Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кәсіби қаз. қдс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
306.18 Кб
Скачать

ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

044 -36/10-(15)

16 беттің 13-беті

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша ОҚТЕ тапсырмалар тізімі

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

емтихан құрамындағы ОҚТЕ үшін тәжірибелік дағдылардың

тапсырмалар тізімі

(Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына арналған)

Шымкент, 2014ж.

1-кезең – 1 қадам: Тыңдаған мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

№ 1 тыңдалым. Денсаулық зор байлық

1. Денсаулық – баға жетпес ... .

2. Адам өміріндегі ең бағалы дүние:

3. Өмірдің шаттығы мен қызығы ... байланысты.

4. «Денсаулық - ... байлық»,- дейді қазақ.

5. «Денсаулықты сақтап, үнемі нығайтып отыру керек» дейді ... .

6. Денсаулықтың нашарлауына ... кінәлі.

7. Денсаулықтың нашарлауына ... әсері зор.

8. «Аурудың алдын алу шараларына не жатады?» деген сұраққа жауап беру ... міндеті.

9. Денсаулық және салауатты өмір салты туралы ғылым:

10. Ауруды ... жолатпау – адамдардың өз қолында.

№ 2 тыңдалым. Жүйке жүйесі

  1. Жүйкесі жүйесі:

  2. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімі:

  3. Сыртқы немесе ішкі орта әсерлеріне организмнің жауап қайтару реакциясы:

  4. Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына қарай ... бөлінеді.

  5. Жүйке жүйесінің бөлімдері:

  6. Жүйке жүйенің орталық бөліміне ... жатады

  7. Жүйке жүйенің шеткі бөліміне ... жатады

  8. Организмдегі қызметтеріне байланысты жүйке жүйесін үш бөлімге бөледі. Олар:

  9. Жүйке жүйесі дене мүшелерінің жұмысын ...

  10. Жүйке жүйенің мүшелерін негізінен ... құрайды

1-кезең – 2 қадам: терминдердің орыс тіліндегі баламасын табыңыз.

1. Науқас

2. Этикалық міндеттер

3. Белсенді, әрекетті

4. Анустық (тікішектің шығар жеріне қатысты)

5. алдын-алу

6. Дабыл, дабылдық

7. Аққабықтық (аққабыққа қатысты)

8. Сүйел

9. Сирақ-асық буын аймақтары

10. Тақым шұңқыры

11. Санның алдыңғы аймағы

12. Білек аймақтары

13. Бақылау

14. Сөйлеу мәдениеті

15. Сараптама

16. Кішкене ісік, түйіншік

17. Сандырақтау

18. Асқазан ауруы

19. Шат (бұтаралық) аймақтары

20. Кеудеасты үшбұрышы

2-кезең - 1-қадам: Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.

1-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.

Қазақтың тұңғыш дәрігерлері

Халел Досмұхамедов 1883 жылдың 24 сәуірінде Атырау аймағының Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1909 жылы Санкт-Петербург әскери-медициналық академиясын бітірген, алғашқы қазақ дәрігерінің бірі. Ол 1913 жылдан бастап Темір уезінде учаскелік дәрігер болып жұмыс атқарған. Оба ауруының алдын-алу әрекеттерін ойлап тауып, оны жүзеге асыру шараларымен шұғылданған. Халел 1918 жылы бірінші рет, 1924 жылы екінші рет Ташкентте "Как бороться с чумой среди населения киргизского края" және "Инструкции по борьбе с чумой" деген кітаптарын басып шығарды.

Халел аға 1920 жылы Ташкенттегі Орта Азия университеті дәрігерлік факультетінің ауруханасында ординатор болып жұмыс істейді. Жан-жақты ғалымның қаламынан туған үш бөлімнен тұратын "Зоология, Анатомия, Физиология", сонымен қатар "Мектеп оқушыларының гигиенасы'' деген оқулығы шықты. Бұл кісі 19 ғылыми еңбек жазған, төрт ғылыми кітап, көптеген қазақша, қырғызша, орысша аудармалар жасаған. Университет қабырғасында біраз істегеннен кейін ол проректор және профессор болып тағайындалды. 1930 жылдары Воронеж қаласындағы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының дәрігері болып жұмыс істеді.

Аяулы азамат, жан-жақты ғалым Халел Досмұхамедовтің өмір жолы сол кездегі қазақтың бетке шығар зиялыларының өмір соқпақтары тәрізді ойлы-қырлы күрес пен қудалаушылыққа толы азапты жол болды.

2-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.

Қазақ медицинасының атасы – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы

Өтейбойдақтың өмірдерегі, туған, өлген жылдары негізінен "Шипагерлік баян» кітабындағы мағлұматтар бойынша белгілі. Автор "Шипагерлік баян" кітабын Жәнібек ханның тапсыруы бойынша 70 жасында жаза бастағаны туралы, содан Жәнібек хан дүние салған 1473 жылы кітапты 85 жасында жазып бітіргені жөнінде дерек қалдырған. Сондай-ақ, Өтейбойдақтың 90 жасқа жақындап дүние салғаны жөнінде де дерек бар. Демек, Тілеуқабылүлы Өтейбойдақты 1388 жылы дүниеге келіп, 1478 жылы дүние салды деп жобалауға болады. Емшілік, шипагерлік қасиет Өтейбойдаққа ата-тегінен жұғысты болған. Ата-баба әулетінің жинақтаған мол тәжірибесін бойына дарыта білген Өтейбойдақ бұл салаға бар ғүмырын арнап, халық медицинасын ғылыми жүйеге келтірген. Сөйтіп, шипагерліктің өз заманындағы биік деңгейіне көтеріле білген. Бұл жолда ол әл-Фараби сияқты атақ-даңқ, дүние-мүлік, бас қүрап, үйлі-баранды болу дегендей, пендеге тән қасиеттердің бәрін тәрік етіп, бүкіл өмірін шипагерліктің қыр-сырын игеруге сарп еткен.

"Шипагерлік баян"

Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасырдан бұрын жазған медицаналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» күні бүгінге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселелер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы  Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет.

«Шипагерлік баянда» өсімдіктерден алынған 854 түрлі, жануарлардан алынған 455 түрлі шипалық қасиеті бар емдік дәрілердің тізімі, адам мүшелерінің 430-ға тарта атаулары, мыңнан аса дәрі және 4577 рецепт берілген.

Теңдесі жоқ "Шипагерлік баян" — ол заманда да қазақ тілінің қаншалық тұнық, бай болғанының айқын дәлелі. "Шипагерлік баян" кітабы арқылы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының тек қана ғұлама шипагер емес, сонымен бірге халықтың өмір салтына, дүниетанымына, рухани мәдениетіне мейлінше қанық болғаны, өз заманының терең ойлы, ұлтжанды тұлғасы болғаны айқын аңғарылады.

3-билет

Берілген мәтін бойынша түсінігіңізді жеткізіп беріңіз.