Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

20.Оңтүстік-Батыс Азия өзендерінің гидрологиялық режимі

Оңтүстік-батыс Азия Ауғанстан Елдің үлкен бӛлігін тасты шӛлдер, құрғақ далалар және елдің орталық және солтүстік-шығыс аумағындағы Гиндукуш жотасының таулы аудандары алып жатыр. Ауғанстанның тек оңтүстік-шығысында ғана субтропикалық оазис – Джелалабад жазығы орналасқан. Ӛзендер желісі таулы аудандарда барынша дамыған, ал ӛзендердің қоректенуі таулы аудандарда суық кезеңде түскен қар жамылғысына толығымен тәуелді. Елдің Кабул ӛзенінен басқа барлық ӛзендер ағынсыз ӛзен алаптарында сарқылады немесе құмға сіңіп кетеді. Кабул ӛзені Пәкістан аумағындағы Инд ӛзеніне құятын Үнді мұхиты алабына жатады. Джелалабад жазығындағы Кабул ӛзенінде және оның салаларында суармалы егін шаруашылығына арналған тығыз ирригацялық желісі салынған. Ауғанстанның жазықтық ӛзендерінің кӛпшілігі суармалы егістікке су алу мен қарқынды булану салдарынан жаздың екінші жартысында құрғап қалады. Солтүстік Гиндукуштан ағып келіп, Тәжікстанмен шекараласатын Амударияның саласы Пяндж ӛзеніне құятын айтарлықтай ірі ӛзендері Кокча және Кундуз болып табылады. Елдің солтүстік-батысын шығыстан батысқа қарай Мургаб және Герируд ӛзендері кесіп ӛтеді.

Гиндукуштың оңтүстік беткейлерінен Лора, Хашруд, Фарах салаларына ие сол жақ жағалаудан келіп қосылатын Аргандаб саласы Гильменд ӛзені бастау алады. ИранАуғанстан секілді Иранға да жауын-шашын мӛлшері аз түседі. Мұндағы жылдық жауын-шашын мӛлшері 100-200 мм құрайды, ал таулы аудандарда 300 мм дейін жетеді. Сондықтан да Иранның су ресурстары тапшы. Ӛзендер аз сулылығымен ерекшеленеді және уақытша су ағындарына ие. Тұрақты су ағындары тек Оңтүстік Каспий маңы мен ылғалдылығы мол таулардың бір бӛліктерінде ғана кездеседі. Елдің орталық бӛлігіндегі ӛзендер негізінен орталық иран шӛлдерінің ойыстарында «соқыр» сағалармен аяқталады. Тұзданған жыныстардың сілтісізденуі нәтижесінде кӛптеген ӛзендердің суы қышқыл-тұзды дәмге ие. Елдің солтүстік бӛлігіндегі кӛптеген ӛзендер таудың қары мен мұздықтардың еріген суымен қоректенеді. Кӛптеген ӛзендерде су басу жауын-шашын мен қар еритін кӛктем мезгілінде орын алады. Шеткі аудандардағы ӛзендер режимі жауын-шашынның түсу мӛлшеріне байланысты қалыптасады. Каспий теңізі алабының ірі ӛзендеріне Аракс және Атрек, сонымен қатар Сефидруд және Горган ӛзендері жатады. Иранның кеме жүзетін жалғыз ӛзені Карун Шатт-эль-Араб арқылы Парсы шығанағына құяды. Ел аумағында кӛлдер, атап айтқанда Иран таулы қыратының ішкі аудандарында кӛптеп кездеседі. Олардың барлығы ағынсыз, ӛте тұзданған және суы аз (әдетте, тереңдігі 1 м шамасында) және олардың кӛлемі мен пішіні күрт ӛзгеріп отырады. Кӛптеген кӛлдер жазда толықтай кеуіп топи сорларына айналады. Елдегі ең ірі кӛл – Резайе (тұзды) Ирандық Әзербайжан тауларының 1275 м биіктігінде