Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.5 Кб
Скачать

25. ҚҰрмалас сөйлемді құруға интонацияның қатысуы, интонацияның негізгі компоненттері.

Құрмалас сөйлемдердің барлық грамматикалық түріне қатысатын амалдарды – универсал амалдар деп атаймыз. Универсал амалдар: а)орын тәртібі ә) интонация. б) демеуліктер 1. Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлеріне, коммуникативтік түрлеріне қатысты орын тәртібінің ережесі бар. 2. Интонация мынадай басты компоненттерден құралады: а) сөйлемнің айтылуындағы жиілік.ә) сөйлемнің созылыңқылығы. Б) сөйлемнің айтылуындағы пауза, екпін. Осы компоненттер қатысып, сөйлемнің интонациялық қалпын құрады. 3. Демеуліктер салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерге бірдей қатынасып, экспресивтік мағынаға қосу үшін жұмсалады.

26. Қарсылықты жалғаулықтардың қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Қарсылықтық салалс құрмалас сөйлемдердің құрылымдық (ГРАММАТИКАЛЫҚ) белгісі – қарсылықтық жалғаулықтар. Ол жалғаулықтар мыналар: бірақ, алайда, ал, әйткенменен, әйтседе, сөйтседе, сондада, онда да, әйтпесе. Жалғаулықтарды қызмет, жұмсалу ерекшелігіне сай мынадай топтарға бөлеміз: Бірінші топ: бірақ, алайда, ал; Екінші топ: әйткенменен, әйтседе, сөйтседе; Үшінші топ: сондада, ондада. Төртінші топ: әйтпесе. Қарсылықты қатынас адамның дүние, қоғамтануындағы өзара қарым-қатынасты тануындағы, ситуациялардағы жағдайларды, байланыстарды білудегі күрделі процестерді байқатады. Бірақ, алайда, ал жалғаулықтарының қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер. Бірінші топқа жататын бұл жалғаулықтар құратын байланыс бірыңғай – сегменттік сипатқа келеді. Осы топқа ең жиі жұмсалатын – бірақ. Бірақ қатысып құрылған конструкциялар қарсылықтық қатынастың нақты көріністерін мол танытады. осы конструкцияның компоненттер арасында мынадай қатынас көрінеді.Мысалы: Жұмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп. Алайда қызметі, жұмсалуы жағынан біраққа жуық. Бұл жалғаулық арқылы құрылған құрмалас сөйлемдер білдіретін қарсылықтық қатынас ілгеріде бірақ қатысып ұйымдасқан конструкцияларға тең келеді. Мысалы, Бөкей ұрпағы аттан түскен жоқ, алайда олар алыс жаққа шат ұрмайтын. Әйтпесе, (ола: етпесе), әйтпегенде(олай етпегенде) жалғаулықтары арқылы құрылған қарсылықтық салалс сөйлемдер мынайдай нақты қатынастарды білдіреді. 1. Бірінші компонент болған болатын оқиғаны, іс-әрекетті хабарлайды, екінші компонет осы оқиға, іс-әрекет болмаған жағдайда туатын ситуацияны, жағдайды хабарлайды. Әйтпесе байланыстырған компоненттердің соңғы позияциядағысы субъектіге, объектіге тән негізгі сипатты хабарлайды да, ілгерісі кең олқы жерін хабарлайды. Мысалы, Бұтасы кемдеу, әйтпесе кәдімгі шалғын бетеге. Сонда да қарсылықтық қатынасты экспрессивті етіп көрсету үшін жұмсалады. Сонда да құрған құрмалас сөйлемнің компоненттері мынандай қарсылықтық қатынасты білдіреді: а) бірінші компонент болған, болатын бір оқиғаны, болжамды хабарлайды. Ә) екінші компонент бірінші компонент хабарлаған оқиға, болжамның райына қарамай жүзеге асқан оқиғаны хабарлайды. Мысалы, Қасиетті адамдар жоқ деседі, сонда да, менің ойымша, Әсия жұртқа сол әулиенің өзі болады. Онда да жалғаулығы ұйымдастыратын құрмалас сөйлемнің компоненттері мына сипаттағы қарсылықтық қатынасты білдіреді. А) бірініші компонент бір оқиғаның шектеулі мөлшерде іске асқанын, көрінгенін хабарлайды. Ә) екінші компонент ол оқиғаның қосамша шектелісі бар екенін хабарлайды. Мысалы, ОСы қауырт жұмыста Байжан Гүлнәрмен анда-санда бір-ақ кездеседі, онда да кешқұрым ғана.

