Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
26656.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
111.5 Кб
Скачать

1.Солтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі (АҚШ).

Құрлық бетінен жылына 8200 км3 су, яғни дүние жүзілік ағындының 18% ағып ӛтеді. Канаданың оңтүстігінің, яғни халық кӛбірек қоныстанған бӛлігінің жылдық ағынды қабаты 35 см, ал АҚШ – 27 см. Аппалач тауларының жылдық ағынды қабаты 50-60 см жететін аумағы су ресурстарына бай, бұл Амазонка ойпаты ауданына қарағанда кӛбірек. Сондықтан, Аппалач тауларының шығыс беткейлерінің ӛзендері. Сондықтан Аппалач тауларының шығыс беткейінің ӛзендері үлкен емес болса да, суы мол. Мысалы, сағасында Нью-Йорк қаласы орналасқан Гудзон ӛзенінің жылдық ағындысы 22 км3 және Батыс Двина (Даугава Q = 680 м3/с) ӛзенінің ағындысымен салыстыруға болады. АҚШ оңтүстік-шығысындағы ең үлкен ӛзендерінің бірі – Мобил (сағасында жылына 50 км3) сулылығы жағынан Днепр ӛзенімен тең түседі (Q = 1670 м3/с), ал жағасында АҚШ астанасы Вашингтон қаласы орналасқан Потомак ӛзенінің сағасындағы ағындысы Днестр ӛзенінің ағындысымен тең (Q = 295 м3/с). Аппалач тауларының батыс беткейі, Орталық және Ұлы жазықтардың үлкен бӛлігі Миссисипи ӛзенінің алабына тиеселі. Миссисипи ӛзені дүние жүзінің ең ұзын және Шығыс Американың ең суы мол ӛзендерінің бірі болып табылады. Ӛзеннің ұзындығы 6215 км, алабының ауданы 3248 мың км2, жылдық орташа су ӛтімі 18400 м3/с. Миссисипи үндістердің тілінде «сулардың әкесі» деген мағына береді. Оң жағалауынан Миссури және сол жағалауынан Огайо ірі салаларымен бірге ӛзен алабы АҚШ аумағының үштен басым бӛлігін алып жатыр. Мексика шығанағына құятын жерінде ӛзен ағындысы суының жартысын Огайо, Миссури ӛзендерінің сулары құрайды және Миссисипидің т.б. оң салаларының суы аз, бірақ жүзінді бӛлшектерінің үлкен мӛлшеріне қанық. Сондықтан Ұлы жазықтардың ең ірі ӛзені Миссуриді Big Muddy– ірі лайлы ӛзен деп атайды. Ұлы жазықтардың қиырында Миссури ӛзенінің ағындысы жылына 19-25 км3 құрайды. Миссисипи ӛзенінің режимі біріншіден Аппалач тауларындағы қардың еруімен және Ұлы жазықтардағы нӛсерлі жауынмен анықталады, бұл ӛзеннің тӛменгі ағысында ауданы жағынан Онега және Ладога кӛлдеріне тең келетін жайылмасында суқоймалардың пайда болуына алып келеді. Тасқындық режимі Мексика шығанағына құятын құрлықтың кӛптеген басқа да ӛзендеріне тән. Мысалы, Рио-Гранде ӛзені сулылығы жағынан Москва ӛзенімен салыстыруға келеді, бірақ мол нӛсерлері кезінде бірнеше жылда бір рет ӛзеннің кең жайылуы байқалады және Волга ӛзенінің тӛменгі ағысына қарағанда суы 2-3 есе кӛп болады. Тынық мұхитына құятын ӛзендерінің алаптары улкен болмайды. Құрлықтың негізгі суайрығы Жартасты таулардан ӛтеді және үлкен алаптардың пайда болуы үшін одан мұхитқа дейінгі арақашықтық үлкен емес. Ірі ӛзендердең бірі Колумбия, сулылығы жағынан Волгамен (Q = 8060 м3/с) тең келеді, үлкен еңістіктері бар және осыған байланысты үлкен гидроэнергетикалық ресурстарына ие, жазда үлкен су деңгейі кезінде ӛзеннің мұздықтармен қоректенетіндіктен Снейк ӛзенінің саласымен бірге суармалау мақсатында пайдаланылады Мұздықтары жоқ және жауын-шашын мӛлшері аз Жартасты таулардың оңтүстік бӛлігінде суы ирригациондық мақсатта пайдаланылатын су онша мол емес Колорадо ӛзені бастау алады. Суы молырақ Сакраменто ӛзені құнарлы Калифорния жазығын суармалайды. Тұщы судың жетіспеушілігімен ерекшеленетін Оңтүтік Кордильерге қарағанда Кордильердің солтүстік бӛлігінде қуаңшылық аудандармен ӛтіп, суларын мұхитқа алып баратын кӛптеген суы мол ӛзендер бар. Колумбия ӛзенінен басқа, бұл жылдық ағындысы 90 км3 Фрейзер ӛзені, Юкон ӛзені (63км3), Скина ӛзені (32 км3) және т.б.

