Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

26.Шығыс Қазақстан және Шалқартеңіз ойпатының өзендерінің гидрологиялық режимі.

Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы судың барлық түрлері, өзендер мен Облыс Солтүстік Мұзды Мұхит, Кар теңізі, Балқаш көлінің іішкі Шығыс Қазақстан облысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы Ертіске жалпы ағыс мөлшері 26 млн текше км-ге Негізгі салалары – Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу, Күршім, Ертіс бағытымен көптеген ұсақ өзендер ағады. Олардың көпшілігінің суы Батыс региондардағы Шаған, Ащысу, Мұқыр секілді және т.б. жазықтарғы Зайсан ойпатында ағынсыз аймақтар бар. Сауыр мен Тарбағатайда басталатын Бастауын мұздықтардан алатын Берель, Бұқтырма, Сарымсақты, Т.б. өзендерінің суы Шығыс Қазақстан облысының өзендерінің ішінде тұрақты ағатын өзендер Жыра – сайлармен ағатын маусымды өзендер тек қар суымен, Қардың алдымен аңғарларда, одан кейін тауларда еруіне байланысты, қар Ертіс. Облыстың өзен сулары ішіндегі ең көлемдісі. Зайсан ойпатын Бұқтырма өзені. Ертістің оң жақ саласы. Алтайдан басталатын Ертіс Бұқтырманың ұзындығы 405 км, алабына су жиналатын аумағы 15620 Уба. Ақ және Қара Убалардың қосылуынан өзінің бастауын алады, Үлбі. Филлиповка, Быструха, Громотуха өзендерінің қосылуымен қалыптасқан өзен, ұзыңдығы Күршім. Ертіс алабындағы өзен, Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының Қалжыр өзені. Басын Марқакөлден алып, Сары тауды аралап қысылып Шар өзені. Қалба жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Ақши Қызылсу Шар өзенімен бірге ағады, олардың арасындағы су Шаған өзені. Шыңғыстаудың батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Мұқыр өзені. Семейтуадың шығысындағы бұлақтардан бастау алады.Арнасы тік жарлы Нарын. Ұзындығы 100км шамасында,Бұқтарма су қоймасына құяды.  Аякөз өзені. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы арқылы Бақанас. Солтүстік Балхаш алабындағы өзен. Ханшыңғыс, Ақшатаудағы бұлақтардан Базар өзені. Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтан басталып Бұқтырма бөгенінің Үржар өзенінің атауы екі компоненттен тұрады. Мұндағы ор-үр Қатынсу өзені. Тастау, Жалаулы тауларынан бастау алып Көктал селосынан Еміл өзені. Тарбағатай тауының сілемі Орқашор баурайында бұлақтардан Дүние жүзінде 2257 су қоймасы бар, олардың әрқайсысының сыйымдылығы Көкпекті. Ертіс алабындағы өзен

27.Қазақстан ірі су қоймалары өте бай.

