Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби қаз. қдс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.18 Кб
Скачать

Салауатты өмір салты

Салауатты өмір салты дегенде - адамның өз денсаулығын күту деген ұғымды түсіну керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп дана халқымыз тауып айтқандай, аурудың алдын алу тек оған қарсы дәрі-дәрмектер ектірумен жүзеге аспайтынын білуіміз керек. Ол үшін салауатты өмір салтын сақтаған жөн. Яғни, күнделікті дене шынықтырумен айналысу, спортқа деген бір табан жақындық, денсаулыққа қатер туғызатын жаман әдеттерден бойды алшақ ұстау, жеке бастың тазалығын сақтау, тағамдарды пайдаланғанда тағам режимін ұстау, оның мерзіміне қарау, жүйке жүйесіне ауыртпалық салатын стресті жайларды болдырмау т.б. жақсы әдеттерді қалыптастыру керек.

Адам өз өміріне қастандық жасағысы келмесе, жоғарыдағы қағидаларды күнделікті орындап отырғаны жөн. Ол - адам ағзасының сыртқы ортадағы көптеген жағымсыз факторларға қарсы тұруына ыкпалын тигізеді.

Денсаулығы мықты адам - қоғамның болашағы екенін ұмытпауымыз керек.

Бабаларымыз "Аурудың алдын ал, жаудың алдын ал, қайта көтерілген даудың алдын ал" деген екен.

Адамның дені сау болуы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы, оның ұзақ жасауына үлкен әсер етеді. Ал үнемі бір нәрсеге ренжіп, уайымға салына беру денсаулыққа зиян. Өйткені оған бүкіл жүйке жүйесі қатысады. Ашу да, қатты қайғы да, қуаныш та жүрек пен қантамырдың, өкпенің, асқорыту мүшелерінң, ішкі бездердің жұмысына өзгерістер әкеледі. Кенеттен болған ауыр қайғы ағзаға қатты әсер етеді. Сондықтан ондай жағдайда адам өзін сабырлы ұстап, ақылға жеңдіргені дұрыс. Күнделікті жұмыста, тұрмыста кездесіп қалуы мүмкін жеңіл-желпі сәтсіздіктерді еске ұзақ сақтамай, тез ұмытып, ренжіткен адамға кешірім жасап, ашық-жарқын жүру әркімнің өзіне де, маңындағы адамдарға да жақсы ықпал етеді.

6-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз

Адам қаңқасы, оның зақымдануы

Барлық тірі ағзаларға тән қасиет - қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс дененің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор. Қимыл – қозғалыссыз адамның еңбек етуі мүмкін емес. Дененің қимылы сүйектерге бекіген бұлшық еттердің жиырылып - созылуына байланысты. Қаңқа мен бұлшық ет тірек-қимыл жүйесін құрайды. Тірек-қимыл жүйесі денеге таяныш болып, оны қимыл қозғалысқа келтіреді және ішкі мүшелерді қорғайды. Қаңқа және бұлшық ет адамның тірек құрылымы мен қозғалыс мүшелері болып табылады. Бұлардан құралған тірек-қимыл жүйесі адамның тік жүріп, түрлі еңбектермен шұғылдануына мүмкіндік туғызады. Қаңқа денеге белгілі пішін беріп, сымбатын және дене қалпын, пішінін айқындайды. Адам қаңқасына: бас, төстік, сүйек, омыртқа жотасы, бұғана, қабырға, тоқпан жілік, шыбық сүйек, шынтақ сүйек, білезік сүйек, алақан сүйектері, саусақ сүйектері, сербек, сегізкөз, қасаға, шонданай, ортан жілік, тізе қақпағы: асықты жілік, садақ сүйек, толарсақ сүйектері, табан сүйектері, башпай сүйектері жатады.

Адам қаңқасының зақымдануы деп - сүйектердің шығуы немесе сынуын айтамыз. Сіңірдің созылуы дегеніміз - сүйектерді жалғастырып тұрған буындағы байланыстың зақымдануы. Бұл тобық буынында байқалады. Зақымданған тобық буыны қатты ауырады және ісік пайда болады. Сіңірі созылған тобық буынына жәрдем көрсеткенде, қар немесе суық су басып, дәкемен орнықты етіп таңады. Одан соң науқасқа жәрдем көрсетіп, ем жасай алады.

Оқыс қимылдағанда буын сүйектері орнынан таюы, яғни буынның шығуы мүмкін. Буын шыққанда бір сүйектің басы екінші сүйектің ойысынан шығады. Сіңір созылады, кейде буын қалтасы жарылып кетеді. Буынның пішіні өзгереді, зақымданған аяқ немесе қолды қозғалту қиындайды, өте қатты ауырады.

7-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.