Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.5 Кб
Скачать

11.Номинативті және етістікті сөйлемдер,олардың жұмсалуындағы ерекшеліктерді атаңыз.

Сөйлемдер бастауыштың зат есім немесе етістік болуына қарай бірінен бірі әрі грамматикалық сипаты жағынан, әрі функциясы жағынан ерекшеленеді: Қара көрінді Көрінген қара. Жай сөйлемдерді осы белгісіне қарай топтап, даралауға негіз болатын олардың функция жағынан әрі қарама қарсы келуі, әрі ұштас, сабақтас болуы. Номинативті сөйлемдер ойдың құрылысы мен мазмұнымен өзара қатынасына қарағанда номинативті сөйлемдерді әр уақыт трансформацияға түсіріп етістік бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауышы етістікті сөйлем логикалық субъектіні, объектіні актуалицациялау үшін қажет болған жағдайда жұмсалады.

12.Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:толымды,толымсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз.

Ойға қатысты айтылатын сөйлем мүшелерінің қатысу-қатыспауына қарай жай сөйлем толымды және толымсыз болып бөлінеді.

Ойға қатысты айтылуға тиісті сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлем толымды сөйлем деп аталады. Мысалы: Жайлаудың жадыраған ашық күндерінің бірінде Тортай екеуміз бұзау бағуға шықтық. Бұл сөйлемде ойға қатысты айтылуға тиіс сөйлем мүшелері толық қатысып тұр.

Айтылатын ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлем толымсыз сөйлем деп аталады. Толымсыз сөйлемдер диалог жағдайында көп кездеседі. Мысалы:

Атыңды сатамысың?

– Сатамын.

Түсіп қалған немесе қажет сөзді орнына қойғанда толымсыз сөйлем толымды сөйлемге айналады.

Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. 2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды.

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді.

Сөйлемнің ұйымдастырушы ұйытқысы предикативтік қатынасқа түскен, предикативтік мағынаны білдіретін мүшелер. Тек осы ұйытқы тұлғалардың қатынасынан құралған сөйлем жалаң сөйлем. Ұйытқы құрылымның үстіне тұрлаусыз мүшелерді қатыстырып ұйымдасқан сөйлем жайылма сөйлем.

Сөйлемдер мағынасы, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланып бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады. Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады.

13. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері: жалаң, жайылма сөйлемдердің қызметіне, жасалу жолына тоқталыңыз. Сөйлемнің ұйымдастырушы ұйытқысы- предикативтік қатынасқа түскен, предикативтік мағынаны білдіретін мүшелер. Тек осы ұйытқы тұлғалардың қатынасынан құралған сөйлем жалаң сөйлем. Мысалы: Бала келді. Жаңбыр жауды.

Ұйытқы құрылымның үстіне тұрлаусыз мүшелерді қатыстырып ұйымдасқан сөйлем жайылма сөйлем. Тұрлаусыз мүшелер бастауыш, баяндауыш мүшелерге қатысып сөйлемге енеді. Сонымен қатар, тұрлаусыз мүшелер де өзіне қатысты болып келген сқйлем мүшелерін сөйлемге енгізеді. Мысалы, Бүгін Алматыда жаңбыр жауды. Сөйлеуде жайылма сөйлем жиі жұмсалады.

14. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері: жақты, жақсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз. Бастауышы қатысқан немесе жасырын тұрғанда баяндауышы арқылы қиыстыра байланыстырып табуға болатын сөйлем жақты сөйлем деп аталады.Жақты сөйлемнің негізгі белгілері: 1) баяндауыштары бастауышпен жақ жағынан қиыса байланысады. Мысалы: Бұл кезде тоғай да кемеліне келіп толықсып тұрады. 2) жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Бір кезде қасқа атты қалт тоқтатып, артына бұрылды.