Мұнда Каспий , Арал теңіздері және дүние жүзі бойынша көлемі жағынан он жетінші орынды алатын Балхаш көлі сияқты ірі көлдер бар.Ауданы 1-2 мың шаршы км-ге жететін көлдерде аз емес. Ұсақ көлдердің саны бірнеше мыңға жетеді. Қазақстан көлдерінің негізгі ерекшеліктеріне: таралуының өзіндік сипаты, әр кезеңде пайда болуы (әр жастылығы), деңгейінің шұғыл ауытқып тұруы, типологиялық жағынан сан алуан түрлі болуы, және олардың көпшілігінің ағынсыз болып келуі жатады. Қазақстан көлдерінің географиялық таралуында бір қатар ерекшелктер бар.Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азайады.Мұнымен қатар олар белгілі бір аудандарда топ-топ болып орналасады. Көлдер Каспий бойы, Тұран және Батыс Сібір ойпаттарында, сондай-ақ аласа таулы орталық Қазақстан және оңтүстік шығыстағы биік таулы аймақтарда көп.Құмды және сазды шөлдерде көлдер аз. Көл су қоймаларының пайда болуы жеке аудандарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты.Каспий бойы ойпатының көлдері теңіз түбінен таяу уақыттарда ғана босаған, көпшілігі реликт көлдер.Теңізден ертеректе босаған Тұран ойпатында реликт көлдерге неғұрлым ірі көлдер жатады.Бұл ауданның орташа және кішігірім көлдері шөлге тән су аяғы құрдымда аяқталатын өзендерден пайда болады. Үштік дәуірдің шөгінді қабаттарынан тұратын Батыс сібір ойпатының көлдері көбінк суффозиялық көлдер типіне жатады. Ұсақ шоқылы орталық Қазақстаннның көлдері шығу жағынан көбінесе тектоникалық және тектоникалық-эрозиялық болып келеді .Биік таулы аймақтарда көлдердің қазан шұңқырының пайда болуы тектоникалық процестермен және мұзықтардың әрекетімен байланысты .Сазды шөлдердің көлдері дефляциялық жолмен пайда болған.Қазақстан көлдерінің әр жаста (әр кезеңде болуы) оның териториясының жеке аудандарының әр түрлі жаста болып келумен байланысты. Жазық аласа таулы бөліктің көлдерінің көпшілігі өзінің эвалюциялық дамуының соңғы стадиасына жеткен.Мұнымен қатар шөлдің көлдері тез тұзданып тұз байлайтын көлдерге айналады. Жергілікті халықтар оларды тұз деп атайды.Мұнан әрі бұл көлдер сорға айналады. Орманды және дала зоналарының көлдері біртіндеп борпылдақ жыныстарымен толып, оларды өсімдік қамтауда. Олардың көпшілігі «құрудың» әр түрлі стадиасына жеткен. Биік таулы аймақтардың көлдері даму кезеңі жөнінен жас көлдерге жатады. Қазақстан көлдерінің су деңгейі өте ауытқып тұрады. Деңгейінің шұғыл өзгеретіні соншалық тіпті кейбір тайыз көлдер мезгіл-мезгіл кеуіп қалады. Көлдердің деңгейі жыл маусымдарына байланысты сондай-ақ көп жыл бойы ауытқып отырады. Деңгейінің үлкен мөлшерде ауытқуы жағалау сызықтары конфигурафиясының күшті өзгеруіне, көл аудандарының кішіреуіне, кейде көлдердің біржолата құрып кетуіне әкеліп соғады. Осымен байланысты өткен таяу жылдары орта Азия мен Қазақстанның зерттеушілерінің алдында Орта Азияның құрғауы жайында мәселе қойылды. Кейінгі жылдардағы зерттеулер, әсіресе Л.С.Бергтың көптеген еңбектері көл деңгейлерінің төмендеуі олардың жаппай құрып кетуге әкеліп соғатын бір беткей, төмендеуге ұшыратпайтындығын көрсетті. Кейбір көл су қоймаларын ұзақ жылдар бойы үздіксіз бақылаудың нәтижетсінде, олардың деңгейінің мезгілдік ауытқуы негізінен климаттық жағдайларының өзгеруіне әсіресе қыста түсетін атмосфералық жауын – шашынның өзгеруіне, мөлшеріне байланысты екені анықталды. Қазан шұңқырларының пайда болуына қарай бөлінетін, қазақстандағы көл су қоймаларының типтері барынша әр-түрлі. Мынадай типтерді ажыратуға болады: 1.Риликт, немесе қалдық көлдер – алғашқы пайда болған жазықтықтарға соның ішінде Каспий бойы опатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының, Торғай қақпасының және Балқаш, Алакөл ойысының кейбір көлдері жатады. Каспий, Арал теңіздері және Балқаш, Алакөл көлдерінің тобыда кәдімгі реликт көлдері болып есептеледі. 2.Тектоникалық көлдер – таулы аудандарға, әсіресе Орталық Қазақстанның ұсақ шоқылы аймағына және қазақстанның Оңтүстік шығысындағы биік-таулы аймақтарға тән.Бұл типке Зайсан, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын көлдердің тобын,Көкшетау көлдерін, атап айтқанда Бурабай тобындағы көлдерді жатқызуға болады.Орталық Қазақстанның кейбір көлдері пайда болу жағынан тектоникалық-эрозилық болып келеді.Биік таулы аймақтардың кейбір көлдері тектоникалық тоған көлдерге жатады.

3.Мұздық көлдер – биік таулы аймақтарға тән.Және ертедегі мұз басу аудандарында шоғырланған.Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

а) Мореналық - тоған көлдер. Бұлар үлкен Алматы өзенінің бас жағындағы Үлкен Алматы көлі, Жоңғар алатаының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзенінің басталатын жеріндегі жоғары және төменгі Жасылкөлдер т.б

ә) Қар көлдері- өте көп, бірақ көлемі кіші;

б) Мұздық ткетоникалық көлдер, яғни пайда болуы жағынан аралас көлдер. Бұған Алтайдағы Марқакөлді жатқызуға болады.