27. Ыңғайластық жалғаулықтардың қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Ыңғайластық жалғаулықтар қатысып ұйымдасқан синтаксистік тұлғаларды ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер деп танылады. Бұл топқа жататын жалғаулықтар ілгеріде аталады: және, сонан соң, әрі, да, де. Бұл жалғаулықтар ұқсас процестер арқылы қиылысып, ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан бұл жалғаулықтар қатысқан құрмалас сөйлемдер ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер деп аталады. Бұл құрмалас сөйлемнің компоненттері жалғасып келетін пікірді хабарлайды. Сөйлемдердің ыңғайлас салалас құрмалас деп аталуы осы себептен. Және жалғаулығы қатысып құрылған салалас құрмалас сөйлемдер осы жалғастық байланысты жақсы көрсетеді. Бірінші компонентте бір пікір айтылады да, екінші компонентте соған жалғас, соны толықтырған пікірді айтады. Мысалы, Жыраның бұл тұсы адам бойын жасырарлық теп-терең еді және түбі – нақ жиегіне дейін бидайығы мен құрағы аралас өскен қалың жыныс. Әрі жалғаулығы бірнеше сапаның, іс-әрекеттің бір субъектіге, объектіге бірдей сиып, қатысып тұрғанын таныту үшін жұмсалады. Мысалы, Шотыңды қақ, Баршагүл,-деді колхоздың уақытша бастығы Бексұлтан, ол әрі фирма бастығы болатын. Әрі жалғаулығы екі компоненттің жігінде орналасқанда, жалғаулықтың алдынан қойылады. Жалғаулық әр компоненттің бас позициясында қатысқанда компоненттердің жігін ажырататын үтір екінші әрі – нің алдынан қойылады. Ыңғайластық жалғаулықтардың ішінде құрмалас сөйлем нің компоненттерін байланыстыру үшін көп жұмсалатыны – да, де жалғаулығы. Бұл жалғаулықтар – сөйлемдердің арасында байланыстырушы дәнекер. Ал компоненттердің мағыналық қатынасы олардың махмұнына сай анықталады. Да, де бірінші компоненттің баяндауынша ұжымдасып тұрады. Сол себепті ол дыбысталу жағынан соған үйлеседі: Келеді де, кетеді.

28. Себептік жалғаулықтардың қатысуымен құрылған құрмалас сөйлемдер, олардың тыныс белгілері. Жалғаулықтар қатысып ұйымдасатын себептік салалас құрмалас сөйлемдер. Себептік қатынаста адамның танымдық әрекетіне, табиғаттағы, қоғамдағы заңдылықтарды – себептік байланыстарды тануда зор орын алады. Сонымен бірге себептік қатынас адамның іс-әрекетіне, басқа адамдармен араласуына байланысты туып жатыр. Себептік салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға мына жалғаулыұтар пайдаланылады: өйткені, себебі, сондықтан сол себепті, неге десең, не үшін десең, сонан соң. Бұл жалғаулықтарды қызметіне қарай екі топқа бөлеміз. Бірінші топ: Сондықтан, сол себепті, сонан соң.екінші топ: өйткені, себебі, не үшін десең, неге десең. Құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті бір оқиғаны хабарлап, екінші компонент содан туындайтын, соның салдары ретіндегі оқиғаны хабарласа, құрмалас сөйлемнің компоненттері байланыстыруға бірінші топ жалғаулықтар қатысады. Егер тез қимылдамасаң олар мақсатына жетеді. Елден айрылып біз қаламыз, сол себептен сіз де енді бөгелмеңіз. бірінші компонент бір оқиғаны хабарлап, екінші компонент сол оқиғаға себеп болатын іс-әрекетті, оқиғаны хабарласа, құрмалас сөйлемді екінші топ жалғаулықтар қатысып байланыстырады. Артынан ілесе Тайжанның үйіне күруге бата алмады, өйткені ол үйде аюдай ақырған тентек мінезді Сәлима бар.