Бастауыш қатыспайтын, сөйлемге баяндауыш негіз болатын сөйлем жақсыз сөйлем деп аталады. Мысалы: Менің Тортайдың қасынан кеткім келмеді. Жақсыз сөйлемге қатысатын баяндауыштардың өз жасалу амалы, формасы бар. Бұл баяндауыштар былай жасалады:

  1. «Барыс септіктегі тұйық рай етістік+болады(болмайды)» келуге болады(болмайды). М, Бұл алқаптың шөбін шабуға болады.

  2. «Барыс септіктегі тұйық рай+тура келеді»-баруға тура келеді(келмейді). М, Маған бұл сөзді амалсыз айтуға тура келеді.

  3. «Болымсыз шартты рай етістік+болмайды»-келмесе болмайды. М, Арнайы барып көрмесе болмайды.

  4. «Тұйық рай етістік+керек»- көру керек. М, Мәселені басы қасына барып шешу керек.

  5. «-пақ тұлғалы есімше+керек»- айтпақ керек. М, Не болса да барып көрмек керек.

  6. «-ар, -ер тұлғалы есімше+ма(ме)+еді»- көрер ме еді. М, Сол әсем өлкені көрер ме еді.

  7. «шартты рай етістік+болар еді»- көрсе болар еді. М, Жоңышқаны уақыт өткізбей шапса болар еді.

  8. «-ар, -ер тұлғалы есімше (болымды, болымсыз түрі) +болар»-айтар болар, айтпас болар. М, Бөтен кісіге сырды жайып салмас болар.

  9. «Болымсыз есімше+барыс жалғау» түрінде жасалады- айтпасқа. Бұл баяндауышпен қатар сөйлемге неге деген сұраулық есімдік қатысады. М, Ендеше неге маған шалқымасқа, шаттанбасқа.

  10. «Шартты рай етістіктен жасалған баяндауыш та жақсыз сөйлем ұйымдастыруға қатысады.

  11. «Өткен шақ көсемше+болмайды» түрінде жасалады- барып болмайды.

  12. Ауыспалы осы шақ тұлғадағы етістіктен болған баяндауыштары мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырылады.

  13. Екінші жақ бұйрық рай етістіктен болған баяндауыш мақал-мәтел ретіндегі сөйлемге қатысып, жақсыз сөйлем ұйымдастырады.

15. Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері: болымды, болымсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз. Сөйлемдер мағынасы, формасына қарап өзара болымды, болымсыз болып сараланып бөлінеді. Сөйлемдердің бұл түрлері болымды, болымсыз пікірді білдірудің формасы ретінде қалыптасқан. Болымды пікір затқа белгілі бір сапа тән, қатысты екені жөнінде қалыптасады. М, Шойын-металл. Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапа тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады. М, Ағаш металл емес. Болымсыз сөйлем- болымсыз пікірді білдіретін форма. Бірақ бұл екеуі ылғи тепе-тең келе бермейді. Осыған бір дәлел ретінде келмейді емес, алған жоқ емес сияқты баяндауыштық формаларды атауға болады. Болымсызбаяндауыш былай жасалады: 1. Етістіктердің болымсыз формасы арқылы жасалады.Сен ақталма, бүлдіріп жүрген сен. 2. Болымсыз баяндауыш «-ған, -ген тұлғалы есімше- жоқ» құрамындажасалады. Келген жоқ. 3. Өткен шақ есімше мен емес сөзінің бірігуі арқылы жасалған. Естіген емес. 4. –тың, -тін тұлғалы есімшеден жасалып, -ма, -ме жұрнағы жалғанады, Сөйлемейтін. 5. –тын, -тін тұлғалы есімшеден жасалып іс-әрекеттің потенциялық қалпын білдіреді+ емес. Келетін емес. 6. Есім сөзден болған баяндауыш+емес. Жар тік емес. 7.Болымсыз баяндауыш ретінде жоқ сөзі дараланып жұмсалады. Қалың қар жоқ. 8. Тек жоқ сөзінен құралатын сөйлем. Диалогта кездеседі. –Бәйгеге қосасың ба? –Жоқ.

16. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі, өзекті және қалтарыс позицияларды атаңыз. Қазақ тілінде сөйлем мүшелерінің өз грамматикалық сипатын сай орналасу тәртібі бар. Ол орын тәртібі мынандай. Сөйлем қаңқасын құрайтын негізгі мүшелер бастауыш пен баяндауыш болса, бастауыш ілгергі позицияда тұрады да, баяндауыш содан кейін орналасады. Дала көгерді. Тұрлаусыз мүшелер қатысына қарай бастауыш пен баяндауыштың алдынан орналасады: Кең жазық дала биыл ерте көгерді. Бастауыш пен баяндауыштың аталғандайтәртіппен орналасуы ойлау жұмысының ретіне, пікірдің құрылысына ыңғайланып қалыптасқан. Орын тәртібі сөйлемді статикалық (идеалдық) қалыпта алғанда байқалады. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің өзгеруі сөйлемнің ой екпінін түсіру( актуализация) мақсатына байланысты. Солардың бір амалы- сөйлемнің белгілі позициясы. Актуализация тұрғысынан көзге түсетін екі позиция бар: бірі ой екпінін түсіретін актуалды позиция, 2-шісі елеусіз мүшені қоятын қалтарыс позиция. Қазақ тілінің сөйлемжүйесінде баяндауыштың алдын тағы түбі актуалды позиция боп танылады. Ой екпінін түсіру қажет болған мүшелер осы позицтяға жылжытылады. Ордабайдың өз інілері мен мырзалар болмаса, былайғы жұрт бұл үйге батып кіре бермейтін. Қонақтардың қасында бүгін де солар ғана бар екен. Қалтарыс позиция ретінде баяндауыштан кейінгі позиция танылады. Қалтарыс позицияның мәнін мына сөйлемнен көруге болады: Әзімхан, бір әңгіме айтшы басыңды көтеріп. Бұл сөйлемде пысықтауыштық топ (басыңды көтеріп) қалыпты орнынан ауысып, баяндауыштан соң орналасып тұр. Осы арқылы сөйлеуші олардың актуалдық дәрежесін төмен көрсетіп отыр. Сөйлем мүшелерін баяндауыштан соң қою бар екені М.Б.Балақаев пен Ш.Бектаеваның ғылыми еңбектерінде аталып жүр. Бірақ бұл инверсияны Ш.Б.Бектаева ой екпінін түсіру амалы деп түсіндіреді. Ілгеріде келтірілген мысалдар бұған қарсы дәлел болып тұр.Шынында, қазақ тілінде, сол сияқты басқа түркі тілдерде ой екпінін түсіретін бір ғана позиция бар. Ол- баяндауыштың ілгергі түбі. Баяндауыштан басқа мүшелердің барлығы да ой екпінін түсіріп айту қажет болғанда осы позиция қойылады.Баяндауыш орнын өзгертпейді. Кейбір еңбектерде Көрді ме екен ол осы ауылды деген сөйлемдегі инверсияны баяндауыштың ілгері жылжып, ой екпінін түсіретін позицияға тұруы дейді. Ауызекі сөйлеу тілінде инверсия өте жиі, әр алуан түрде жұмсалады. Бұл оның диалог түрінде жүруіне байланысты. Ой екпіні түсетін мүшенің баяндауыш алдына көшіруі мына тәртіпте жүзеге асады. Бұл позицияға анықтауыштан басқа мүшелердің бәрі ой екпінін түсіру қажет болғанда орналаса береді.

