Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.5 Кб
Скачать

8) Толықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.

Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.

Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бір. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады. Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері: 1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады; 2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады; 3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады; 4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді; 4) толықтауыштың байланысу түрі – меңгеру мен жанасу. Толықтауыш құрамына қарай үшке бөлінеді: 1) дара толықтауыш; 2) күрделі толықтауыш; 3) үйірлі толықтауыш. Бір сөзден болған толықтауыш дара толықтауыш деп аталады. Мысалы: Абай Ерболмен (кіммен?) ұзақ ақылдасты. Күрделі сөздерден болған толықтауыш күрделі толықтауыш деп аталады. Абай Әбдірахманның болашақ жоспары туралы (не туралы?) сұрап-білді. Үйірлі мүшеден болған толықтауыш үйірлі толықтауыш деп аталады. Мысалы: Қайсардың үйі аң терісі дегенге (неге?) толып тұр.

Мазмұны мен тұлғасы жағынан толықтауыш екі түрлі болады: 1) тура толықтауыш; 2) жанама толықтауыш. Тура толықтауыш табыс септігінің жалғауын жалғап, сабақты етістікпен байланысты болып, тура объектіні білдіріп тұрады. Ол ауыл шаруашылығы академиясын (нені?) бітірген еді.

Жанама толықтауыш табыс септігінен басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының бірін жалғап, салт етістікке қатысты болып, жанама объектіні білдіреді. Терезеден (неден?) ай сәулесі дірілдей түсіп тұр. Абай Ерболға (кімге?) Әйгеріммен (кіммен?) ашық сөйлесуді тапсырды.

9) Анықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.

Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.

Тұрлаусыз мүшенің бір түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалған басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделі анықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш. Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы: Елімізде орманды жерлер көп кездеседі. Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердінің қызы екен. Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу.

9.Анықтауыш,құрамы,жасалу жолдарын саралаңыз.

Сөйлемде зат есім,есімдік немесе зат есім орнына жүрген есімше сөздермен байланысып,олардың түрлі сынын,сапасын білдіретін сөйлем мүшелері анықтауыш деп аталады.

Көкорай шалғын адамның тізесінен келеді.(С.М)

Анықтауыш мүше қызметінде сын есім,зат есім,сан есім,сілтеу есімдіктер жұмсалады.

Анықтауыш мүшелер құрамы жағынан дара,күрделі,үйірлі болып үш түрге бөлінеді.

Сын есімнен болған анықтауыштар анықталатын сөздермен қабыса байланысып,оның түр-түсін,сынын,көлемін және басқа сапалық белгілерін білдіреді.

Күндер өтіп жатты.Сары жаз жылыстап қоңыр күзге ауысты.(Т.Ә)

Сан есімдер анықтауыш қызметінде дара келіп те немесе өлшемдік мағынада жұмсалатын зат есімдермен бірігіп келіп анықтауыш қызметін атқарады.

Бір сабақ жіп,бір сүйем жер,екі көйлектік мата,үш үй т.т

Анықтауыштар құрамы жағынан дара,күрделі,үйірлі болып келеді дедік.Күрделі анықтауыштар негізінен морфологиялық құрамы жағынан осы сипаттағы сөздерден күрделі сын,сан есім,күрделі есімшелерден жасалады:қара кер ат,көк ала көрпе.Осы күрделі немесе дара анықтауыш қатарына жатқызуды айыруда қиындық келтіретін-ақ басты,ұзын бойлы,қаба сақалды,сегіз қырлы,бір сырлы,қара шашты деген сияқты тіркестер.-лы,-лі тұлғалы сын есім мен сапалық сын есімнің тіркесі ылғи бір күрделі анықтауыш бола бермейді.Туынды сын есім дара тұрып,өз алдына дербес мағына бере алатын болса,оны сол қалпында сөйлем мүшесі деп тануымыз керек.Мысалы,Ән салған –анау қара шашты жігіт деген сөйлемде шашты өз алдына анықтауыш болып тұр,қара да дара анықтауыш мүше,ол шашты сөзіне қатысты мүше.

10.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері және жалпылауыш мүше:қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады. Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады. Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Көшек, Ержан, Земцов – үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш – бәрі оқушыға қажет құралдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]