29. Қимыл есім формаларының сабақтас құрмалас сөйлемдерді байланыстырудағы қызметін атаңыз. Қимыл есім формаларының сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрауға қатысатындары ретінде –у;-ыс;-іс тұлғаларын атаймыз. –ыс,-іс,-с тұлғалы қимыл атауы тәуелденіп көмектес септігінің жалғауын жалғап, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да бағыңқы компонент пен басыңқы компенентті мезгілдік қатынасқа түсіреді. Мысалы: Жүк түсісімен, оны қоймаға тасыдық. Күн шығысымен, бұлт ыдырай бастады.Қимыл есімдер етістікті предикативтік қызметке жнгудің негізі болған. Қимылды атайтын сөздер есім сөз ретінде тәуелдік жалғауды қабылдап баяндауыш қызметінде бастауышпен грамматикалық қатынасқа түскен. тұлғалы қимыл есім үшін септеулігін қатыстырып, бағыңқы компоненттің баяндауышы ретінде жұмсалады да бағыңқы компонент пен басыңқы компонентті мақсат мағыналы қатынасқа түседі. Күзет сезіп қалмас үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік. Бұл конструкцияда бағыңқы компонент басыңқы компонент атаған оқиғаның болуына, жүзеге асуына себеп, мақсат болатын оқиғаны, іс-әрекетті хабарлайды.

30. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысуына тән ерекшеліктер, коипоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастар. Екі компонентті салалас құрмалас сөйлемге тән грамматикалық белгілер көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерге де тиесілі:

а) мұның құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тиянақты (финиттік) формада болады, ә) компоненттерді байланыстыратын амалдар да бірыңғай, б) конструкцияның синтаксистік формасы да ыңғайлас компоненттерден құралады.

Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерде көрінетін құрылымдық топтар бар. Екі компонентті салалластардың іштейгі грамматикалық түрлері екі компоненттің арасындағы грамматикалық байланысына қарай топталған. Көп компонентті конструкцияның түрлері құрылымдық бөлшектердің бәрінің құрылу жайына сай шығады.

Осы принципке сүйеніп көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерді мынандай грамматикалық топтарға (түрлерге) бөлеміз:

Бірыңғайлас көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер

Бір тарапқа қараған көп компонентті құрмалас сөйлемдер.

Әр тарапты көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер

Бірыңғайлас компоненттерден құрылған салалас құрмалас сөйлемдер кісі, табиғат бейнесін, жағдай бейнесін беру үшін жұмсалады. Әр компонент пауза арқылы жіктеледі, компоненттердің баяндауыштарының формасы ұқсаса келеді.

Сегіз бөлмелі сырлы ағаш үйдің ішіне кіргенде Доскелді аңырып, есінен айрылған адам секілденіп қалды. Есіктен төрге шейін төсеулі кілемдер, неше түрлі асыл айна, сырлы шкаф, үстелдер (Б.Майлин).

Бұл типті конструкцияның тағы бір белгісі интонациясында компоненттер пауза арқылы жіктеліп тұрады.

Бір тарапты байланыста құрылған көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысын мына мысалдар көрсетеді.

Шырағым, жазық даланың тынысы дегеніміз осы: лебі – самал, дауысы – ескен жел, түшкіргені – ала құйын, ысқырғаны – осындай қара дауыл (Ө.Канахин). Көп компоненттік құрылымның басында (бас позициясында) айқындалатын хабарды (оқиғаны) білдіретін компонент тұрады да, қалған компоненттер тікелей соған мағыналық қатынаста тұрады. Сол себепті осылай құрылған конструкция бір таранты байланыста құрылған көп компонентті салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Айқындайтын компоненттер жекелеуші интонациямен айтылып, көбіне грамматикалық формасы бірыңғай, ұқсас болып келеді.

Осы сияқты бір тараптылық байланыс бірінші компонент байқау, көру, айту әрекеттерін хабарлап, одан кейінгі компоненттер сол әрекеттерге субьект ретінде қатысатын оқиғаларды хабарлайтын болғанда көрінеді.