17.Сұраулы сөйлемдер, мағынасына және қызметіне қарай түрлерін саралаңыз. Бір нәрсе туралы хабар алу үшін қойылған сұрақты білдіретін сөйлемдерді сұраулы сөйлем дейміз.Сұраулы сөйлемдер оларға ерекше форма беретін мына амалдар арқылы жасалады:сұраулық есімдіктер, сұраулық шылаулар(ма, ме, ше),интонация. Сұраулы сөйлемдерді қызметіне қарай үшке бөлуге болады:

  1. Негізгі сұрақты білдіретін cөйлемдер диалогтарға желі болып отырған тақырып жөнінде әңгімелесудің бастапқы кезінде жұмсалады.Олар сұраулы сөздердің қатысуымен (не істеді?, кім? Қашан?)шылаулардың қатысуымен жасалады.

  2. Жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер. Бұл топқа негізгі сұраққа жауап алу үстінде қойылатын қосымша сұраулы сөйлемдер жатады. «Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен? Бұған Ілияс дайын тұр. Сенің өзің ше?»

  3. Анықтауышты білдіретін сөйлемдер.Бұл екінші жақтың сөзін анықтау үшін қойылған сөйлемді білдіреді. «Бұлар қай жақтікі? Сабынкөлдікі. Сабынкөлдікі? Иә Сабынкөлдікі»

Бұнда интонация арқылы ажыратылса, кейде шылау да қосылады: «Күздік бас алды ма? Күздік пе,күздік биыл кеш көтерілді»

Мағынасына қарай:Ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер:Мұнда негіз болған, іздеулі болған мүше белгісіз болып, сұрақ жалпы ашық түрде қойылады. Альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер мұнда іздеуге із, жоба болып альтернатив сапа іс аталады. Риторикалық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер хабар ретіндегі пікірді білдіреді.Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер тыңдаушыны бір іске қосу жұмсау үшін пайдаланылды.

18.Лепті сөйлемдер, олардың құрылу ерекшеліктерін атаңызЛепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз. Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады. Лепті сөйлем ішінде сұраулық мәнді сөздер де аралас келуі мүмкін. Мұндайда сөйлем соңында леп белгісі мен сұрау белгісі қатар қойылады. Егер сұрау мағынасы басым айтылса я сұрау мәнді сөздер бұрын айтылса, сұраулық бұрын (?!) қойылады, леп мағынасы басым айтылса я леп мәнді сөздер бұрын айтылса, лептік бұрын (!?) қойылады. Субъектіге тән сапаны эмоциялы түрде атау үшін айтса айтқандай, мықты десе мықты тәрізді құралған баяндауыштар қызмет етеді. Бұл баяндауыштар бір сөзді қайталақтатып тіркестіру негізінде жасалады. Мыс: Ах, сорлы балам, айтса айтқандай. Субъектіге тән іс әрекетті ерекше екпін түсіріп, тұжырып айтуда алғаным алған, алғаны алған, айтатыным айтамын тәрізді құралған баяндауыштар жұмсалады. Мыс: Әпкем баратыны барады. Эмоциялы баяндауыштың бір түрі келетіні келеді, келуі келді тәрізді болып жасалады. Мыс: Әпкем келетіні келеді. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыщтар да эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді. Эмоциялы баяндауыштың бір түрі тын, тін формалы есімше немесе есім сөз және өзі есімдігінің бірігуі арқылы жасалады. Тағы бір түрі алғанды шығарды тәрізді құралады.Бір топ баяндауыштар тек өткен шаққа қатысты іс әрекетті эмоциямен білдіру үшін қызмет етеді.Солардың бірі-ғаным тұлғалы есімше мен бар ма сөзінің тіркесуінен жасалады: келгенім бар ма

Өткен шақ етістіктен болған баяндауышқа эмоционалдық сыңар болып келмесін бе тәрізді болып келмесін т.б

