Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби қаз. қдс.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.18 Кб
Скачать

Тыныс алу жүйесі

Тыныс алу жүйесі адам денсаулығына үлкен әсер ететін мүшелердің қатарына жатады. Әрине адам мүшелерінің барлығы да өзі үшін үлкен әсері бар. Соның ішінде сыртқы ортамен күнделікті қарым-қатынаста болатын тыныс алу мүшесінің рөлі ерекше. Тыныс алу жүйесінің мүшелеріне мұрын, кеңірдек, бронхы, өкпе, кеуде қуысы т.б. жатқызамыз.

Баспа мен тұмау тыныс алу жүйесінің аурулары қатарына жатады. Баспа салқын мезгілдерде жиі кездеседі. Аурудың негізгі қасиеті тамақ бездерінің қабынуында. Науқас адамның дене қызуы жоғарылап, басы ауырады. Ауру күшейсе, безде ірің пайда болады. Баспа асқынса, буынға, жүрекке шабады. Сондықтан ауруды жылы төсекке жатқызып, жылы күйіндегі сұйық тағам ішкізіп, компресс жасау керек. Ауру күшейсе дәрі ішкен дұрыс.

Тұмау - адамзатқа өте көне заманнан белгілі ауру. Тұмау агрипер (ұстау) - деген француз сөзі. XVIII ғасырдың алғашқы жартысында тұмау Еуропаны шарпып, 1665 жылы бір аптаның ішінде тек Лондонның бір өзінде өлген адамның саны кәрін төккен оба кезіндегі шығыннан да асып түскен.

Тонзиллит жұтқыншақ безінің ісінуі. Қайталанған баспаның әсерінен болып жіті және созылмалы түрлерге бөлінеді. Тонзиллиттің созылмалы түріне мұрын арқылы дем алудың дұрыс жүрмеуі, ауру тістер де әсер етеді. Созылмалы тонзиллит кезінде жұтқыншақ безі ісініп, науқас адам жұтқыншағында өзге бір нәрсенің тұрғанындай сезімде болады, кейде шаншып ауырып құлаққа әсер етеді.

Өкпе қатерлі ісігі, өкпе рагы – адам өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы ауру. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына сыртқы және ішкі себептер әсер етеді. Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары мен өкпеге физикалық, химиялық, канцерогендік заттармен ластанған ауаның, зиянды заттардың (шаң-тозаң, асбесвт, хром, т.б.) енуі, темекіні жиі тарту; ал ішкі себептерге: өкпедегі әр түрлі созылмалы қабынулар, иммундық жүйке қызметінің төмендеуі жатады. Өкпе қатерлі ісігіне әйелдерге қарағанда 45 – 60 жас аралығындағы ер адамдар жиі шалдығады.

10-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.

Жүрек- қан тамырлар жүйесі

Жүрек – (соr;) - өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс – бұлшықетті ағза болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше мен сол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақнемесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал олардың босаңсуы диастола деп атайды.

Қантамыр жүйесі орталық ағза - жүректен және онымен байланысқан көлемі әртүрлі, қантамырлары (лат.– тамыр, осыдан – ангиология) деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді.

Жүректен ағзаларға қарай шығып, оларға қан әкелетін тамырлар артериялар деп аталады. Ағатын сұйықтың сипатына қарай адаммен омыртқалылардың тамыр жүйесін екі бөлімге бөлуге болады.

1) қантамыр жүйесі – қан ағатын түтікшелер жүйесі (артериялар, веналар, микроағын бөлімдері мен жүрек)

2) лимфа жүйесі – түссіз сұйық, лимфа ағатын түтікшелер жүйесі. Артерияларда қан жүректен шет жаққа, ағзалар мен тіндерге қарай, ал веналарда жүрекке қарай ағады. Лимфа тамырларында сұйық веналардағы сияқты тіндерден орталыққа қарай ағады. Алайда веналық және лимфатамырларының аттарды шығарып әкету сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Еріген заттарды негізінен қан тамырлары сіңіріп алады да, ал қатты түйіршіктердің лимфа тамырлары сіңіреді. Қан арқылы сіңіру едәуір жылдамдау жүреді. Клиникада бүкіл тамырлар жүйесін жүрек-қантамыр жүйесі деп атап, оның ішінде жүрек пен тамырларды бөледі.

11-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.