Енді ғана байқады: құс деген мұндай көп болар ма, әр қайсысы өзімен өзі: бірі былай ұшады, бірі олай ұшады, бірі қурай шөптің арасына сып етіп түседі, бозторғайлар жер үстінен көтеріле безектейді, шырқау көкке шырқайды (С.Мұратбеков).

Айқындайтын объект ретіндегі оқиғаларды хабарлайтын компоненттер аса көп болған да бірқатары дара сөйлем ретінде айтылады.

Қазір бұл шаңырақта бәрі бар: есік алдындағы гаражда машина тұр қаңтарылып, қолы тигенде ғана кенже қызы жүргізеді. Сонымен, бір тарапты байланысқан көп компонентті салаласта бір компонент басқы компоненттерді бірыңғай өзіне байланыстырады. Күлкісі –күлкі, ойыны-ойын, қалжыңы-қалжың - бәрі жарасып тұр (Ә.Ақпанбет).

31. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің компоненттерінің байланысу сипаты, коипоненттер арасында көрінетін мағыналық қатынастар. Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдер бір басыңқы, бірнеше (екі және одан көп) бағыңқы компоненттерден құрылады.

Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, үйдегі шешелер ояу еді (Х.Есенжанов).

Бұл құрылымда да (екі компонентті сабақтас құрмалас тәрізді) ұйымдастырушы компонент – басыңқы: үйдегі шешелер ояу еді. Ол соңғы позицияда тұрады. Құрмалас сөйлем құрамында басыңқы сөйлемнің информативтік салмағы да, грамматикалық –ұйымдастырушылық салмағы да басым. Бағыңқы компоненттер осы бастапқыға форма жағынан тәуелді болып, түрлі таксистік қатынасқа түседі.

Бағыныңқылардың басыңқы компонентпен байланысуы екі түрде болады:

1.жарыспалы байланысу

2.сатылап байланысу

Бағыңқы компоненттер әрқайсысы өз тұсынан мағына жағынан да, формасы жағынан да тікелей бағыныңқымен байланысқа түсіп жатса, бұндай байланыс жарыспалы болып аталады.

Ашу кернеген оның бет-аузы қыбырлап, денесі қалшылдап кеткендіктен, отырғандар одан әрі сөз таластырмады (С.Мұқанов).

Бір басыңқыға қатысты жарыспалы компоненттер формасы, басыңқыға мағыналық қатынасы жағынан бірыңғайлас (бір тұлғалас) немесе әр тұлғалы болып келе алады.

Бірыңғайлас, әр тұлғалы жарыспалы бағыныңқы компонент қатысқан көп компонентті сабақтас сөйлемдердің құрылысын мына мысалдар көрсетеді.

Енді совет өкіметі орнағаннан кейін, «жер крестьяндікі» деген декрет шыққаннан кейін, Жақыпбек сияқты үкімет адамның біреуі ауыл кедейлеріне «жер сенікі» десе, кедейлер өз меншігіне тиген жерді алмай отыра алар ма? (С.Мұқанов). Бір тұлғалас жарыспалы бағыныңқылар баяндауыштарының формасы арқылы тіке басыңқымен байланысады. Олардың өзара байланысы, қатысы-бірыңғайлас екені интонациялық амал арқылы білдіріледі: олардың жігінде даралаушы пауза қатысады. Форма жағынан бірыңғай бағыңқылар басыңқымен мағына жағынан бірыңғай болып қатысады.

Сөйлеуші бірыңғайлас жарыспалы бағыңқы білдіретін хабарды, оқиғаны даралап атап білдіруді қажет ететін жағдайда олар және жалғаулығы арқылы өзара байланысады. Үлкен кісілер кеп әке қасын қоршағаннан бері және Кәмшәт өліп, үй ішін аналар көңілін уайым басқалы бері, Абай әке қаракетінен, ендігі мақсатынан шетірек қалған еді (М.Әуезов).

Жарыспалы бағыныңқылар өзара талғаулықтық жалғаулықтар арқылы да байланысады.

Іші пысса немесе көңлі өрбісе, осылайша жалғыз кетіп қалушы еді (М.Әуезов).