Кезінде істелмеген істі өкінішпен білдіру үшін: алмай, көрмей тб

19.Қазақ тілі синтаксисіндегі үндеу амалдары, орны, жұмсалуына тоқталыңыз

К. Бюлер тіл 3 түрлі қызмет атқарады дейді, ол қызметтер: пікірді хабарлау, эмоцияны білдіру, үндеу. Үндеу, сөз жоқ, тілдің қосымша атқаратын қызметі. Тілдің негізгі қызметі-пікірді хабарлау. Үндеу осы пікірді хабарлау, тыңдаушыға жеткізу нәтижелі, анық бөлу үшін жәрдемдеседі. Үндеу қызметін атқаратын сөздер сөйлем құрамына қыстырма компонент ретінде қатысады.Қыстырма компонент ретінде қаратпа сөздер немесе тыңдаушының назар аудару үшін қызмет ете алатын (айтпақшы, немене, т.б.) , оның ойына айтылатын пікірге байланысты ассоциация тудыруға жәрдемдесетін сөздер жұмсалады.Үндеу үшін жұмсалатын қыстарма компоненттер сөйлемнің эмоциялық, коммуникативтік міндетіне сай, сонымен тығыз бірлікте жұмсалады. Қаратпа сөздер-үндеу амалдарының бірі. Қаратпа ретінде жиі жұмсалатынсөздер бар. Олар мыналар:

1.Жалқы есімдер.

2.Туыстық қатысты білдіретін сөздер(бала, келін, құда, т.б.)

3.Кісілерді жас, жыныс, әлеуметтік ерекшелігіне қарай атайтын(батыр, жігіттер, т.б.) сөздер.

4.Лақап атты білдіретін сөздер(төрежан, тетелес, т.б.).

5.Қаратап сөз ретінде тілек істі білдіретін зат есім, сын есім сөздер, эмоцияны білдіретін басқа да сөздер жұмсалады. Әй, өркенің өскір, айтар сөзіңді ашып айт.

6.Одағай сөздер. Ау, сен неге жайластың.

Кісі атын білдіретін жылқы есімдер тәуелденіп, қаратпа сөз ретінде жұмсалады, сөйлеушінің үстем, өктем, кекетіп сөйлеуін білдіреді. “Жарайсың Бейімбетім” деді де, Байболат ұмытылып барып оны арқаға қақты. Кейде екі қаратпа сөздің бірі үндеу үшін жұмсалып, 2-шісі сөзге сыпайылық немесе ожарлыұ үстеу үшін енгізіледі. Оспан, сен осы істі бітіріп бер, қарағым. Немене, қалай сұраулы сөйлем құрамында жұмсалады: Немене, айнып қалғанбысың , шіркін? Немене хабарлы, лепті сөйлемдерде де жұмсалады: Ей, сен, немене, тұғжыңдап кетіпсің, кәрі кісінің жер ошақ қазғаны сияқтанып. Қане, ал, айтпақшы деген сөздермен жұмсалады: Қане, алатын болсаң, тез ал, әйтпесе қазір қалаға жүретін кісілер бар, содан беріп жіберемін. Ал, енді жиналып не істемек едіңдер. Айтпақшы, сен қашан кайтып ораласың.

Толымсыз сұраулы сөйлемдер(естідің бе, білесің бе, т.б.) үндеу қызметін атқарады: Байқайсың ба, Марфуға бастықты мақтап отыр.

20.Бұйрықты сөйлемдердің түрлері мен жасалуына тоқталыңыз

Сөйлем – тілдің грамматикалық заңдылығы негізінде қалыптасқан синтаксистік бірлік, адамдардың қарым-қатынас жасауы үшін жұмсалатын тілдік категория. Сөйлем сөзден, сөз тіркесінен өзіндік коммуникативтік қасиетімен ерекшеленеді. Сөздер мен сөз тіркестері сөйлем құраудың материалы, оның құрамдас бөлшегі болып табылады. Сөйлем предикаттық қатынасты, модальдылықты, біршама аяқталған ойды білдіреді және оның айтылу интонациясы болады. Бұйрықты сөйлем - кимыл-әрекетке итермелу мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлем көбінесе ауызекі тілге тән. Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары етістіктің бұйрық және қалау райлары арқылы жасалады:

1. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райының 2-жағында болса, Бұйрықты сөйлем бұйрық, талап ету мәнінде айтылады. І жақ қатысты бұйрықты –айын,-ейін,-айық,-ейік формалы етістіктерден жасалған баяндауыштар білдіреді2. Баяндауыштары бұйрық райының 3-жағында болса, Бұйрықты сөйлем талап, тілек мәнінде айтылады. 3. Баяндауыштары етістіктің бұйрық райында айтылып, оған -шы/-ші қосымшасы жалғанса, Бұйрықты сөйлем тілек, жалыныш немесе сыпайы түрде бұйыруды, кейде сес көрсетіп, қорқыту мәнін білдіреді. 4. Баяндауыштары етістіктің қалау, бұйрық райлары тұлғасынан жасалғанда, Бұйрықты сөйлем ұран, үндеу мағынасын білдіреді: Мысалы: - Канта, түс аттан! Қапта тегіс! - деп Көтібақ, Топай, Торғай жігіттерін де тұтас айдап салды. 5. Баяндауыштары ашық райдың келер шақ тұлғасынан жасалса, бұйрық мағынасын білдіреді. Мысалы: Бүгіннен бастап олармен сөйлеспейсің. Бұйрық мағынаны тұжырымды ету үшін «ІІ жақ бұйрық форма-деген соң-ІІ жақ бұйрық форма» ал деген соң ал.

21.Құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық сипаты, құрмалас сөйлемнің формасына тоқталыңыз.Құрмалас сөйлем бір бүтін грамматикалық тұлға. Ол компоненттерімен бірігіп бір тұтас мағына береді: табиғаттағы заттардың, адамдардың іс әрекетіндегі байланыстарды көрсетеді. Осылай болғандықтан құрмалас сөйлемдердің қызметі күрделі пікірді хабарлау деп есептеледі. Құрмалас сөйлем бір бүтін дербес грамматикалық тұлға болғандықтан, оны қалыптастыратын синтаксистік формасы болады. Бұл конструкцияның формасы мына компоненттерден қалыптасады:

Конструкцияны бір тұлға ретінде тұтастыратын интонация;

Компоненттерді байланыстратын орын тәртібі;

Соңғы компоенттің баяндауышының предикативтік тұлғасы;

Компоненттердің жігіндегі олардың өзара грамматикалық байланысын білдіретін амалдар.

Бұл амалдардың әрқайсысының құрмалас сөйлемді грамматикалық, семантикалық жағынан қалыптастыратын нақты үлесі бар. Құрмалас сөйлем бір бүтін семантикаға ие. Оның семантикасы көп аспектілі, көп компонеттер құралады. Құрмалас сөйлемнің семантикасы мына компоненттерден тұрады:

1.пропозитивтің мағына, 2.әр компоненттің құрамындағы сөйлем мүшелерінің грамматикалық мағынасы, 3. Сөйлем мүшелерінің позициясында жұмсалған лексикалық тұлғалардың мағынасы, 4.компоненттердңғ арасындағы грамматикалық қатынас, 5. Соңғы позициядағы компоненттің баяндауышының предикативтік формасы білдіретін мағыналар.

Құрмалас сөйлемдер грамматикалық жағынан ұйымдасу ерекшелігіне қарай мынандай екі топқа бөлінеді: салалас, сабақтас. Конструкцияға қатысатын компоненттер баяндауышы түгелдей тиянақты формада қатысқан құрмалас сөйлемдер салалас құрмаласқа жатады. Салалаластар осы тиянақты баяндауыштық тұлғалар арқылы, интонация, орын тәртібі, жалғаулықтар арқылы байланысып ұйымдасады. Конструкцияның бірінші компонентінің баяндауышы тиянақсыз финиттік емес- көсемше, шартты рай, қимыл есім тұлғаларын алып, сол арқылы екінші компонеттпен байланысса, ол сабақтас құрмалас сөйлемдер түріне жатады.

