Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

22.Аустралия өзендерінің гидрологиялық режимі.

Австралия Австралия – ең құрғақ құрлық. Оның аумағының 60% жуығындағы уақытша ағын сулардың сирек желісі ӛзінің суларын мұхитқа дейін алып бара алмайды. Құрлықтағы барлық ӛзендердің жылдық ағындысы 350 км3 құрайды, оны Волга ӛзенінің жылдық ағындысымен салыстыруға болады. Құрлықтың бүкіл шығыс бӛлігі бойымен ӛтетін Шығыс Австралия таулары немесе үлкен суайрық жотасы Австралия ӛзендері үшін негізгі суайрық сызығы болып табылады. Жотаның шығысынан ағып келетін ӛзендер соншалықты ұзын болмайды, олар жоғарғы ағысында тар шатқалдарда ағып сағалық бӛлігінде жазықтық режимге ие болып кеме қатынасына пайдаланылады. Мысалы, Кларенс ӛзені сағадан 100 км қашықтықта, Хоксбери – 300 км қашытықта кеме қатынасына жарамды. Үлкен суайрық жотасының батыс беткейлерінен ішкі жазықтар бойынша ағатын ӛзендер бастау алады. Мұндағы Австралиялық Альпі тауларынан Австралияның ең суы мол ӛзені – Муррей бастау алады. Оның Дарлинг, Маррамбиджи, Гоулберн сияқты ірі салалары да оның беткейлерінен басталады. Бұлӛзендер негізінен жаңбыр суларымен қоректенеді. Дегенмен, олардың суы жаздың басында, таудағы қар еріген кезде молаяды. Жазғы құрғақшылық кезеңінде ӛзендер кеуіп қалады, тек Муррей мен Марримбиджи ӛзендерінің ғана ағындысы тұрақты. Тіпті, Австралияның ең ұзын ӛзені – Дарлинг (2450 км), жаз мезгілінде Муррейге жетпей құмға сіңіп, жоғалып кетеді. Австрлияның солтүстік және батыс жағалауындағы ӛзендер тайыз сулы және салыстырмалы түрде онша үлкен емес. Олардың ең ұзыны – Флиндерс ӛзені Карпентария шығанағына құяды. Бұлӛзендер жаңбыр суымен қоректенеді.

Ағындысы құрлықтың ішкі бӛліктеріне қарай бағытталған Куперс – Крик (Барку), Дайамантина және т.б. ӛзендердің тек тұрақты ағындысы ғана емес, сонымен қатар тұрақты айқын кӛрініс беретін арнасы да жоқ. Мұндай арнасы тек қысқа мерзімді нӛсерлі жауындар кезінде ғана толысатын ӛзендер криктер деп аталады. Австралия кӛлдерінің кӛпшілігі, ӛзендері сияқты, жаңбыр суымен қоректенеді. Олардың тұрақты деңгейі де , тұрақты ағындысы да жоқ. Жаз мезгілінде кӛлдері құрғап қалады және түбінде қалыңдығы 1,5 м тұзы бар терең емес құмтасты ойпаңдар кейпіне енеді.

23.Солтүстік Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимі (Кар теңіз алабы).

Есіл, Тобыл, Тоғызак өзендері

Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзен жүйесіне жатады. АқмолаСолтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің ТүменОмбыоблыстары жерімен ағады.Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауы етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды. Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км).Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады.Су жиналатын алабы 177 мың км². Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см.Өзен негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады.Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі.Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.Есіл суын бақылау кезінде 1937 ж. оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген.Ал 1936-1939 және1986 ж. түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км³. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады.Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады.Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді.Суы кермек татиды.1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін ВячеславСергеев және Петропавл бөгендері салынған.

Тобыл (орыс. Тобол) — Ертіс алабындағы өзен. Қазақстанның Қостанай облысы, және Ресейдің ҚорғанТүмен облыстары жерімен ағады.Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км², Қазақстандық алабы 130 мың км². Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды. Басты салалары – ШортандыСынтастыӘйетҮйОбаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы АлакөлЖаман АлакөлҚулыкөлТентексорТомарлыкөлТеңіз, т.б. көлдер бар. Бастаулық бөлігінде Торғайқолатымен өтеді.Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі.Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында.Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м³/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы.Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см.Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады. Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан теміркентасы, көмір асбест қорлары анықталды.Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов – Сарыбай кен-байыту,Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғары Тобыл бөгені, Қаратомарбөгені, АмангелдіЖелқуарҚызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында ЖітіқараЛисаковскРудный және Қостанай қалалары орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]