Жарыспалы бағыныңқылардың баяндауыштары түрлі формада келіп, немесе бір тектес формада келіп әр бағыңқы басыңқымен өзара, өзінше мағыналық қатынасқа түседі. Екі-үш күн жатсаң да, жаның жәй тауып, әй бір дем алып қаласың-ау (С.Мұратбеков).

Көп компонентті сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрамындағы бағыныңқылар басыңқымен сатылы байланысып қатысады. Сатылы байланыстың мәні мынандай: бағыныңқылардың ілгергісі соң тұрған компонентпен байланысады, ол компонент өзінен кейінгі бағыныңқымен байланысады. Басыңқымен оның (басыңқының) алдында тұрған бағыңқы байланысады.

Тек бір тар жерге үшеуі бірдей қабаттасып, қақтығысып қалғандықтан, алдыңғы екі ешкі секіріп кеткенде, қос мүйізді шаңырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді (М.Әуезов).

Жарыспалы байланыс сатылы байланыс араласып, қатар келетін конструкциялар да болады. Қар кетіп, көк алғаш тебіндеп шығып, жер дегди бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан шығып Тобықтыға қайтты.

32.Құрмалас сөйлемнің коммуникативтік талапқа сай ұйымдасу ерекшелігі, құрмалас сөйлем компоненттерінің кірігуі, инверсияға түсуі, құрмалас сөйлем құрылысындағы ортақтасуды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:

а. бір информацияны жеткізу- хабарлы сөйлем арқылы іске асады;

ә. Сұау, сұарқ қою- сұарулы сөйлемдер арқылы орындалады.

Б. біреуді жұмсау, бұйыру- бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады.Бұл бастапқы қарапайым талаптарды бірінші дәрежелі талаптар дейміз: Бұл талаптарға сай құрылып, жұмсалатын сөйлемдер құрылысы базистік құрылымдар болып табылады.

Тілдесудің мақсаты, маөмұны күрделенген сайын, сөйлеушілерге қойылатын коммуникативтік талаптар да күрделене түседі.

Құрмалас сөйлем құрамына мынандай негізгі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады:

1. Лебізді үнемді етіп құру;

2. Лебізді түрлендіріп, ажарлы етіп айту;

3. Адресатпен үндесіп отыру;

4. Лебізді экспресивті етіп айту;

5. Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту т.т.

Бұлар 2-дәрежелі коммуникативтік талаптар. Бұларға сай лебіз құруда сөйлеуші базистік құрылымдарға сүйеніп, соның негізінде лебіз құрылады.

Сөйлеудің өн бойында үнемділікке ұмтылу талабы қоса жүреді. Осы ұмтылыстың құрмалас сөйлем құрылысынан көрінісі алуан түрлі. Солардың бірі- компоненттерді ортақ лексикалық, грамматикалық тұлғаларды қатыстырып құру, мұны біз ортақтастыру амалы деп атаймыз. Ортақтастыру:

1. Лексикалық ортақтастыру;

2. Грамматикалық ортақтастыру;

Лексикалық ортақтастыру құрмалас сөйлемнің компоненттеріне бір немесе бірнеше сөзді ортақ қатыстырып құрылуынан көрінеді. Жүзінде қайғы да жоқ, қасіретте жоқ; Менің екі бетім дуылдап, өн бойым дірілдеп кетті;

Грамматикалық ортақтастыру құрмалас сөйлем компоненттерінің құрамындағы қызмет жағынан біріңғай мүшелердің грамматикалық формаға ортақтас болып құрылунан көрінуінеді. Болашақты олар да күтсін, біз де күтейік. Бәлкім бөлінген жерлеріміз жалғасып, бөлінген еліміз бірігіп кетер. Осында баяндауыш қызметінде жұмсалған бірігіп кетер, жалғасып кетер. Негізгі етістіктер көсемше формада тұрып, кетер деген көмекші етістікті телуге тиіс. Осы кетер соңғы баяндауыш құрамында ғана жұмсалып, алдыңғы компоненттің баяндауышына да ортақ болып тұр. Компонентердің баяндауыштары форма жағынан бірдей болып келгенде , тек көмекші сөздер ғана ортақ болып қоймайды. Негізгі сөздердің құрамында біріңғай қосымшалар да ортақтас болып келеді. Ағыл-тегіл қар кетер еді. Қызғалдақтар гүл жарып, бәйшешектер шешек атар еді.