Құрмалас сөйлемдер күрлеі пікірді хабарлау қызметімен қатар лебізді әрлеуге қатысады.Осы үшін құрмалас сөйлемдер қосымша құрылымдық ережеге түседі, компоненттер талғап қатыстырады.

22. Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері, оларды топтастырудың принциптері. Салалас құрмалас сөйлемдерге жалпылай ортақ грамматикалық құрылысы – олар баяндауыштары жақтық формада қатысқан компонеттерден құрылады, яғни бұл баяндауыштар тиянақты фиттик деп аталатын тұлғада тұрады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерде бір компоненттің баяндауышы тиянақсыз-жақтық емес (финиттик емес) формада қатысады. Салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысы түрлі, олардың компоненттерін байланыстыратын амалдар да көп. Тіл білімі салалас сөйлемдердің құрылысын тануды компоненттерінің көпшілігіне ортақ байланысу амалдарын анықтаудан, солардың салалас құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыруға қатысуын табудан бастайды.

Осы позициядан кемінде салалас құрмалас сөйлемдер ең алдымен байланысу амалдарына қарай екі топқа бөлінеді. 1. Орын тәртібі (жалғаулықсыз) арқылы ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдер – бұлар іргелес салалас құрмалас сөйлем деп аталады.Сәнжанның көңілі көтеріңкі, қабағы ашыңқы (Ә.Тарази).

2. Жалғаулықтар компоненттерін байланыстырып ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдер – бұлар жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады.Бұл грамматикалық топ кейбір еңбектерде жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер деп аталады. Н.Т.Сауранбаев жалғаулықсыз құрмалас сөйлем, іргелес құрмалас сөйлем деген екі атау бар екенін және өзі соңғы іргелес құрмалас деген атауды құптайды. «Жалғаулықсыз деген атау жай сөйлемдердің іргелесіп құрмаласу тәсілін көрсетпейді. Іргелесу термині лайықты сияқты» дейді. Бұған қоса философия, логика затты, құбылысты бойында жоқ сапа, белгі арқылы анықтауды дұрыс деп есептемейді, бойында бар сапа, белгі негізінде анықталғаны дұрыс деп есептейді.

23.Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдердің, олардың грамматикалық, семантикалық сипаты. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер грамматикалық құрылысы жағынан іштей түрлерге бөлінеді. Ол түрлердің грамматикалық ерекшелігі олардың компоненттерін байланыстыратын жалғаулықтарға байланысты көрнеді. Құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын жалғаулықтар грамматикалық мағынасы жағынан бірдей емес. Олар грамматикалық мағынасы жағынан мынандай топтарға бөлінеді.

1. Ыңғайластық жалғаулықтар: және, сонан соң, әрі, да, де.

2. Қарсылықтық жалғаулықтар: бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, әйтпесе, сонда да, онда да.

3. Себептік жалғаулықтар: сондықтан, сол себепті, сол үшін, сонан соң, өйткені.

4. Талғаулық жалғаулықтар: не, немесе, болмаса, (не болмаса), әлде.

5. Көп функционалды деп жалғаулығы. Жалғаулықтар құрмалас сөйлемдерді ұйымдастыру қызметін орын тәртібі, интонация амалдарымен бірігіп атқарады. Аталған жалғаулықтар тобының қатысуына сай салалас құрмалас сөйлемдер мынандай грамматикалық, семантикалық түрлерге бөлінеді.

Ыңғайластық салалас құрмалас сөйлемдер

Қарсылықтық салалас құрмалас сөйлемдер

Себептік салалас құрмалас сөйлемдер

Талғаулықтық салалас құрмалас сөйлемдер

ден жалғаулығының қатысуымен құрылған салалас құрмалас сөйлемдер.

