпопо ӛзендері, Атлант мұхитына құятын Оранжевая ӛзендері және Калахаридің солтүстік бӛлігінің ағынсыз аумақтарында ағатын Окаванго ӛзендері алаптарына тиеселі.
