Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

21.Орта Азия өзендерінің гидрологиялық режимі

Орта Азия (Түркменстан, Тәджікістан, Ӛзбекістан, Қырғызстан) Аймақтың жер бедері теңіз деңгейінен тӛмен орналасқан ойпаттардан бастап шӛлдер, дала, биік нүтесі 7000 м-ден жоғары бйік тау жүйелеріне дейін әр алуандығымен ерекшеленеді. Климаттық жағдайларының әр түрлілігі және күрделі жер бедері аймақтың ӛзіне тән гидрографиясының болуына себепші. Орталық бӛлігін шӛл және шӛлейттерімен сипатталатын Тұран ойпаты алып жатыр. Ол оңтүстігі мен шығысында ӛзен ағындысының қалыптасу аймағы болып табылатын Памир, Тянь-Шань және Копендага қуатты тау жүйелерімен шектеседі. Орта Азияның ең ірі ӛзендері - Арал теңізіне құятын Амудария және Сырдария ӛзендері. Аталған ӛзендердің алаптарына Зеравшан, Чу, Кашкадарья, Талас сияқты ӛзендер кіреді. Орта Азия аумағында дәстүрлі суармалы егін шаруашылығы дамыған. Сондықтан барлық ӛзендердің ағындысы суармалау үшін пайдаланылады. Мұндағы барлық ӛзен алаптарында қуатты және тармақталған жер суландыру желісі құрылған. Бір қатар ағын сулар Каспий теңізі алабына және Түркменстанның ағынсыз Атрек, Теджен, Мургат алаптарына кіреді. Түркменстан аумағының құрғақ болуы оның су ресурстарына тапшылығын анықтайды. Ӛзен желісі Констдаг, Паропамия және Гиссарский жоталарының тау жүйелері орналасқан оңтүстік аймақта шоғырланған. Мурғаб Ауғанстанда 2600 м биіктікте басталады. Тӛменгі ағысында құрғақ атырау құра ӛзен Қарақұм шӛліне сіңіп кетеді. Ӛзеннің ұзындығы 978 км, Түркменстан шектерінде 530 км. Су жинау алабының ауданы 46,9 тыс.км2 тең. Орташа жылдық су ӛтімі Таш-Кӛпір ауылында 53,0 м3/с. Негізгі салалары Кашан мен Кушка ӛзендері. Ӛзеннің су режимінің негізгі фазасы таудағы қардың еруі есебінен және жаңбыр есебінен түзілетін су басу болып табылады. Су басу ақпан – наурыз айларында басталады. Жаздың басында су сабасына түсіп, ӛзен белгілі бір уақыт аралығында құрғап жатады. Теджен (Герируд) ӛзені де Ауғанстанда 3500 м биіктікте басталады. Ӛзеннің ұзындығы 1150 км жуық, су жинау алабының ауданы 70,6 мың км2. Ӛзеннің айтарлықтай бӛлігі (800 км) Ауғанстан мен Иран аумағында орналасқан.Ӛзеннің тӛменгі учаскесі (300 км) Түркменстан аумағында жатыр және ол каналға айналған. Ӛзеннің сағасы Каррыбент бӛгеті арқылы бӛгеліп, одан тӛмен құлақарық каналдар желісі салынған. Су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 28,9 м3/с құрайды. Амудария ӛзеннің алабы Тәжікстан мен Ӛзбекстандағы келесі негізгі ӛзендер желілерінен құралады: Гунт және Бартанг салаларымен қоса алғандағы Пянж ӛзені; Алай аңғары мен Солтүстік Памирден су жинайтын Вахт ӛзені; Гиссар жотасының оңтүстік беткейлерінен ағып келетін Кафирниган және Сурхандария ӛзендері. Амудария ӛзені жүйесіне оған жетпей сіңіп кететін Қашқадария мен Зеравшан ӛзендерінің алаптары жатады. Амудария Пянж және Вахш ӛзендерінің қосылуынан түзіліп, Арал теңізіне келіп құяды. Ӛзеннің ұзындығы 1415 км, Пянж ӛзенімен қоса алғанда 2540 км. Су жинау алабының ауданы 227 мың км2. Ӛзеннің Памир-Алай тау жүйесінен жазыққа шыға берісінде 1100 км бойы бір де бір саланы қабылдамай Амудария Тұран ойпатының шӛлді аудандары бойынша ағады. Сағалық бӛлігіндегі 100 км учаскеде ауданы 7000 км2 құрайтын атырау түзе отырып, ӛзен екі тармаққа бӛлінеді. Ӛзеннің жылдық ағындысында кӛктемгі-жазғы су басу және күздік-қыстық судың сабасына түсуі байқалады. Керка қаласы маңындағы ӛзеннің таудан шыға берісінде су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 2010 м3/с құрайды, тӛменгі ағысында 1410 м3/с тең. Ӛзеннің суы Қарақұм, Аму-Бұхар және басқа да каналдарға алынады.