24.Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер, оларды жасауға қатысатын амалдар.Жалғаулық қатыспай ұйымдасқан салалас құрмалас сөйлемдерді өзара тип ретінде бөліп,оны іргедес салалалас деп атаудың бірнеше себептері бар:

1. Іргелес салалас сөйлемдердің өзіне тән ұйымдасу заңдылықтары, сол заңдылықтарды іске асыратын амалдары бар.

2. Өзіне тән функциясы бар.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыратын амалдар мыналар.

Бұл конструкцияның компоненттерін біріктіріп, оны бір синтаксистік тұлға етіп көрсететін фонетикалық амал бар, ол – интонация1.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз – екінші компоненттің құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, ілгері компоненттің мазмұнын қатыстыратын сөз. Мысалы, Кім келді, кім кетті, оны біле алмады деген конструкцияның екінші компонентінде тұрған оны – анафористік сөз. Бұл сөз бірінші компонент хабарлаған оқиғаны обьект ретінде қатыстырып тұр. Анафористік қызметті көбіне есімдіктер, есімдікті негіз етіп құрылған сөздер (сөйтіп т.т.) атқарады.

Іргелес құрмалас салалас сөйлемдердің басты ерекшелігі оның грамматикалық құрылысында. Оның грамматикалық құрылысының сипаты компоненттерді байланыстыру үшін жалғаулықтарды қатыстыруды қажет етпейді.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдерді байланыстыруға арнайы бейімделген баяндауыштық формалар бірқатар. Олар іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық-семантикалық түрлеріне байланысты аталады.

Ендігі бір іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің құрылысы бастауыш-баяндауыштық құрамы, яғни конструкциясы түгел бейімделген компоненттердің қатысуына негізделген.

Баяндауышы қимыл есім етістік – баяндауышы осы еді, сол осы еді, кетуі сол еді. Бастауышы қимыл есім етістік – баяндауышы мұң еді! (келуі мұң еді) болып ұйымдасқан компоненттер қатысқан салалас құрмалас сөйлемдер ылғи да жалғаулықсыз құрылады. Өйткені аталған компоненттер екінші бір компонентпен синтаксистік қатынасқа түсуге бейімделген.

Ебейсіннің үйден шығуы мұң екен, Құдайменде қарқылдап үйді басына көтере күлді (Ә.Нүрпейісов).

Бастауышы өткен шақ есімше-баяндауышы осы еді (келгені осы еді), Бастауышы өткен шақ есімше- баяндауышы мұң еді (келгені мұң еді) болып ұйымдасқан компоненттер де іргелес салалас құрмалас сөйлем құруға қатысады.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер тек құрылыс ерекшелігін ескергенде екі топқа бөлінеді:

1. Тұрақты (негізгі) іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

2. Ауыспалы іргелес салалас құрмалас сөйлемдер.

Арнаулы баяндауыштық формалар арнаулы конструктивтік компоненттер қатысып құрылған конструкциялар тұрақты іргелес салалас құрмалас сөйлемдер тобына жатады. Жалғаулықты қатыстырып та, қатыстырмай да құрыла беретін салалас сөйлемдер бар. Жалғаулық қатыспай құрылғанда бұлар іргелес салалас сөйлемдер қатарына жатады. Мұндай конструкцияларды ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер деп атаймыз. Мысалы, Тыстағы жел үдей түсті білем, терезеге қиыршық ұрып өтеді.Сөйлем жалғаулықты қатыстырып та құрыла береді: Тыстағы жел үдей түсті білем, өйткені терезеге қиыршық ұрып өтеді.

Іргелес салалас құрмалас сөйлемдердің өзіне тән қызметі бар.

1. Іргелес салалас сөйлемдер лебізді эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалады. Тұрақты (негізгі) іргелес салалас сөйлемдер осы қызметке бейімделген.

2. Іргелес салалс сөйлемдер лебізді үнемді, жинақы құрап айту қажет болғанда жұмсалады. Сөздің осы бағытын ауыспалы іргелес салалас сөйлемдер өтейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]