Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

24.Орталық Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Торғай, Сарысу).

Торғай — Шалқартеңіз алабындағы өзен. Ұзындығы — 825 км. Су жинау алабы — 157 мың км2.

Қостанай облысындағы Жалдама және Қараторғай өзендері қосылған жерден басталып, Ақтөбе облысындағы Қаракөл көліне 8 км жетпей тартылып қалады. Аңғары өзен басынан Торғай ауылына дейін кең, ені — 40—60 км, жиегі жайпақ, жайьлмасы тегіс, одан ені — 10— 60 м бірнеше өзектер тарап, терендігі 2-6 м қарасулар пайда болады. Арнасының ені 45—100 м, Торғай аулынан төменгі сағасына дейінгі өзен аңғары (ені — 5—10 км) Тосын құмы өңірінде, бірте-бірте жайылмасы 0,5—1,5 км-ге, ал арнасы 40 м-ге дейін тарылады. Ірі салалары: Ырғыз,Сарыторғай, Қайыңды, Өлкейек, ҚараторғайЖалдамаЖауын-шашын, ыза суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны Тосын құмы тұсында секундына 10,6 м3. Торғай өзеніне құятын, не одан тарайтын ағыңды өзендердің болуы және көптеген терең иірім қарасулардағы мол су қоры мал шаруашылығын, балық аулау кәсібін дамытуға қолайлы. Өзен жайылмасы шабындық, мал жайылымы. Соңғы кезде Торғай өңіріндегі өзендер суы өнеркәсіптік мақсатта, егін суаруға пайдаланыла бастады.[1]

Сарысу — Телікөл алабындағы өзен. ҚарағандыҚызылорда облыстары жерімен ағады. Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өз.қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км². Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді.

Салалары: Жаман СарысуЖақсы СарысуАтасуТалдысайКеңгірҚұрманақаТалдыманақаҚұмдыеспеҚаракеңгір.

Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылд. 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды.Суы бастауында тұщы, орта және төм.ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі.Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм.ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген.Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым.Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады. 

25.Оңтүстік қазақстан өзендері

Арыс өзені — Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзенСырдарияның оң жақ саласы. Ұзындығы — 378 км, алабының ауданы — 14900 км2.Ақсу-Жабағылы жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданыныңТалапты ауылы маңында Сырдария өзеніне құяды. Басты салалары: АқсуБадамҚабылсайЖабағылысуБоралдай.Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төмен ағыстарында жазықпен ағады. Төмен ағысының жайылмасы — 1,5-2,0 км, арнасы — 40-50 м шамасында болады. Алабында 11 шағын бөген және 3 СЭС салынған. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 40,2 м³/с-ке (Арыс стансасының тұсында) жетеді. Егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланады.Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі — Арыс-Түркістан каналы (су ағынының мөлшері — 13,4 м³/с). Өзен суы тұщы, минералдылығы — 200—400 мг/л- ге (құйылысында) дейін өзгереді.

Арыстанды – Жамбыл облысы Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округі жерінен басталып, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданын арқылы ағатын өзен. Сырдария алабындағы Шаян өзенінің оң саласы. Ұзындығы 108 км, су жиналатын алабы 423 км². Қаратаудың солтүстік-батыс беткейінен басталады. Бас жағында арнасы тар, әрі тік жарлы болып келеді. Таудан шыға берістегі орташа су ағымының мөлшері 0,64 м³/с-қа жетеді. Қар, жаңбыр және жер асты суларымен толығады. Суы желтоқсанның аяғында қатып, наурыздың басында ериді. Суы егін суғаруға пайдаланылады. Арыстанды өзенінің аңғарын бойлай, батысқа қарай Арыстанды-Қарабас желі соғады.

Ашылған – Оңтүстік Қазақстан облысыТүркістан қалалық әкімдігі аумағындағы өзенСырдарияның оң саласы. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 721 км². Қаратаудың солт.-батыс беткейіндегі бұлақтардан басталады. Жоғ. ағысында арнасы тар, тік жарлы келеді, орта ағысында Ақарық а-нан бастап арнасы кеңейеді. Ұзындығы 10 км-ден аспайтын 33 саласы бар. Жауынқаржер асты суларымен толығады. Жазда Сырдарияға жетпей тартылып қалады. А-ның жоғ. бөлігінде бөгеме жасау арқылы егін суғарылады.