орналасқан. Оның ұзындығы 130 км, ал ені шаманен 30 км. Кӛлдің орташа тереңдігі 5-6 м, ал ең терең жері 15 м аспайды. Бұл тұзды кӛлдің түбінде емдік батпақтың қатты қабаты орналасқан. Елдегі ең ірі тұщы кӛл ауқымды тайыз Хамун кӛлі. Түркия Түркияның жер бедері сипаты бойынша таулы ел болып саналады және Анатолий таулы үстіртінен басқа жерлер ӛзен желісінің жиілігімен ерекшеленеді. Түркияның ӛзендері сарқырамалар мен табалдырықты учаскелері бар таулы сипатқа ие Ӛзен ағындысы тым әрелкілігімен ерекшеленеді. Жаңбырлы маусымдар мен қар еруі кезінде кӛптеген ӛзендер буырқанды ағындарға айналып, су басу қаупін туындатады, ал әдеттегі құрғақ жазғы және күзгі маусымдарда қатты таыйзданады; ал олардың ішіндегі кішігірім ӛзендер мүлдем кеуіп қалады. Түркия тауларында оңтүстік-батыс Азияның ірі ӛзендері: Шығыс Анатолий таулы үстіртінен Евфрат ӛзені, Армян таулы қыратынан Тигр ӛзені бастау алады. Түркиядағы ең ірі кӛл – оның шығысында орналасқан Ван кӛлі. Ішкі Анатолий таулы үстіртінің орталығы мен оңтүстігінде тұзды, пішіндері жиі ӛзгеріп отыратын кӛптеген кӛлдер мен батпақтар орналасқан. Таулы үстірттің орталығындағы 1000 м жуық биіктіктегі кӛлемі бойынша Түркиядағы екінші кӛл (Ван кӛлінен кейінгі) ӛзінің суларының тұздылығымен әйгілі Тұз кӛлі. Жазда кӛл кеуіп, түбін тұзды қабық кӛмкеріп жатады. Сирия, Ливан, Иордания, Израиль Сирия аумағы бойынша екі ірі ӛзен: оңтүстік бағытта елдің орталық аудандарын кесіп ӛтіп, Ирак аумағына жететін Евфрат ӛзені, солтүстік бағытта – Оронт (Эль-Аси) ӛзені ағып жатыр. Оронт ӛзенінің ұзындығы 571 км. Ол Ливаннан бастау алып, Түркияда Жерорта теңізіне келіп құяды. Ливанның ең ірі ӛзені – Эль-Латании Бекаа (Бека) грабенінің аңғары бойымен оңтүстік бағытта ағып ӛтеді, тек тӛменгі ағысында ғана батысқа қарай бұрылып, Жерорта теңізіне құяды. Иорданияның ӛзендер желісін вадилер – қыс мезгіліндегі жаңбырлы маусымда ғана суы молайатын уақытша ағындар құрайды. Жазда олар қатты тайызданады немесекеуіп қалады. 29

Тек бір ӛзеннің ғана тұрақты ағыны бар, ол - Ӛлі теңізге құятын Иордан ӛзені. Хермон таулы массивінен бастау алып, Иордан ӛзені Гхор ойысы арқылы ағады. Ӛзен жағалаулары тӛмен орналасқан. Жағалауларының кӛп жерлерінде қалың тамарикс тоғайы ӛскен. Иордан ӛзеніне байланысты кӛптеген аңыздар бар. Ол туралы қасиетті жазбаларда Иордан суларында Иса пайғамбар шоқынған деп айтылады. Иордания мен Израилде бірегей кӛл - Ӛлі теңіз орналасқан. Бұл кӛлдегі тұз концентрациясының мӛлшері жоғарылығы соншалықты (шамамен, қарапайым теңіз суының тұздылығынан 7,5 есе жоғары), мұнда бактериялардан басқа ешқандай тірі организмдер тіршілік ете алмайды. Ирак Ирак аумағы арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай тӛменгі ағысында қосылып, Парсы шығанағына құятын аты аңызға айналған Тигр мен Ефрат ӛзендері ағып ӛтетін атақты Месопатамия ойпаты ұзына бойы