Амудария айтарлықтай лайлылығымен ерекшеленеді, оның таудан шыға берісіндегі орташа жылдық шамасы 3700 г/м3, тӛменгі ағысында 2650 г/м3 құрайды. Ӛзеннің орта ағысы тек қысы қатаң жылдары, ал тӛменгі ағысы үнемі 3-4 ай бойы мұз құрсанып жатады. Зеравшан ӛзені Жоғарғы Зеравшан (Матча) және Фандария ӛзендерінің қосылуынан түзіледі. Матча ӛзені Орта Азиядағы ең ірі Зеравшан мұздығынан бастау алады. Фандария Искандеркуль кӛлінен бастау алады. Бұрын Зеравшан Амударияның саласы болған, қазір оның сулары тек суы мол жылдары ғана Амударияға жетеді. Ӛзеннің ұзындығы 877 км, су жинау алабының ауданы 17,7 мың км2. Ӛзеннің сағасы ретінде Қаракӛл қаласы маңындағы ирригациалық тармақталған желі қабылданады. Таудан шыға берістегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 152 м3/с. Сырдария ӛзен жүйесі кӛптеген ӛзендерден құралады, олардың негізгілеріне Нарын, Қарадария, Чирчик және Арыс ӛзендері жатады. Сырдария Нарын және Қарадария ӛзендерінің қосылуынан түзіледі. Ӛзеннің ұзындығы 2212 км, Нарын ӛзенімен қоса алғанда 3019 км. Су жинау алабының таулы бӛлігінің ауданы 219 мың км2. Фергана аңғары шегінде ӛзен арнасының ені 300 м, кейде 1,5-2,0 км жетеді. Бекабад қаласы маңындағы таудан шыға берісте су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 565 м3/с тең, Қазалы қаласының (Қазақстан) маңындағы тӛменгі ағысында 470 м3/с. Ӛзен ағындысы Қайраққұм және шардара су қоймалары арқылы реттеледі. Чу ӛзені Қырғызстандағы Кочкор ойысындағы Кочкор және Джуанарык ӛзендерінің қосылуынан түзіледі. Ӛзеннің ұзындығы 1186 км, су жинау алабының ауданы 38,4 мың км2, ал ағынсыз кеңістіктермен қоса алғанда 67,5 мың км2. Таудан шыға берістегі су ӛтімінің орташа жылдық мӛлшері 51,5 м3/с тең. Қазақстан аумағында ӛзен шӛлейтті және шӛлді аудандарды кесіп ӛтіп, құрғап қалған тұзды кӛлдер жүйесіне құяды. Арал теңізінен кейінгі аймақтағы барынша ірі кӛлге солтүстік Тянь-Шаньдағы (Қырғызстан) ағынсыз Иссык-Куль кӛлі жатады. Кӛл солтүстігінде Күнгей Алатауы оңтүстігінде Теріскей Алатауы аралығындағы 1609 м биіктікте орналасқан. Кӛл айдынының ауданы 6280 км2, орташа тереңдігі 275 м, ең терең жері 702 м. Кӛл ұзындығы 177 км, ең енді жері 60 км, су кӛлемі 1730 км3 тең.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]