
- •1.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формаларының топтастыру принциптерін анықтаңыз.
- •3.Есімді сөз тіркестері, байланысу формаларын, мағыналық қатынастарын атаңыз.
- •4.«Зат есім- Зат есім» типті сөзтіркестері, байланысу формалары, семантикалық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5) Бастауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •6) Баяндауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •7)Пысықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •8) Толықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9) Анықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9.Анықтауыш,құрамы,жасалу жолдарын саралаңыз.
- •11.Номинативті және етістікті сөйлемдер,олардың жұмсалуындағы ерекшеліктерді атаңыз.
- •12.Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:толымды,толымсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз.
- •25. ҚҰрмалас сөйлемді құруға интонацияның қатысуы, интонацияның негізгі компоненттері.
- •37. Үлестес сабақтас құрмаластар: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
- •39. Обьектілік қатынасқа ұүрылған іргелес салалас құрмалас сөйлемдер: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
4.«Зат есім- Зат есім» типті сөзтіркестері, байланысу формалары, семантикалық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Зат есімді сөз тіркестері негізінен үш формада – қабысу, меңгеру, матасу арқылы құралады. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің ішінде өнімді жұмсалатындардың бірі- екі зат есімнен- атау септік зат есім - зат есім болып құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. Бұл құрамдағы сөз тіркестері анықтауыштық қатынасты білдіреді.
Анықтауыштық деп грамматикалық қатынасты жалпы белгісіне( қандай? Деген сұраққа жауап беріп, заттың сыныны білдіруіне) қарай атаймыз. Іштей оларды былай даралауға болатын сияқты:
1. Баныңқы сөз басыңқы сөз атаған заттың материалын атап анықтайды: тас жол, темір жол, түлкі тымақ.
2. Баныңқы сөз басықы сөз атаған заттың неге арналғанын атап анықтайды: қой ферма, мойын ағаш, көлік жүк.
3. Баныңқы сөз басықы сөз атаған заттың орнын, мекенін, жайын атап анықтайды: көл бақа, ауыз үй, тау ешкі, төс қалта.
4. Баныңқы сөз басықы сөз атаған заттың кәсібін, жынысын, мөлшерін атап анықтайды: сушы жігіт, ұл бала, әйел кісі.
5. Басыңқы сөз жалпы атау болып, бағыныңқы сөз ол атаған заттың түрлік тобын атап анықтайды: тоты құс, қайың ағаш, қанар қап.
6. Баныңқы сөз басықы сөз атаған затты ұқсастық белгісіне қврай анықтайды: теке сақал, қой көз, пісте мұрын.
7. Баныңқы сөз басықы сөз атаған затты өлшем, көлем жағынан анықтайды: қара қой, топ адам.
« Атау септік зат есім – зат есім» түрінде келген сөз тіракестері мүмкіншілігі, преспективкасы тұрғысынан қарағанда, белгілі мағыналық қатынасына қарай қай зат есім болса да қатыстырылып құрыла береді. Бірақ тіліміздің дамуының әр кезеңінде, тіпті осы күнгі синхрондық күйінде де әр стильде бұл типтегі тіркестерге сөздердің қатысуының өлшеулі нормалық, дәстүрләк қалпы бар екені байқылады. Көп қыз-келіншек нөкерімен..... Қаракөз келе жатыр. Тау жақ жолмен жүрдік. Аталған сөйлемдердегі қыз-келіншек нөкерімен, тау жақ жолмен деген тіркестер ауызекі сөйлеу тілінің сөзді жинақы, үнемді құрау талабынан туған. Бұлар жазбаша тілде көп қыз-келіншектен ерген нөкерімен, тау жақтағы жолмен түрінде құралған болар еді.
5) Бастауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
Сөйлем мүшесі деп сөйлем құрамында тұрып, белгілі бір сұрауға жауап беретін толық мағыналы сөзді, сөз тіркесін не күрделі сөзді атаймыз. Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.
Бастауыш деп сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесін атаймыз. Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімің? нең? кімі? несі? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сұраулардың біріне жауап береді.
Сөйлемде бастауыш әр түрлі сөз табынан бола береді:
Зат есімнен болады.
Есімдіктен болады. Мысалы: Бұл - менің келешектен күткен үмітім.
Сан есімнен болады. Мысалы: Алты екіге бөлінеді
Заттық мағынада қолданылып, атау тұлғада тұрған сын есім, есімше және тұйық етістік сөйлемде бастауыш бола алады: Мысалы: Жақсы (сын есім) - көпке ортақ (мақал). Оқыған (есімше) білер әр сөзді. (Абай). Отанды қорғау (тұйық етістік) - абыройлы іс.
Заттық мағынаға ие болып, бастауыштың сұрауына жауап беретін үстеу, одағай, шылау сөздер де бастауыш бола алады. Бірақ бұлар сөйлемде өте сирек кездеседі. Мысалы: Жалқаудың ертеңі бітпес (мақал). Сенің опырмайың қашан қалады? Және - жалғаулық шылауы.