орналасқан. Ӛзендер қосылғаннан кейін, арабтар Шат-эль-Араб («арабтар ӛзені») деп аталатын арнасын түзеді. Сауд Арабиясы, Йемен Араб республикасы. НДР Йемен, Оман. ОАЭ, Катар, Кувейт. Сауд Аравиясы үшін жауын-шашынның үлкен маңызы бар, себебі мұнда тұщы сулы кӛлдер мен үнемі ағатын ӛзендер жоқ. Неджда жауын-шашын жаз және қыс мезгілдерінде түседі, Хиджазде қыс мезгілі мен кӛктемнің басында түседі. Жуын-шашынның түсуі біркелкі емес, арасына үлкен уақыт аралығын салады. Кейбір жылдары бір тамшы жаңбыр жаумайтын кездер болады. Ал егер жаңбыр жауа қалса, әдетте қуатты және қарқынды ағындар туғызатын нӛсерлі жауын жауады. Жаңбыр суы елдің барлық бӛліктерінде кездесетін сансыз құрғақ вадилерді толтырады. Ең ірі вадилер қатарына Эр-Румма (Эр-Рима) және Эд-Давасир жатады. Олардың біріншісі Аравия түбегінің солтүстігінде (оны ұзындығы 950 км жуық), екіншісі оның орталық бӛлігінде орналасқан. Шӛлді аумақтарға сіңіп кеткен су ағындары, кейіннен кейбір ойпаңды жерлерде оазистердің (Эр-Рима вадиі ауданындағы Эль-Касим оазис, Эд-Давасир вадиі ауданындағы Эль-Вади оазисі) пайда болуына ықпал етіп, жер бетіне шығады. Мемлекеттің гидрографиясының маңызды элементі жер бетіне шығатын грунт сулары. Эль-Хасы ауданында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі кӛздер түрінде шығады: суық, ыстық, тұщы, тұзды күкіртті. Тұщы су кӛздері тек жағалауларда ғана емес, Парсы шығанағы түбінен де кездеседі. Эль-Хасының оңтүстігінде орналасқан Хуфуф оазисінде жылпы дебиті минутына 400 мың литрды құрайтын 40 жуық су кӛздері бар. Елдің басқа аудандарында су кӛздері сирек кездеседі. Үлкен карстты құдықтар Эр-Риядтан оңтүстік-шығысқа қарай кездеседі, олардың диаметрі 90 м, ал тереңдігі 120-130 м жетеді. Шӛлді аймақтарда құдықтар ӛте сирек кездеседі, олардағы су, әдетте, ӛте тереңде орналасқан. Йеменде таулардан бастау алып, ойпаңды аумақтарға құятын кӛптеген су ағындары бар. Олардың арнасы тек жазғы жаңбырлар кезінде ғана толысады, содан соң ылғалқоры оның тек жекелеген учаскелерінде сақталып, қалған бӛлігі тез құрғайды. Жылдың айтарлықтай уақытында ӛзенарналары құрғап жатады, олардың тек кейбіреулерінде ғана топырақ асты ылғалдылығы сақталады. Ол аңғарлардағы құдықтардың сумен қоректенуінде үлкен практикалық маңызға ие. Оманда да тұрақты ӛзендер жоқ; барлық ӛзендер кезеңдік, әсіресе қыстық ағындыға ие. Тауалды жазықтары ӛте бай, грунт суларының маңызы зор. Сумен барынша қамтамасыз етілген Эль-Батина жазығында қсқы уақыттағы ӛзен суларынан басқа кӛптеген құдықтар мен құлақарық каналдар бар. Мұнда суармалы егін шаруашылығы дамыған. БАӘ де тұрақты ӛзендер жоқ. Маусымдық ағын сулардың ішінде Вади-Хаммды атауға болады. Жер асты сулары сирек және олардың кӛбі сортаңданған. Дегенмен, жер асты тұщы суларының қорлары ӛте тиімді әрі ұтымды пайдаланылуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]