Ортақтасу процесіне түскен салалас құрмалас сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлем конструкциясына кіреді. Өйткені бірінші компоненттің етістік блаяндауышы көсемше тұлғасына көшіп, сол форма арқылы келесі компоненттен байланысады.

Құрмалас сөйлем компоненнтерін байланыстыратын лексика семантикалық, грамматикалық амал тәсілдер болады.Қазақ тілінде олардың тұтас бір қалыптасқан жүйесі бар.Құрмалас сөйлем компоненттерін байланыстыруда интонаия мен компоненттердің орналасу тәртібінің ерекше маңызы бар.Құрмалас сөйлем мәселесінде интонация тұтастығы барлық жағдайдада ерекше мәнді. Ал мына мысалдарда ол бірден бір байланыстырушы тәсіл болып табылады: Ақылдасып көріп еді,Ербол да тыңнан ешнарсе таба алмады.Құрмалас сөйлем компоненттерінің белгілі орналасу тәртібі бар: баяндауышы тиянақсыз тұлғаға аяқталған компоненті әдетте алдыңғы шепте «кей жағдайда тиянақты компоненттің ортасында, мысалы: қолдан келген жәрдемді, Ерболдан бір кек әперуге жарасаң,сенен аямас едік.» орналасадыда, баяндауышы тиянақты тұлғадағы компоненттерін байланыстырып,оларды бір бүтіннің құрамына біріктіреді. Құрмалас сөйлемдер жүйесінде үш түрлі орын тәртібі бар дейміз:1.Базистік (түпкі) орын тәртібі.2 Кірігу орын тәртібі.3.Инверсиялық орын тәртібі Базистік орын тәртібі құрмалас сөйлемдердің бастапқы мағыналық-грамматикалық түрлерін ұйымдастыру қызметіне сай қалыптасқан, яғни бірінші дәрежелікоммуникативтік талаптарға қызмет етеді.

1.Саласа сөйлемдер екі сөйлемді байланыстыру үшін баяндауыштық форма жұмсалатын болса, сол баяндауыш қатысқан компонент бірінші позицияда орналасады. Жаңбыр жауып еді, егін көтерілді;

2. Егер баяндауыштар форма жағынан бірыңғай келсе, компоннентер мағыналық престижіне сай орналасады. Дала түкті,шөбі қалың;

3. жалғаулықты салаластар құрамында жалғаулық байланыстыратын компонент соңғы позицияда орналасады. Осындай істерден бос қалған және қайда барары да мәлім емес;

4. Сабақтас құрмалас сөйлемде іргелі позицияда құрылысының ыңғайына сай бағыңқы компонент тұрады. Сіз көшіп келгелі, ісім оңға басты ,құда;

Кірігу орын тәртібі Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы компоненттер тізіліп орналаспай, кірігетіні бар. Бұл кірігу салалас құрмаласта да, сабақтас құрмалас жүйесінде де бар.Жастықпен құлағын басып, көзі ұйқыда, көңілі ояу, көпке дейін дөңбекшу мен жатты (Д.Досжанов). Кіріктіретін мағына, информациялық мәні жағынан мәндірек компонент. Салалас құрмалас сөйлем құрамында бұл дәрежеге соңғы позициядағы компонент ие болып келеді.Инверсиялық орын тәртібі Құрмалас сөйлемдер жүйесінде инверсия да болады. Инверсияға көбіне түсетін сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Бағыңқы сөйлем компоненті үйреншікті орнынан ауысып, басыңқыдан соңғы позицияға көшеді.«Ақ бақсыдағы» шалдың бейнесін есіне түсіргім келіп еді: «Ей, шырағым-ай, оның қайсібірі есте тұрады. Әйтеуір жанымды салып ойнадым, ойна деген соң (Қ.Сәрсенбай). Құрмалас сөйлем компоненттерінің инверцияға түсуі сөйлеушінің ой екпінін көрсету мақсатына байланысты. Ой екпініне ие болған компонент ілгері позицияға көшеді де, мәні төмен компонент содан кейін орналасады. Шіркін, қашан үлкен болар екен, осындайдан құтылатын;