4. Суффозиялық немесе жердің беткі қабатының шөгінуінен пайда болған көлдер, бұған Батыс Сібір ойпатының кішігірім көлдерінің біразы кіреді.

5. Дефляциялық көлдер- олар дефляциялық Қазан шұңқырларда болады. Оларға Үстірт дөңінің көлдері: Сам, Асмантай-Мата, және Бетпақ дала үстіртінің көлдері- Дабысынтұз т.б. жатады.

6.Аңғар – арна көлдері- олардың ішінде мыналарды бөлуге болады:

а) Ескі арна көлдері - олар тікелей өзен жайылмаларында орналасқан;

ә) Аңғар соңы көлдері- олар сағасыз аяқталатын өзендерден пайда болады;

7. Карст көлдері- көлемі жағынан шағын орталық Қазақстанның кейбір аудандарында және Тянь-Шаньнің оңтүстік батысында кездеседі.

28.Қазақстнның ірі Көлдері.

 Қазақстан көлдерін ауданына қарай топтастырсақ, онда жалпы 48 262 көл айдынының 45 248-і шағын (ауд. 1 км2-ге дейінгілер) көлдер қатарына жатады. Ауд. 10 км2-ден астам ірі көлдер саны 296, ал 100 км2-ден астам аса ірі көлдер 21 (бұл 21 айдын үлесіне Қазақстандағы барлық көлдердің жалпы ауданының 60%-ы тиеді). Қазақстан аумағы бойынша көлдер біркелкі таралмаған. Кейде бұлар бір-бірінен жүздеген километр алшақ жатады, кейбір өңірде жиі орналасып, біртұтас көлдер жүйесін құрайды. Солт. Қазақстанда жалпы ауд. 15 623 км2 болатын 21 580 көл болса, бүкіл Орт. және Оңт. Қазақстанда жалпы ауд. 4658 км2 болатын 17 554 көл ғана бар. Солт. Қазақстанда 100 км2-лік аймаққа 3 км2-лік көл айдындары болса, бұл көрсеткіш Орт. және Оңт. Қазақстанда сәйкес түрде 0,23 және 0,53 км2-ге дейін кемиді. Қазақстан көлдері пайда болуы жөнінен тектоник. және экзогендік түрлерге бөлінеді. Каспий және Арал т-дері, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөл, Марқакөл, т.б. ірі көлдер тектоник. қазаншұңқырларда қалыптасқан. Экзогендік көлдерге Сілетітеңіз, Теке, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Қараой, т.б. жатады. Орманды дала және дала белдемдері көлге бай. Жалпы республика айдындарының көпшілігі абс. биіктіктері 100 м-ден 3500 м-ге дейінгі борпылдақ төрттік шөгінділердің үстінде орналасқан. Көлдердің су жинайтын алаптарының ауданы көбінесе 10-нан 320 км2-ге дейін, ал шөлейт және шөл белдемдерінде бұдан да аумақты келеді. Қазақстан көлдері шарасында 190 км3 су жиналған. Көктемде көлдер деңгейі 0,2 м-ден 6 м-ге дейін көтеріледі. Жаздың ортасына қарай сіңу және булану мөлшерінің артуына байланысты көлдердің деңгейлері күрт төмендейді, ал кейбіреуі кеуіп қалады. Төм. деңгей қазан–қараша айларында байқалады. Көпшілік көлдер деңгейінің орташа жылдық ауытқу амплитудасы 1 м шамасында. Ағынсыз көлдер су балансының шығымы түгелдей дерлік булануға кетеді. Көлдердің су балансындағы жалпы кірістің 10–90%-ы жер беті ағынынан, 12–40%-ы жауын-шашыннан құралады. Шарасы граниттік жыныстар үстінде қалыптасқан көлдер баланстары кірісінің 40%-ы жер асты суы ағынынан қалыптасады. Көл суының хим. құрамы жалпы минералдылық пен иондық құрамының әр түрлілігімен және тұрақсыздығымен сипатталады. Тұз концентрациясының маусымдық және көп жылдық ауытқуы көл суы деңгейінің өзгеруіне тығыз байланысты. Республика көлдері су көлемінің 87%-дан астамы сульфатты (Балқаш, Алакөл, Теңіз көлдері, т.б.), ал қалғаны карбонатты немесе хлорлы келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]