АҚШ шекарасында жатқан Канаданың оңтүстік бӛлігінен басқа және Лабрадордың оңтүстік жартысынан басқа Канаданың барлық аумағының ағындысы Солтүстік Мұзды мұхитына құяды. Гидрологиялық желісі мұздықтың шегінуінен кейін пайда болған, ӛзендері кӛптеген кӛлдерді қосатын тармақтар жүйесі болып табылады. Канадада жалпы су айнасының ауданы 40 км2 болатын 200-ден астам кӛлдер бар, барлық жербеті сулары елдің 8% ауданын алып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхиты алабының ең ірі ӛзені – жылдық ағындысы 310 км3 болатын Маккензи ӛзені, Солтүстік Америкада тек Миссисипи және Ұлы Лаврентия ӛзендерінен ғана кем түседі. Макензидің ұзындығы 4240 км, алабының ауданы 1760 мың км2, оташа жылдық су ӛтімі 10800 м3/с. Аймақтың басқа ірі ӛзендері – Черчилл, Нельсон, Гамильтон болып табылады. Солтүстік Америка кӛлдерінің арасында ерекше орынды жалпы су кӛлемі 24 мың км3 болатын Ұлы кӛлдер алады. Кӛлдердің жалпы ауданы 246,5 км2 – бұл Каспий теңізінен 1,5 есе кіші. Ең ірісі – Жоғарғы кӛл, дүние жүзіндегі су айнасының ауданы жағынан екінші орында – 82,4 мың. км2, Каспиден 4,5 есе кіші. Кӛлдің тереңдігі 400 м жетеді. Ниагаралық куэстты тӛбелік қырқалардың жоғары кертпеші тӛрт кӛлді – Жоғарғы кӛл, Мичиган, Гурон және Эри кӛлдерін байланыстырады және оларда әр түрлі болса да, судың жоғары деңгейін құрайды. Эри кӛлінен ағып шығатын Ниагара ӛзені тӛбелік қырқаларды кесіп ӛтеді және Онтарио кӛліне құяр маңында Ниагара сарқырамасын түзеді. Ұлы кӛлдердің ағындысы суы мол Ұлы Лаврентия ӛзені арқылы Атлант мұхитына құйылады.

2.Оңтүстік Америка өзендерінің гидрологиялық режимі.