33. Мезгілдік қатынастың құрмалас сөйлемдермен берілуі. Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер мезгіл жағынан қатар болған оқиғаларды атайды.а) Мұндай қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемнің компоненттерінің баяндауыштары бірыңғай жақтық формада келеді. ә) Ілгергі компонент баяндауышы + «көріп отыр едім» типті болып (көсемше формадағы негізгі етістік + отыр еді); көсемше формадағы негізгі етістік + еді түрінде екінші компоненттің баяндауышы жедел өткен шақ болып құралған құрмалас сөйлем де мезгіл жағынан қатар келген оқиғаларды атайды. б) Бірінші компоненттің баяндауышы жедел өткен шақ етістік + болды (кірді болды), шартты рай етістік + болды (кірсе болды), шартты рай етістік + болғаны (кірсе болғаны) түрінде құрылып, мезгілдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер ұйымдасады. в) Жедел өткен шақ етістік –ақ (сөйледі -ақ) түрінде құралған баяндауышы бар сөйлем бірінші компонент болып қатысқан құрмалас сөйлем де оқиғаларды қатар болған етіп хабарлайды. г) Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы сол еді (келуі сол еді), бастауышы есімше – баяндауышы сол (еді) (келгені сол еді) болып құрылған сөйлем бірінші компанент ретінде қатысқан құрмалас конструкция мезгілдік қатынасты білдіреді. д) Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы мұң еді (жетуі мұң еді), бастауышы есімше – баяндауышы мұң еді (жеткені мұң еді) түрінде құрылған компонент бірінші позицияда қатысып, іргелес салалас сөйлем қатар болған оқиғаларды хабарлайды. Екінші компоненттің құрамына сол-ақ екен, сол сол-ақ екен, сөйткенше болмады деген анафористік сөздер қатысып, мезгілдік қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем құрылады: бірінші компонент бір оқиғаны хабарлайды да, екінші компонент соған ілесе болатын оқиғаны хабарлайды.

Сабақтас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға етістіктің мына көсемше формалары қатысады.-п, -ып, -іп, -а, -е, -й; –ғалы, -гелі, - қалы, - келі; –ыстан, - стен; –майынша, -мейінше.

Мезгіл жағынан қатар болған оқиғаларды хабарлайтын компоненттер байланысады. Үлкен таудың ішінде жел гуілдей соғып, ақ боран ұйытқып ойнап тұр (М.Әуезов). Мезгіл жағынан ілесе болатын оқиғаларды белгілейтін компоненттер құрмаласқа қатысады. Жел тұрып, бұлттар ыдырады.

34. Қарсылықты қатынастың құрмалас сөйлемдермен берілуі. Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық (грамматикалық) белгісі – қарсылықтық жалғаулықтар. Ол жалғаулықтар мыналар: бірақ, алайда, ал, әйткенмен, әйтседе, сөйтсе де, сонда да, онда да, әйтпесе. Жалғаулықтарды қызмет, жұмсалу ерекшелігіне сай мынандай топқа бөлеміз.

Бірінші топ: бірақ, алайда, ал.

Екінші топ: әйткенмен, әйтсе де, сөйтсе де.

Үшнші топ: сонда да, онда да.

Төртінші топ: әйтпесе.

Қарсылықтық қатынас адамның дүние, қоғамтануындағы өзара қарым-қатынасты тануындағы, ситуациялардағы жағдайларды, байланыстарды білудегі күрделі процестерді байқатады, соларды синтаксистік амалдар арқылы тілде бекіткенін көрсетеді. Қарсылықтық қатынас обьективті, субьективті көріністерге сүйеніп пайда болады. (Бұл өлкенің суы мол, әрі ауа райы салқын – Бұл өңірдің суы мол, бірақ ауа райы салқын екен).

–п формалы көсемше бағыңқы компоненттің баяндауышы болып, қарсылықтық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлем ұйымдастырады.

