- •1.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формаларының топтастыру принциптерін анықтаңыз.
- •3.Есімді сөз тіркестері, байланысу формаларын, мағыналық қатынастарын атаңыз.
- •4.«Зат есім- Зат есім» типті сөзтіркестері, байланысу формалары, семантикалық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5) Бастауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •6) Баяндауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •7)Пысықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •8) Толықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9) Анықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9.Анықтауыш,құрамы,жасалу жолдарын саралаңыз.
- •11.Номинативті және етістікті сөйлемдер,олардың жұмсалуындағы ерекшеліктерді атаңыз.
- •12.Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:толымды,толымсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз.
- •25. ҚҰрмалас сөйлемді құруға интонацияның қатысуы, интонацияның негізгі компоненттері.
- •37. Үлестес сабақтас құрмаластар: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
- •39. Обьектілік қатынасқа ұүрылған іргелес салалас құрмалас сөйлемдер: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
37. Үлестес сабақтас құрмаластар: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
Сабақтастың бұл түрін жасауда да -п формантты көсемше негізгі тәсілдің бірі болып саналады. Үлестес сабақтас сөйлем жасауға көсемшенің -п формасымен қатар шартты райдың жұрнағы да қатыса алады. Яғни, осы екі тәсілдің көмегімен үлестес сабақтас жасалады. Мәселен, Дастархан жайылып, қымыз да құйылып жатыр. Жастар жылқы айдап, ересектер ұсақ малдарын түртпектеп жапа тармағай көше бастады. Бір үйлерде күй тартылып жатса, енді бір үйде ән айтылып жатыр. Алдыңғы екі сөйлем
-п формантты көсемше арқылы жасалса, соңғысы шартты рай тұлғасымен жасалған. Үлестес сабақтас сөйлемдердің басқа сабақтастардан елеулі айырмасы бар. Онда бағыныңқы компонент басыңқы компонентті мағыналық жағынан айқындап, соған тәуелді болып тұрмайды. Әр компонент өзінше дербес мағынаға ие болып тұрады. Ал басыңқыға бағыныңқының тәуелділігі тек алғашқы сөйлемнің баяндауыш тұлғасының тиянақсыздығынан ғана көрінеді. Сондықтан мұндай сөйлемдерге бағыныңқы деген термин тіркелмейді, тек формалық тиянақсыздығына байланысты үлестес сабақтас сөйлем деп қана аталады. Мұндай сөйлемдерді сабақтастың басқа түрлерінен қалай ажырату керектігі жөнінде мынадай пікір бар: аталған сөйлемдерде, біріншіден басқа сабпақтастардағыдай себептестік, қарсылықты, шартты, амалдық, мақсаттық, салыстырмалық қатынастар болмайды, екіншіден, компоненттер арасындағы тәуелділік тек формалық жағынан болады, үшіншіден, мұндай сөйлемдер бір мезгіл ішінде бірнен кейін бірі іркес тіркес жалғаса болған я болып жатқан, біріне бірі тәуелсіз іс әрекетті, жай күйлерді баяндайды, төртіншеден, олар тек көсемшенің п формасы мен шартты рай тұлғасынан жасалады. Тағы бір пікір: мұндай сөйлемдердің компоненттерінде бір тұлғалас сөздер жұптаса, ілектесе айтылады. Және де мұндай құбылыс щартты рай тұлғасымен келегн сөйлемдерде жиірек ұшырайды. Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады да. Оларға қоса үлестес сабақтас сөйлемдерге ғана тән тағы бір ерекшелікті атауға болады. Ол мұндай сөйлемдердің баяндауыштары ырықсыз түрінде айтылуы. Радиода да ертелі кеш ақын аты аталып, ұзақ жырлар шертіледі. Ырықсыз етіс түрі тек -п формантты көсемшемен ғана емес, шартты рай тұлғасымен де айтыла береді
38. Айқындауыштық қатынасқа құрылған іргелес салалас құрмалас сөйлемдер:жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз. Айқындауыштық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдердің бір компоненті айқындалатын компонент болады да, екінші компонент айқындаушы болады. Айқындалуы компонент оқиғаны жалпылай хабарлайды, екінші компонент оны айқындайды, саралайды. Осындай қатынас негізінде құрылған конструкция айқындауыштық қатынасты білдіретін іргелес салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Айқындауыш қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемге тән бірнеше грамматикалық белгісі бар.
Құрмалас сөйлемді бір тұлға ретінде тұтастыратын интонациялық қалып бар. Сонымен қатар, айқындалатын компонент пен айқындаушы компоненттің жігінде екеуінің қатысына сай пауза бар.
Айқындалушы компонент айқындаушы компонеттердің баяндауыштары шақтық формасы жағынан бірыңғай келеді.
Айқындалушы компоненттің баяндауышы сонша, сондай деген аффектілі сөздер болып, оларды кейіп тұрған компоненттер айқындайды.
Мысалы: Оның бұтақтарының жиілігі сондай: бір ай нөсер жауса да, түбіне тамшы тамбайды.
Айқындауыштық қатынасты білдіретін салалас сөйлемнің бірінші компонентте айқындауды қажет ететін сөз болады, айқындаушы компонент сол сөзге қатысты болып, компонент атаған хабарды айқындайды. Бірінші крмпонент оқиғаны, құбылысты жалпы сипатта, жалпылай танылған белгілері негізінде хабарлайды. Екінші компонент сол жалпы сипатты саралай, нақты белгі, көріністерді атап хабарлайды.