Оңтүстік Америка Оңтүстік Америка аумағының басым бӛлігі тӛменгі ендіктерде орналасқан, Атлант мұхитының ылғалды желдеріне ашық және жауын-шашын орташа алғанда дүние жүзінің бүкіл құрлығынан екі есе кӛбірек түседі. Сондықтан дүние мұндағы ӛзен ағындысы жүзі бойынша орташа кӛрсеткіштерден екі есе асып түседі. Сондықтан ең кӛп беткейлік ағындысы жел ӛтіндегі құламалы тау беткейлерінде – Колумбиялық және Патагондық Андтың батысы, Орталық Америка жоталарының және Гвиана жазық тауларының шығыс беткейлерінде, сонымен қатар Амазонияның үнемі және мол жауын-шашындарымен қамтамасызданған жазықтарда байқалады. Бұл аудандар жиі және біркелкі суы мол ең үлкен ӛзен алабы – 7 млн. км2 астам және дүние жүзіндегі ең суы мол – Амазонка ӛзені бар ӛзен желісіне ие. Ӛзеннің ұзындығы шамамен 6300 км. Сағасындағы жылдық орташа су ӛтімі 175000 м3/с құрайды. Таулы және қыратты жер бедері басым маусымдық ылғалды субэкваториалды және шығыс-тропиктік аймақтардың ӛзендерінің ағындысы азырақ. Сонымен қатар мұнда ӛзен желісі жиілігімен ерекшеленеді. Бұл ӛзендердің табалдырықты учаскелері мен айтарлықтай еңістіктері молынан кездеседі. Сондықтан олардың ішіндегі ең суы мол – Парана, Сан-Франсиско, Магдалена, орта және тӛменгі Амазонканың ірі салалары, жоғарғы Ориноко және оның бірінші салаларының тек жеке аймақтары ғана кеме жүзуге жарамды. Аталған аймақтардағы ӛзендердің максималды су ӛтімі минималды су ӛтімінен 15 – 20 есе асып түседі. Анд Колумбияның (10 000 мм дейін) және Оңтүстік Чилидің (7000 мм) жел жақ беткейлерінде, Батыс Амазония және Гвиана мен Бразилия таулы үстірттерінің шығыс беткейлерінде (до 4000 мм), олардың ішкі аудандары мен жазықтарында (шамамен 1000 мм) жауын-шашынның ең кӛп мӛлшері түседі. Патагония және Пуна (200 мм дейін), Пампадан батысқа қарай аймақтар (300 мм дейін) ӛте қуаң, тропиктік батыс жағалаулары мен Анд (100 мм тӛмен) мүлде құрғақ. Тынық мұхиты жағалауын бойлай орналасқан Анд таулары Тынық мұхитының су жинау алабын шектейді.Оның үлесіне құрлық ағындысы ауданының тек 1/12 бӛлігі ғана тиеселі. Тынық мұхиты жағалауы ӛзендері қысқа, тасқынды, табалдырықты болып келеді, қар мен мұздықтардың еріген суларымен және нӛсерлі жауынмен қоректенетін солтүстікпен оңтүстіктің тек ылғалды аудандарында кӛп кездеседі. Шӛлді орталығы бойымен Анд тауларынан эпизодтық ағын сулары зорға ӛтеді, олардың біреуі ғана Рио-Лао ӛзінің тапшы суын мұхитқа жеткізе алатын жағдайда. Бұл ӛзендер негізінен топырақастар суларымен қоректенеді. Атлант мұхиты ағындыны барлық жазықты-қыратты Шығыстан және Анд тауының шығыс бӛлігінен жинайды. Кариб теңізінің алабына Анд тауы ӛзендерінің ірі жүйесі: Колумбиядағы Магдалена-Каукиға да тиеселі. Гвиана мен Бразилия қыраттарының жақсы ылғалданған жазық беткейлері ӛзінің суларын олардың арасында жайылып жатқан Андтың жанасқан жоталарының ӛзендері де ұмтылатын нӛсерлі Амазония жазық ойпатына жібереді. Бұл жерде дүние жүзінің ең су мол Амазонка ӛзені орналасқан, ең үлкен ӛзен алабы бар. Ӛзен Батыс Кордильердің шығыс беткейлерінде Перуде 4840 м биіктікте, Тынық мұхитына жақын жерде пайда болған. Мараньион деп аталып ол биік шатқал бойынша солтүстікке қарай ағады, шығысқа бұрыла ойпатқа түсіп, кӛп ұзамай ӛзінің екінші бастауы – Укаяли ӛзенін қосып алып, сол жерден Амазонка