Шәнтитіп, осының қай жерін аға дейсің (С.Мұратбеков). Кішкентай болып, тілінің ащысын! (С.Мұратбеков). Тепсініп, не деппін оған! Ауыздарың айтып, артарың көтерілмейді (Ғ.Мүсірепов). Әлгі айтылған жалқау Байкен деген жігіт Қасымның баласына екі жердің тұқымын беріп жіберіп, артынан қоймай жүріп, қайырып алдық (Ғ.Мүсірепов).

-п формалы көсемше ұйымдастырған сабақтас құрмалас сөйлемнің көп мағыналығына байланысты кейде компоненттердің арасына жалғаулық немесе анафористік есімдік кірігеді.

Арқадағы Әлке Байдалы деген елге барымталы болып қалып, содан жылдағы жайлауға бара алмай, жолда отырып қалыпты (Тиесов). Ат табылып, бірақ боран көтеріліп, тоқтап қалдық. Ақбілек қайда екен? Деген сұрақ келіп қап, бірақ сұрауға қаймыға берді (Ж.Аймауытов). Әкем шақырып, сондықтан асығып келдім

35. Шарттық қатынастың құрмалас сөйлемдермен берілуі. Шартты рай формалы етістік қатысып алуан түрлі қатынасты білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемдер құрылады. Бұл етістік баяндауыш болып бағыңқы компонентті басыңқымен байланыстырады. Баяндауыш ретінде етістік жақтық жалғауды қабылдайды: келсе-м (-ң, -іңіз, т.т.).

-са, -се бастапқыда келер шақ мағыналы форма болған2. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің көпшілік грамматикалық семантикалық түрінде –са, -се келер шақтық мағынасы негізінде қызмет етеді. Шарттық қатынасты білдіретін құрмалас сөйлемдер. Бұл сөйлемдерді құруға –а, -се тұлғалы етістік негізгі амал ретінде қатысады. Сонымен қатар егер деген жалғаулық, онда, сонда деген анафористік есімдіктер қызмет атқарып қатысады. Егер, онда, сонда құрмалас сөйлем құруға факультативті түрде қатысады. Онда, сонда бірінші компонентте хабарланған іс-оқиғаны қатыстыратын анафористік сөз: онда-олай болғанда. Қарсылықтық қатынасты білдіретін конструкцияларды –са, -се жұрнақтары мезгілдік мағынасына сүйеніп құрған. Қарсылықтық қатынасты білдіруде жиі жұмсалатын конструкция мына үлгідегі баяндауыштың қатысуымен жасалады. «Шартты рай етістік + да (де) + демеулік» –се де, - айтса да. Інім болсаң да, айтайын (Т.Иманбеков). Тілдегі фактілерге қарағанда –са да, -се де тұлғалы баяндауыштар мезгілдік, шарттық қатынасты білдіретін конструкция да ұйымдастырады

36. Себептік қатынастың құрмалас сөйлемдермен берілуі. Жалғаулықтар қатысып ұйымдасатын себептік салалас құрмалас сөйлемдер. Себептік қатынаста адамның танымдық әрекетінде, табиғаттағы, қоғамдағы заңдылықтарды – себептік байланыстарды тануда зор орын алады. Сонымен бірге себептік қатынас адамның іс-әрекетіне, басқа адамдармен араласуына байланысты туып жатыр. Қатты жел тұрды, сондықтан бұлт көшіп кетті.

Себептік салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға мына жалғаулықтар пайдаланылады: өйткені, сондықтан, себебі, сол себепті, неге десең, не үшін десең, сонан соң. Бұл жалғаулықтарды қызметіне қарай екі топқа бөлеміз:

Сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң.

Өйткені, себебі, неге десең, не үшін десең.

Құрмалас сөйлемнің бірінші компоненті бір оқиғаны хабарлай, екінші компонент содан туындайтын, соның салдары ретіндегі оқиғаны хабарласа, құрмалас сөйлемнің компоненттерін байланыстыруға бірінші топ жалғаулықтар қатысады. Егер тез қимылдамасаң, олар мақсатына жетеді. Елден айрылып біз қаламыз, сол себепті сіз де енді бөгелмеңіз (Ә.Әбішев).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]