Ащысай – Оңтүстік Қазақстан облысы ШардараСарыағаш аудандарының жеріндегі өзенСырдария алабындағы Құркелес өзінің оң саласы. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 1060 км². Белтаудың оңт.-шығыс беткейінен басталып, Ақмола а-нан оңт-ке 20 км жерде Құркелеске құяды. Арнасы жоғ. ағысында тік жарлы, төм. ағысында жайпақ болып келеді, өзен табанын батпақ сор басып жатыр. Басты саласы – Ақсай. Қар еріген кезде А. өз-нің деңгейі көтеріледі. Жазда ұсақ қарасуларға бөлініп қалады. Желтоқсанның аяғында суы қатып, ақпанның аяғында мұзы ериді. Егін суғаруға пайдаланылады.

Ақсу – Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би және Сайрам аудандары аумағындағы өзенАрыс өзенінің сол саласы.[1]Ұзындығы 133 км, су жиналатын алабы 766 км2. Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 4042 м биіктіктегі мұздықтан басталады. Жоғарғы ағысында тар шатқалмен ағып, орта тұсында аңғарының ені 150 – 200 м-ге, жайылмасы 40 – 50 м-ге жетеді. Негізгі толысу көзі – мұздық пен қар суы. Көп жылдық орташа су шығымы Сарқырама ағыны тұсында 9,68 м3/с, кей жылдары төменгі ағысында сарқылып қалады. Суы тұщы, минералдылығы 200 – 400 мг/л. Ақсу өзенінің алабында Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Ақсу өзенінің суы негізінен егістікті және бау-бақшаны суғаруға пайдаланылады. Өзен алабында ежелгі Сайрам (Испиджаб) қаласының орны бар.

Ақтөбе(өзен)– Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық аумағы жеріндегі өзен, Сырдарияның оң саласы.Ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 866 км2. Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейінен басталады да,Сырдарияға жетпей сарқылып қалады. Ағыны (төменгі ағысында) тұрақсыз, тек қар ерігенде ағады. Аңғары кең, жағалауы жазық, тегіс келеді. Жоғарғы ағысында бөгесіндер жасау жолымен егін суғаруға пайдаланылады.

Бадам – Арыс алабындағы өзенОңтүстік Қазақстан облысы СайрамОрдабасы аудандары аумағында. Ұзындығы 141 км, су жиналатын алабы 4329 км². Қаржан (Қоржын) тауынан бастау алып, Арыс өзеніне құяды. Қар, жаңбыр суларымен толығады. Көктемде тасиды. Жылдық орташа су ағымы 4,51 м³/с. (Қарааспан каналы тұсында). Өзен бойындағы Бадам бөгені мен каналдар арқылы СайрамОрдабасы аудандарының егістігі мен бау-бақшаларысуғарылады. Шымкент қ-ның кәсіпорындары сумен қамтамасыз етіледі. Өзеннің пайдалануға болатын энергет. қоры мол.

БАДАМ өзені — Арыс алабындағы өзен, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданы аумағында. Ұзындығы 141 км, су жиналатын алабы 4329 км². Қаржан (Қоржын) тауынан бастау алып, Арыс өзеніне құяды.Қаржаңбыр суымен толығады. Көктемде тасиды. Жылдық орташа ағыны 4,51 м³/с. (Қараспан каналы тұсында). Өзен бойындағы Бадам бөгені мен каналдар арқылы СайрамОрдабасы аудандарының егістігі мен бау-бақшалары суғарылады, Шымкент қаласыныңкәсіпорындары сумен қамтамасыз етіледі. Өзеннің пайдалануға болатын энергет. қоры мол.

Көксарай– Сырдария алабындағы өзен. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде. [[Қаратау жотасы|Қаратау жотасынан Ақалтын өзені болып басталып, оңтүстік-батысқа қарай Түркістан қалалық әкімдігі аумағының жерімен ағып, Арыс – Түркістан каналына құяды. Ұзындығы 46 км, су жиналатын алабы 228 км². Үлгілі а. тұсында бойына бөген салынған. Орта ағысында аты Жаңақорған өзені деп аталады. Жоғарғы ағысында аңғары тар, тік жарлы. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.

Майдантал – Сырдария алабындағы биік тау өзені, Піскем өзенінің оң саласы. Сайрам ауданы жерімен Өгем, Майдантал жоталарының аралығымен ағып өтеді. Ұзындығы 84 км, су жиналатын алабы 721 км². Талас Алатауындағы мұздықтардан бастау алып, Өзбекстан жерінде Піскем өзеніне құяды. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды болып келеді. Қар суымен, жер асты суымен толығады. Қараша айында қатып, наурыз айында ериді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]