деп аталады. Бұдан әрі 4300 км еркін кеме жүзетін ӛзен Атлант мұхитына бет алады. Оның тұтас ұзындығы 6400 км, егер Укаяли бастауынан ары есептеген жағдайда 7000 км құрайды. Амазонканың суы әрқашан мол. Әр түрлі бағалаулар бойынша орташа су ӛтімі 175-220 мың м3/с, максималды су ӛтімі 300 мыңға дейін жетеді. Әйтседе, су режимі оның негізгі салаларының алаптарындағы жауын-шашынның түсу уақытына тәуелді, олардың ішінде он жетісінің ұзындығы 1500-3500 км дейін жетеді. Тұтас жүйенің кеме жүзетін жолдарының ұзақтығы 25 мың км жоғары, гидроэнергетикалық ресурстары ӛте үлкен, шамамен 280 млн. кВт, бірақ әзірге олар қолданылу деңгейі мардымсыз. Амазонка Риу-Негруға құйылардан бұрын, Солимойнс деп аталатын суы лайлы, қуатты ӛзен. Ол кейбір жерінде 200 км-ге дейін кӛптеген тармақтары, ӛзбой, және кӛлдері бар кең аңғар бойынша ағады және 3000 км түзу бойынша құламасы 65 м. Арнасының ені Манауста 5 мың км-ге тең, Шингуға құйғаннан кейін 80 км дейін жетеді, сондықтан қарама-қарсыдағы жағасын кӛру мүмкін емес, ӛзеннің Обидустағы тереңдігі 135 м жетеді, бұл шамамен Балтық теңізінің орташа тереңдігіне сәйкес келеді. Амазонканың ауданы 100 мың км2 болатын ішкі атырауы дүние жүзі бойынша ең үлкен болып саналады. Ол мұхитқа қарай жылжымайды және Маражо деп аталатын алып аралын қамтитын негізгі тармақтарының сағалары шұңқыр тәрізді. Олар теңіздің толысу құбылыстары нәтижесінде тазартылады, атыраудағы тайыз суларда биіктігі 4-5 м жететін «поророка» жалдарымен кӛтеріледі. Олардың гүрілдеген дауысы бірнеше километрден естіледі және сағатына 25 км жылдамдықпен ӛзен бойымен жоғары жылжиды. Толысулар сағадан 1400 км сезіледі. Ал теңізде Амазонканың лайлы суы жағалаудан 300 км қашықтықтан кӛрінеді. Себебі ол жылына 1 млрд. астам тасындыларды шығарады. Амазонка салаларындағы су тасқындары әр түрлі мезгілде болады және олардың әсерінен ӛзен суының лүпілді кӛтерілулері мен тӛмендеулері болып тұрады. Оң жақ салаларының ұзынырақ сағаларындағы жазғы жауынның әсерінен судың жоғары кӛтерілуінен болатын негізгі кӛтерілуі (10-12 м дейін) сәуір-маусым айларында байқалады. Осы кезде аңғардың бәрін су басады. Батыс Амазонияның жазықтық ӛзендері жайпақ аңғарларды кеңейте желге мүжілген мықты борпылдақ қыртыстан тұратын жағаны шаяды. Ӛзендердегі кӛп мӛлшердегі тұнбаның жиыны олардың суын ақшыл-қоңыр түске бояйды. Оларды «риос бранкос» (немесе бланкос) – ақ ӛзендер деп атайды. Қыраттардың тығыз таужыныстарымен ағатын Риу-Негру және Амазонканың шығыс салалары ӛсімдіктердің шіруінен болатын күңгірт суларымен мӛлдір. Бұл «риос негрос» – қара ӛзендер деп аталады. Оңтүстік Американың кӛлемі жағынан екінші ӛзені – Парананың да табиғи жағдайларының қалыптасуы қолайлы. Ол, негізінен, ӛзінің сол жақ салаларымен, сонымен қатар онымен ортақ сағасы бар Уругвай ӛзенімен бірге, жақсы ылғалданған аймақтарда кӛптеген шоңғалдары, сарқырамалары бар Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейінен ағады. Олар тек тӛменгі ағысында ғана кеме жүруге жарамды, оның есесіне олардың энергиясы енді белгілі мӛлшерде пайдаланылады. Парананың негізгі оң жақ саласы – Парагвай – жазықтықтық ӛзен, бірақ су ӛтімінің қатты тербелісімен ерекшеленеді, ал оның салалары Гран-Чакодан кейбір жерлерінде қыс мезгілінде құрғап қалуы мүмкін. Парана – Оңтүстік Американың ұзындығы жағынан (4700 км) және арнасының ауданы жағынан (4250 мың км2) екінші ӛзен. Оның орташа тереңдігі – 12 м, максималды тереңдігі – 48 м. Мисьонес деп аталатын провинциясының аумағында Парана жартасты шатқалдарда кӛптеген шоңғалдарымен, сарқырамаларымен ағады. Шатқалдардан шыға берісте ол ӛзінің негізгі саласы Парагвай ӛзенімен қосылады, содан кейін Корриентес қаласында ені — 1-1,5 км жетіп бірнеше тармақтарға бӛлініп, су басатын ойпатпен ағады. Диаманте қаласынан тӛмен жерде ӛзеннің ені 50 км-ге дейін жетеді,ал Уругвай ӛзенінің құйылғанынан кейін Ла-Плата эстуариінің ені тереңдігі 3—5 м болған кезде 300 км-ге дейін жетеді. Парана, Уругвай және Парагвай ӛзендерінің режимі біркелкі емес, жазға-күзгі максимумдері бар. Олардың жауынмен қоректенуі басым. Суының деңгейі қатты тербеледі, әсіресе Паранада, сондықтан мемлекетке үлкен шығын алып келетін қатты су тасулар жиі болып тұрады. Парана Аргентинаның ӛмірінде экономикалық тұрғыдан негізінен кеме жүзетін артерия және сумен қамтамасыз ету кӛзі ретінде үлкен рӛл атқарады. Судың үлкен кӛлемін қажет ететін ӛте маңызды ӛндіріс орталықтарының ӛзеннің тӛменгі ағысында топталуына байланысты оның су шаруашылығындағы маңызы зор. Әйтседе Парананың оңтайлы мүмкіншіліктері әлі толығымен пайдаланылмаған, әсіресе энергетикалық мақсатта. Шамамен 1890 ж. Аргентинада ең алғашқы ГЭС – Сан-Роке салынған. Соңғы жылдары Парана, Уругвай, Неукен, Ли-май, Рио-Терсеро ӛзендерінде ірі гидроэнергетикалық құрылыс жүріп жатыр. Патагония жағалауларында биіктігі 8-9 м жететін теңіз толысулары энергияның үлкен қорына ие. Мемлекеттің негізгі ӛзендері – Парана және оның ең ірі саласы Парагвай. Парана гуарани үндістерінің тілінде «үлкен ӛзен» деген мағына береді. Ӛзен 800 км бойына Парагвай аумағы бойынша ағады, терең аңғарда кӛптеген шоңғалдар мен сарқырамаларды құра Парананың лавалық үстіртін кесіп ӛтеді. Ең үлкен сарқырамасы – Сети-Кедас, немесе Гуайра, Бразилиямен шекарада орналасқан. Судың үлкен кӛлемі тереңдікке жартастардан 30 м биіктіктен құлайды. Энкарнасьоннан тӛмен жерде Парана ойпатқа шығады және оның арнасы 1 км-ге дейін кеңейеді. Кейде ӛзен бойымен агуапе деп аталатын су ӛсімдігінің (су гиацинтінің) тамырлары мен сабақтарының қалың біріккен «тірі аралшықтары» жүзіп ӛтеді. Кейде олардың ӛсіп кететіні соншалықты, тіпті кеменің жүзуіне кедергі келтіреді. Корриентестен кішкене жоғары жерде Паранаға оның негізгі саласы – Парагвай құйылады. Парагвайдың жалпы ұзындығы – 2400 км, оның 900 км Парагвай аумағына тиеселі. Ӛзен арнасының үлкен бӛлігі айналмалы, кеме жүзуін қиындататын кӛптеген құмтасты қайырлары мен аралдары бар. Ӛзеннің тӛменгі ағысында ені – до 1,5 км дейін, тереңдігі – 10-20 м. Жылдың құрғақшылық кезеңінде (шілде-қыркүйек) кӛтеген ӛзендер Чакода құрғап қалады, тек ірі саласы – Пилькомайо ғана ӛз суын Парагвайға дейін жеткізеді. Ӛзендер жауын маусымында суы мол болады және үлкен кеңістіктерді су басады. Ойпаттарда қуаңшылық кездерде де құрғамайтын батпақтар, ал сол жағалауда майда кӛлдер бар. Парагвай ӛзені – тӛменгі ағысында жыл бойы салыстырмалы түрде суы мол. Арнаның үнемі тереңдеуі ӛзен кемелеріне 2 м дейін шӛгіндіден Консепсьон қаласына дейін кӛтерілуге мүмкіндік береді, Асунсьонға дейін теңіз кемелері жетеді.

Ұзындығы 1650 км Уругвай ӛзені бастауын Бразилия аумағында алады. Ол Сальто қаласына дейін жоғарғы ағысында жартасты тізбектерді тесіп ӛтетін жерде табалдырықты. Сальтодан тӛмен жерде ӛзен кеме жүзуге жарамды. Ла-Платаға құйылар кезінде Уругвайдың ені 12 км-ге жетеді. Уругвай кӛптеген су мол салаларын қабылдайды. Ағысы біркелкі емес, су тасулар болып тұрады. Уругвай мен Парананың қосылуы Ла-Плата эстуариін құрайды. Льянос және Гвиана қыраттарының тоғысқан жерінде ағатын үшінші су артериясы – Ориноконың да су деңгейінің тербелісі аса үлкен. Ориноконың сол жақ салалары жазықтықта ағады, жауын маусымы кезінде олардың суы жағасынан асып кетеді, оң жақ салалары атақты Анхель тәрізді біресе үлкен су массасын кристалды табанның кертпештерінен құлататын, біресе тік құмтасты қабырғалардан қайтаратын кӛптеген сарқырамаларымен ерекшеленеді. Венесуэладағы Карони ӛзенінде СЭС каскады салынған. Осындай «сарқырамалы» ӛзендердің жиі желісі Гвиана қыраттарының шығыс беткейлерін де суармалайды. Венесуэланың мыңнан астам ӛзендерінің жартысына жуығы Анд пен Гвиан қыраттарынан Оринокаға ағады. Оның алабының ауданы 1 млн. км2 шамасында. Аңызға айналған Эльдорадоны табу үшін пайдасыз ізденістері мақсатында ӛзен бойымен жоғарыға әлденеше рет кӛтерілген Диего Ордас және басқа да испандық конкистадорлардан кейін кӛбісі оның бастауын табуға тырысты. Алайда мұны тек 1951 ж. ӛзеннің нақты ұзындығын - 2740 км анықтаған арнайы франко-венесуэльдық экспедиция жүзеге асырды. Жоғарғы ағысында Ориноко ӛзінің суын солтүстік-батысқа алып барады. Эсмеральда елді мекенінен тӛмен жерде ені 700 м жетіп, ол оны екі ағынға бӛлетін үлкен жартасты шоңғалға тіреледі. Бұл кезде негізгі ағыны бұрынғы бағытын сақтап қалады – солтүстік-батыс, ал екіншісі - Касикьяре ӛзені оңтүстік-батысқа бұрылады. Бұл жерде беткейдің еңістігі оңтүстік-батысқа қарай болғандықтан, Касикьяре Оринокоға енді қайтып оралмайды, ӛзінің суын Амазоканың ірі салаларының бірі Риу-Негруға құяды. Бұл атақты Ориноко бифуркациясы (ӛзен қосарналығы) – дүние жүзіндегі ең ірі ӛзен қосарлануы, екі тармақтың әр қайсысы әр түрлі ӛзен желісіне тиеселі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]